Кодекс баптары 135-1-бап. Меншiк нысанына қарамастан, террористiк



жүктеу 78.23 Kb.
Дата25.02.2016
өлшемі78.23 Kb.
Террористік құқық бұзушылықпен байланысты, Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс баптары

      135-1-бап. Меншiк нысанына қарамастан, террористiк


                  тұрғыдан осал объект басшысының немесе өзге
                  лауазымды адамының өзiне сенiп тапсырылған
                  объектiнiң терроризмге қарсы қорғалуын
                  қамтамасыз ету және қауiпсiздiгiнiң тиiстi
                  деңгейiн сақтау жөнiндегi мiндеттердi
                  орындамауы және (немесе) тиiсiнше орындамауы

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 2013.01.08 N 63-V (алғашқы ресми жариялағанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      1. Меншiк нысанына қарамастан, террористiк тұрғыдан осал объект басшысының немесе өзге лауазымды адамының өзiне сенiп тапсырылған объектiнiң терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету және қауiпсiздiгiнiң тиiстi деңгейiн сақтау жөнiндегi мiндеттердi орындамауы және (немесе) тиiсiнше орындамауы, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер (әрекетсiздiк), -
      айлық есептiк көрсеткiштiң оннан отызға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      168-3-бап. Заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға


                  (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға
                  қарсы iс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының
                  заңнамасын бұзу

      РҚАО-ның ескертпесi!


      1-тармаққа өзгерiс енгiзу көзделген - ҚР 2014.06.10 № 206-V  (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
      1. Қаржы мониторингi субъектiлерiнiң қаржы мониторингiне жататын операциялары туралы ақпаратты құжаттық тiркеу және беру бөлiгiнде заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуы, -
      жеке тұлғаларға - бiр жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, нотариустар мен адвокаттарға, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға немесе коммерциялық емес ұйымдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзден екi жүз жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүз елуден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      РҚАО-ның ескертпесi!
      2-тармаққа өзгерiстер енгiзу көзделген - ҚР 2014.06.10 № 206-V  (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
      2. Қаржы мониторингi субъектiлерiнiң iшкi бақылау ережелерiн және оны қамтамасыз ету бағдарламасын әзiрлеу, қабылдау және (немесе) орындау жөнiндегi мiндеттерiн орындамауы, -
      жеке тұлғаларға - бiр жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, нотариустар мен адвокаттарға, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға немесе коммерциялық емес ұйымдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүз жиырмадан екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға сегiз жүзден тоғыз жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Қаржы мониторингi субъектiлерi лауазымды адамдарының қаржы мониторингi жөнiндегi уәкiлеттi органға берiлген ақпарат туралы өз клиенттерi мен өзге тұлғаларды хабардар етуi -
      айлық есептiк көрсеткiштiң бiр жүз қырықтан бiр жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Осы баптың бiрiншi - үшiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет (әрекетсiздiк) -
      жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бiр жүзден бiр жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, нотариустар мен адвокаттарға, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға немесе коммерциялық емес ұйымдарға - екi жүз елуден үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бiр мыңнан бiр мың екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      РҚАО-ның ескертпесi!
      5-тармаққа өзгерiс енгiзу көзделген - ҚР 2014.06.10 № 206-V  (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
      5. Осы баптың бiрiншi - үшiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде үш және одан да көп мәрте жасалған iс-әрекет (әрекетсiздiк) -
      жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң бiр жүз елуден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде, тауар биржаларының, ойын бизнесi мен лотереялар ұйымдастырушыларының, аудиторлық ұйымдардың лауазымды адамдарына, алты айға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр қызмет түрiне лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып немесе бiлiктiлiк аттестатынан (куәлiгiнен) уақытша айыра отырып не олардан айырып немесе заңды тұлғаның қызметiн алты айға дейiнгi мерзiмге тоқтата тұрып, нотариустарға, адвокаттарға, дара кәсiпкерлерге – үш жүз сексеннен төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде, тауар биржаларына, ойын бизнесi мен лотереялар ұйымдастырушыларына, аудиторлық ұйымдарға – орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға немесе коммерциялық емес ұйымдарға – сегiз жүзден бiр мыңға дейiнгi мөлшерiнде, ойын бизнесi мен лотереялар ұйымдастырушыларына, аудиторлық ұйымдарға – iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – бiр мың сегiз жүзден екi мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. Осы бапта нотариустар деп ақшамен және (немесе) өзге мүлiкпен нотариаттық iс-әрекеттi жүзеге асыратын нотариустар түсiнiледi.

       344-бап. Бұқаралық ақпарат құралдарының өнiмдерiн,


                 сол сияқты өзге де өнiмдердi Қазақстан
                 Республикасының аумағында даярлау, сақтау,
                 әкелу, тасымалдау, тарату

      1. Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертудi, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiрудi, соғысты, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық араздықты қоздыруды, қатыгездiктi, зорлық-зомбылықты және порнографияны насихаттауға немесе үгiттеуге бағытталған мәлiметтерi мен материалдары бар бұқаралық ақпарат құралдары өнiмдерiн Қазақстан Республикасының аумағында даярлау, сақтау, әкелу тасымалдау -


      бұқаралық ақпарат құралдарының өнiмдерi тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертудi, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiрудi, соғысты, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық араздықты қоздыруды насихаттауға немесе үгiттеуге, экстремизмдi немесе терроризмдi насихаттауға және ақтауға бағытталған, сондай-ақ терроризмге қарсы операцияларды жүргiзу кезеңiнде олардың техникалық амалдары мен тактикасын ашатын мәлiметтерi мен материалдары бар бұқаралық ақпарат құралдары өнiмдерiн Қазақстан Республикасының аумағында тарату, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
      бұқаралық ақпарат құралдарының өнiмдерi тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -
      телевизия бағдарламалары мен (немесе) радиохабарларын ұйымдастыру жөнiндегi қызметке берiлетiн лицензиядан айырып және заңды тұлғаның қызметiне тыйым сала отырып, жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - екi жүзден үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бiр мыңнан бiр мың бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертудi, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiрудi, соғысты, әлеуметтiк нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық араздықты қоздыруды, қатыгездiктi, зорлық-зомбылықты және порнографияны насихаттауға немесе үгiттеуге бағытталған мәлiметтерi мен материалдары бар бұқаралық ақпарат құралдарына жатпайтын өзге де өнiмдердi Қазақстан Республикасының аумағында даярлау, сақтау, әкелу, тасымалдау, тарату, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
      жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң елуден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға немесе он бес тәулiкке дейiнгi әкiмшiлiк қамауға, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - өнiмдерi тәркiлене отырып, айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзден үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бiр мыңнан бiр мың бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      5. Осы баптың үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -
      телевизия және (немесе) радиохабарларын ұйымдастыру жөнiндегi қызметке берiлетiн лицензиядан айырып және заңды тұлғаның қызметiне тыйым сала отырып, жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзден екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - екi жүзден үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүзден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бiр мың бес жүзден екi мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      362-1-бап. Терроризмге қарсы операциялар жүргiзу аймағында


                  құқықтық режимнiң бұзылуы

      Құқықтық режимдi бұзу немесе терроризмге қарсы операциялардың жариялануына байланысты белгiленген талаптарды:


      1) келудiң және кетудiң ерекше режимi;
      2) жергiлiктi жерлердiң жекелеген учаскелерiнде және объектiлерде жеке тұлғалардың болуына тыйым салу, сондай-ақ көлiк құралдарын сүйреп әкетуге кедергi жасау;
      3) жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттарды тексеруге, жеке тексерiп қарауға және жеке адамның заттарын тексерiп қарауға, көлiк құралдарын тексерiп қарауға кедергi жасау;
      4) байланысты пайдаланудың айрықша ережелерi;
      5) егер кешеуiлдеу адамдардың өмiрi мен денсаулығына нақты қауiп төндiруi мүмкiн болса, жедел медициналық жәрдемдi қажет ететiн адамдарды емдеу мекемелерiне жеткiзу, терроризм актiсi жасалған жерге бару үшiн, сондай-ақ терроризм актiсiн жасады деп күдiк келтiрiлген адамдардың iзiне түсу және оларды ұстау үшiн көлiк құралдарын алып қоюға кедергi жасау;
      6) қауiптi өндiрiстiк объектiлердiң қызметiн тоқтата тұру;
      6-1) күзет қызметiн тоқтата тұру;
      7) терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимi енгiзiлген аумақ шегiнде тұратын жеке тұлғаларды уақытша көшiруге кедергi жасау;
      8) карантин енгiзу, санитариялық-эпидемияға қарсы, ветеринариялық iс-шараларды және өсiмдiктер карантинi жөнiндегi iс-шараларды жүргiзу;
      9) жеке және заңды тұлғалардың меншiгiндегi немесе иелiгiндегi және пайдалануындағы тұрғын үйлер мен өзге де үй-жайларға және оларға жеке меншiк құқығымен немесе жер пайдалану құқығымен тиесiлi жер учаскелерiне кiруге кедергi жасау;
      10) қару-жарақ, оқ-дәрiлер, жарылғыш заттар, күштi әсер ететiн химиялық және улы заттар саудасын шектеу немесе оған тыйым салу, дәрiлiк, есiрткiлiк, психотроптық заттар мен прекурсорлар, этил спиртi мен алкогольдiк өнiмдер айналымының айрықша режимiн орнату бөлiгiнде орындамау, -
      жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алуға, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - айлық есептiк көрсеткiштiң отыздан елуге дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға қауiптi өндiрiстiк объектiлердiң қызметiн тоқтата отырып, екi жүзден екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет