4 Қысқаша аналитикалық есеп
Іс-тәжірибе базасы туралы мәліметтер
Атауы:«Заки Ахметов атындағы №16 орта мектеп» КММ
Оқыту тілі: қазақ
Түрі: жалпы білім беретін оқу түрі
Мектептің қысқаша тарихы:
Құрылған жылы:1978 ж
Оқушылар саны:1400
Педагогикалық қызметкерлер саны:90
Мұғалімдер саны:79
Пайдаланылғанәдістер мен жұмыстехнологиялары
Іс-тәжірибеден өту барысында бізГугл әдісі, Кубизм әдісі, Спиннер әдісі, Пицца әдісі, Өрмекші әдісі, Эстафета әдісі, Смартфонмен бағалау әдісі, Қолмен қайталау сергіту сәті әдістерін пайдаландық. Жұмыс технологиялары ретінде интерактивті тақта, компьютер, ұялы телефонды қолдандық.
Орындалған жұмыс туралы мәліметтер
8 «Ә» сыныбында «Бөліп шығару» бөлімі бойынша жиынтық бағалауын дайындап, іс-тәжірибе жетекшісіне тексертті, кейін БЖБ алдық.
8 «Ә» «Сүйектің макро және микроскопиялық құрылысы. Сүйектің химиялық құрамы» тақырыбында үй тапсырмасын сұрап, «Сүйектердің байланысу типтері» жаңа тақырыбында сабақ өткіздім. Алдымен, «Кубик» әдісі бойынша сергіту сәтін ұйымдастырдым, кейін «Гугл» әдісі және «Музыкалық қобдиша» әдістерін қолдана отырып, үй жұмысының қаншалықты атқарылғанын тексердім. Жаңа тақырыпты түсіндіріп, «Иә\ Жоқ» әдісі арқылы тақырып бекітілді.
8 «Ә» сыныбына психологиялық ахуал орнату мақсатында «Көңіл күй аралы» әдісін қолдандым. Үй жұмысын сұрау мақсатында «Бұлттар көпірі» әдісін қолдандып, тақырыпты бекіттік. Жаңа тақырып: «Буынның құрылысы мен қызметі» видео- ролик арқылы тақырыпты түсіндіріп, кейін «Викторина» әдісін қолданып тақырыпты бекіттік. Кері байланыс ретінде «Ұстазға хат» әдісі қолданылды.
8 «Ә» сыныбына «Бұлшық ет ұлпаларының құрылысы мен қызметі. Адам денесінің бұлшық еттерін жіктеу» тақырыбында сабақ жүргіздім. Сабақтың басында психологиялық ахуал тудыру мақсатында «Анти-жалқаулық» әдісін қолдандым. «Ұшақ» әдісі бойынша үй тапсырмасын сұрап, жаңа тақырыпты түсіндірдім. Тақырыпты бекіту үшін интерактивті тақтаны қолдана отырыпбұлшықет түрлерін ажырату және сипаттау және олардың құрылымы туралы тапсырмалар бердім. Тақырыпты бекіткеннен кейін кері байланыс орнаттым «Почта жәшігі» әдісін қолдана отырып.
Ғылыми-зерттеу жұмысы туралы мәліметтер _Ғылыми-зерттеу жұмыстарын (ҒЗЖ) ұйымдастыру мен дамыту жүйесінің негізгі мақсаты бойынша жетекшіміз болашақ мамандарды,яғни біздің ғылыми даярлау деңгейімізді жоғарылату, ғылыми қызметке бейімділігіміздің қаншалықты деңгейде екендігін анықтап,толықтыру үшін әртүрлі оқушылармен жұмыс жасауда қолданылатын әдіс-тәсілдерді түсіндіріп,пайдалануға мүмкіндік берді.
Жетекшіміздің басшылығымен Ғылыми зерттеу жүйесін ұйымдастыру мен дамытудың негізгі міндеттері: болашақ мамандардың қалыптасуы мен дамуы, ғылыми жазбаларды білу дағдылары, кез-келген ұйымдық-құқықтық нысандарда кәсіпорындар мен мекемелерде ғылыми негізделген кәсіби жұмыс жүргізу мүмкіндіктерін дамыту туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Жұмыс туралы қорытындылар, ұсыныстар _Атқарылған жұмыстардың қортындысы бойынша сабаққа оқушылардың толық қатысуын қадағалап,басты мақсатымыз:оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттырып,олардың тақырыпты толық түсінулері болғандықтан,сол үшін әртүрлі әдіс-тәсілдерді тиімді қолдануымыз керек.Әр сабаққа арнайы құрылған жоспарымыз болуы қажет.Көрнекілік құралдарды қаншалықты көп қолдансақ,соншалықты деңгейде оқушылардың меңгеруі жоғары болады деген қортындыға келдік.Сонымен қатар білім деңгейлері әртүрлі оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беру арқылы тақырыпты түсіндіре аламыз.Ең бастысы сабақ өткізу барысында уақытты тиімді пайдалану екендігін түсіндік.
Ұсыныстар:
1.Оқушылар арасындағы өзара дебат пен пәнге байланысты конкурстарды жиі ұйымдастыру;
2.Өткізілген ашық сабақ басқа да тәрбие сағаттарын бақылауды және талдауды жүзеге асыру;
3.Барлық оқушылардың жауапкершілігін арттыру, сабаққа толық қатысуын қамтамасыз ету.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.Бегімқұлов Б.Қ. Молекулалық генетика және биотехнология негіздері.-Алматы:2013ж.-225б.
2.Берсімбаев Р.І., Мұхамбетжанов К.К., Генетика, Алматы, Қазақ университеті, 2016.-315б.
3.Баширова Ж. Р., Төлешова Ұ. Б.
Педагогикалық технологиялар арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру //оқу әдістемелік құрал. Алматы, Қазақ университеті 2016- 61б.
4.Оқытудағы жаңа бағыт. Тәрбие құралы – 2018.-114б.
5.Ж.Шілдебаев Р.Әлімқұлова Биология сынып нұсқау «МЕКТЕП» 2013 жыл
6.Биология 8-сынып Ж.Шілдебаев Р.Әлімқұлова Биология сынып нұсқау «МЕКТЕП» 2015 жыл;
7.Әбдіманапов Б.Ш.,Нуркенова С.Е.Әбілғазиев А.Ұ.,Әуезова Г.У. «Атамұра» 2018 жыл;
8.Мұғалімдерге арналған нұсқаулық «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2016 жыл.
Білім алушының қолы _____________________
2023 ж. «____»____________
Достарыңызбен бөлісу: |