Кластан тыс шара Тақырыбы: «Алма жәрмеңкесі» Мақсаты



Дата27.06.2016
өлшемі42.24 Kb.
#160198
Мажикова Кенжегүл Қыстаубайқызы

Ақтөбе облыстық арнайы (түзетім) есту қабілеті бұзылған балалар

мектеп-интернат-колледжі
Кластан тыс шара

Тақырыбы: «Алма жәрмеңкесі»

Мақсаты: оқушыларға алманың түрлері, оның пайдасы туралы кеңінен түсінік беру; салауатты өмір салтын ұстануға, табиғатты аялауға тәрбиелеу; сахна мәдениетін үйрету; шығармашылық қабілеттерін жетілдіру; сөйлеу тілін арттыру.
Буратино биі биленеді. Би аяқталған соң, Буратино қалтасынан кәмпит алып, жей бастайды. Музыка ойналады. Сахнаға Қызық телпек шығады.

Қызыл телпек: Сәлеметсіңдер ме, балалар? Сәлеметсің бе, Буратино?

Буратино: Сәлеметсіз бе? Сіз кімсіз?

Қызыл телпек: Мен – Қызыл Телпекпін. Мына әсем табиғатты тамашалайын деп қыдырып жүрмін. Ал, сен неге кәмпит жеп жүрсің? Кәмпит дәмді болғанымен, ол сенің денсаулығыңа зиян. Сен одан да жеміс жеуің керек. Мысалы, алма жесең, сенің денсаулығың күшті болады.

Буратино: Алма? Ол не? Оны қайдан аламын?

Қызыл телпек: Ол туралы қазір бізге мейірімді ханша айтып берсін.

Музыка ойналады. Ортаға Мейірімді ханша шығады.



Мейірімді ханша: Амансыңдар ма, балалар? Мен сендерге қазір алма туралы қысқаша айтып берейін.

Алма – алма ағашында өсетін жеміс. Алманың құрамында суқант,  көптеген  дәрумендер бар. Ол адам ағзасына өте пайдалы. Сонымен қатар, алма шырыны қан бұзылуы және жүрек ауруларын емдеуде қолданылады. Алма – темірге бай. Ол жүрек, бауыр, бүйрек, асқазан, ішек жолдарының жұмыстарын жақсартады. Алма жемісінен шырын, тосап, қайнатпа жасалады. Алманы күнделікті тағамға, салаттарға қосып пайдаланады.

Алманың түрлері өте көп. Оның түсі қызыл, жасыл, сары, тіпті ақ та болады. (суреттерді көрсетеді.)

Сахна сыртынан:

Дәмін татып алманың

Балдай тәтті ал дәмін

Жәрмеңкеге келіңіз,

Болмас одан қалғаның!

Жәрмеңкеге келіңіздер! Алма жәрмеңкесіне шақырамыз!



Қызыл телпек: Естідің бе, Буратино, алма жәрмеңкесіне шақырып жатыр! Жүр, екеуіміз алма жәрмеңкесіне барайық. Ол жақтан алма туралы қызықты деректер аласың.

Музыка ойналады. Екеуі жәрмеңкеге келеді.



Қызыл телпек: Балалар, жәрмеңкеге қош келдіңдер! Бүгінгі алма жәрмеңкесі сіздерге ұнайды деп ойлаймын. Алма - өте пайдалы жеміс екенін білдік. Ал, оның хош иісін сезіп тұрсыңдар ма? (жай музыка ойналады. Алма иісті шырақтар жағу)

Қызылы бар алманың жасылы бар,

Дәмін татып көруге асығыңдар!

Жәрмеңкеге ерекше сән беретін

Алманың түрлерімен танысыңдар!

«Алма ағашы мен алмалар» - 0 «а» кл.



Қызыл телпек:

Көрдіңдер ме, балалар, алманың түрлері қандай көп екенін! Бұлардың барлығы да біздің елімізде өседі. Алманың бұл түрлері күзде піссе, өзбектің уылжыған тәтті алмасы ерте піседі екен.

«Өзбек алмасы» би - 1 «б» класс оқушылары

Қызыл телпек: Жарайсыңдар, балалар! Өзбектің уылжыған тәтті алмасы ерте піссе, Қазақстанда өсетін апорт алмасы қыркүйек айында піседі.

Апорт деген алма бар
Жер жаратын атағы,
Ондай алма қайда бар.
Алматы оның Отаны.

1 «б» класс оқушылары жәрмеңкеге не әкелді екен?

1 «б» класс оқушыларының өнері.

Қызыл телпек:

Жәрмеңкеде көңіліміз жайдары

Біліп алдық небір қызық жайларды

Түрлі тағам әзірлесек алмадан,

Бола түсер біздер үшін пайдалы.

Жәрмеңкеге кішкентай аспаздар да келіп, өздерінің тағамын ұсынып тұр.

«Жеміс салаты» - 2«а» класс оқушылары
Қызыл телпек: Бүгінгі жәрмеңкеге бізден басқа, өзбек елінің әдемі қыздары да келіпті. Солардың өнерін тамашалайық.

Өзбек биі.
Қызыл телпек: Ой, балалар, жәрмеңкенің қызығы таусылар емес. Жүрген сайын қызықтары да көбейіп келеді. Сендер мына сөзді естен шығармаңдар: «Күнде кешкісін бір алма жесеңіз, дәрігер қажет емес» деген мақалдан 2 «б» класс оқушылары алманың қаншалықты пайдалы екендігін біледі.

2 «б» кл. оқушылары – «Көңілді би»


Қызыл телпек:

Барлық жеміс-жидектер мен көкөністер – бізге табиғаттың берген сыйы. Сондықтан да біз олардың жақсы өсуі үшін алдымен табиғатты аялауымыз керек. Табиғатты ластамау, құстарды атпау – барлығымыздың міндетіміз. 3 «а» класс оқушылары алма ағашының жақсы өсуі үшін құстардың пайдасы зор екенін біледі. Сондықтан да олар құстарға қамқорлық жасайды.

3«а» кл. оқушылары – «Ақ көгершін» әні
Қызыл телпек:

Ал, балалар, қызық енді басталмақ

Енді келді көңіл асып-тасқан шақ.

Кел, ойнайық, сәл аялдап, бәріміз

Болмайықшы қорқақ, әрі жасқаншақ

Ойын «Алма жеу» (жіпке ілінген алмаларды қолымен ұстамай жеу керек)



Қызыл телпек:

Балалар, мен бір жұмбақ қояйын, шешуін тауып көріңдерші:

Сендер жақсы көретін

Жеміс-жидек піскенде

Қантты салып қайнатып,

Анаң жасап беретін не ол? (тосап)

Бұл не деген ептілік:

Жемістерді кептіріп,

Суға әбден қайнатар

Қантпен дәмін келтіріп. (қайнатпа компот)

«Қайнатпа мен тосаптың айтысы» - 3«ә» кл.

Қызыл телпек:

Балалар, таңертеңгісін алма жесе, ұйқы тез ашылады екен. Осы бір қызықты жайтты мен 4 «а» класс оқушыларынан естігем.

«Алма салаты» - 4«а» кл.



Қызыл телпек:

Апаң сенің базардан

Алма сатып әкелді

Ең үлкенін жақсысын

Саған таңдап әперді

Не деп барып жеу керек?

(Рахмет деу керек).

Әрдайым әдептілік сақтап жүретін 4 «ә» класс оқушылары да жәрмеңкеге қалмай келіпті.



«Бақ ішінде қызыл алма» әні - 4«ә» кл.

Қызыл телпек: Ал, Буратино, алманың қандай жеміс екенін, пайдасы қандай екенін түсіндің бе?

Буратино: Түсіндім. Алма – пайдалы жеміс. Оның құрамында дәрумендер көп. Ол жүрек, асқазан, бүйрек ауруларын емдейді. Оны күнде жеу керек.

Қызыл телпек: Жарайсың! Мына алманы ала ғой. Ал, балалар, менің қайтатын уақытым да болып қалды. Жәрмеңкеден қуанып, көңілім марқайып қайтатын болдым. Сендердің қандай өнерлі екендеріңді мен қазір әжеме айтуға асығып тұрмын.Сау болыңдар, балалар!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет