Классикалық неміс философиясы


Таным теориясы мен логика



бет4/12
Дата14.11.2023
өлшемі71.4 Kb.
#483218
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
ҒТ. ЛЕКЦИЯ - 5

Таным теориясы мен логика. Марксизмнің таным теориясы – диалектикалық немесе диалектика дегеніміз марксизмнің таным теориясы деп айтуға болады. Субъективтік диалектика, таным диалектикасы өзіне сәйкес, салыстырмалы түрде объективтік әлемнің дамуын бейнелейді. Бірақ, біріншіден, бұл механикалық немесе айнадағы бейнелеу емес, екіншіден, Маркс пен Энгельс жалпы заңдар мен диалектика категорияларынан басқа, танымда өзіндік, қандай да бір болмасын материалдық ұқсастыққа қиюластыру мүмкін емес айрықша диалектикалық заңдылықтар және өзіндік түрлер жұмыс істейді деп есептеді. Ақиқат танымы, демек объективтік әлемнің дұрыс бейнеленуі диалектикалық қайшылықты үдеріс болады.
Таным – диалектикалық үдеріс, ал ақиқат қатып қалған қорытынды емес, демек ол – абсолюттік ақиқаттың қомақты бөлігін қамтыған салыстырмалы ақиқатқа тоқтаусыз өту үдерісі. Таным салыстырмалы, бірақ оны жалаң шексіздікке апару дұрыс емес. Таным қайшылықты, салыстырмалы және абсолютті бастаулардың қарама-қарсылықтарының бірлігін көрсетеді.
Таным теориясының өте маңызды мәселесі – ақиқаттың белгісін негіздеп, дәлелдеу. Марксизм негізін қалаушылар бұл сұрақтың шешімін табуға ұмтылып, қоғамдық-тарихи практика тұжырымдамасын жете зерттеп, әзірлеп ұсынды. Олардың түсінігінде практика – бұл қоғамдық адамның материалдық және заттық-материалдық қызметі. Оның мазмұны табиғи және әлеуметтік нысандар мен құрылымдарды игеру мен қайта құру болады. Практиканың негізгі түрлері деп олар еңбек құрал-жабдықтары мен материалдық игіліктерді, саяси құрылым мен қоғамдық қатынастарды шынайы өзгерістерге алып келетін әлеуметтік қызметті, аспаптар мен қондырғыларды пайдаланатын ғылыми тәжіибені есептейді.
Маркстік философияның ерекшелігі – диалектиканың, логика мен таным теориясының бірлігі немесе барабар тепе-теңдігі. Олар диалектикалық логика деп бәрінен бұрын материалдық болмыс, адамзат тарихы мен танымының ең жалпы заңдарын түсінді. Диалектика, бәрінен бұрын, жалпы әдістемелік қызмет атқарады; таным теориясы – гносеологиялық (ақиқат, оған қол жеткізу, өлшем мәселелері және т.б.); логика – қисын қызметін атқарады, ой, парасатты танымның ережелерін, түрі мен заңдарын зерттейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет