Күндізгі оқу факультеті Жедел-тактикалық пәндер кафедрасы 5В100100 «Өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша дипломлық жұмысты (жоба) дайындау бойынша



бет1/3
Дата04.07.2016
өлшемі1.04 Mb.
#178097
  1   2   3


Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі

Төтенше жағдайлар комитетінің

Көкшетау техникалық институты

Күндізгі оқу факультеті




Жедел-тактикалық пәндер кафедрасы

5В100100 «Өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша дипломлық

жұмысты (жоба) дайындау бойынша

ТАПСЫРМА

Жұмыс (жоба) тақырыбы: «Семей қаласында орналасқан «Казполиграф» ЖШС ғимаратында өртті сөндіру бойынша жауынгерлік әрекеттерді ұйымдастыру және жүргізу»


1. Институт бұйрығы бойынша бекітілген №10 ж/қ от «16» қыркүйек 2014 ж.
2. Аяқталған жұмысты (жобаны )тапсыру мерзімі «05» маусым 2015 ж.
3. Жұмысқа (жобаға) бастапқы берілгендер нысанның жобасы.
4. Өңдеуге жататын сұрақтар тізімі немесе қысқаша мазмұны, тарауларды орындау мерзімдері:



п/п

Тарау атауы

орындалу

мерзімі

1

Кіріспе

17.10.2014

2

Өртке қарсы қызметі бөлімшелерінің жауынгерлік іс-қимылының мазмұны мен маңыздылығы

25.10.2014

3

Шақыруды өңдеу

02.11.2014

4

Бөлімшелердің жауынгерлік іс-қимылдарының топтастырылуы

10.11.2014

5

Нысанның жедел-тактикалық сипаттамасы

25.12.2014

6

Өрт және оның құбылыстары

20.01.2015

7

Өрттердің дамуы

28.01.2015

8

Өрттегі бөлімшелердің жауынгерлік іс-қимылдарының шешуші бағыты

01.02.2015

9

Ғимараттың қабаттарында өрттерді сөндіру

10.02.2015

10

Жылжымалы өрт техникасымен «Казполиграф» ЖШС өртті сөндіруді ұйымдастыру

20.02.2015

11

Өрттің негізгі параметрлерін болжамдау (1 нұсқа)

28.02.2015

12

Өртті сөндіруді ұйымдастыру

05.03.2015

13

Өрт сөндіру кезінде қауіпсіздік техникасы

14.03.2015

14

«Казполиграф» ЖШС-нің өрт кезінде жағдайын болжамдау (2-нұсқа)

27.03.2015

15

Өрт сөндіруді ұйымдастыру

01.04.2015

16

Өрт сөндіру кезінде қауіпсіздік техникасы

06.04.2015

17

Өрттегi жауынгерлiк iс-қимылдарды жүргiзу

20.04.2015

18

Өртте күштер және құралдармен басқарудың негізгі принциптері

05.05.2015

19

Өрт сөндіру басшысы

15.05.2015

20

Қабылданған шешімдердің экономикалық түсініктері

20.05.2015

21

Өрт сөндіру кезіндегі еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі

22.05.2015

22

Қорытынды

01.06.2015

23

Әдебиеттер тізімі

03.06.2015



5. Тапсырманы тапсыру мерзімі «____»______________ 2015 жыл.
6. Бекітемін:

ө.қ.қ. подполковнигі Карденов С.А.
7. Жетекші:

ө.қ.қ. полковнигі Булкаиров А.Б.
8. Тапсырманы орындауға қабылдадым:

ө.қ.қ. кіші сержанты Санатов Е.К.

Мазмұны




Кіріспе

5

1.

Жауынгерлік іс-әрекеттерінің сараптамасы

7

1.1

Өрт бөлімдердің жауынгерлік іс-әрекеттерінің азмұны мен маңызы

7

1.2

Өртке шығу және бару

14

1.3

Қоймалық ғимараттар өртті сөндіру және даму ерекшеліктері

18

2.

Өрт сөндіру

22

2.1

Өрт және оның дамуы

22

2.2

Өрттердің дамуы

34

2.3

Өрттегі бөлімшелердің жауынгерлік іс-қимылдарының шешуші бағыты

35

3.

ЖШС «Казполиграф» жедел тактикалық мінездемесі

42

3.1

ЖШС «Казполиграф» смпаттамасы

42

3.2

Өрт сөндіру заттарын тандау

44

4.

Материалды-техникалық заттар қоймасындағы өртті қозғалмалы өрт техникасын пайдаланып сөндіруді ұйымдастыру

47

4.1

Құтқаратын жұмыстардың өткізу ұйымы

47

4.2

Гофратара цехінде өрттің негізгі параметрлерін болжамдау

48

4.3

Өртті сөндіруді ұйымдастыру

55

4.4

Қоймада өрт кезінде жағдайын болжамдау

58

4.5

Өрт сөндіруді ұйымдастыру

62

5.

Қабылданған шешімдердің экономикалық түсініктері

65

6.

Өрт сөндіру кезіндегі еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі

67




Қорытынды

69




Әдебиет

70


Кіріспе

ХІ ғасырдың Қазақстаны – талантты, еңбекқор, толерантты халықтың небәрі екі онжылдықта «нөлден» бастап құрған ел. Бұл – біздің бәріміз мақтан тұтатын ортақ жемісіміз! Бұл – біздің шексіз сүйетін ұлы туындымыз!

Біз қазақстандықтардың ел болашағының тұтқасын нық ұстауы үшін «Қазақстан-2050» Стратегиясын қабылдадық. Бүгінде көптеген табысты елдер – Қытай, Малайзия, Түркия ұзақмерзімді жоспар бойынша жұмыс істеуде. ХХІ ғасырда стратегиялық жоспарлау ең өзекті қағида болып саналады. Егер ел өз бағыты мен баратын айлағын білмесе, ешқандай жел оңынан соқпайды. 2050 Стратегиясы айқын шамшырақ секілді басты мақсатымыздан көз жазбай, азаматтарымыздың күнделікті тіршілігінің мәселелерін шешуге мүмкіндік береді. Бұл біздің 30-50 жылда емес, жыл сайын халық тұрмысын жақсартатынымызды білдіреді.

Стратегия – күннен күнге, жылдан жылға елімізді, қазақстандықтардың өмірін жарқын ете түсетін нақты практикалық істер бағдарламасы. Бірақ нарықтық жағдайда аспаннан нәпақа күтпей, тиімді еңбектену керектігін әркім-ақ түсінуі тиіс. Мемлекеттің міндеті – осыған барлық жағдайды жасау. Мен әлемнің озық елдері арасындағы Отанымыздың лайықты Болашағы ғана қазақстандықтарды мәңгілікке біріктіретініне сенімдімін.

Бүгін мен дамыған 30 елдің қатарына кіру жоспарымызды ұсынғым келеді. Менің тапсырмам бойынша Үкімет нақты тұжырымдама жобасын жасады. Осы Жолдаудағы менің тапсырмаларым ескеріле отырып жөнделгеннен кейін түпкілікті бекітілетін бұл құжатты жалпы алғанда қолдадым. Көптеген болжамдар бойынша, алдағы 15-17 жыл Қазақстанның ауқымды серпілісі үшін «мүмкіндіктер көзі» болмақ. Бұл кезеңде сыртқы ортаның қолайлылығы, ресурстарға, энергияға және азық-түлікке сұраныстың артуы, Үшінші индустриялық төңкерістің пісіп-жетілуі сақталады. Біз бұл кезеңді пайдалана білуге тиіспіз.

Біз 2050-дің мақсатына қарай күрделі жаһандық бәсекелестік жағдайында ілгерілейміз. Алдағы онжылдықтарда біз қазірдің өзінде біліп отырған сын-қатерлер, жаһандық нарық пен әлемдік саясаттағы болжаусыз жағдайлар, жаңа дағдарыстар аз кездеспейді. ХХІ ғасырда «жеңіл-желпі жүріп өту» деген болмайды. Ғасыр ортасы да таяп қалды. Әлемнің дамыған елдері соған сай нақты стратегияларын дайындауда. ХХІ ғасырдың орта тұсы күрделі болары даусыз, ал жаһандық отыздық тобының тізіміне кіретін үміткерлер саны тым шектеулі болады. Мен «дамыған ел» ұғымының уақытқа сәйкес өзгеріп тұратын категория екенін бірнеше рет айттым. Дамыған елдерде халықтың мүлде жаңа өмір сапасы пайда болуда.

Бүгінде дамығандықтың іргелі көрсеткіштерін Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДҰ) мүше мемлекеттер көрсетіп отыр. Оған әлемдік ішкі жалпы өнімнің 60 пайыздан астамын өндіретін 34 ел кіреді. ЭЫДҰ-ға кіруге тағы 6 ел – Бразилия, Қытай, Үндістан,Индонезия, Ресей және Оңтүстік Африка Республикасы үміткер болып отыр. Ұйымға мүше барлық елдер терең жаңғыру жолынан өтті, инвестицияның, еңбек өнімділігінің, шағын және орта бизнесті дамытудың, халық өмірі стандарттарының жоғары көрсеткішіне ие болып отыр. Әлбетте, ЭЫДҰ елдерінің болашақ ұзақмерзімді қарқыны ескерілгендегі индикаторлары – жер жүзінің дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіру жолындағы біздің базалық бағдарымыз осы.

Экономикада ішкі жалпы өнімнің жыл сайынғы өсімін 4 пайыздан кем қылмау жоспарлануда. Инвестиция көлемін қазіргі 18 пайыздан бүкіл ішкі жалпы өнім көлемінің 30 пайызына дейін ұлғайту керек. Экономиканың ғылыми қамтымды моделін енгізу Қазақстанның экспорттық әлеуетіндегі шикізаттық емес өнімнің үлесін 70 пайызға дейін арттыру мақсатын көздейді.

Экономиканың жоғары технологиялық жаңа салаларын құру ғылымды қаржыландыруды ішкі жалпы өнімнің 3 пайызынан кем емес деңгейге дейін арттыруды талап етеді. Ішкі жалпы өнімнің энергия тұтыну ауқымын 2 есе азайту маңызды. Шағын және орта бизнес 2050 жылға қарай Қазақстанның ішкі жалпы өнімінің қазіргі 20 пайызы орнына кемінде 50 пайызын өндіретін болады. Еңбек өнімділігін 5 есеге – қазіргі 24,5 мыңнан 126 мың долларға дейін арттыру керек.

Әлеуметтік саланы дамытудың 2050 жылға дейін басты бағдарлары нақты индикативті цифрларда көрсетілген. Біз ішкі жалпы өнім көлемін жан басына шаққанда 4,5 есе – 13 мың доллардан 60 мың долларға дейін арттыруымыз керек. Қазақстан халық құрылымында орта тап үлесі басым елге айналады. Урбанизацияның жаһандық үрдісіне орай қалалық тұрғындар үлесі барлық халықтың қазіргі 55 пайызынан 70 пайыздай деңгейге дейін өседі. Қазақстанның қалалары мен елді мекендерін сапалы жолдар мен көліктің барлық түрінің жүрдек бағыттары байланыстырады.

Саламатты өмір салтының орнығуы, медицинаның дамуы қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығын 80 жасқа дейін арттырады. Қазақстан медициналық туризмнің жетекші еуразиялық орталықтарының біріне айналады. Озық және бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін құру аяқталады.

Қазақстан әлемде адамдар үшін қауіпсіз және тұруға жайлы елдің біріне айналуға тиіс. Бейбітшілік пен тұрақтылық, әділ сот және тиімді құқық тәртібі дегеніміз – дамыған елдің негізі.




1 бөлім. Жауынгерлік іс-әрекеттерінің сараптамасы

1.1 Өрт бөлімдердің жауынгерлік іс-әрекеттерінің азмұны мен маңызы

Өртті сөндіру бойынша негізгі жауынгерлік тапсырма сөндіруге жұмылдырылатын өртке қарсы қызметінің күштері мен құралдарымен анықталатын қысқа мерзім ішінде өртті тоқтату және жою бойынша болып табылады.

Негізгі жауынгерлік тапсырманың орындалуы өртке қарсы қызметінің басқару органдарының жеке құрамымен және бөлімшелерімен қамтамасыз етіледі, сонымен қатар өрт-техникалық оқу орындарының курсанттары және тыңдаушыларымен, ал өртке қарсы режим жағдайларында сол сияқты өрт-техникалық оқу орындарының профессорлік-оқытушылар құрамымен және ғылыми –зерттеу мекемелерінің мамандарымен қамтамасыз етіледі.

Жауынгерлік тапсырманы үздік орындау үшін қажет:



Осының барлығы жоғары әмбебап деңгеймен, физикалық және психологиялық дайындықпен жүзеге асады.

Өртті сөндіру бұл заттарды, адамдарды құтқаруға және өртті тоқтатуға бағытталған жауынгерлік іс-қимылдар. Өрттерді сөндіру өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін негізгі функциясы болып табылады. Өртті сөндіру бойынша жауынгерлік іс-қимылдар тізімі келтірілген.

Жауынгерлік іс-әрекеттердің түрі:


  • шақыруді өндеуі;

  • өртке шығу және бару;

  • өртті барлау;

  • адамдарды және мұлікті құтқару;

  • жауынгерлік қанат жаю;

  • жануды жою;

  • арнайы жумыстарды орындау;

  • жиналу және бөлімге қайыту.

Өрттердi сөндiрудегi жауынгерлiк iс–қимылдар (бұдан әрі - жауынгерлік іс-қимылдар) өрт туралы мәліметті алу мезгілінен басталады және бөлімшенің үнемі дислокация орнына оралу, кезекші қарауылды және техниканы жауынгерлік даярлыққа келтіру уақытында аяқталды деп саналады және оған:

  • шақыруларды өңдеу;

  • шығу және шақыру орнына (өртке) бағыт алу;

  • өрттi барлау;

  • адамдарды және мүлiктердi құтқару;

  • жауынгерлiк қанат жаю;

  • жануды жою;

  • арнаулы, апаттық–құтқару және басқа да жедел жұмыстарды орындау;

  • жиналу және бөлiмшеге оралу кiредi.

Жауынгерлiк iс–қимылдар өрт сөндiру тактикасына байланысты және өртте еңбектi қорғау мен техника қауiпсiздiгiнiң белгiленген талаптарына сәйкес орындалуы тиiс, сондай–ақ өрт сөндiруге қатысушылардың жоғарғы психологиялық және физикалық тапсырма, жоғарғы қауiп-қатер, өмiрi мен денсаулығына тiкелей қауiпте өтуi мүмкiн.

Кәсiпорындардағы өрттердi сөндiру кезiнде жауынгерлiк iс-қимылдар, белгiленген тәртiпке сәйкес жасалынған табиғи және техногендiк сипаттағы аварияны тоқтату және жою жоспарының ерекшелiгi есепке алына отырып жүргiзiлуi тиiс.

Барлау, адамдар мен мүлiктердi құтқару, жауынгерлiк қанат жаю, жануды жою және арнаулы, бiрiншi кезектегi авариялық–құтқару және басқа да кідіртуге болмайтын жұмыстар кезiнде жауынгерлiк iс-қимылдар бiр мезгiлде жүргiзiледi.

Жауынгерлiк шептегі аса қажеттi жағдайдағы жауынгерлiк iс-қимылдар өрттi сөндiруге қатысушылардың өмiрi мен денсаулығына тiкелей қауiпке байланысты еңбектi қорғаудың және техника қауiпсiздiгiнiң талаптарынан ауытқу арқылы ерекше жағдайда (ерікті жағдайда және өрт сөндіру басшысының шешімі бойынша ғана немесе АҚЖ) орындалады.



Шақыруды өңдеу

Шақыруды өңдеу өртке қарсы қызметінің ӨБОП (ББП) радиотелефонисі (бұдан әрі – кезекші диспетчер) белгiленген тәртiп бойынша жүргiзеді және өзiне:



  • хабарлаушыдан хабарламаны қабылдау және тiркеу;

  • алынған ақпаратты бағалау және шығу кестесiнде (күштер мен құралдарды жұмылдыру жоспарында) көрсетiлген күштер мен құралдарды шақыру орнына бағыттауға шешiм қабылдау;

  • «ДАБЫЛ» белгiсiн қосу;

  • өртке шығу жолдамасын (1-қосымша), сондай-ақ болған жағдайда, өрт сөндiру жедел жоспары мен карточкасын, жанып жатқан объектi жөнiндегi ақпаратты қарауыл немесе ауысым кезекшiлiгін басқаратын лауазымды тұлғаға (бұдан әрi – қарауыл бастығы) дайындап өткізу (тапсыру);

  • лауазымды тұлғаларды шығу объектісі (өрт) туралы қолда бар ақпараттармен қамтамасыз ету жатады.

Хабарлаушыдан өрт туралы ақпаратты қабылдағанда кезекші диспетчер мүмкiндiгiнше:

  • шақыру объектінің мекен-жайын немесе оның орналасқан жері туралы басқа да мәлiметтердi;

  • адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауiптiң барын және оның сипаттамасын;

  • объектiнiң ерекшелiгiн;

  • хабарлаушының тегін, аты-жөнін және телефон нөмірін;

  • хабарлау уақытын;

  • бөлiмнiң жауынгерлiк тапсырманы орындауына әсер ететiн басқа да мәлiметтердi анықтауы қажет.

Өрттiң мекен жайын немесе шақырудың (өрттiң) орны туралы басқа да мәлiметтер анықталғаннан және шығу жөнiнде шешiм қабылдағанан кейiн дереу «ДАБЫЛ» белгiсi қосылады.

Шақыруды өңдеу қысқа уақытта жүргiзiлiп, өрт орнына (өртке) шығу мен бағыт алуды кiдiртпеу керек.

Қажеттiлiгiне қарай және техникалық мүмкiндiкке байланысты өрт туралы қосымша (анықталған) ақпарат кезекшi диспетчерімен өрт орнына бағыт алған күзет бастығына дереу радио байланысы арқылы беріледі.

Негізгі жауынгерлік тапсырма жауынгерлік іс-қимылдар деп аталатын бөлімшелердің түрлі қимылдарды орындау жолымен жүзеге асырылады, өйткені олар күні-түні жауынгерлік жағдайында, жоғары және төмен температураларда, түтінденген және улы ортада, биіктерде және жер төрелерде, жарылыс, бұзылу, жер сілкінісі және т.б. табиғат апаттарында өткізіледі.

Бөлімшелердің жауынгерлік іс-қимылдарының сапалығы мен тиімділігі көптеген факторларға байланысты, олардың ішінде ең бастылары болып табылатыны: бөлімшелердің жауынгерлік дайындығы және қабілеттілігі.

Жауынгерлік дайындық – Жарғымен талап етілген, тапсырмалардың табысты орындалуын қамтамасыз ететін гарнизондардың, бөлімше, қарауыл, өртке қарсы қызметінің кезекші смендерінің, өртке қарсы құрулардың күштері мен құралдарының күйі.

Жауынгерлік қабілеттілік бөлімшелердің өздерінің негізгі жауынгерлік тапсырмаларын өз тактикалық мүмкіндіктер шегінде орындау қабілеттілігімен түсіндіріледі.

Сәйкесінше, бөлімшелердің жауынгерлік дайындығы мен қабілеттілігі – бұл әрбір қарауыл және бөлімшенің кезекшілік күйден жауынгерлік күйге тез арада ауысуын қамтамасыз ететін қабілеттілік күйі, өртте минималды уақыт аралығында шешуші және тиімді қимылдарды жүзеге асыру болып табылады.

Бөлімшелердің жауынгерлік іс-қимылдарының негізінде объективті сипатқа ие анықталған заңдылықтар жатыр. Осылайша, өртте бөлімшелердің жеке құрамы жауынгерлік тапсырманы орындау кезінде ең басты заңдылықтармен байланыстырылады.

Бөлімшелерде заманға сай құралдардың саны мен түрі ұлғаюынан жауынгерлік тапсырмаларды орындау кезіндегі әрекет ету ролі біршама өсті. Сондықтан да, әрбір өрт жауынгерінің білім деңгейі, шыдамдылығы жоғарылады, сол сияқты бөлімшелердің жауынгерлік тапсырмаларды орындау кезіндегі қателіктері де өсті.

Әрекеттестіктен басқа, бөлімшелердің жауынгерлік іс-қимылдарында нақты жағдайлармен анықталатын басқа да заңдылықтар орны бар. Бұл жағдайлар былайша түсіндіріледі: жауынгерлік тапсырманы орындайтын бөлімшелер күйінің саны мен сапалығы, олардың техникалық жабдықталғандығы, өрттің таралу параметрлері, өртті сөндіру және адамдарды құтқарудың әдістері. Сәйкесінше, бөлімшелердің жауынгерлік іс-қимылдарының заңдылықтары басқа да практикалық аумақтардағы заңдылықтары сияқты объективті сипатқа ие.

Бірақ, бөлімшелердің жауынгерлік іс-қимылдарының объективті сипат бар болуының заңдылықтары бұл қимылдарға субъективті факторлар әсерін керек етпейді. Керісінше, айта кету керек, бөлімшелердің жауынгерлік іс-қимылдарын жоспарлау кезінде олармен басқару оңай емес.

Объективті жағдайларда бөлімшелердің табысты жауынгерлік іс-қимылдары мүмкін табысқа тәуелді, олар өз беттерімен оң нәтижеге әкеледі. Бөлімшелердің жауынгерлік іс-қимылдарының табыстылығы, өртте негізгі тапсырмаларды щбъективті және субъективті орындау болып табылады. Сондықтан өртте жауынгерлік тапсырмалардың табысты орындалуына өртке қарсы қызметінің басқарушы құрамының ұйымдастырушылық қабілеттілігі, бөлімшелермен басқара білуі әсер етеді.

Бөлімшелердің жауынгерлік іс-қимылдарына тек заңдылықтар ғана емес, сонымен қатар кездейсоқ факторлар да әсер етеді. Кездейсоқтылық себебі ең алдымен біздің қызметтік жетіспеушіліктеріміз болуы мүмкін - бөлімшелердің жауынгерлік іс-қимылдарының нашар ұйымдастырылуы, олармен басқару жетіспеушілігі, жауынгерлік іс-қимылдарда бөлімшелердің жеке құрамының жетіспеушілігі және т.с.с.

Айта кету керек, бөлімшелердің жауынгерлік іс-қимылдарына кері әсер ететін кездейсоқтылықтан басқа, тапсырманы шешуге әсер ететін қосымша жағдайлар болуы мүмкін: табиғи жауынның түсуі, жел бағытының өзгеруі және т.с.с. Сондықтан да жауынгерлік іс-қимылдар барысында тек қолайсыз жағдайларға қарсы тұру ғана емес, сонымен бірге өртті сөндірге пайдалы қимылдарды қолдану қажет. Бұл іске басқарушы құрамның ұйымдастырушылық қабілеті, жақсы тактикалық және бөлімшелер жеке құрамының психологиялық дайындылығы тікелей байланысты.

Бөлімшелердің жауынгерлік іс-қимылдары әрдайым кеңістік және уақытпен шектелген. Олар салыстырмалы түрде кіші аумақтарда және қысқа уақыт мерзімінде жүзеге асырылады.

Бөлімшелердің жауынгерлік іс-қимылдарының ұзақтылығы өртте жауынгерлік тапсырманы орындауға қажетті уақытпен анықталады, және жауынгерлік жағдайға, санына, бөлімшелердің жауынгерлік дайындығы мен қабілеттілігне байланысты. Олар бөлімшенің өрт орнына шығу сәтінен басталып, өртте жауынгерлік тапсырманы орындап болғаннан кейін аяқталады. Бұл уақыт аралығы бірнеше минуттан бірнеше сағатқа дейін, кейбір кезде тәулікке дейін жиілейді, бұл бөлімшелердің жауынгерлік тапсырманы орындау кезіндегі жауынгерлік іс-қимылдар негізіне байланысты.

Бөлімшелердің жауынгерлік іс-қимылдарының негізі жауынгерлік жағдаймен анықталады. Өрттегі бөлімшелердің санына байланысты олардың жауынгерлік іс-қимылдары бірнеше сандық көрсеткіштермен сипатталады.

Бұл ерекшеліктерді анықтау үшін өртте жауынгерлік тапсырманы негізіне сүйене отырып, бөлімшелердің жауынгерлік іс-қимылдарының топтастырылуын қарастырамыз.

Бөлімшелердің жауынгерлік іс-қимылдарының топтастырылуы.

Бөлімшелердің жауынгерлік іс-қимылдары екі негізгі белгімен топтастырылады: сипаты және тағайындалуы бойынша.

Бөлімшелердің жауынгерлік іс-қимылдары сипаты бойынша жалпы және жеке болып топтастырылады.

Жауынгелік іс-қимылдардың тағайындалуы өртті сөндіру кезінде жүзеге асады.

Жауынгерлік іс-қимылдардың жеке түрі нақты өрттерді сөндіру кезінде жүзеге асырылады. Олар өрттегі жеке, ерекшеленген жағдайлармен анықталады. Мысалы, өртте адамдардың өміріне қауіп төнуі, конструкцияларды ашу және бұзу қажеттілігі және т.с.с.

Тағайындалуы бойынша жауынгерлік іс-қимылдар даярланатын, негізгі және қамтамасыз етуші болып бөлінеді.

Даярлаушы жауынгерлік іс-қимылдар негізгі жауынгерлік іс-қимылдардың нәтижесінде пайда болатын жағдайлармен түсіндіріледі.

Негізгі жауынгерлік іс-қимылдар өртте өртке қарсы қызметі жеке құрамының негізгі жауынгерлік тапсырмаларды орындау жетістігімен түсіндіріледі.

Қамтамасыз етуші жауынгерлік іс-қимылдар негізгі жауынгерлік іс-қимылдарды жеткілікті орындау нәтижесінде пайда болатын жағдайлармен түсіндіріледі.

Бөлімшелердің жауынгерлік іс-қимылдары топтастырылуының принципиалды сызбасы бір бөлімшенің мысалында көрсетілген (сур.3.2.). (сур.3.2.) көрініп тұрғандай, жану тек негізгі түрмен ғана емес, сонымен бірге бөлімшелердің жауынгерлік іс—қимылдарының жалпы түрімен де жойылады. Бұл уақытта адамдар мен жануарлардың (құтқару, көшіру және оларды түрлі құралдармен қорғау) қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлімшелердің жауынгерлік іс-қимылдарының негізгі түріне жатса да, ол жеке болып табылады, өйткені ол барлық өрттерде орындалмайды.




Сур. 3.2. Өртке қарсы қызметі бөлімшелерінің жауынгерлік іс-қимылдарының топтастырылуы
Бөлімшелердің жалпы жауынгерлік іс-қимылдарының негізгі ерекшелігі олардың белгілі бір тәртіпте орындалуында болып табылады, сондықтан да олар тәртіптік процесстерге жатады. (сур. 3.3, "а").

Бөлімшелердің жеке жауынгерлік іс-қимылдары, ереже бойынша, жауынгерлік қанат жаю және жануды жою тәрізді жалпы іс-қимылдармен параллель орындалады. Бұл жағдайда бөлімшелердің жеке және жалпы жауынгерлік іс-қимылдарының жиынтығы тәртіпті-параллельді процесстерге жатады және жүйелік модель түрінде бейнеленуі мүмкін (сур. 3.3, "б").

Бөлімшелердің жауынгерлік іс-қимылдарының жүйелік моделі (сур. 3.3, "б") жеке және жалпы түрлердің графикалық бейне түрінде болады.

Жауынгерлік іс-қимылдардың түрлері (сур.3.3, "а") көрсетілгендей атпен немесе нақты жұмысты орындау уақытының цифрларымен белгіленеді.

Графиктер (сур. 3.3, "а", "б") өрт сөндіру жоспарын өңдеу кезінде, өрт-тактикалық оқуларды өткізу кезінде және сөндірілген өрттерде бөлімшелердің жауынгерлік іс-қимылдар анализын өткізу кезінде пайдаланылады. Олар бөлімшелер арасындағы байланысты орнатуға және бөлімшелердің басқару жүйесін анықтауға мүмкіндік береді. Онымен қоса, графиктер бірнеше бөлімшелердің жауынгерлік іс-қимылдарының барлық сандық сипатты өзгерулер динамикасын бейнелемейді, сондықтан да ол топтастырылуды түсіндіретін негіз болып табылмайды.



Сур. 3.3. Бір бөлімшенің жауынгерлік іс-қимылдарды оындау тәртібінің графиктері:

а – жалпы жауынгерік іс-қимылдарды орындаудың сызықты графигі (тәртіптік процесс);

б - жалпы және жеке жауынгерік іс-қимылдарды орындаудың жүйелі графигі (тәртіптік-параллельді процесс)

Бізге белгілі, бірнеше бөлімшелердің жауынгерлік іс-қимылдарының саны, бірінші кезекте өрттегі уақытта олардың сандық өзгеруімен Nотд, шт сипатталады. Бұнымен қоса олар өртті сөндіруге енгізілетін оқпандар саны Nст, шт. немесе от сөндіргіш заттардың нақты шығынымен Qф, л/с сипатталуы мүмкін.




Сур. 3.4. Бірнеше бөлімшелердің жауынгерлік іс-қимылдарының жалпыланған график моделі
Ордината осі бойынша шамалар алып қойылуы мүмкін(Сур.3.4): Nотд, Nст, Qф және т.с.с., ал абсцисса осі бойынша – бірнеше бөлімшелердің жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізу ұзақтылығы. АВ сатылы графигі өртке келетін бөлшімшелердің нақты санының өзгеруін көрсетеді Nотд(τ), ал аб графигі – оқпандардың нақты санын Nст(τ) немесе бұл оқпандарынан шығатын от сөндіргіш заттарының нақты шығынын Qф(τ ). с'д графигі шығарылатын оқпандар санының өзгеруін бейнелейді, ал СД графигі - өртте жиналатын бөлімшелерді.

ОА кесіндісі бірінші бөлімшенің өрт орнына шығу және бару уақытына сәйкес келеді, ал Аа кесіндісі – оның жауынгерлік қанат жаю уақытына. аб' ; ад ; с"Е кесінділері сәйкесінше ұзақтылықты білдіреді: күштер мен құралдарды жұмылдыру τс.в; өртті тоқату және жою (өртті сөндіру) τт; бөлімшелердің өрт бөліміне келуін τс.

Бұл кезде ДЕ – соңғы бөлімшенің өрт орнынан оның толық дислокацияға дейін бару аралығы. Бөлімшелердің өртті сөндіру бойынша жауынгерлік іс-қимылдарының ұзақтылық қосындысы τб.д, ОЕ кесіндісіне сәйкес келеді.

Мұндай жағдайда, (сур.3.4) көрініп тұрғандай, бірнеше бөлімшелердің жауынгерлік іс-қимылдары үш процесспен өзара байланысқан:



  • күштер мен құралдарды енгізу және жұмылдыру;

  • жануды тоқтату және жою;

  • өрт бөлімшелерінің бөлімге оралуы.

Бұл процесстердің жиынтығы бірнеше бөлімшелердің жаунгерлік іс-қимылдары және жалпы болып табылады, өйткені барлық өрттерде орындалатындықтан.

1.2 Өртке шығу және бару

Күштер мен құралдырды жұмылдыру ұзақтылығы бірінші бөлімшенің өрт орнына келу сәтінен соңғы бөлімшені шақырту уақыт аралығымен сипатталады (сур. 4.1). Ол бірінші бөлімшенің өрт орнына шығу және бару ұзақтылығы және келесі бөлімшелердің шығуы мен бару ұзақтылығына тәуелді:



(4.1)

мұндағы τВ.И.С1 –бірінші бөлімшенің шығу және бару ұзақтылығы, мин;

n – өртке шақыртылған бөлімшелер саны, отд;

τВ.И.С1 – біріншіге қатысты келесі бөлімшелердің шығу және бару ұзақтылығы, мин.

Өртке шақырылған әрбір бөлімшенің шығу ұзақтылығы қандай факторларға байланысты екендігін қарастырайық.

Жалпы түрде өрт орнына келген кез-келген бөлімшенің шығу және бару ұзақтылығын мына формула бойынша анықтауға болады:



мұндағы L – бару маршрутының ұзақтылығы, км;

- өрт автокөлігінің орташа жылдамдығы, км/сағ.

шамасы 25-тен 45 км/сағ жиілікте тербеледі. Ол қалаларда автомобиль транспортының қозғалу жылдамдығының математико-статистикалықо анализі негізінде жобалануы мүмкін, ВНИИПО МВД России ұсынылған:

мұндағы – берілген көше бойымен мүмкін максималды қозғалыс жылдамдығы; С1 және С2 – өрт автокөліктері двигательдерінің жылулық режимін және жол күйін ескеретін тұрақты коэфициенттер.

Қалалардағы жол күйіне байланысты С1 = 0,36-0,4. С2 = 0,8 шамасы жазғы жағдайлар үшін және С2 = 0,9 – қысқы жағдайлар үшін.

Минималды мерзімде күштер мен құралдарды енгізу ұзақтылығы келесі факторларға байланысты:



  • өрт орнына шақырылған бөлімшелердің өрт туралы хабарлануы және өрт мекен-жайының нақтылығы;

  • дабыл бойынша бөлімшелердің жиналу уақыты;

  • бөлімшелердің өрт орнына бару маршрутын дұрыс анықтау.

Өрт орнына шақырылған бөлімшелердің өрт туралы хабарлануы және өрт мекен-жайының нақты болуы диспетчердің дайындығына байланысты. Ол бөлімшелерге өрт туралы селектор арқылы хабарлауы мүмкін. Бұл жағдайда диспетчер өртке қосымша бөлімшелерді жібере алады.

Дабыл бойынша бөлімшелердің жиналу уақыты жауынгерлік дайындық дәрежесіне байланысты, яғни өртке шығу және бару дайындылығына.

Минималды мерзімде күштер мен құралдарды енгізу өрт орнына шықырылған бөлімшелердің бару маршрутын дұрыс анықтауына байланысты. Бұл анықтама бару маршрутын таңдау әдісімен базаланады, ең кіші ұзақтылығы бойынша Lmin немесе ең үлкен қозғалыс жылдамдығы бойынша .

Таңдаудың екі жағдайы пайда болуы мүмкін: екі бару маршруты бар; бірнеше бару маршруттары бар (сур. 4.6).




Сур 4.6 А өрт бөлімінен В өрт орнына дейінгі бару маршрутының екі мүмкін сызбасы.

А өрт бөлімінен В өрт орнына бару кезінде бару маршруты бойынша қозғалыс уақытын үнемдну қажет. Бұл уақыт мына формуламен анықталуы мүмкін:



(4.2)
мұндағы l0 – қалыпты көше бойынша А маршрутынан В дейінгі ұзақтылық l0=l3+l4+l5 тең; l1 және l2 – А аймағынан Lжылдамдықты жолына дейінгі және L –дан В дейінгі маршрут ұзақтылығы; – L бойынша қозғалыс жылдамдығы; – l0, l1 және l2 бойынша қозғалыс жылдамдығы.

Қозғалыс жылдамдығы l0, l1 және l2 әр түрлі болуы мүмкін. Онда орнына (4.2) формуласының жақшасында орташа арифметикалық жылдамдық l1 және l2 қабылданады.

Келесі теңдіктерді орындау кезінде (4.2) формуласы есептерді шешуге мүмкіндік береді.

Кейбір мүмкін бару маршруттарынан қиын жағдайлар пайда болады, оны тек арнайы теория әдістерімен шешуге болады.

Бұл жағдайда тапсырма келесі тәртіппен сипатталуы мүмкін: А өрт бөлімінен В өрт орнына барудың көптеген жолдарының бар болуы. Бару маршрутын таңдауға сәйкес келетін маршрутты анықтау.

Тапсырманы шешудің қарапайым мысалын қарастырайық.

Біріншіден бару маршрутының мүмкін жүйелік моделін салайық (сур. 4.7).

Келесіден жолдардың мүмкін саны және олармен бару ұзақтылығы анықталады.

Графикта (сур. 4.7) дөңгелектермен қиылыстар белгіленген, ал цифрлармен –көшелермен жүру ұзақтылығы. Бұл графикта барлығы бес бару маршруттары ғана:

бірінші: АС; СД: ДЕ; ЕВ;

екінші: АС; СИ; ИЕ: ЕВ;

үшінші: АИ.-ИЕ.-ЕВ;

төртінші: АК; КЛ; ЛВ;

бесінші: АК;КЛ;ЛМ:МВ.

Маршрутпен бару ұзақтылығы және қиылыстар саны (кесте 4.1) келтірілген.

(Кесте 4.1) көрініп тұрғандай, тек екі жол ғана минималды болып табылды: үшінші және бесінші. Мынадай сұрақ туады: "Қандай жол оптималды болып табылады?"




Сур 4.7 А өрт бөлімінен В өрт орнына бірнеше бөлімшелердің бару маршруттарының мүмкін жүйелі моделі.
Кесте 4.1

Маршрут нөмірі

i маршруты бойынша бару ұзақтылығының қосындысы

i маршрутындағы қиылыстар саны

I

2+3+2+2=9

3

II

2+1+3+2=8

3

III

2+3+2=7

2

IV

3+1+4=8

2

V

3+1+2+1=7

3

Бөлімшелердің қызмет көрсету аудандарында 200 және одан да көп қиылысы баркөшелер бар.

Мұндай көшелер санының бар болуы кезінде және өртке күштер мен құралдарды енгізу есептеулері көптеген адамдарды және уақытша ресурстарды қажет етеді.Бұл жағдайда ЭЕМ жұмылдыру қажеттілігі арта түседі.Бұл мақсаттар ЭЕМ жұмылдыру тәжірибиесі өртке қарсы қызмет гарнизондарында бар.

Осы немесе басқа да объектілерге күштер мен құралдарды енгізу үшін бару маршруттарының ыңғайлығы өрт сөндіру жоспарларын өңдеу кезінде, өртке шығу кестелерін, өрт-тактикалық оқуларды өткізу кезінде анықталады.



Шақыру орынына (өртке) шығу және бағыт алу

Шығу және бағыт алуға «Дабыл» белгiсi бойынша жеке құрамның жиналуы және оларды шақыру орынына (өртке) өрт автокөлiктерiмен және басқа да арнаулы көлiктерiмен жеткiзу кiредi.

Шығу және шақыру орынына (өртке) бағыт алудың ең қысқа мерзiмде орындалуы:

қарауыл жеке құрамының шапшаң жиналуы және шығуымен (нормативтiк уақыттан аспауы қажет);

шығу ауданының ерекшелiгiн бiлуімен;

өрт сөндіру және авариялық-құтқару автокөлiктерiнiң жүрiсi қысқа кесте бойынша мүмкiндiгiнше шегiне жеткен қауiпсiз жылдамдықты сақтап қамтамасыз ету, оның iшiнде арнаулы белгiлердi пайдалану және жол жүру ережесiнiң белгiленген тәртiбiнен қажет болған жағдайда шегінумен байланысты.

Өрт автокөлiктерiнiң шақыру (өрт) орынына жету уақытын қысқарту үшiн қажет болған жағдайларда және белгiленген тәртiп бойынша олардың жол жүру бағытындағы жол қозғалысы жабылуы мүмкiн.

Шақыру орынына (өртке) бағыт алуды тоқтату кезекшi диспетчердің нұсқауымен ғана iске асырылады.

Жол үстiнде бастапқы өрт автокөлiгi тоқтауға мәжбүр немесе ЖКО болған жағдайда, оның соңындағы автокөлiктер тоқтайды, одан арғы козғалысты тек қарауыл бастығының нұсқауы бойынша жалғастырады. Екiншi немесе одан кейiн келе жатқан өрт автокөлiктерi тоқтауға мәжбүр болған жағдайда қалғандары кiдiрместен шақыру орынына (өртке) қарай жүре бередi. Тоқтауға мәжбүр болғанда өрт автокөлiгiндегi аға бастық кезекшi диспетчерге дереу хабарлайды.

Шақыру орнына (өртке) өз ерiктерiмен қарауыл бөлiмшесi бағыт алғанда және өрт автокөлiгi тоқтауға мәжбүр болғанда, қарауыл бастығы, бөлiмше командирi болған жағдайды кезекшi диспетчерге хабарлайды және шақыру орынына (өртке) жеке құрамды және ӨТЖ-ды жеткiзу үшiн шара қолданады.

Бағыт алу жолында басқа өрттi байқаған кезде бөлiмшені басқарушы бастық оны сөндiру үшiн күштер мен құралдардың бiр бөлiгiн бөлуге мiндеттi және осы өрттiң орны мен қабылданған шешiмi туралы ӨБОП-ке (ББП) дер кезінде хабарлайды.

ЖКО кезiнде машинаның басшысы (ол болмаған жағдайда - жүргізуші) қозғалысты тоқтатуға мiндеттi және әрi қарай жол жүру ережесiн басшылыққа алады.

Бағыт алу жолында бөлімнің аға бастығы ӨБОП-мен (ББП) үздіксіз байланыста болуға міндетті. Өрт сөндіру автокөлiгiн тоқтатуға мәжбүр болған барлық жағдайлар ӨБОП-на (ББП) хабарланады.

Өртке қарсы қызметiнiң бөлiмдерi шақыру орынына (өртке) темiр жол, су немесе әуе көлiгiмен бағыт алғанда өрт бөлiмшелерін басқаратын аға бастық тиiстi министрлiктердiң, ведомствалардың нұсқауының талаптарын белгiленген тәртiпке сәйкес басшылыққа алуға мiндеттi және:

өрт техникаларының сақталуын;

өрт техникаларының орнықты бекiтiлуiн;

жеке құрамның орналасуын, тамақтануын және демалуын ұйымдастыруды қамтамасыз етедi.

1.3 Қоймалық ғимараттар өртті сөндіру және даму ерекшеліктері

Қоймалық ғимараттар комплексінен тұратын, ашық сақтаулы ауданшаларды, өнеркәсіптік және сауда тауарларының мамандырылған базаларын арнайы аумақтарда орналастырады. Қазіргі заманғы қойма ғимараттары көп қабатты, есік және терезе ойықтары шекті мөлшерлі, I-II от төзімділік дәрежелі. Қоймалардағы материалдық құндылықтарды көп қабатты сөрелерде немесе штабельдерде орналастырады. Ескі құрылысты қоймалық ғимараттар мен имараттар – көбінесе бір қабатты. Материалдық құндылықтары бар үлкен ауданды қоймалық бөлмелерді 700-1500 м2 отсектерге бөледі.

Қоймалардағы өрттер кезінде барлау процесінде және қызмет көрсетуші тұлғалардан сұрау көмегімен материалдық құндылықтарды сақтау сипатын, көршілес секциялар мен жоғары орналасқан қабаттарға оттың таралу мүмкіндігін, сақталатын заттар мен материалдарды көшіру тәртібін және қажеттілігін анықтайды.

Дүкендердегі өрттер кезінде өрт автокөліктерін орналастыру және жеңдік желілерді өткізу, аула жағынан сауда залдарына оқпандарды енгізуге, қоймалар мен дүкендердің көмекші бөлмелерін қорғау үшін кедергі келтірмейтіндей етіп орналастыру қажет.

Оқпандарды енгізудің негізгі жолдары, сауда залдары жағынан кірулерге, саты торлары және терез ойықтарына енгізу болып табылады. Жеңдік желілерді өткізу үшін резеңкеленген жеңдер қолданылады. Өртті сөндіру үшін, ереже бойынша, РС-50 жабылмалы оқпандарды және шашыратқыш оқпандарды пайдаланады, ал жанғыш материалдардан жасалған конструкциялары бар ғимараттардағы дамыған өрттер кезінде- А оқпандары.

Қоймаларда өрттерді сөндіру үшін, терезе, қақпа немесе терезе арқылы енгізетін РС-70, РС-50 және оқпан-шашыратқыштарды пайдаланады. Терезелердегі торларды арнайы қайшылармен кеседі немесе өрт машиналарының көмегімен ашады.

Бөлімшелердің өртке келісімен негізгі тапсырмасы жанып жатқан дүкендер мен қойса бөлмелерінен тауарларды көшіру және уақытында қорғау болып табылады. Көшіруді ұйымдастыру үшін ӨСБ тәжірибелі командирды тағайындайды және оның басшылығына күштер мен құралдардың бөлігін бөледі. Материалдық құндылықтарды көшіру үшін қызмет көрсетуші тұлғаларды, әскери бөлімдерді және оқу орындарын жұмылдырады. Көшіру кезінде барлық транспорт механизмдерін, жүк лифттерін, көтергіштерді, электрокарларды қолданады.

Бірінші кезекте ең құнды тауарларды, сол сияқты судың тиюінен жанудың күшеюіне әкелетін және жану аймағында жарылысқа, тұтануға, улы газдар мен булардың бөлінуіне соқтыратын заттар мен материалдарды көшіреді.

Барлық тауарларды дүкендерден қауіпсіз жерде орналасқан бос бөлмелерге немесе дүкен ауласына көшіреді және күзетті қояды.

Сауда және қома бөлмелерінде өрттерді сөндіру үшін суды, суландырғышы бар суды, орташа қысқалықты ауа-механикалық көбікті және басқа да арнайы өрт сөндіру құралдарын қолданады. Сөндіру үшін су оқпандарының санын 0,2л/(м2с) тең су беру қарқындылығынан шыға анықтайды, ал орташа қысқалықты АМК генераторларының санын суда көбіктүзгіш ерітіндісін берудің 0,1 л/(м2с) тең қарқындылығынан шыға анықтайды.

Сауда залдарында және үлкен көлемді, биік бөлмелерде өрттерді сөндіру үшін судың жинақты ағыстарын, дүкен қоймаларында – шашыранды ағыстарды пайдаланады. Маталарды, киім, талшықтарды сөндіру кезінде суландырғыш ерітінділерін қолданады, ыдыстағы ЖТС, әсіресе шыны ыдыстағы, аэрозольді заттарды сөндіру кезінде – орташа қысқалықты АМК немесе шашыратылған су қолданылады.

Қойма бөлмелерінде өрттер пайда болған кезде, негізгі күштер мен құралдарды жанып жатқан бөлмелерге, ал резервті оқпандарды – сауда залдарын қорғауға енгізеді. Егер өрт тұрғын үйдің бірінші қабатындағы дүкенде пайда болса, онданегізгі күштер мен құралдарды өртті сөндіру үшін, ал резервті оқпандарды – екінші қабаттың тұрғын пәтерлерін қорғауға енгізеді. Дүкендердің қоймаларындағы өрттер кезінде, негізгі күштер мен құралдарды жертөлелерде өрттерді сөндіруге, ал резервті оқпандарды жертөледен дүкенге апаратын әрбір технологиялық ойықтарға енгізеді. Жанғыш материалдардан салынған базар дүкендеріндегі өрттерді сөндіру кезінде, бірінші оқпандарды, ереже бойынша, А және лафетті оқпандарын өрттің негізгі даму жолдарына, ал Б оқпандарын- жанып жатқан ғимарат ішіне береді.

Сулы және көбік ағыстарын сөрелер және штабельдер арасындағы өтпелер арқылы береді.

Дүкендерде өрттерді сөндіру кезінде, артық төгілген су тауарларды зақымдайтынын және үлкен материалдық шығындарға әкелетінін ескеру қажет. Сондықтан да сөндіру кезінде жабылмалы оқпандарды, шашыратылған ағыстарды қолданады. Жанбайтын сөрелер мен штабельдердегі материалдық құндылықтарды брезентпен және басқа да қол астындағы материалдармен жабады. Сөндірумен бір уақытта төгілген суды жою бойынша шаралар қабылдайды.

Дүкендердегі өрттер кезінде жауынгерлік учаскелерді сауда залдары, қоймалық бөлмелер жағынан, көп қабатты ғимараттарда саты торлары жағынан ұйымдастырады.

Түтінденген бөлмелерде өрттерді сөндіру, газтүтіннен қорғаушылар бөлімшелері және буындары көмегімен жүзеге асырылады, бұл жағдайда түтінденген аймақта жұмыс істеушілерді ауыстыру үшін бөлімшелер резервін құрады.

Сауда кәсiпорындары және тауар-материалдық құндылықтар қоймалары жобаланылуының күрделiлiгiмен, кiретiн жерлердiң және терезе ойықтарының аз санымен, адамдардың және тауар-материалдық құндылықтардың көптігімен, түрлі физика-химиялық сипаттары бар, жануы мен термикалық ыдырауы жарылыс, түтіннің қарқынды түрде пайда болуы, улы заттардың бөлінуімен қатар жүретін материалдардың болуымен сипатталады.

Сауда кәсiпорындарында және тауар-материалдық құндылықтар қоймалардағы өрттерде:

полимерлi материалдардың жануы және жаңадан жану ошағының көлденеңінен, сондай-ақ, төменгі қабаттарда туындауына әсер ететiн жанғыш ерітіндінің ағуы;

темiр конструкциялардың, стеллаждың құлауы және жолдарда үйiндiлердiң пайда болуы мүмкін.

Сауда кәсiпорындарындағы немесе тауар-материалдық құндылықтар қоймаларындағы өрттi сөндiру кезiнде ӨСБ:

адамдардың, материалдық құндылықтардың орналасқан орнын анықтауға, тиеу-түсiру құралдарын пайдалана отырып, оларды көшiру немесе құтқару тәртiбiн анықтап, шара қабылдауға;

сөндiру үшiн жабылмалы оқпандарды, шашыранды суларды, көбiктi, от сөндiргiш ұнтақтарды және инерттi газдарды беруге;

қасақана от қойған немесе басқа себептер болған жағдайда өрттiң себебiн анықтаудың шарасын қолдануға, тергеу-оперативтiк топ келгенге дейiн заттай айғақтардың сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi.



2 бөлім. Өрт сөндіру

2.1 Өрт және оның дамуы

Өрт – адамдардың өмірі мен денсаулығына, мемлекет пен қоғамның қызығушылығына, адамдарға материалдық шығындар әкелетін бақылаусыз жану.

Өрт жанудан басқа уақыт пен кеңістікте дамитын массо- және жылу алмасу құбылысын қосатын қиын физико-химиялық процесс. Бұл құбылыстар өзара тығыз байланысты және өрт параметрлерімен сипатталады: жану жылдамдығы, температурасымен, және т.с.с. жағдайлар қатарымен анықталады.

Массо- және жылу алмасу құбылысын өрттің өлшемі мен пайда болу орнына тәуелсіз жалпы құбылыстар деп атайды. Өрт кезінде жану процессі жеткілікті үлкен уақыт аралығында адаммен басқарыла алмайды. Бұл процестің әсері үлкен материалдық шығындарға әкеледі.

Жалпы құбылыстар жеке құбылыстардың пайда болуына әкелуі мүмкін, яғни өртте болатын немесе болмайтын. Оларға жататындар: жарылыстар, құрылыс конструкцияларының, технологиялық аппараттар мен қондырғылардың деформациясы және бұзылуы, резервуарлардан мұнай өнімдерінің қайнауы немесе лақтырылуы және басқа да құбылыстар.

Жеке құбылыстардың пайда болуы тек өртте қолайсыз жағдайларда ғана пайда болуы мүмкін. Осылайша, өрттің үлкен ұзақтылығы кезінде құрылыс конструкцияларының бұзылуы тек ғимараттарда және ашық өндіріс орындарында өтеді; мұнай өнімдерінің қайнауы немесе лақтырылуы – тек қара және суланған мұнай өнімдерінің жануы кезінде.

Өрт сонымен бірге қоғамға тек материалдық емес, сонымен қатар моральді шығындарға әкелетін әлеуметтік құбылыстармен өтеді. Адамдардың өлуі, термиялық зақымдалу және токсикалық жану өнімдерімен улану, адамдар көп келетін объектілерде үрейдің пайда болуы және т.б. - өртте болатын құбылыстар. Бұл ерекше құбылыстар тобы психологиялық ауыртпалыққа және адамдарды стресс күйіне әкеледі.

Біздің және дамыған елдердің статистикалық есептеулері бойынша, түрлі тағайындаулы ғимараттарда адамдардың өлімі мен шығыны өрттің қауіпті факторларына байланысты. Қауіпті факторлар зақымдалуға, адамдардың өлімі мен улануына, сол сияқты материалдық құндылықтардың жойылуына әкелетін өрт факторларымен түсіндіріледі.

Адамдарға әсер ететін өрттің қауіпті факторлары (ӨҚФ) болып табылады:

Ашық от және ұшқындар; заттардың, қоршаған ортаның жоғары температурасы; токсикалық жану өнімдері, түтін; оттегінің төмендетілген концентрациясы; агрегаттардың, қондырғылардың құрылыс конструкцияларының құлайтын бөліктері және жарылыстың қауіпті факторлары.

Өндірістік және қойма ғимараттарындағы өрттер ең үлкен материалдық шығындарға әкеледі, ӨҚФ адамдардың өлімі тұрғын ғимараттарда өтеді. Көп қабатты өндірістік ғимараттарында өрттер сирек болады, бірақ вертикаль бағытта тез таралады, олардың материалдық шығындары бір қабатты ғимараттарға қарағанда әлдеқайда жоғары. Үлкен материалдық шығындар мен адамдардың өлімін ірі өрттер әкеледі.

Адамдардың өлімі, негізінен, өрт дамуының бастапқы кезеңдерінен басталады. Өртте ең жиі балалар, қарт кісілер және мүгедектер қайтыс болады.

Өрттер санының өсуі, адамдар мен өлімі материалдық шығындар шамасы өндіріс концентариясымен, өртке қатысты жаңа қауіпті технологияларды құрумен, өрт бөлімдерінің қамтамасыз етілу деңгейімен және уақытында шараларды қолданылмаумен анықталады.

Осылайша, өртте бір-бірімен өзара байланысқан түрлі құбылыстар өтеді. Олар жалпы физико-химиялық және әлеуметтік-экономиялық заңдар негізінде жүреді, оларды білу арқылы өрттегі жағдайды сапалы бағалауға және өртті сөндіруге қолайлы шешімді енгізуге тиімді. Өртті детальді оқу және олармен күрес тактикасын өңдеу мақсатында, барлық өрттер топтар, класс және түрлер бойнша топтастырылады. Олардың топтастырылуы ұқсастық әсерлері негізінде өткізіледі.

Қоршаған ортамен массо- және жылу алмасу шарты бойынша барлық өрттер үлкен екі топқа бөлінген – ашық кеңістікте және қоршауларда.

Жанғыш заттар мен материалдар түріне байланысты өрттер А, В, С, Д класстарына және А1, А2, В1, В2, Д1, Д2 және ДЗ подкласстарына бөлінген.



А классты өрттерге қатты заттардың жануы жатады. Бұл жағдайда егер ағаш, текстильді өнімдер, қағаз бықсушы заттары жанатын болса, онда өрттер А1 подклассына жатады; ал бықси алмайтын заттар, мысалы пластмассалар А2 подклассына жатады.

В классына жеңіл тұтанғыш және жанғыш сұйықтықтар жатады. Олар В1 классына жатады, егер суда ерімесе (бензин, дизтопливо, мұнай және т.б.) және В2 классына суда еритін (мысалы, спирттер).

Егер жануға газдар, мысалы сутегі, пропан және т.б. қатысса, онда өрттер С классына жатады, металлдар жануы кезінде – Д классына. Д1 — жеңіл металлдардың жануын бөледі, мысалы, алюминий, магний және т.б.; Д2 – сілті және басқа да ұқсаса металлдарды, мысалы натрий, калий. ДЗ — металлоқұрамды қосылыстардың жануы, мысалы металлоорганикалық немесе гидридтердің.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет