Көбеев, Е. Шоқтығы биік тұлға: Академик Е. А. Бөкетов хақында/ Е. Көбеев //Жалын. 2005. №3. 24-27 б



жүктеу 122.94 Kb.
Дата12.07.2016
өлшемі122.94 Kb.
Көбеев, Е.

Шоқтығы биік тұлға: Академик Е. А. Бөкетов хақында/ Е. Көбеев //Жалын. - 2005. - №3. - 24-27 б.
Е.Бөкетов 1925 жылы 25 наурызда Солтүстік Қазақстан облысы, Октябрь ауданы (қазіргі Шалақын ауданы) Бағанаты ауылында шаруа отбасында дүниеге келген. Евней оқуды 1932 жылдың ел басына күн туған нәубет кезінде әкесі туған жерінен Челябинск облысы (қазіргі Қорған облысы) Макушин астық кеңшарына көшіп келіп, қара жұмысшы болып істеген уақыттан бастады. 1938 жылы ата-анасы туған еліне қайтып оралды, ал Евней Бөкетов аудан орталығында оқуын жалғастырды, бірақ әкесінің денсаулығына байланысты 9-ыншы сыныпты бітіргеннен соң оқуын тоқтатып, жұмысқа шығуға мәжбүр болды. Көп ұзамай әкесі дүние салды, тек 1945 жылы ғана 20 жасында ол кәмелеттік аттестат алу үшін экстернат түрінде емтихан тапсыруға мүмкіндік алып, Қазақ кен-металлургия институтының металлургия факультетіне түсіп, 1950 жылы аталған оқу орнын бітіріп шықты. Болашақ академиктің қызметтік және ғылыми мансабына қатысты қысқаша деректер: аспирантура, 1954 жылы диссертациясының қорғалуы, 1956 жылы доцент лауазымы, 1958 жылы оқу ісі жөніндегі проректор қызметі, ал екі жылдан кейін - Қарағанды қаласындағы Қазақстан Ғылым академиясы Химия-металлургия институтының директоры қызметіне тағайындалу.

Сірә, осы уақыттан Евней Арыстанұлы Бөкетовтің жеке ғылыми және ұйымдастырушылық қызметі басталады деп айтуға болады.

1960 жылы Алматыдан тағайындау бойынша келіп, ол институт құрылуының екінші жылында геологиялық, тау-кен, көмір байытатын, металлургиялық және химиялық, сонымен қатар экономикалық бөлімшелері кіретін әр текті ғылыми шаруашылықты қабылдады.

35 жастағы жас академиялық институттың жас директоры түсті, сирек және бытыраңқы металдар зертханасын ашу сияқты әдеттегі пікірге қайшы келетін шешім қабылдаудан бастап, институттың ғылыми мамандықтарының өзі де әртүрлі тізімін кеңейтіп, сондай-ақ оны аяқтады деуте болады, өйткені Орталық Қазақстанда түсті металлургия Балқаш және сол кезде салынған Жезқазған ірі комбинаттарында шығарылатын. Осылайша, институттың аймақтық сипатының ұйымдастырылуы толық және жеткілікті іске асырылды, осы жерде жас директордың көрегендігін көрсетіп қоймай, Орталық Қазақстанның және республиканың металлургиялық өнеркәсібі экономикада басты орын алатындығын, оның қазіргі және ұзақ мерзімді болашағын анықтайтындығы туралы әділ фактіні ерекше атап өту керек. Жаңа зертхананын басшылығын Евней Арыстанұлы оз қолына алып, онда бірден Қазақ кен-металлургия институтында қалыптасқан өзінің ғылыми қызығушылығын дамыту мақсатында молибден, вольфрам, селен және теллур бойынша зерттеулерін жүргізе бастады.

Бұл зерттеулер тез ілгері жылжып, алпысыншы жылдардың бірінші жартысында түсті металлургияның түйіршіктелген материалдарын шахталық, күйдіруден өткізу және автоклавті (яғни үлкен қысыммен) халькогендер мен халькогенидтер деп аталатын күкірт, селен, теллур, мышьяктың қатысуымен гидрохимиялық үрдістер атты екі негізгі тақырыптан тұрды. Біріңші тақырып бойынша институт тарихында алғашқы рет КСРО-ның авторлық куәлігі алынып, 1965 жылы еңіс торлы шахта пешінде түйіршіктелген Жезқазғандық концентраттарды күшейткіш күйдіруден өткізу үрдісі алғаш өндіріске енгізілді. Бұл жұмыс үшін Е.Бөкетов 1969 жылы Балхаш кен-металлургия комбинатында (осында «суық бүктіру» ретінде Жезқазған концентраттары жіберілетін) мыс концентраттарын конверсиялау сатысында оттегіні қолдану арқылы кешенді қайта өндіру технологиясын игеруге қатысушы ретінде КСРО Мемлекеттік сыйлығына ие болды. Бұл технологияға зымырандық техника үшін өте құнды рений элементін алу бойынша институттың зерттеулері енді, сол зерттеулердің нәтижелері бойынша алғашқы шетелдік патент алынып, кейіннен олардың саны күйдіру тақырыптары материалдарының есебінен көбейе түсті. Шахталық күйдіргіш пештері Орал электр мыс комбинатында (Ресейдің Свердлов облысындағы Верхняя Пышма қаласы), Жезқазған кен-металлургия комбинатында және сексенінші-тоқсаныншы жылдары коксты кептіру үшін Жаңа Жамбыл фосфор зауыты мен «Карбид» өндірістік бірлестігінде (Теміртау қаласы) енгізілді.

Екінші тақырыптама бұдан да күрделі өзгерістерге ұшырады. Бұл тақырыптама сексенінші жылдары ГДР-де Мансфельд зауыттарында енгізіліп, біраз уақыт қолданылған, бірақ ол КСРО-да қысыммен жұмыс істейтін химиялық реакторлар - өнеркәсіпті автоклавтарды жасаа шығару қиындығына байланысты өз қолданысын таба алмады. Дегенмен, автоклавтік үрдістер институтта едәуір күшті дамыды. Аталмыш технология Жезқазған кен металлургия комбинаты үшін және БАМ тас жолындағы КСРО-ның Сібірдегі ірі Удокан мыс кен орнын игеру үшін пайдаланылды. Бұл ойдың мәнісі - флотациялық байыту сатысында бос жыныстардан айырып алуға жеңілірек көнетін тотықтандырылған мысты сульфидтік түрге айналдыру болды. Осының нәтижесіндс жарамдылығы аз кендерден жоғары сапалы шикізат алыну арқасында табиғи байлықтарымыз арта түседі. Бұл әдіс ТМД-нің ірі ғылыми орталықтарының тендерлік бақталасында бәсекеге төтеп бере алды, ендігі кезек осы көп миллиардтық (валюта мөлшерінде) жобаны алғашқы кездері игеруге шамасы келетін жақын және алыс шетел кәсіпкерлері мен біздің ірі фирмалардың еншісінде.

Жоғарыда аталған түсті металлургия бойынша екі негізгі тақырыптама Е.А.Бөкетовтің 1967 жылы 42 жасында қорғаған докторлық диссертациясының негізі болды. Ол жылдары техника ғылымдары үшін бұл сирек кездесетін құбылыс еді. Осы тақырыптамадан институтта халькогендер мен халькогенидтер химиясы және технологиясы атты алғашкы келелі ғылыми - бағыты туындап, оның калыптасуы институттың 1969 жылы тұңғыш басылып шыққан монографиясында баяндалған. Күкірт және сульфидтер мен ілеспе мышьяктың әрекетін зерттеу оларға тектес селен мен теллур қосылыстарымен тығыз өзара байланыста өткізілуінің арқасында Евней Арыстанұлы ерекше көңіл бөлген бұл бағыт ғылыми тұрғынан аяқталып, талданып қорытылды. Атап айтқанда, Балқаш кен-металлургия комбинатында мыс өндіру технологиясында институт тарапынан электролиттен мышьяк бөліп алу мәселесі шешілуіне байланысты институттың тақрыптамасында маңызды орын алған көп жоспарлы электр химиялық зерттеулер басталды. 1969 жылы Е.А. Бөкетов ҚазССР Ғылым Академиясының мүше-корреспонденті, ал 1975 жылы елу жасында - академигі болып сайланады. 1978 жылдан бастап Қарагандыда ҚазССР Ғылым академиясы Химия-металлургия институтының базасында жүйелі түрде (4 жыл сайын) халькогендер мен халькогенидтер химиясы және технологиясы бойынша бүкілодактық мәжілістер өткізілді. Алғашқы екі мәжілістің ұйымдастыру комитеті төрағасының қызметін Евней Арыстанұлы өзі атқарды, үшінші мәжілісті (1986 жылы) ол көре алмай кетті, ал соңғы, бесінші, халыкаралық конференция ретінде өткізілген мәжіліс, ғалымның 70-жылдық мерейтойына арналып өткізілді. Бес жылдан соң Е.А.Бөкетовтің 75-жылдығына орай ғылыми бағыты бойынша біршама өзгеріске ұшыраған конференция болып өтті.

1960-1972 жылдары яғни 12 жыл ішінде институт директорының қызметін атқара отырып, Е.А.Бөкетов қара металлургия және органикалық химия саласындағы басқа да ғылыми бағыттарымен белсенді түрде айналысады.

Евней Арыстанұлын ферроқұйма өндірісі жарамдылығы аз марганец кеңін кентермиялық балқыту аркылы кешенді феррокұйманы алу үшін төмен сапалы көп күлді көмірді пайдалану мүмкіндігі жағынан ерекше қызықтырды. Бұл мүмкіндік барлық компоненттерді толық пайдаланудың арқасында құндылығы арта түсетін шикізат пен қалыпқа келтірушінің сапа кемшіліктерінің қарама-қайшы қосылыстарын көрсететін еді. Бұл бағыт күшті дамып, ерітпе қоспасының тізімі кеңейе түсті. Зерттеу өнімдері жартылай өндіріске енгізіліп, Қазақстан мен ТМД елдері үшін маңызы бар осы үрдістің басқа түрлерінің игерілуі өз жалғасын табуда. Президент Н.Ә.Назарбаев марганец ферроқұймасын алу технологиясын игеруді республика экономикасын жақсартатын келешек жетістіктер қатарында атап өтті, ал шағын зауыттан өте сирек ферросиликоалюминийді өндіріп алу 2001 жылы Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығына ие болды.

Кейіннен Алматыға көшіп келіп ҚазССР Ғылым академиясы Химия институтында жұмыс жасап, Қаз ССР ҒА мүше-корреспонденті болған институттың тұңғыш директоры Ерден Нығметұлы Әзербаевтың басшылық ету кезінен осы мекемеде органикалық химияның дамуы басталды. Дегенмен, Евней Арыстанұлының органикалық химия саласына деген құштарлығы арқасында жұмыстар өрі қарай жалғасып, оның бөлімнің дамуына қосқан үлесі көзі тірісінде-ақ 1983 жылы ҚазССР ҒА Органикалық синтез және көмір химиясы институтын құруға мүмкіншілік берді. Қарағанды көмір бассейні үшін өзекті болып саналатын көмір химиясының мәселелері оны ерекше қызықтырды. Көмір химиясының зертханасы Химия-металлургия институтының тарапынан кұрылғандықтан, үнемі оның директорының назарында болды. Аяғында, 1980 жылы Қарағанды мемлекеттік университетіндегі жеті жылдық ректорлық қызметінен соң институтқа қайта оралған сирек және бытыраңқы элементтер зертханасының аға ғылыми қызметкері академик Е.А.Бөкетов үшін көмір химиясына деген қызығушылық оның соңғы ғылыми оны мен құштарлығы болды.

Бұл ой көмір химиясын, ферроқұйма өндірісін және автоклавтік үрдісті яғни оның жекелеп әртүрлі дәрежеде айналысқан істерін біріктірді, осының нәтижесінде көмірден алынатын мотор отынының құнымен белгіленетін, бұрын өте қажет және аса қымбат тұратын сутекті энергетика алынып тасталды. Ғылымдардың тоғыскан жерінде дарынды, тәжірибелі ғалым-академиктің ойында пайда болған бұл ұлы идея дәл осы жапсарлас пәндердің жалпы ғылыми байланысының іргелі білім базасы бар академиялық институт қабырғасында пайда болатын ой еді. Құрамында күлі көп комір кен орындарының ашылуына байланысты бұл ойдың маңызы жылдан жылға арта түседі. Өйткені академиктің ойынша нақ осы көмірдің күл бөлігі тікелей судың өзінен атомарлық (ең белсенді) сутегті алу үшін қалыпқа келу қасиетіне ие бола отырып, ферроқұймалық бөліс арқылы регенерирленуі керек. Евней Арыстанұлы Бөкетов "Химия және энергетикадағы мұнай, көмір және су" атты кітапшасында өзінің жазу стиліне тән жарқындықпен осы мәселе туралы әңгімелейді. Ең алғашқы беттен-ақ ол Есенин поэзиясының, пугачевтік көтеріліс пен керосин шамын ойлап табудың арасындагы ұқсастықтарды келтіре отырып, әрі қарай ұлы химик Д.И.Менделеевтің мұнайды білгірлікпен және үнемді түрде қайта өңдеу саласындағы бастан кешкен қиыншылықтарын және оның заңнамалық кедергілерге, отандық және шетел кәсіпкерлерінің ашқарақтығана қарсы күресі жайлы баяндауымен оқырманды баурап алады.

Евней Арыстанұлының жеке тұлғасының тартымдылығы көбіне оның көркемдік бейнесімен сөзге, демек адамға деген талғампаздық, ұқыптылық қарым-қатынасы арқылы айкындалады. Ол ешбір сұхбаттасушымен қандай да болмасын тақырыпқа мәнісі жоқ сөздермен сөйлесе алмайтын еді. Оның бұл дарынының қыры көркем-публицистикалық шығармалары мен сын мақалаларында жарқын көрінді.

Оның биографы - туган інісі Қамзабай Бөкетовтің - берген мәліметтері бойынша, Евней Арыстанұлы 5 көлемді томды құрайтын 50-ден аса көркем шығарма (оның ішінде «Досыма алты хат» роман-эссе және академик Сәтпаев туралы аяқталмаған биографиялық роман) жазған, әлемдік классикалық шығармаларға 20-дан астам аударма жасаған, көптеген әдеби-сын мақалалар жариялаған. Оның шығармаларының біразы соңғы жылдары жарық көрді. Оның жазушылармен, ғалымдармен, достарымен және туыстарымен хат жазысу эпистолярлық мұрасы қызығушылық тудыратындығы сөзсіз.

Білімпаз оқырманға оның қазақ және орыс тілдеріндегі «Атан қомында туған адам», «Шығармашылық қырлары», «Досыма алты хат», сонымен қатар «Знамя» одақтық журналында «Человек, родившийся на верблюде», мәскеулік «Пути в незнаемое» атты жылдық жинақтың 18 санында «Святое дело Чокана» атты көркем-публицистикалық очерктері жарық көргені белгілі. Сонымен қатар, ғалымдардын көркем шығармалары мен ғылыми шығармашылығы жарияланатын осы мәртебелі басылымның редакциялық алқасында Евней Арыстанұлы Орта Азия мен Қазакстан жазушыларының қатарынан шыққан жалғыз авторы және мүшесі болған еді.

«Шесть писем другу» роман-эссесінің журналдық нұсқасы «Простор» журналының 1978 жылғы 8, 9 сандарында «Время светлой судьбы» деген атпен жарық көрді.

Егер де Евней Арыстанұлының әдеби мұрасын жіктеп көрсек, негізінде шығармаларының үш тобын белгілеуге болады.

Бұл, біріншіден, жазушының шығармашылық көзқарасын, дарынының тереңдігі мен көркемдік болмысын айқын бейнелейтін көркем-публицистикалық очерктері. Бұл очерктерде ол ұлтының ғылыми зиялыларының қазіргі ой шыңдарына шығу жолындағы қиындықтары мен азапты ізденулерін терең ұғынып, бақылауға ұмтылады ("Атан қомында туған адам", '"Шоқанның қасиетті ісі", "Академик Сәтпаев туралы", "Жарқын тағдыр мезгілі" және т.б.) - Өзінің жеке көзқарасы мен дүниетанымының тікелей жанасу мезгілдерін іздеп, өз кейіпкерлерінің жан-жақты қабілеттілігі мен қойылған мақсатқа жетудегі жан аямастығын бейнелейді. Бөкетовті Уалиханов пен Сәтпаев, Менделеев пен Марғұлан, Қарақұлов пен Обручев сияқты тарихи тұлғалар дарынының келемділігі, дүниеге деген көзқарасының кеңдігі, қызығушылығының көлемі мен алмас қырларындай жарқыраған жан-жақтылығы, дарынындағы сырлылығы ерекше қызықтырады.

Көркемдік-деректі жағынан ең сәтті болып шыққан "Шоқанның қасиетті ісі" атгы өмірбаяндық эсседе ол Уәлихановтың гылыми жетістіктерімен қатар оиың суретшілік дарынының қырларын үлкен шабытпен баяндайды. Бөкетов мумкін бірінші рет Шоқан Уэлихановтың әдеби дарынына назар аударып, оны үлкен рухпен көркем бейнелейді. Жазушының очеркте келтірген Шокан У әлихановтың күнделік жазуларынан алынған генерал Гасфорттың ақылсыз-тәкэппарлык лепірмелі-бос кейпін бейнелейтін үзінділері осыган дәлел бола алады. Сонымен бірге ол үлкен шеберлікпен Шоқанішң суреттерінде сьтқақ реңктерін байқай алды. Екі суретінде де Шоқан портреттік ұқсастыққа жете отырып, Потаниннің ақкөңілділігі мен казактык шаруа бейнесін, досында білімді адамда міндетті түрде болатын талғағыш мәдениеттіліктің жоқтығын сынайды. Бұл кекесін әсіресе каламмен жазылған нобайдан жақсы корінеді. Шоқанның салған портреттік нобайлары туралы: "Потаниннің бульбалык мү-Жықтык-казактык мұртында горилка әлі кзд>ғап үлгермеген сияқтанады", - дейді Бөкетов суретшінің қолының асқақ батылдығына сүйсіне қарап.

Ұлы Сәтпаев дарынының ерекшілігі мен жан-жақтылығы Бөкетовті таң қалдырады: "'Өйткені тұнғыш қазақ музыкалық драма театрының алғашқы қойылымдарына бірінші білікті рецензиялардың бірін жазған дәл Қ.И.Сәтпаев болды; өйткені академик Марғұланның айтуынша, республикадағы археологиялық зерттеулерде белгілі орын алған геологиялық іздеулермен қатар археологиялык іздеулер жүргізген дәл Сәтпаевтің өзі еді; өйткені көпшіліктің мойындауынша, ол ез елінің этнографиясы, тарихы мен фольклорын жетік білген. Бір сөзбен айтқанда, бұл адамның көпшілікті таң қалдыратын зор білімдарлығы кездейсоқ болмаған еді." Бұл айтылған сөздер болашақ академиктің әдеби мақалаларын республикалық газет пен журналдарда театр қойылымдарына рецензия жазудан бастағаны Бөкетовтің өз болмысын біршама бейнелейді емес пе? Сонымен қатар маңындағыларды өзінің зор білімдарлығымен және өз елінің ғана емес, өзге елдің рухани тарихын тамаша білуімен таңдандырудан да Бөкетовті тануға болады.

Көкетов шығармаларының екінші тобы өмірбаяндық романдар - шабыты мен күйі жағынан жоғарыда аталған көркем-публицистикалық очерктерге жақын болып келеді. Бұл шығармаларында жазушы отандық зиялы қауымы мен көрнекті ғалымдардың үздік бөлігінің шығармашылық ізденулеріне зерттеу жасау жолын жалғастырады.

Евней Арыстанұлының жасаған көркем аудармалары ерекше көңіл бөлуді талап етеді. Оның шығармашылық өрісі және талғампаздығы, көркемдік баламаны іздеп табудағы жасаған алып еңбегі, түпнұсқадағы авторлық сөз астарын терең түсінуі таңдандырады. Бұған, сірә, туған тілі мен орыс тілін жете меңгеруі мен суретші дарынының қосылуы себеп болған шығар. Авторлар мен шығармалардың таңдалуының өзі кездейсоқ емес - әрқайсысы дүниежүзілік маңызы бар классиктер! Өйткені дәл осында Абай мен Шәкәрімнен, Байтұрсынов пен Дулатовтан, Аймауытов пен Әуезовтен, Сейфуллин мен Жансугіровтен және өз халқын әлемнің білімді ұлттарының қатарында көру үшін күштері мен уақытын аямай, қолдарынан келгеннің барлығын жасаған отанның басқа да дарынды ұлдарынан тараған ағартушылық бастамалардың ірге тасы қаланған. Өз дарындылығы мен жасаған істерінің мәнісі, көлемі тұрғысынан, өз шығармашылық көзқарасы мен рухының асқақтығы жағынан ол жоғарыда аталған алдындағы ұлы жол салушылардың ажырамас жалғасы болып табылады. Уақыт желісі мен оның тоқтатылған сәттері де сексен жылдық мерейтой сияқты соның дәлелі бола алады.

Жазушы Бөкетовтің қаламынан қара сөз, поэзия және драматургиядан жасаған аудармалары туындаған, яғни ол әдебиеттің барлық жанрларын қамти отырып, өз дарынының сарқылмас мүмкіндіктерін үнемі сынға түсіретін еді. Бұл аудармалардың қатарына болгар классигі И.Вазовтың "Бұғауда", Эмиль Золяның әңгімелері, Шекспирдін атақты "Макбет" және "Юлий Цезарь" атты драмалары, Маяковскийдің "Клоп" және "Хорошо" поэмалары, С.Есениннің өлендері мен "Анна Снегина" поэмасы және т.б. кіреді. Евней Арыстанұлының аударған шығармалары авторларының атын қысқаша атап өткеннің өзі, оның өзінің оқырман-замандастарын осындай кең көркемдік әлем шеңберіне шакыруының дәлелі деуге болады.



Ұлы алдыңғы қатарлы ағартушылардан тараған ниетінің игілігімен қатар, мүмкін, жаңары тануға деген құмарлығы мен арынды ұмтылысын және өзінің шығармашылық мүмкіндіктерін сынап көргісі келген шығар. Әйтпесе француз новелласының таңдаулы шебері Э.Золя мен эпикалық И.Вазовтың немесе шекспирлік құмарлық жалынына күйген "Макбеті" (Сейфуллин атындағы Қарағанды драма театрында басты рөлді ұлы актер Нұрмұхан Жантөрин сомдаған режиссері Жақып Омаров "Макбетінде" құмарлық ерекшеліктері өте шынайы көрсетілгендігін атап кету жөн) мен Маяковскийдің сықақ драмалық "Клоп" поэмасының немесе көркемдік мақсаты жағынан қайшы келетін Маяковскийдің сырнайлы даурықпа поэзиясы мен, Горькийдің айтуынша, "нағыз орыс ақыны" Сергей Есениннің нәзік, жарқын және мөлдір поэзиясының бір қатарда болғандығын басқаша немен түсіндіруге болады. Жазушы Е.Бөкетовтің аудармашылық шыгармашылығының қырлары осылай бейнеленген. Нақ осыдан оның дарынды тұлғасының таусылмайтын мүмкіндіктерімен байланысты жан-жақтылық пен әмбебаптыққа деген аңсауы байқалады.

Әр дарынды адамның өмір жолында кездесетін көптеген қиыншылықтарды Евней Арыстанұлы Бөкетовке де көруге тура келді. Бірақ бұндай өмірді дегенмен бақытты және тамаша деп санауға болады. Оның дүниеден қайтқанына 20 жылдан астам уақыт өткенімен тарих пен өмір бәрін де өз орнына қойды. Жарқын, оптимистік мінезді Евней Арыстанұлы өмірге құштар халқына адал қызмет еткен біртуар тұлға болғандықтан, академиктің еліміздің жоғары білімінің, ғылымының экономикасының, шаруашылығының дамуына зор үлес қосып, сондықтан күшке толы, болашаққа сенімді адам ретінде халқының есінде мәңгі калды, қала береді.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет