Күн тәртібі: Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кезекті он екінші сессиясының қарауына енгізілген шешімдердің жобаларын қарау



жүктеу 71.66 Kb.
Дата10.07.2016
өлшемі71.66 Kb.


Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысының
ХАТТАМАСЫ
Өскемен қаласы 2013 жылғы 2 шілде
М.Горький көшесі, 40 сағат 15.30
Күн тәртібі:
1. Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кезекті он екінші сессиясының қарауына енгізілген шешімдердің жобаларын қарау.
Тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысын облыстық мәслихат хатшысы Г.В.Пинчук ашты. Ол тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысына облыс әкімі орынбасарының, мүдделі облыстық басқармалар басшыларының, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысып отырғандығын атап өтті.
Облыстық мәслихат хатшысы: Құрметті депутаттар! Облыстық мәслихаттың кезекті он екінші сессиясының материалдары сіздерге алдын ала таратылып берілді. Тұрақты комиссиялардың жеке отырыстарында сессияның қарауына ұсынылған мәселелер алдын ала талқыланды.

Сөз бюджет, экономикалық реформалар және өңірлік даму мәселелері жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары Асқар Көптілеуұлы Оразовқа беріледі.


А.К.Оразов: Тұрақты комиссияның отырысында күн тәртібінің барлық мәселелері қаралды. ШҚО бойынша тексеру комиссиясының тексеруі кезінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы білім, дене шынықтыру мен спорт, мәдениет басқармаларының ақпараттары тыңдалды. Комиссия мүшелерінің барлық сұрақтарына толық жауаптар берілді. Бюджетке өзгерістер бойынша ақпарат тыңдалды. Депутаттарға әр объекті бойынша нақты ақпарат қажет.
Облыстық мәслихат хатшысы: Сөз агроөнеркәсіптік кешен, экология, қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мәселелері жөніндегі комиссия төрағасы Ержан Ахтанұлы Нұрбаевқа беріледі.
Е.А.Нұрбаев: Комиссияда алдағы сессияның барлық сұрақтары қаралды. Сонымен қатар «Шығыс Қазақстан облысында ветеринарлық-санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстың жағдайы және қабылданып отырған шаралар туралы» ақпарат тыңдалды.
Облыстық мәслихат хатшысы: Сөз депутаттық өкілеттіктер, этика және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы Александр Васильевич Гречухинге беріледі.
А.В.Гречухин: Комиссиямыздың отырысында «Қазақстан Республикасында азаматтарды әскери қызметке шақыру бойынша жұмыстың жағдайы және әскери басқару органдары қабылдап отырған шаралар туралы» облыстық әскери комиссариаттың ақпараты тыңдалды. Комиссия мүшелері жастарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мәселелерін талқылады. Бюджетке өзгерістер жобасын талқылаған кезде Жаңғызтөбе ауылындағы мектепті ауылдық клуб етіп қайта жаңғырту үшін жоба құрастыруға қаржы бөлу туралы сұрақ туындады.
Облыстық мәслихат хатшысы: Сөз әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрайымы Нұржан Құрмантайқызы Түсіповаға беріледі.
Н.Қ.Түсіпова: Комиссияда «Атаулы әлеуметтік көмек алатын еңбекке қабілетті азаматтардың санын азайту бойынша қабылданып отырған шаралар туралы» мәселе қаралды. Сондай-ақ кезекті он екінші сессия күн тәртібіндегі шешім жобалары қаралды.
Облыстық мәслихат хатшысы: Құрметті депутаттар, сессия күн тәртібінің мәселелерін қарауға көшеміз.
- Облыс әкімінің оған жүктелген функциялар мен міндеттерді орындауы жөніндегі есебі туралы

Осы мәселе бойынша ертең сессияда Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Машбекұлы Сапарбаев сөз сөйлейді.

Келесі мәселені қарауға көшеміз.

- Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламаны Шығыс Қазақстан облысында іске асыру барысы туралы ақпарат.

Ақпарат жасау үшін облыс әкімі аппаратының құқық қорғау органдарымен жұмыс жөніндегі бөлімінің меңгерушісі Мұхтар Ғаббасұлы Құмаровқа сөз беріледі.

(сөзі қоса беріліп отыр)

Баяндама аяқталды.

Мұхтар Ғаббасұлына сұрақтарыңыз бар ма? Жоқ.

Шешім жобасына қандай ескертулер болады? Жоқ.

Келесі мәселені қарауға көшеміз.
- Бюджет, экономикалық реформалар және өңірлік даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның есебі

Ертең осы мәселе бойынша тұрақты комиссия төрағасы Нұрлан Мұқанұлы Темірбеков сөз сөйлейді.


Шешім жобасына қандай ескертулер болады? Жоқ.

Келесі мәселені қарауға көшеміз.


ӘРТҮРЛІ МӘСЕЛЕЛЕР:

Г.В. ПИНЧУК
- «2013-2015 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 8/99-V шешімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Осы мәселе бойынша сөз Шығыс Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Елена Павловна Ясинскаяға беріледі.

(сөзі қоса беріліп отыр)

Елена Павловнаға сұрақтарыңыз бола ма? Жоқ.

Осы мәселе бойынша шешім жобасы сіздерде бар.

Шешім жобасына қандай ескертулер болады? Жоқ.

Келесі мәселені қарауға көшеміз.
- депутат М.Ғ.Ескендіров туралы;

Осы мәселе бойынша шешім жобасы сіздерде бар.

Шешім жобасына қандай ескертулер болады? Жоқ.

Келесі мәселені қарауға көшеміз.


- «Шығыс Қазақстан облысының елді мекендерін көріктендіру ережесін бекіту туралы» 2013 жылғы 17 сәуірдегі № 11/123-V шешімді жою туралы;

Осы мәселе бойынша шешім жобасы сіздерде бар.

Шешім жобасына қандай ескертулер болады? Жоқ.

Келесі мәселені қарауға көшеміз.


- Шығыс Қазақстан облысы Жарма және Аягөз аудандарының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы;

Осы мәселе бойынша шешім жобасы сіздерде бар.

Шешім жобасына қандай ескертулер болады? Жоқ.

Келесі мәселені қарауға көшеміз.


- Шығыс Қазақстан облысының халқын орталықтандырылмаған ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен қамту кезінде жерүсті және жерасты су объектілерінен су алу ережесін бекіту туралы;

Осы мәселе бойынша шешім жобасы сіздерде бар.

Шешім жобасына қандай ескертулер болады? Жоқ.

Келесі мәселені қарауға көшеміз.



- «Шығыс Қазақстан облысының техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту және кадрлар даярлау жөніндегі кеңесінің дербес құрамы туралы» 2011 жылғы 27 қыркүйектегі № 32/387-ІV шешімге өзгерістер енгізу туралы;

Осы мәселе бойынша шешім жобасы сіздерде бар.

Шешім жобасына қандай ескертулер болады? Жоқ.

Келесі мәселені қарауға көшеміз.


- Қазақстан Республикасының Үкіметіне Шығыс Қазақстан облысының Аягөз және Зырян қалаларын аудандық маңызы бар қалалар санатына жатқызу жөнінде ұсыныс енгізу туралы;

Осы мәселе бойынша шешім жобасы сіздерде бар.

Шешім жобасына қандай ескертулер болады? Жоқ.

Келесі мәселені қарауға көшеміз.


- Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің дербес құрамындағы өзгерістерді келісу туралы;

Осы мәселе бойынша шешім жобасы сіздерде бар.

Шешім жобасына қандай ескертулер болады? Жоқ.

Келесі мәселені қарауға көшеміз.


- Қазақстан Республикасы Үкіметіне Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының және Глубокое ауданының шекараларын өзгерту туралы ұсынысты келісуге енгізу туралы;

Осы мәселе бойынша шешім жобасы сіздерде бар.

Шешім жобасына қандай ескертулер болады? Жоқ.

Келесі мәселені қарауға көшеміз.


- «Жер телімдерін жер пайдалануға беру туралы мәселелерді қарау жөніндегі облыстық комиссияның дербес құрамы туралы» 2007 жылғы 10 сәуірдегі № 22/361-ІІІ шешімге өзгеріс енгізу туралы;

Осы мәселе бойынша шешім жобасы сіздерде бар.

Шешім жобасына қандай ескертулер болады? Жоқ.

Келесі мәселені қарауға көшеміз.


- Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай, Көкпекті және Катонқарағай аудандарының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы;

Осы мәселе бойынша шешім жобасы сіздерде бар.

Шешім жобасына қандай ескертулер болады? Жоқ.

Келесі мәселені қарауға көшеміз.


- «Кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссияның дербес құрамы туралы» 2012 жылғы 14 қарашадағы № 6/87-V шешімге өзгеріс енгізу туралы;

Осы мәселе бойынша шешім жобасы сіздерде бар.

Шешім жобасына қандай ескертулер болады? Жоқ.

Келесі мәселені қарауға көшеміз.


- Шығыс Қазақстан облысының коммуналдық желілерін жаңғыртудың өңірлік жоспарын бекіту туралы;

Осы мәселе бойынша шешім жобасы сіздерде бар.

Шешім жобасына қандай ескертулер болады? Жоқ.

Келесі мәселені қарауға көшеміз.


- «Шығыс Қазақстан облысының елдi мекендерiнде жергiлiктi қоғамдастық жиналысын (жиынын) өткiзу ережесiн бекiту туралы» 2009 жылғы 14 шілдедегі № 14/191-ІV шешімнің күші жойылды деп тану туралы;

Осы мәселе бойынша шешім жобасы сіздерде бар.

Шешім жобасына қандай ескертулер болады? Жоқ.

Келесі мәселені қарауға көшеміз.


- Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кезекті он үшінші сессиясының төрағасы туралы.
(Нұрлан Мұқанұлы Темірбеков- № 39 Ұлан сайлау округінен депутат)
Осы мәселе бойынша шешім жобасы сіздерде бар.

Шешім жобасына қандай ескертулер болады? Жоқ.

Келесі мәселені қарауға көшеміз.
Құрметті депутаттар!
Бүгін таратылған мына мәселелерді ертеңгі сессияға қосымша енгізу туралы ұсыныс бар.

1. Шығыс Қазақстан облысының басқару сұлбасы туралы.

2. Шығыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы туралы.

3. Шығыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшелері туралы.

4. Депутаттар Д.Т.Оразбаев және Н.Б.Сыдықов туралы.

Қарсылық жоқ па? Жоқ. Рахмет.


Құрметті депутаттар!

Облыстық мәслихаттың кезекті он екінші сессиясының өз жұмысын ертең 2013 жылғы 3 шілде күні сағат 10.00-де облыс әкімдігі ғимаратында (М.Горький к., 40, 5 қабат, 515 кабинет) бастайтынын естеріңізге саламын.

Депутаттар мен шақырылғандарды тіркеу сағат 9.00-де басталады.

Барлықтарыңызға рахмет. Кездескенше.



Облыстық мәслихат

хатшысы Г. Пинчук



©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет