Клиникалық станция «Анафилактикалық шок кезінде медициналық көмек көрсету» Жарақаттық шок. Қан кету. Іс-әрекеттер алгоритмі


Бронх демікпе ұстамасы (бронхиальды астма)



бет12/18
Дата09.04.2024
өлшемі42.36 Kb.
#498221
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18
Алгоритм шұғыл көмектің ДТ (1)

Бронх демікпе ұстамасы (бронхиальды астма)
Себептері: Аллергенмен қатынас (шаң, дәрілер, жәндәктер, жануарлар және т.б.).
1.Тыныс алу мүшелерінің қабыну процесстерінің асқынуы (бактериялар, вирустар, саңырауқұлақтар және т.б.).
2.Жағымсыз метеорологиялық факторлар (температураның өзгеруі, дымқылдық, барометриялық қысымның өзгеруі және т.б.).
Клиникасы:Тұншығу ұстамасы аяқасты тәуліктің кез келген уақытында ұстайды. Тыныс шығаруы қиындап, ысқырық дыбыс пайда болады. Науқас мәжбүрлі жағдайда – кушеткаға қолымен сүйеніп отырады. Бетінде диффуздф цианоз (көгеру). Аускультация кезінде әлсіреген везикулярлы тыныс, әсіресе ауа шығарған кезде құрғақ ысқырықты және ызылдаған сырылдар. Сырқаттың ең күшейген кезінде жөтел пайда болады да қиын жабысқақ әйнек тәріздес қақырық бөлінеді:
Жедел жәрдем:
1.Қан қысымын өлше, тыныс алуын және пульсін қадағала.
2.Науқасты ыңғайлы етіп жартылай отырғыз, бөлмені таза ауамен желдет.
3.Жеңіл ұстамада ингаляция жаса: алупент, астмопент, сальбутамол, беротек, вентолин, тербуталин, дитек және басқаларды 1 сағатта 3 ретке дейін.
4.Орташа түрінде бронхоспазмолитиктерді инъекция түрінде қолдану қажет. 0,5 мл 0,05% алупент немесе адреналин ерітіндісін бұлшық етке немесе тері астына енгіз (бұл дәрілер тахикардияда, артериялық гипертензияда, қарт адамдарға және жүкті әйелдерге қарсы көрсетілген).
5.10 мл 2,4% эуфиллинді 10 мл 0,9% натрий хлорид ерітіндісімен баяу көк тамырға енгіз.
6.Ауыр ұстамада қолдану қажет:
1.Ылғалдандырылған оттегі ингаляциясы.

2.Көк тамырға глюкокортикоидтарды енгіз. 0,9% натрий хлорид ерітіндісіне: 125 мг метилпреднизолон (солу-медрол), 90-120 мг преднизолон немесе 200-300 мг гидрокортизон сукцинат (солукортеф).


3.Әсері болмаса науқасты пульмонологиялық немесе реанимациялық бөлімге жеткіз.

Астматикалық статус.
Себептері: Симпатомиметиктерді қадағалаусыз қолдану.
Глюкокортикоидтарды ұзақ қолданғаннан.
Мөлшерден тыс седативті, ұйқы шақыратын дәрілерді қолдану.
Аллергендермен қатынас.
Тыныс алу мүшелерінің қыбанған аурулары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет