КлассTime. 2013. №12(60). – 20 наурыз Қабділмәжит Қ. Ехро-ның эксклюзивті экспонаты студенттердің қолымен жасалды



Дата17.06.2016
өлшемі33.5 Kb.
КлассTime.- 2013. - №12(60). – 20 наурыз

Қабділмәжит Қ.


ЕХРО-ның эксклюзивті экспонаты

студенттердің қолымен жасалды
C.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ізденушілері EXPO – 2017 халықаралық көрмесінің мұражайына алғашқы экспонатты сыйға тартты.
Студенттердің қолымен жасалған тың туынды «Қазақстанның картасы» деп аталады. Ол топырақтан жасалған. Ұзындығы – 161, енi – 91, жалпы ауданы 103 см. Бұл өлшемдер бекерден-бекер таңдалмаған. 161 көрменi өткiзу туралы сайлауға қатысқан елдердiң қарасын көрсетсе, 103 Қазақстанда көрменi өткiзудi қолдаған мемлекеттердің санын айғақтайды. Ал 91 ел Тәуелсiздiгiнің жария етілген күнін еске салады. Айтпақшы, картада Алатау, Ұлытау, Жұмбақтас және Алтай таулары бейнеленген.
«Біз картада топырақтан басқа төрт тауды орналастырдық. Олар минералдық тастардан жасалды. Таулар картаның төрт бұрышына орналастырылды. Осы арқылы біз қазақтың «төртеу түгел болса, төбедегі келеді» деген даналығын паш еткіміз келді», – деді журналистерге аталмыш оқу орнының 4-курс студенті, карта авторы Лала Тәңірбергенова.
«Қазақстан картасының» таныстырылымында университет ректоры Ақылбек Күрішбаев сөз сөйледі. Ол EXPO – 2017 көрмесі еліміздің мәртебесін асқақтататын айтулы шара екенін атап көрсетіп: «Бұл көрмені еліміздің ішкі және сыртқы саясатының айқын жеңісі деуге болады. ЕХРО-ға қоғам болып атсалысуымыз қажет. Халықаралық көрмеге жастар бір кісідей қатысса, нұр үстіне нұр болады. Осы орайда университетіміз студенттерінің мемлекеттік деңгейдегі шарадан сырт қалмағандығына тоқталғым келеді. «Қазақ-стан картасын» жасау студенттеріміздің өз бастамасы, өз идеясы болды», – деді.
Ректордың сөзінше, университет ұжымы бастамашыл жастарды қолдауға әзір. «Жанам» дейтіндер мен «болам» дейтіндерге оқу ордасы моральдық-материалдық көмекті аямайды.
Басқосу барысында А.Күрішбаев EXPO-2017 халықаралық көрмесінің маркетинг және коммуникация департаментінің басшысы Әсел Қожақоваға алдағы уақытта өзара тығыз қарым-қатынас орнатуды ұсынды. Өз кезегінде департамент басшысы студенттерге ризашылығын білдіріп, көрменің мұражайына жасаған тартуларына алғыс айтты.
«Мен бастамашыл жастарға сүйсініп отырмын. Олар EXPO – 2017 көрмесіне қолдау көрсетіп отырған алғашқы студенттер. Осы жастар халықаралық көрменің ұйымдастырылуына, өткізілуіне тікелей атсалысатын болады. Меніңше, бастамашыл жастар қазірдің өзінде жауапкершілігі мол істі атқаруға дайын», – деді Ә.Қожақова.
Каталог: docs
docs -> Қызылорда облысының 2015 жылғЫ Әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелері
docs -> Бекітемін Тарих және шетелдік студенттермен жұмыс факультетінің деканы
docs -> Программа по истории Казахстана: программа для 5-9 кл. / Б. К. Абдугулова. Алматы, 1999. 42 с. Абдугулова, Б. К. «Воспитание учащихся в духе дружбы народов при изучении истории ссср»
docs -> Қазақстан Республикасының Заңы
docs -> А. С. Пушкин атындағы шығыс қазақстан облыстық кітапханасы а. С Пушкин атындағы кітапхана қорына түскен жаңА Әдебиеттер тізімі


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет