Классикалық механикадан лекциялық материалдар Лектор: ф м.ғ. к., аға оқытушы Б.Қ. Рахашев



бет6/15
Дата19.12.2022
өлшемі1.97 Mb.
#467485
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Классикалы механикадан лекциялы материалдар Лектор ф м. . к.,

3.3 Ньютон заңдары.


1-ші заңы.Тең әсерлі күш 0-ге тең болса дене бастапқы күйін сақтайды;бастапқыда тыныш тұрса тыныштық күйде болады,бастапқыда 1 қалыпты түзу сызықты қозғалса сол қозғалысын сақтайды.

Бұл инерция заңы деп аталады,Галилей ашқан.
2-ші заңы.Тең әсерлі күш 0-ге тең болмаса дене үдеумен қозғалады.Дененің үдеуі тең әсерлі күшке тура пропорционал,массаға кері пропорционал.



3-ші заңы.Екі дене бір-біріне шамасы жағынан тең,бағыты жағынан қарама-қарсы күштермен әсер етедіә. Әсер бар жерде қарсы әсер бар.

Ньютонның 2-ші заңы динамиканың негізгі теңдеуі деп аталады. Ол екінші ретті диференциялдық теңдеу болып табылады




Механикалық жүйе n бөлшектен тұратын болсын. Механикалық жүйеге сырттан түсірілетін күштердің саны m болсын, сонда динамиканыфң негізгі теңдеуін жазу үшін жүйені құрайтын бөлшектердің әсер күшін де ескеретін болсақ былай жазылады:

Мұндағы - жүйеге әсер ететін сыртқы күштердің тең әсерлі күші.


-жүйені құрайтын бөлшектердің ішкі күштері.
3.4. Динамиканың негізгі есебі және бастапқы берілгендердің рөлі. Классикалық механикада себептілік принципі.

Динамикалық есептерді шешуге механикалық жүйенің инерциялды санақ жүйесіне қатысты қозғалысын қарастырғанда жүйені еркін және еріксіз механикалық жүйелер деп бөліп қарастырады.


Еркін механикалық жүйе деп уақыттың кез-келген берілген уақыт мезетінде жүйені құрайтын бөлшектердің орнын анықтайтын радиус вектор мен жылдамдық векторлары тәуелсіз ерікті анықталатын жүйені айтады.
Еріксіз механикалық жүйе деп берілген уақыт мезетінде жүйені құрайтын бөлшектердің орнын анықтайтын радиус вектор мен жылдамдық векторы алдын ала берілген теңдеу бойынша анықталатын қозғалысты айтады. Еркін механикалық жүйенің қозғалыс заңдары Ньютонның заңдарымен анықталады.
Динамиканың негізгі есебі 2 түрлі болуы мүмкін.1-ші тура есеп,2-шісі кері есеп.
1. Тура есеп-әрбір бөлшектің орнын анықтайтын радиус векторды берілген масса және сыртқы,ішкі күштердің көмегімен анықтау,яғни 2-ші ретті диференциялдық текңдеуді шешу.






2. Кері есеп-берілген радиус векторы және масса арқылы жүйеге әсер ететін толық күштерді анықтау.
Олай болса динамикада бастапқы уақыт мезетіндегі шарттар және берілгендер белгілі болған жағдайда динамиканың негізгі есебінің көмегімен алдағы уақыт мезетіндегі кез келген уақыттағы механикалық жүйенің күйін дәл анықтауға болады,яғни механикалық жүйенің күйін дәл анықтауда бастапқы уақыт мезетіндегі берілгендердің мааңызы зор. Сонымен классикалық механикада механикалық жүйенің бастапқы уақыт мезетіндегі күйін сипаттайтын шамалар(координаталары мен импульстері,жылдамдықтары) және жүйенің күйін өзгертетін әсерлер белгілі болған жағдайда жүйенің алдағы кез келген уақыт мезетіндегі күйін сипаттайтын шамаларды(координаталары мен импульстері,жылдамдықтары)дәл анықтауға болады. Бұл тұжырым классикалық механикадағы себептілік принципі деп аталады немесе Лапластық детерминизм принципі деп аталады





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет