Классикалық неміс философиясы


Орыс философиясының басты бағыттары. Орыс марксизмі. В. Соловьевтің соборлық философиясы мен этикасы. Н. Бердяев философиясының ерекшеліктері



бет10/12
Дата14.11.2023
өлшемі71.4 Kb.
#483218
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
ҒТ. ЛЕКЦИЯ - 5

Орыс философиясының басты бағыттары. Орыс марксизмі. В. Соловьевтің соборлық философиясы мен этикасы. Н. Бердяев философиясының ерекшеліктері

В.И. Ленин (1870-1924 жж.) – марксизмді теориялық дамытушы ғана емес, ол Кеңес үкіметінің негізін қалаушы. Мұны Ленин қызметінің бағасын беретін социализм қарсыластары да мойындайды.


XX ғасырдың басында Лениннің алдында әлемнің жаратылыстық-ғылыми бейнесінің толық күйреуі жағдайында механикалық материализм көзқарастарынан осы кезде сәнді болған махизм мен эмпириокритицизмнің субъективтік идеализм мектептеріне жаратылыстанушылардың жаппай өтуі кезеңінде материалистік дүниетанымдық көзқарастың негізін қорғау міндеті тұрды. Осыған байланысты, туындаған күресте В.И. Лениннің «Материализм және эмпириокритицизм» еңбегі атап айтылады. Шығарманың жазылуы автордан сол кездегі тек классикалық философия білімін ғана емес, сонымен қатар жаратылыстану мәселелерінің, бірінші кезекте физика ғылымының терең білімін талап етті. Физика ғылымы саласындағы ғылыми жаңалықтар көптеген ғалымның дүниетанымдық көзқарастарына әсерін тигізді, күйзелтті. Бұл жағдайды В.И. Ленин мәні ескі заңдар мен қағидалардың күйреуі мен объективті шынайылықты санадан тысқары шығарып жіберу, материализмді идеализм және агностицизммен ауыстыру болатын «физикадағы дағдырыс» деп атады.
Ежелгі гректер заманынан бөлінбейтін бөлшек, дүниенің алғашқы негізі деп танылған атомның бөлінетіндігі дәлелденген соң, «материяның жоқ болып кеткенін» жариялаған «физикалық» идеализм пайда болды. Материя жоқ болып кеткен жоқ, бірақ өз негізінде материя деп бәрінен бұрын заттарды, «салмақты денелерді» түсінетін классикалық физика рухында тәрбиеленген ғалымдардың ескі метафизикалық, тұрпайы-материалистік сенімдері жоғалды. Ленин бұл көзқарастардың жалған, негізсіздігін көрсетіп, материяның түрлері мен көріністері шексіз көп, ал ғылымда оның тек аз бөлігі белгілі деп есептеді. Бірақ, олардың бәрі – тұтас материя көрінісі және объективті өмір сүреді.
Қозғалыс – материяның мәнді қасиеті, бұлардың бірін екіншісіз ойлау қисынсыз. Материя қозғалыста өзінің материалдылығын сақтамауы мүмкін емес. Лениннің пікірінше, материя дегенді адам санасынан тысқары өмір сүретін және онда бейнеленген объективтік ақиқат, шындық деп қысқаша түсінуге болады.
Ленин «физикалық идеализмнің» пайда болуының «гносеологиялық түбірлерін» келесі себептерден көреді: біріншіден, өзімен-өзі адам танымының үлкен жетістігін көрсететін теориялық физиканың математикаландырылуы. Яғни, математикалық зерттеу тәсілдерінің физикада кең қолданылуы. Бұл табыстар «материя жоғалды», тек қана теңдеулер қалды, физика өзінің нақты зерттеу объектісінен айырылып, жаппай абстрактілі математика әлеміне өтті деген материя туралы теріс ұғым қалыптастуына себепкер болды. Физикалық түсініктер негізінің өзгеруі әсеріне байланысты, салыстырмалылық (релятивизм) идеялары «физикалық идеализмнің» пайда болуының өзіндік себебіне айналды.
Екіншіден, біздің біліміміздің ақиқаттығын Ленин екі бөлікке бөледі:
1) Объективтік ақиқат өмір сүре ме? Адам түсініктерінде оның өзінен, субъектіден, адамзаттан тәуелсіз мазмұнның болуы мүмкін бе?
2) Адам түсінігінің бәрін бірден объективтік ақиқатпен көрсетуге бола ма, әлде ол тек салыстырмалы, жуық шама ма?
Сұрақтар жауабы абсолюттік және салыстырмалы ақиқаттардың қатынасы мәселесінің шешімі болады. Ақиқат қай кезде де салыстырмалы. Абсолюттік ақиқаттың салыстырмалы ақиқаттар жиынтығынан тұратындығын түсінбеу – физиктердің басты қателіктерінің бірі. «Ақиқат, – дейді ол, – субъективтік бола алмайды, ақиқат әрқашан объективті». Сонымен, «объективтік ақиқат дегеніміз – адам санасында объективтік әлемнің дұрыс, шынайы бейнеленуі», – дейді Ленин.
Ленин маркстік практика туралы ілімді де дамытты. Ол практиканы адамның қарапайым физиологиялық қызметі емес, керісінше, адамның барлық материалдық қызметінің жиынтығын қоғамдық өндіріс, қоғамдық саяси қатынастардың өзгеруіне себеп болатын тап күресі, ғылыми тәжірибелерден тұрады деп есептейді. Оның ойынша, материалистік таным теориясының негізі сыртқы әлемнің адам санасында бейнеленуі болады, демек барлық білім, заттардың қандай да бір қасиеттері оны бейнелейтін тәжірибеден, сезімнен, қабылдау, ұғынулардан туындайды. Сезім, түйсікті Ленин объективтік әлемнің субъективтік бейнесі деп атайды. Бірақ, бейнелеу, оның ойынша, механикалық, айнадағы бейнелену емес. Таным, оның әрбір түрі немесе сатысы, жалпы таным туралы ғылым диалектика қағидаларымен құрылуы керек.
Бұған қоса, ол диалектика дегеніміз марксизмнің таным теориясы деп есептеді. Диалектика, логика мен таным теориясының бірлігі туралы ойды басып айтып, оның классикалық үлгісі ретінде Маркстің «Капиталын» мысалға келтіреді.
Ленин материалистік дилектиканы таным тәсілі ретінде өзінің барлық еңбегінде, сонымен бірге саяси, практикалық қызметтеріне шебер пайдалана білді. Оның материалистік диалектика теориясынан еңбек шығаруды ойлаған, дайындаған материалдары 1929-1930 жылдары «Философиялық дәптерлер» деген атпен жарық көрді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет