Климаттық өзгерістеріне Қазақстанның өсімдік шаруашылығы дайын ба?



Дата20.07.2016
өлшемі64.89 Kb.
#211274
Төртінші билік.- 2013.- №31-32.- 23 қырқүйек

Күрішбаев А. С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық

университетінің ректоры, профессор, ауыл шаруашылығы ғылымының докторы, Ресей ауылшаруашылығы ғылым академиясының академигі, ҚР ҰҒА корреспондент - мүшесі.


Климаттық өзгерістеріне Қазақстанның

өсімдік шаруашылығы дайын ба?

Климаттың жаһандық өзгеруі енді ғылыми пікірталас тудырушы өзекті тақырыптардың бірі болып табылмайды. Бүгінгі күні бұл әлем назарын өзіне аударған күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Ғалымдардың зерттеуі көрсеткендей 1880 жылдан бастап ғаламшардағы орташа температура 0,8°С көтерілді. Егер зерделіп қарар болсақ, климаттағы 20 өзгерістің 19-ы 1980 жылдан кейінгі уақытқа тұспа-тұс келеді.

Ғалымдар арасында климаттың өзгеру барысы туралы ортақ пікірлер жоқтығына қарамастан сарапшылардың жалпылама климаттық өзгерістің салдары жағымсыз болуы мүмкін деген пікірлеріне келіп саяды. Мысалы, 1980 жылдан 2011 жылға дейін Еуроодақ елдерінің экономикасына тигізген тасқынның жалпы шығынын саралаған сарапшылар келген зиянды 90 мил­лиард еуроға тең деп бағамдады.

Осыған байланысты әлемдік ғылымда зерттеудің басымдылық бағыты қоршаған орта климатына бейімделуге назар аудару болып отыр. Ең бастысы, бұл басқа салаларға қарағанда табиғи-климаттық жағдайларға және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуші ауыл шаруашылығына тікелей байланысты.

Халықаралық зерттеулер көрсеткіші бойынша, әлемнің кейбір аймақтары, сонымен қоса Орталық Азия, басқаларға қарағанда климаттық өзгерістерге ұшырауы әбден ықтимал. Оның ішінде, Қазақстанның климатына әсер етіп, онсыз да толыққанды қолдауды қажет етіп отырған ауыл шаруашалығын күнкөріске айналдырған аймақтарға үлкен зиян келтіруі әбден ықтимал. Бұл аймақтардағы өнімнің босқа ысырап болуының 70 пайызы тікелей ауа-райымен байланысты Ал, кейбір аймақтарда жағымсыз ауа-райы салдарынан алынған өнімнің 50-70%- ға дейіні қолдануға жарамсыз болып қалып отыр.

ПРООН мәліметі бойынша, Қазақстанда соңғы 50 жылда орташа ауа температурасы 1,5°С-қа өскен. Ауа температурасындағы өзгерістердің дені ертекөктем маусымындағы жер асты ылғалдылығымен байланысты болған. Үрдіс төңірегінде атмосфера шөгуін жылдың жылы кезеңінде қысқарту, суық кезеңінде ұлғайту, сол арқылы топырақ дымқылының көктемгі қорларының мерзімінен бұрын таусылуына және жазғы жауын-шашынның түсіңкі
салымына алып келеді, бұл көбіне суарылмайтын егін шаруашылығы аудандарындағы өнімдермен байланысты. Бұдан басқа, вегетация кезеңінде гидротермиялык жағдайлардың өзгеруі егіншілік пен азық-түлік сапасын төмендететін жаңа зияндатқыш ошақтар мен ауыл шаруашылық саласындағы әр түрлі аурулардың тууына әсер етеді.


Климаттық өзгерістің басқа жағымсыз салдары ол жерлердің шөлге айналуы. Ғалымдардың мәліметі бойынша, Қазақстандағы шөлге айналу үдерісіне ұшыраған жерлер 66% болып табылады. Жердің құлдырау зарда-
бы 960 млн. $ бағаланып, егіндіктің мүжілу салдарынан кіріс шығыны - 779 млн. теңгені құрайды. Қарашірікті жоғалтудың жалпы шығынын сарапшылар 2,5 млрд. $ бағалады. Бірақ климаттық өзгерістер ауыл шаруашылық жерлерінің азуына алып келуші негізгі факторлар болып табылмағанымен, олар осы үдерістің негізі.


Бүгінде климаттың өзгеруіне ауыл шаруашылығын бейімдеу мәселесін әлемдегі барлық жетекші ауыл шаруашылығын зерттеу жүйелері мен зерттеу
университеттері зерттеуде. Мысалы, Дэвистегі Калифорния Университетінде - ауыл шаруашылығын, экология жүйесін зерттеу бойынша әлемдік үздіктердің бірі, орнықты ауыл шаруашылық жүйесін дамыту жөнінде бірден екі ауқымды бағдарлама іске асырылады. Аустралияда жетекші университеттер бұл саланы жүзеге асырса, Гриффит Университеті негізінде тәртіп аралық зерттеу бағдарламасы, яғни климатты өзгерту үдерісі бойынша Ұлттық зерттеу орталығын құрды. Ғылыми қамтамасыз етудегі ұқсас жүйелер көбіне Еуропалық елдерде құрылуда. Ең өкініштісі, бұл өзекті тақырыптарды
бағамдауда Қазақстандық ғалымдардың зерттеу бағдарламалары әзірше тойтарыс бере алмай отыр. Мұндай ауқымды технологиялық міндеттерді шешуге жекелеген жобалар түбегейлі әсер ете алмайды, халықаралық гранттар немесе бағдарламалар шеңберін арттыру қажет.

Отандық аграрлық ғылым бұл жағдайда климаттық өзгерістердің сал- дарына отандық өсімдік шаруашылығын бейімдеу үшін қажетті іс-шаралар-ды қолға алуы керек. Бұл үшін, бірінші кезекте селекция жұмысына деген көзқарасты өзгерту қажет. Сонымен қатар, басты назарды азық-түліктің көтерілуіне емес, күш түстірмейтін сорттардың дамуына бұру қажет. Әлбетте, бүгінде отандық селекцияда негізгі болып табылатын тек жыныстық будандастыру тәсілімен күш түсірмеуді елеулі түрде жеткізу мүмкін емес. Селекционды жұмыста шаруашылық-бағалы белгіні көрсетуде, оның әсерінің генотипті және заңдылықты зерттеуге негізделген кешенді тәсілдеме қажет. Бұған сәйкес, бірегей бағдарламаның іргелі және қолданбалы түрін, жаңа ғылыми құзыреті мен инфрақұрылымды дамыту шеңберінде байланыстыруда биотехнология тәсілін меңгерген тәжірибе қажет.

Басқаша айтқанда, өсімдік шаруашылығын өндіруде диверсификацияны белсенді орындау қажет. Бұл жөнінде бұған дейін де аз айтылған жоқ, бірақ тәжірибеде нарықтағы бәсекелестікке қабілетті климаттық жағдайға бейімделген сорттың жоқтығы кедергі болуда.

Негізі, ауыл шаруашылық аймақтарындағы егіншілік жүйесінде туындаған бірқатар өзгерістерге орай түзетулер енгізудің уақыты жетті. Себебі, климаттық өзгерістерге орай вегетациялық кезеңдегі гидротермиялық жағдайының елеулі тербелістеріне себепші болды, нәтижесінде агротехникалық шараларды өткізуді оптималдық мерзімге жылжытуға, арамшөптерді вегетациялау кезеңін өзгертуге, өсімдіктерді қорғау құралына алып келеді.

Бүгінгі таңда біз, белгілі ғалым, акаде­мик А.И.Бараевтың жетекшілігін-дегі жар­ты ғасырдан артық өңделген негізгі ауыл шаруашылық аймақтарын-дағы егіншілік жүйесін қабылдауды жалғастырып келеміз. Әрине бұл жүйе, отандық ауыл шаруашылығының дамуында және жаңа аг­ротехнология үшін негіз болып қала береді. Бірақ бүгінгі таңда ауа-райының өзгеруі салдарынан өзгеріске ұшыраған жерлердегі топырақтың өзгеріске ұшырауын зерттей отырып, оны саралау керек.

Қазақстандағы ауыл шаруашылығы жерлерінің құлдырау жылдамдығын есептей келе және экологиялық жағдайларды күшейтуде отандық ауыл шаруашылығының даму жолын іздеу мақсатында ауқымды агроэкологиялық жобалар керек. Ауыл шаруашылық жерлерін орналастыруға тиімді жүйелер керек, сонда ғана нақты табиғи көріністерге бейімделе аламыз. Әсіресе, мұндай жүйе Қазақстанның Батыс және Орталық аймақтарындағы тәуекелді егіншілік үшін ерекше өзекті.

Жоғарыда көрсетілген мәселелерді шешу үшін тек қана бір ғылыми мектептің құзыреттілігі жеткіліксіз, климаттық өзгерістерге бейімделуіне әсер ете алатын жан-жакты зерттеуден туындаған зерттеулер де қажет.

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, ауыл шаруашылығында, экономикада, биология ғылымдарында және қоршаған орта туралы ғылым саласында да аграрлық мәселені зерттеу ауыл шаруашылығындағы ізденістің дамуы жалпы әлемдік үрдіске айналды. Бірақ, бұл қажеттіліктерді тиімді қолдану үшін біздің алдымызда атқарылар бірқатар шаралар бағдарламасы тұр. Ең бірінші кезекте, сан алуан ғылыми бағыттарды біріздендіріп, жаңа ғылыми тұжырымдамаларды айшықтаған және қолданбалы технологияларды қолданатын ұйымдық құрылым керек. Яғни, халықаралық тәжірибенің негізінде климаттық өзгерістерге ауыл шаруашылығын бейімдеу үшін тек қана ғылыми зерттеуді кеңейту жеткіліксіз. Маңыздысы тәжірибелік нәтиже алу үшін ғылыми зерттеумен қоса, кәсіби құзыреттілігін дамыту қажет, яғни өзекті мәселелерді түсінетін және негізгі кәсіпорын келісімінде алынған білімді тиімді пайдалану төңірегіндегі мәселені түсіне білетін білікті мамандарды дайындау.

Жаңа технологиялық тапсырмаларды шешу үшін ғылыми зерттеу жүйесін қайта қарау қажеттілігін, мамандар дайындауды және зерттеу университеті сияқты аграрлық ғылым ұйымының әлеуетін арттыру керек. Мысалы, Австралияда осындай университеттер ауыл шаруашылығын зерттеудегі негізгі орындаушылар болып табылады. АҚШ-та соңғы бес жылда ғана жетекші университеттерде ауыл шаруашылығын зерттеуге бөлінетін мемлекеттік қаржының көлемі 3 есеге артты және әлемдік аграрлық ғылымдағы ұлттық жүйеге жетелеуші ауыл шаруашылығын зерттеу қызметінің қаржысы өсті. Бүгінгі таңда зерттеу университеттерін дамыту жобаларына көптеген елдер қатысуда. Әрине, Қазақстанда бұл беталыстан сырт қалмауы тиіс және осы зерттеу университеті отандық ауыл шаруашылығы алдында тұрған масштабты технологиялық тапсырманы шешу үшін өзекті институционалдық жүйе болып табылады. Сондықтан С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің негізінде ауыл шаруашылық жүйесін әлемдік деңгейдегі зерттеу университетін құру туралы Елбасының тапсырмасы дер кезінде айтылған өзекті тақырып болуы- мен құнды.

Ең үздік отандық және шетелдік тәжірибені біріктіріп, орталық және қолданбалы ғылымның әдістеріне негізделген, трансферт пен әлемдік жетістіктерге бейімделген мамандар даярлауға біріктірілген аграрлық ғылымды ұйымдастырудың жаңа жүйесінің жобалық модулін калыптастырумыз керек. Бұған қосымша, жоғары білікті ғылыми мамандардың қартаюына байланысты зерт­теу университеті заманауи озық әдіснаманы меңгерген және ауыл шаруашылығындағы басты инновациялық тетіктерден хабары бар магистранттар мен докторлар дайындау қажет.



Отандық ауыл шаруашылығын климаттың өзгеруіне бейімделуін қалыптастыру өзінің күн тәртібіндегі өзектілігімен және ауқымдылығымен бүгінгі күннің басты талабы, сол арқылы аграрлық университттегі зерттеу базасын қалыптастыруымыз керек. Бұл бағыттағы жұмысты біз қаншалықты тезірек қолға аламыз, соншалықты қажетті шараларды ұйымдастырып, алдымыздан туындаған технологиялық сұрақтарға жауапты бере аламыз. Басқа жағдайда Қазақстанның ауыл шаруашылығына деген климаттық өзгерістердің қысымы арта түседі.



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет