Күндізгі оқу бөлiмi



бет1/5
Дата14.06.2016
өлшемі1.44 Mb.
#135783
  1   2   3   4   5


Қазақстан Республикасы Ішкі істер министірлігі

Төтенше жағдайлар комитеті

Көкшетау техникалық институты

Күндізгі оқу бөлiмi


Өрттің алдын алу кафедрасы


«Қорғауға жіберілді»

ӨАА кафедрасының бастығы

_____________К.К.Карменов

Дипломдық жұмысы (жоба)

Күндізгі оқу факультетінің курсанты: Зинор Ө.А.


Мамандығы: 5В100100 «Өрт қауiпсiздiгi»Бакалавр

Тақырыбы:« Атырау қаласындағы«Тамаша» сауда ойын-сауық

орталығының өртке қарсы қорғанысы»


Орындаушы: ___________ Зинор Ө.А.

Жетекшi:_______________Рахметулин Б.Ж.
Көкшетау 2015 ж

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Көкшетау техникалық институты

Күндізгі оқу бөлімі

Өрттің алдын алу қафедрасы

5В100100 «Өрт қауiпсiздiгi» мамандығы бойынша диплом жобасын орындауға байланысты

ТАПСЫРМА

Дипломдық жобаның тақырыбы: « Атырау қаласындағы «Тамаша» сауда ойын-сауық орталығының өртке қарсы қорғанысы»

«10» 09 2014 жылғы № 157 Институт бұйрығы бойынша бекiтiлген

2. Аяқталған жұмысты «жобаны» тапсырған мерзiмi «___» ________ 2015ж

3. Дипломдық жобаның бастапқы берiлуi: ғимараттың жобасы

4. Бөлiмдердi орындау барысында қарастырылған сұрақтар тiзiмi және қысқаша мазмұны.



№ п/п

Тараудың атауы

Аяқталған мерзімі

1

Кiрiспе

10.01.2015ж.

2

Ғимараттың жалпы сипаттамасы

15.01.2015ж.

3

Ғимараттың өрт қауіптілігінің сипаттамасы

13.02.2015ж.

4

Жоба материалдарының сараптамасы

20.02.2015ж.

5

Құрылыс конструкциялардың сараптамасы

26.02.2015ж.

6

Ғимараттың ішкі жоспарының сараптамасы

02.03.2015ж.

7

Өртке қарсы бөгеттердің сараптамасы

09.03.2015ж.

8

Көшіру жолдар мен шығулардың сараптамасы

17.03.2015ж.

9

Жылыту жүйелерінің сараптамасы

25.03.2015ж.

10

Сумен қамтамасыз ету жүйелерінің сараптамасы

23.04.2015ж.

11

Желдету жүйелерінің сараптамасы

29.04.2015ж.

12

Бас жоспардың сараптамасы

3.04.2015ж.

13

Жоба материалдар сараптама нәтижелерінің анализі

10.04. 2015ж.

14

Өртке қарсы қорғанысының экономикалық тиімділігінің сараптамасы

21.04. 2015ж.

15

Қорытынды.

24.04.2015ж.

16

Графикалық бөлім

25.04.2015ж.

17

Алдың ала қорғау

27.05. 2015ж.

Тапсырманы берген мерзiмi _______________

6. Бекiтемiн:

Өрттің алдын алу кафедрасының бастығы

өртке қарсы қызмет полковнигi Карменов К.К.

7. Жетекшi: ө.қ.қ.подполковнигі___________________Рахметулин Б.Ж.

8. Тапсырманы орындауға алдым__________________Зинор Ө.А.


Мазмұны

Кіріспе

Бет - 4

1. Ғимараттың жалпы сипаттамасы


Бет - 6



1.1.Нысанның жалпы сипаттамасы

Бет - 6

2. Өрт қауіптілігінің сипаттамасы

Бет - 12

3. Жобалық материалдардың сараптамасы

Бет - 15

3.1. Құрылыс конструкцияларының сараптамасы

Бет - 15

3.2. Ішкі жоспардың сараптамасы

Бет - 21

3.3.Өртке қарсы бөгеттердің сараптамасы

Бет - 23

3.4. Көшіру жолдары мен шығуларының сараптамасы

Бет - 25

3.5. Түтінге қарсы қорғаныстың сараптамасы

Бет - 32

3.6. Желдету жүйесінің сараптамасы

Бет - 34

3.7. Жылыту жүйесінің сараптамасы

Бет - 35

3.8. Сумен қаматамасыз ету жүйесінің сараптамасы

Бет - 36

4. Өрт сөндірушілердің табысты жұмыс жасауының техникалық шешімдердің сараптамасы

Бет - 38

4.1. Нысанның бас жоспарының сараптамасы

Бет - 40

5.Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар.

Бет - 42

5.1. Жобаның есептік бөлімі

Бет - 44

6. Өртке қарсы қорғанысының экономикалық тиімділігінің сараптамасы

Бет - 56


7. Қорытынды

Бет - 59

Әдебиеттер тізімі

Бет - 62


Кіріспе

Мен сіздерге өз дипломдық жобамда « Атырау қаласындағы «Тамаша» сауда ойын-сауық орталығының өртке қарсы қорғанысы» тақырыбындағы жобамды ұсынамын.

Қоғамдық дамуы, сауда ғимараттарында орналасқан жанғыш материалдарды, жоғары температура және қысымды қолдану нәтижесінде өрттен сақтандыру ісіндегі өртке әкелетін шығын мәнін төмендету болып табылады. Өртті сөндіргенше олардың пайда болуын алдын-алу барлығына әйгілі. Өрт үлкен материалдық шығын әкеледі және кейбір жағдайларда адам өліміне де әкеледі. Сондықтан өрттен қорғау қоғамның әрбір мүшесінің маңызды міндеттерінің бірі болып саналады. Өрт дегеніміз – бұл адамның өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекетке зиянын тигізетін, қоршаған ортаға үлкен материалдық зақым келтіретін, қоршаған ортадағы заттардың бақылаусыз жануы. Ең күрделі, зиян тигізетін өрттер өртке қауіпті объектілерде және басқа да зақымдау факторлары (жарылыс, улы заттардың жиналуы т.б.) бар объектілерде болады.  Сонымен бірге, адамдардың көп шоғырланған жерлерде де өрт шығу қаупі бар. Өрт салдарынан зақымдау факторларының әрекеттеріне байланысты болады. Оларға жататындар:

-   жанған затқа оттың тікелей әсері;

-   сәулелер есебінен жоғары температуралы заттар мен объектілерге

қашықтықтық әсері;

-   жану зонасында иісті газбен улану;

-   жану кезіндегі токсинді өнімдерден улану;

-   құрылыстардың конструктивті бөліктерінің бұзылып құлауынан адамдардың жарақат алуы немесе қаза болуы.

Өндірістегі өрттердің негізгі себептеріне құрал-жабдықтардың технологиялық жұмыс тәртібінің бұзылуы, электр жабдықтарының ақаулылығы, жабдықтардың жөндеу жұмыстарына нашар дайындылығы, әртүрлі материалдардың өздігінен жануы және т.б. жатады. Жарылыс кезінде өртті болдырмау үшін ыстық жанғыш, жарылысқа қауіпті ортаның пайда болуына мүмкіндік бермей, оталдыру көзінің пайда болуына  кедергі жасау керек. Өрттен қорғанудың мақсаты — өрттердің алдын алу үшін ең тиімді, экономикалық жағынан пайдалы, техникалық  жағынан дәлелденген тәсілдер мен құралдарды іздестіру және өрт сөндірудің техникалық құралдары мен күштерді тиімді пайдалана отырып, өртті аз шығынмен тоқтату. Өрт қауіпсіздігі – бұл өрт болу мүмкіндігін болдырмау және оның пайда болған кезінде адамдарға, құрылыс және материалдық құндылықтарға өрттің қауіпті факторларының жағымсыз әсерлерін жою үшін қажетті шараларды қолдану болып саналады.Өрт қауіпсіздігі өрттің алдын алу шаралары мен және белсенді өрт қорғанысымен қамтамасыз етіледі. Өрт профилактикасы болып өртті болдырмау немесе оның салдарларын азайтуға бағытталған іс-шаралардың кешені саналады.  Белсенді өрт қорғанысы – бұл өрт немесе жарылысқа қауіпті жағдайларымен белсенді күресуді қамтамасыз ету шаралары.

Өрттің алдын алу шараларын мыналар кіреді:

-   құрылыстық-жобалау;

-   техникалық;

-   ұйымдастырушылық;

-   өрт сөндіру тәсілдері мен құралдары.

Құрылыстық-жобалау шаралары ғимараттар мен құрылыстардың отқа төзімділігімен анықталады (конструкция материалдары жанғыш, қиын жанатын, жанбайтын болып бөлінеді).  Отқа төзімділік шегі дегеніміз – бұл оттың әсерінен құрылыс конструкцияларының бірінші сызат пайда болғанға дейінгі шыдайтын уақыт интервалы. Барлық ғимараттар мен имараттардың отқа төзімділік дәрежесі 8 деңгейге бөлінеді. Ғимараттардың отқа төзімділік деңгейіне байланысты өрт кезінде эвакуациялау үшін шығатын жерлерге дейінгі қашықтықтар белгіленеді.

Техникалық шараларына мыналар кіреді:

-   өмірге қажетті жүйелерді (жылу, жарықтандыру, вентиляция т.б.) орнатқан кездерде өрт қауіпсіздігі нормаларын сақтау;

-   құрал-жабдықтар жұмысының тәртібі мен технологиялық процестер параметрлерін сақтау;

-   әртүрлі қорғану жүйелерін пайдалану.

Ұйымдастырушылық шаралар құрамына өрт қауіпсіздігі бойынша оқу өткізу, өрт қауіпсіздігі шараларының сақталуын тексеру кіреді.Өрт сөндіру тәсілдері мен құралдары. Өрт сөндірудің келесі тәсілдері қарастырылады:

1. Ыстық  жанғыш затты тотықтырғыштан бөлектеу;

2. Ауадағы оттегі концентрациясын азайту;

3. Ыстық жагғыш заттың температурасын оталдыру температурасынан төмендету.

Өрт сөндіру заттары ретінде су, құм, көпіршіктер, ұнтақтар, өрт тудырмайтын газ тәріздес заттар, инертті газдар, булар қолданылады.

Өрт сөндіру құралдары 2-ге бөлінеді:

-   қол көмегімен жұмыс істейтін құралдар (құм салынған жәшіктер, асбест жабындары, өртке қарсы құрал-саймандары бар тақталар; химиялық көпіршікті от сөндіргіштер; ұнтақты отсөндіргіштер; көміроттекті отсөндіргіштер; хладонды отсөндіргіштер; құрама отсөндіргіштер);

-   өртке қарсы жүйелер (сумен жабдықтау жүйелері; көпіршікті генераторлар; автоматты сигнал беру құралдарын қолдану арқылы автоматты өрт сөндіру жүйелері).

Кез келген объектілерді эксплуатациялауды (туристік фирмаларды, қонақ үйлерді, демалыс базаларын) бекітілген нормативті құжаттар талаптарына сай қатаң түрде жүзеге асыру қажет. Барлық қоғамдық және өндірістік ғимараттарда нақты көрсетілген кедергісіз тез шығуға кепіл беретін апатты жағдайларда шығатын жерлер болуы тиіс. Есіктер іш жағынан ашылуы керек. Бұл жерлерде кедергі келтіретін бөгде заттар мен отқа жанғын материалдар болмауы керек. Бұдан басқа да құтқару жолдары қарастырылуы жөн (мысалы, сыртқа шығатын сатылар мен шатырға шығатын жерлер). Өрт кезінде ешқашан лифтті қолдануға болмайды.

1. Ғимараттың жалпы сипаттамасы

Салынған жері ІV Г климаттық ауданда орналасқан және төмендегідей табиғат жағдайларымен сипатталады.

Ең суық бес тәулікте қоршайтын конструкцияларды есептеу үшін сыртқы ауаның қысқы температурасы-24 С тең.

Ылғалдылық аймағы құрғақ.

Нормативті қар жүктемесі -30 кгс/м2.

Жел қысымының жылдамдығы -28 кгс/м2.

Отқа төзімділік дәрежесі –II

Ғимарат классы –II



1.1Нысанның жалпы сипаттамасы

Тамаша сауда ойын-сауық ғимараты Сатпаев 37 , Құрманғазы және Сатпаев көшесімен қйылысып жатқан көпірге қарама-қарсы орналасқан.Ғимарат жеті қабатты және де жертөресі бар. Тамаша сауда ойын-сауық орталығында киім - кешек, тұрмыстық техникалар , басқа заттар сатылады және балаларға арналған ойын-сауық комплексі орналасқан. Сауда ойын-сауық орталығы жанында тұрғын үйлер бар және де ғимараттан 30 м қашықтықта және 30 м арақашықтықта автотұрақ бар. Ғимарат сыртында жасыл отырғызылымдар отырғызылған.

Ғимарат екінші отқа төзімділік дәрежесіне жатады, сауда үйінің жоспардағы құрылысының ауданы 14316,6 м3, ғимараттың көлемі 1098 м2, жалпы ауданы 2970 м2 құрайды. Ғимарат биіктігі 21,9 м, ал қабат биіктігі 3,7м. Бөлмелік жайдың саны 39дана.

Цокольдық қабатта орналасқан бөлмелер.



Бөлме нөмері

Атауы

Ауданы

м2



1

Қойма бөлмесі

107,25

2

Қойма

32,93

3

Қойма

68,21

4

Қойма

103,49

5

Қойма

68,21

6

Қойма бөлмесі

69,85


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет