Кодекс денсаулық сақтау саласы қызметкерінің этикалық кодексі



Дата12.07.2016
өлшемі76.11 Kb.
ЭТИКАЛЫҚ КОДЕКС

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРІНІҢ

ЭТИКАЛЫҚ КОДЕКСІ

 

Денсаулық сақтау саласы қызметкерінің Этикалық кодексі (одан әрі  - Кодекс) кәсіби медициналық қызметті жүзеге асыру барысындағы  медициналық және әлеуметтік қызметкердің (одан әрі - денсаулық сақтау саласы қызметкерінің) тәртібінің этикалық нормалар мен ұстанымдарының жиынтығын анықтайтын құжат болып табылады. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 31- тарауы, 184-бабы негізінде жасалынды. Осы Кодекс денсаулық сақтау саласы қызметкерінің қоғаммен және емделушімен қатынасын анықтайды, жеке тұлғаның және жалпы қоғамның құқықтарын, қадір-қасиеттерін, денсаулығын қамтамасыз етуге бағытталады, сонымен қатар денсаулық сақтау қызметкерінің қоғам алдындағы өз қызметіне жоғары моральдық жауапкершілігін анықтайды. 



 І Бөлім. Жалпы қағидалар

Денсаулық сақтау қызметкерлерінің Этикалық кодексі медициналық және әлеуметтік қызметкерлердің азаматтар мен тұтастай қоғам алдындағы өз қызметі үшін моральдық жауапкершіліктерін айқындайды.

Денсаулық сақтау қызметкерлері өз қызметінде келесі моральдық және этикалық ұстанымдарды басшылыққа алуға тиіс:

2. Медицина және фармацевтика қызметкерлері өз қызметінде:

1) осы Кодексті және Ар-намыс кодексін басшылыққа алуға;

2) Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын нығайтуға жәрдемдесуге;

3) тек қана пациенттің мүдделерінде шешім қабылдауға;

4) Қазақстан Республикасының медицина және фармацевтика қызметкерінің жоғары атағына кір келтіретін іс-әрекеттер жасауға жол бермеуге;

5) өзінің қызметтік міндеттерін адал әрі сапалы атқаруға;

6) өзінің кәсіптік білімін үздіксіз жетілдіруге;

7) өзінің жеке пайдасын басшылыққа алып, профилактика мен емдеудің әдістері мен құралдарын жарнамалауға және пайдалануға жол бермеуге;

8) еңбек тәртібін мүлтіксіз сақтауға;

9) денсаулық сақтау ұйымдарының мүлкіне ұқыпты қарауға және оны тиімді пайдалануға;

10) сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға;

11) қызметтік ақпаратты пайдакүнемдік және жеке басының өзге де мақсаттарында пайдалануға жол бермеуге;

12) жеке басының үлгісімен ұжымда тұрақты және жағымды моральдық-психологиялық жағдай жасауға ықпал етуге;

13) басқа да медицина және фармацевтика қызметкерлері тарапынан Ар-намыс кодексінің нормаларын бұзу фактілеріне жол бермеуге және олардың жолын кесуге;

14) өзінің қызметтік міндеттерін атқару кезеңінде белгіленген киім нысанын сақтауға тиіс.

3. Пациенттермен қарым-қатынаста медицина және фармацевтика қызметкерлері:

1) жасына, жынысына, ұлтына, діни сеніміне, азаматтығына, шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайларына немесе кез келген өзге де мән-жайларға қарамастан адамның құқықтарын, ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге;

2) мұқтаж болған әрбір адамға медициналық көмек көрсетуге;

3) адам өмірін сақтау өзінің борышы екенін әрдайым есте ұстауға;

4) азаматтардың мемлекеттің денсаулық сақтау жүйесіне деген сенімін нығайтуға жәрдемдесуге;

5) пациенттерге қатысты қаржылық және өзге де бопсалау фактілеріне жол бермеуге, өз әріптестері тарапынан осындай іс-әрекеттердің жолын кесу жөнінде күш-жігер жұмсауға;

6) өз іс-әрекетімен қоғам тарапынан негізделген сын айтылуына жол бермеуге, сынға сабырлылықпен қарауға, сындарлы сынды өзінің кәсіптік қызметіндегі кемшіліктерді жою және оны жақсарту үшін пайдалануға тиіс.

4. Өз әріптестерімен қарым-қатынаста медицина және фармацевтика қызметкерлері:

1) жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтауға, сыпайылық пен биязылық танытуға;

2) пациенттің мүддесі талап етсе, риясыз көмек көрсетуден бас тартпауға және әріптестерінен кеңес сұрауға;

3) басқа медицина және фармацевтика қызметкерінің кәсіптік біліктілігіне көпшілік алдында күмән келтірмеуге;

4) қазақстандық медицинаның дәстүрлерін және жетістіктерін байытуға тиіс.

Денсаулық сақтау саласының қызметкері өзінің біліктілігіне сәйкес азаматтардың денсаулығын қорғау ісіне, ең жоғарғы дейгейде оларға көмек көрсету сапасын қамтамасыз етуге барлық күш-жігерін салуы тиіс.

Денсаулық сақтау саласының қызметкері оның жынысына, жасына, ұлтына, нәсіліне, тұратын мекен-жайына, әлеуметтік мәртебесіне, діни және саяси сенім-нанымдарына және басқа да медициналық емес факторларына қарамастан қандай адамға болса да медициналық көмек көрсетуге тиіс.               Денсаулық сақтау саласының қызметкері өзінің біліктілігіне, лауазымына және қызметтік міндеттеріне сәйкес барлық мүмкіндіктерінің шеңберінде сапалы және қауіпсіз медициналық көмекті қамтамасыз ету үшін жалпы жауапкершілік, соның ішінде моральдық жауапкершілік алады.

Денсаулық сақтау саласы қызметкерінің моральдық міндеттеріне медициналық қоғамдастық қатарларының тазалығын сақтау, өз әріптестерінің, сонымен қатар өзінің қателерін риясыз талдау жатады. Денсаулық сақтау саласы қызметкері емделушілердің денсаулығына залал келтіретін, ар-намыссыз, біліктілігі төмен деңгейдегі әріптестерінің әр-түрлі іс-тәжірибесіне кедергі жасауы тиіс.

Медициналық және әлеуметтік қызметкер қоғамда маңызды  рөл атқара отырып, қоғамдық шараларға, әсіресе, салауатты өмір салтын насихаттайтын шараларға белсене қатысуға міндетті.

ІІ БӨЛІМ.

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРІНІҢ ЖОЛ БЕРУГЕ БОЛМАЙТЫН ӘРЕКЕТТЕРІ

1.     Денсаулық сақтау саласы қызметкері өзінің кәсіби іс-әрекеттерінде білімін және қызметін өз мүддесінде қолдануына болмайды.

Денсаулық сақтау қызметкері:

-         өз білімін және мүмкіндіктерін адамгершілікке жатпайтын мақсаттарда қолдануға;

-         негізсіз медициналық шараларды жүзеге асыруға немесе оларды іске асырудан бас тартуға;

-         емделушіні жазалау, сонымен қатар үшінші тұлғалардың мүддесі үшін оған медициналық іс-әрекеттерді қолдануға;

-         емделушіге философиялық, діни және саяси көзқарастары бойынша өз пікірін таңуға;

-         емделушіге немқұрайлылықпен немесе салақтықпен физикалық, адамгершіліктік, материалдық залал келтіруге және осындай залал келтіретін үшінші тұлғалардың әрекеттеріне селқос  қарауға

құқықты емес.

2.     Денсаулық сақтау қызметкерінің жеке сенім-нанымдары және басқа да кәсіби емес себептер емделушінің диагнозын қоюға және оны емдеуге әсер етпеуі керек.

3.     Емделушінің ұсынылған ақылы медициналық қызметтерден бас тартуы олардың сапасы мен қолжетімділігінің азаюының, ҚР заңымен белгіленген тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде оған тегін ұсынылған медициналық көмек түрлері мен ауқымдарының азаюының  себебі бола алмайды.

4.     Емделушілерден сыйлықтар алуға және беруге болмайды. Өйткені сыйлық бере алмайтын және алмайтын емделушілерде оларға қамқорлық тиісті деңгейде көрсетілмейді  деген сезім тууы мүмкін.

Сыйлықтардың көрсетілген қызметтер үшін алынуына немесе берілуіне болмайды.

Қолдағы ақша немесе бағалы сыйлықтарды алуға тыйым салынады. 

5.     Денсаулық сақтау саласының қызметкері қызметін өз мүддесінде қолдануға, емделушінің эмоциялық күй-жайын пайдаланып, онымен мүліктік шарттар жасасуға, оның еңбегін жеке мақсатта қолдануға, парақорлық пен және бопсалаушылықпен айналысуға құқығы жоқ.

6.     Денсаулық сақтау саласының қызметкері ем тағайындау кезінде емделушіге қолданыстағы дәрі-дәрмектер, медициналық мақсаттағы бұйымдар туралы дәйексіз, толыққанды емес немесе бұрмаланған ақпаратты беруіне,  сонымен қатар емделушіден төменірек бағаланатын дәрі-дәрмектердің, медициналық бұйымдардың болуы жөніндегі ақпаратты жасыруына құқығы жоқ.

7.     Денсаулық сақтау қызметкері дәрі-дәрмектерді дайындайтын және тарататын фирмалардан өздерінің ұсынған дәрі-дәрмектерін тағайындағаны үшін сый-тартуын қабылдауына, медициналық ұйым аумағында компанияның логотипі немесе дәрі-дәрмектің медициналық ұйымының саудалық атауы бар заттарын қолдануына  болмайды.

Медициналық қызметкер өзінің лауазымдық міндеттерін орындау кезінде әр тұрлі құмарлық тудыратын заттардың әсерінде болмауы тиіс және әрқашан айқын күйде болуға міндетті.

8.     Кәсіби тәуелсіздік.

Денсаулық сақтау қызметкерінің құқығы мен борышы-өзінің кәсіби тәуелсіздігін сақтау, жаңа туған нәрестелерге және егде адамдарға, мүгедектерге, әскери қызметкерлерге және азаматтық тұлғаларға, жоғары дәрежелі басшыларға және абақтыдағы тұлғаларға медициналық және әлеуметтік көмек көрсете отырып, өзінің кәсіби шешімі үшін жауапкершілікті толық өзіне алады, сондықтан әкімшіліктен, емделушілерден және басқа да тұлғалар тарапынан болған қандай да бір қысым әрекеттеріне төтеп беруі тиіс.

Егер Қазақстан Республикасының Заңына, этикалық ұстанымдарына, кәсіби борышына қайшы болатын іс-әрекеттер талап етілетін жағдайда  денсаулық сақтау саласының қызметкері қандай да болмасын жеке және заңды тұлғамен бірлесе қызметтесуден бас тартуы тиіс.

Сараптауларға, консилиумдарға, комиссияларға  және т.б. қатыса отырып, денсаулық сақтау саласының қызметкері өзінің ұстанымдары туралы ашық жариялауы, өз көзқарастарын дәлелдеуі,  оған қысым жасалынған жағдайда заңдық қоғамдық қорғауға жүгінуі қажет.

ІІІ БӨЛІМ. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ МЕН ЕМДЕЛУШІЛЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС.

1.     Емделушінің ар-намысын және қадір-қасиетін сыйлау.

Денсаулық сақтау саласының қызметкері емделушінің қадір-қасиетін сыйлауы, оған және оның жақын адамдарына ілтипатпен  және шыдамдылықпен қарауы қажет.

Емделушімен дөрекі және адамгершілікке жатпайтын қатынас құру, оның адамгершілік қадір-қасиетін төмендету, сонымен қатар емделушілердің қайсыбіріне үстемділікпен қарау, қайсыбірін тәуірлілеу санау немесе жек көру қасиеттеріне жол берілмейді.

2.     Медициналық және әлеуметтік көмек көрсету шарттары.



Денсаулық сақтау саласының қызметкері емделушінің қадір-қасиеті мен ерік-жігерінен айыру жағдайында медициналық және әлеуметтік көмек көрсетуге міндетті.

3.     Мүдделер қақтығысы.
Каталог: files
files -> Мазмұны мамандық бойынша түсу емтиханының мақсаттары мен міндеттері
files -> І бөлім. Кәсіпкерліктің мәні, мазмұны
files -> Програмаллау технологиясының көмегімен Internet дүкен құру
files -> Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты «Сот кабинеті»
files -> Интернет арқылы сот ісі бойынша ақпаратты қалай алуға болады?
files -> 6М070600 –«Геология және пайдалы қазба кенорындарын барлау» 1 «Пайдалы қазба кенорындарын іздеу және барлау»
files -> Оқулық. қамсыздандыру: Жұмыс дәптері
files -> «2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік-разрядты спортшы спорттық разрядтарын және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы
files -> Регламенті Негізгі ұғымдар Осы «Спорт құрылыстарына санаттар беру»
files -> Спорттық разрядтар мен санаттар беру: спорт шеберлігіне үміткер, бірінші спорттық разряд, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет