«Км5 Кәсіби қоғамдастықпен және білім берудің барлық мүдделі талаптарымен өзара қызмет жасау» (пән атауы) Тобы;ҚТ-2211б


Оқудағы дауыстың маңызы Дикция-Дикция



бет4/8
Дата21.12.2023
өлшемі52.08 Kb.
#487444
1   2   3   4   5   6   7   8
Есебім Фарангиз

3.Оқудағы дауыстың маңызы Дикция-Дикция (үн реңі).
Дикция (латынша) – айтылу, айту деген мағына.
Дикция- мақам яғни сөйлегенде, өлең, тақпақ айтқанда сөздің және буынның ашық, айқын айтылуы.
Дикция сөз сөйлеудің, айтудың анықтығы, тазалығы. Әрбір тіл дыбыстарының артикуляциясын (жасалуын) дұрыс меңгеріп, дыбыстаса, әрбір тіл дыбысы анық айтылады. Тағы да бір ескеретін мәселе, айтылған сөздің мағынасына мән беру. Айтылатын ойдың нақты, анық болуы үшін орфоэпиялық сауаттылық пен сөз байлығы, логикалық ойлау кеңістігінің жан-жақтылығы, философиясы болу керек.
Талаптар:
Тәрбиеші-педагог өз сөзін анық, айқын айтуға тиіс. Оның сөзі-балаларға үлгі, сәбилер тәрбиеші-педагогтарға еліктейді,кейде қате айтқан сөзін де ұғып алады. Сондықтан тәрбиеші-педагог өз сөзіне мұқият болып,өте тез асығып сөйлеу сияқты кемшіліктерді жібермей байқап отыруды дағдыға айналдыруы керек. Анық, таза сөйлеу дәрежесіне үнемі артикуляциясын жаттықтыру арқасында жетуге болады,яғни сөйлеу мүшелерінің қажетті дыбыстарды айтуға ыңғайлап,бір қалыпты қозғалуы мен поэициясы жағдайында ұстау.Бұл жаттығулар еріннің қимылына,жақтың жылдам ашылуына,тілдің жылжымалығына,кей дыбыстарды (р,ш,с ) дұрыс айтуға дағдыландырады,тез сөйлегенде,созып сөйлегенде т.б.кездесетін кемшіліктердің болмауына көмектеседі.Сабақтан түйгенім.
4.Оқудағы дауыстың маңызы-Дауыс — адамның және өкпемен дем алатын жануарлардың дыбыстау мүшелері арқылы шығаратын үні, дыбысы. Адам дауыс арқылы ой-пікірін сезімін, көңіл-күйін әрқалай (сөйлеу, тілдесу, өлең айту, күлу, айқайлау, т.б.) білдіреді. Дыбыс тербелістерінің жиілігі дыбыс сіңірінің жуан-жіңішкелігіне, керілуіне, көмей еттерінің қозғалуына, орталық жүйке жүйесінен келетін импульстарға, ішкі секреция қызметіне байланысты. Дауыс күші дауыс желбезегінің дірілімен анықталады. Толқын жиі болған сайын дауыс та күшті болады. Адам дауыс күшін өз еркінше өзғерте алады.Дауыс — сөйлеген адамның сөзін, өзіндік үнін, көңіл күйін, тыңдаушыға бағыттап отырады. Дауыстың естілуі — физиологияльщ әрекеттің нәтижесі. Әр адамның өзгеге ұқсамайтын өз дауысы болады. Ортақ табиғи дауыспан қатар әр адамда қосымша дауыс сарыны мен обертондар болады. Сабақ бойы білгенім.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет