Жиналыс төрағасы: К.Ә.Кадырова
Хатшы: Боранбаева Ф
«Lesson study»зерттеу тобының отырысы
Хаттама №3
Мерзімі: 03.02.2023 жыл
Қатысушылар: 1.Байсақалова Б.Ж
2. Махамбетова Ж.Ж
3. Кадырова К.А
4.Табышова Б.Т
5.Боранбаева Ф .Н
6.Калкаманова Г.Ю
7.Салиманова Ж.К
Күн тәртібінде:
«Lesson study»зерттеу тобының өткізген сабақтары бойынша талдау жұмыстары
Мәселелерді қарастыру
Мәселелерді шешу жолдарын қарастыру
Әр түрлі
Бірінші мәселе бойынша,Байсақалова Б.Ж сөз сөйледі.
Ол өз сөзінде 8 «Ә» сынып оқушыларымен өткізген сабақ барысына талдау жүргізіп өтті. Қазақ әдебиеті пәні бойынша өткізілген сабақтың тақырыбы: Д.Исабековтің «Әпке» драмасы./3 сағ/ Сабақ барысында оқушыларды әдеби тілде сөйлету мақсатына «Рольдік ойын», «Көрініс көрсету», сұрақтарға жауап,әссе жазу әдіс тәсілдерін қолданды.
Қазақстан тарихы пәні бойынша өткізілген сабақтың тақырыбы Ахмет Байтұрсынов «Ұлт Ұстазы» . Оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында Word Wall ,Gembord платформаларын қолданды. Оқушылардың коммуникативті ағдыларын амыту мақсатында әртүрлі Ахмет Байтұрсыновтың өмірбаяны туралы шығармашылық , тарихи ашық -жабық сұрақтар қойылды.
Ағылшын пәні бойынша өткізілген сабақтың тақырыбы:Transport, Youth Travel, The future of transport.
География пәні бойынша өткізілген сабақтың тақырыбы:Халық санағы, Ұдайы өсудің түрлері, Демографиялық көрсеткіштерді есептеу
Махамбетова Ж.: Сабақ барысы мақсатқа сай, күтілетін нәтижеге сәйкес ойдағыдай өткізілді. Сабақ барысында топтық жұмыс жүргізілді. Ол бойынша балалар бағалау картасымен, АКТ құралдарын пайдалана отырып жұмыс жасады. Балалар жеке жұмыс жасағаннан гөрі топтық жұмыс жасаса, өздеріне сенімді болатынын байқадық.
Екінші мәселе бойынша, К.Кадырова тақырып бойынша талқыланатын мәселелермен таныстырды. Расында да, топтық жұмыс баланың ұжыммен бірге жұмыстануға достыққа ,бауырмалдылыққа , өзіне деген сенімділігін арттырады.
Үшінші мәселе бойынша, А деңгейіндегі оқушы – Иралина С, B деңгейіндегі оқушы – Меңдігерей Д, C деңгейіндегі оқушы – Рафхат И. Бұл оқушылар, Иралина С өзіне берілген тапсырманы ғана дайындап қойған жоқ, сонымен қатар жұбына да көмектесе білді. Меңігерей Д сыныптас достарының жауаптарын толықтырып отырды. Рафхат И өзіне деген сенім пайда болды. Жұбының қолдауымен ол ақпаратын толықтыра отырып, өз ойын еркін жеткізе білді. Алдағы уақытта да өзге әдістерді қолдана отырып, балалардың зейінін тұрақтандыру жұмыстарын жүргізу қажеттілігін тағы да нақтылай өтеміз.
Келесіде мына мәселелерді жою:
Оқушының өз ойын толық жеткізе алмауы;
Сөздік қорының аздығы;
Оқушы құлшынысының болмауы;
Берілген ақпаратты бірден меңгеріп кете алмауы;
Оқушы белсенділігінің төмендігі.
Осы мәселелерді шешу жолдары қарастырылды:
Оқушының қызығушылығын ояту;
Оқушы белсенділігін арттыру;
АКТ-ны белсенді қолдану;
Замануи түрлі әдіс-тәсілдерді сабақ барысында тиімді қолдану.
Шешімі:
«Lesson study» зерттеу сабағы өз мақсатына сай өткізілді деп танылсын.
Анықталған мәселелерді шешу жолдары қарастырылсын.
Зерттеу тақырыбы сәйкес цикл бойынша сабақтар өткізілсін.
Хатшы: Боранбаева Ф
Достарыңызбен бөлісу: |