Кодексі 1 Бөлім. Жалпы ережелер


§ 2. Акционерлердің жалпы жиналысын өткізу тәртібі



бет2/3
Дата03.07.2016
өлшемі0.52 Mb.
#175332
түріКодекс
1   2   3
§ 2. Акционерлердің жалпы жиналысын өткізу тәртібі
26. Акционерлердің Жалпы жиналысын өткізу тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасына, Банк Жарғысына және Банктің ішкі қызметін реттейтін Банктің басқа құжаттарына немесе тікелей акционерлердің Жалпы жиналысының шешіміне сәйкес анықталады.

27. Акционерлердің Жалпы жиналысы Банк Басқармасының тұрған орны бойынша елді мекенде өткізілуі тиіс.

28. Акционер, акционерлердің Жалпы жиналысына қатысуға және қаралатын мәселелер бойынша өзі немесе өзінің өкілі арқылы дауыс беруге құқылы.

Банктің атқарушы органының мүшелері акционерлердің Жалпы жиналысында акционерлердің өкілдері ретінде шығуына құқығы жоқ.

Банк қызметкерлері акционерлердің Жалпы жиналысында акционерлердің өкілдері ретінде шығуына құқығы жоқ, бірақ мұндай өкілдіктің акционерлердің Жалпы жиналысы күн тәртібінің барлық мәселелері бойынша дауыс беру туралы нақты нұсқамалардан тұратын сенімхатқа негізделген жағдайлары қосылмайды.

Акционерлердің Жалпы жиналысына қатысуға және қаралатын мәселелер бойынша дауыс беруге, Қазақстан Республикасының заңнамасына және Шартқа сәйкес акционер атынан сенімхатсыз әрекет ету және оның мүддесін білдіру құқығы бар тұлғадан сенімхат талап етілмейді.

29. Акционерлердің Жалпы жиналысын ашуға дейін келген акционерлерді (олардың өкілдерін) тіркеу жүргізіледі. Акционер өкілі акционерлердің Жалпы жиналысына қатысу мен дауыс беру уәкілеттігін растайтын сенімхатты беруі тиіс.

Тіркеуден өтпеген акционер (акционердің өкілі) кворумды анықтау барысында есепке алынбайды және дауыс беруге қатысуға құқығы жоқ.

Егер басқасы, көзбе-көз тәртіпте өткізілетін акционерлердің Жалпы жиналысымен белгіленбесе, оған, шақырусыз, басқа тұлғалар қатыса алады. Мұндай тұлғалардың акционерлердің Жалпы жиналысына қатысу құқығы акционерлердің Жалпы жиналысының шешімімен белгіленеді.

Акционерлердің Жалпы жиналысы кворумның болуында хабарланған уақытта ашылады.

Акционерлердің Жалпы жиналысы, барлық акционерлер (олардың өкілдері) жиналыстың ашылу уақытының өзгеруі туралы хабарланған және қарсы болмаған, тіркелген жағдайды қоспағанда, хабарланған уақыттан бұрын ашылуы мүмкін емес.

Акционерлердің Жалпы жиналысы Жалпы жиналыстың төрағасы (төралқа) мен хатшысын сайлауды өткізеді.

Акционерлердің Жалпы жиналысы дауыс берудің – ашық немесе жасырын (бюллетень бойынша) үлгісін анықтайды. Егер қоғам жарғысымен басқасы көзделмесе, акционерлердің жалпы жиналысы төрағасы (төралқа) мен хатшысын саулау жөніндегі мәселе бойынша дауыс беру барысында әр акционер бір дауысқа ие болады, ал шешім қатысушылар санының қарапайым көпшілік даусымен қабылданады.

Атқарушы ұйымның мүшелері, жиналысқа қатысып отырған барлық акционерлер атқарушы ұйымға кіретін жағдайды қоспағанда, акционерлердің жалпы жиналысына төрағалық ете алмайды.

Акционерлердің Жалпы жиналысын өткізу барысында оның төрағасы қаралып жатқан мәселе бойынша жарыссөздерді тоқтату жөніндегі, сонымен қатар ол бойынша дауыс беру тәсілінің өзгеруі жөнінде ұсынысты дауысқа салуға құқылы.

Төраға, күн тәртібіндегі мәселені талқылауға қатысу құқығы бар тұлғалардың сөйлеуіне, мұндай сөйлеулер акционерлердің Жалпы жиналысының уақыт тәртібін бұзатын немесе аталған мәселе бойынша жарыссөздер тоқтаған жағдайын қоспағанда, кедергі келтіруге құқығы жоқ.

Акционерлердің Жалпы жиналысы өз жұмысының үзілісі жөнінде және жұмысының мерзімін ұзарту жөнінде, сондай-ақ акционерлердің Жалпы жиналысы күн тәртібінің жекелеген мәселелерін қарастыруды келесі күнге ауыстыру жөнінде шешім қабылдауға құқылы.

Акционерлердің Жалпы жиналысында шешім қабылдау Қазақстан Республикасының заңнамасымен, Банк Жарғысымен белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.

Акционерлердің Жалпы жиналысы күн тәртібіндегі барлық мәселелер қаралып болғаннан және олар бойынша шешімдер қабылданғаннан кейін жабық деп жариялануы мүмкін.
4 Бөлім. Директорлар Кеңесі
§ 1. Директорлар Кеңесінің құзіреті
30. Банк директорларының Кеңесі – Қазақстан Республикасының заңнамасымен және Банк Жарғысымен Банк акционерлерінің Жалпы жиналысының ерекше құзіретіне жататын мәселелерден басқа, Банк қызметінің жалпы басшылығын жүргізетін басқарушы ұйым.

31. Банктің директорлар Кеңесінің ерекше құзіретіне жататын мәселелер Банк акционерлерінің Жалпы жиналысымен бекітілген жеке ішкі нормативтік құжатпен анықталады.

32. Директорлар Кеңесі, осы Кодекске сәйкес Банк Басқармасының құзіретіне жататын мәселелер бойынша шешім қабылдауға, сонымен қатар акционерлердің Жалпы жиналысының шешімдеріне қайшы келетін шешім қабылдауға құқығы жоқ.
§ 2. Директорлар Кеңесін қалыптастыру
33. Директорлар Кеңесінің мүшесі тек жеке тұлға бола алады.

Директорлар Кеңесінің мүшелері:



  1. акционерлер – жеке тұлғалардан;

  2. акционерлердің өкілдері ретінде директорлар Кеңесіне сайлануға ұсынылған (таныстырылған) тұлғалардан;

  3. басқа тұлғалардан (осы Кодекстің 35 тармағымен белгіленген шектеулерді ескере отырып) сайланады.

Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау Директорлар кеңесіндегі бір орынға бір үміткердің дауысқа түсетін жағдайын қоспағанда, дауыс беру үшін бюллетеньдерді пайдалана отырып, кумулятивті дауыс берумен орындалады. Кумулятивті дауыс беру бюллетені келесі графалардан тұруы тиіс:

1) Директорлар кеңесінің мүшелігіне үміткерлер тізімінен;

2) акционерге тиесілі дауыстар санынан;

3) акционердің Директорлар кеңесінің мүшелігіне түсетін үміткер үшін берген дауыстар санынан.

Кумулятивті дауыс беру бюллетеніне дауыс берудің «қарсы» және «тартындым» нұсқаларын енгізуге тиым салынады.

Акционер өзіне тиесілі акциялар бойынша дауысты толығымен бір үміткерге беруіне немесе Директорлар кеңесінің мүшелігіне түсетін бірнеше үміткерлер арасында дауысты бөліп беруге құқылы. Директорлар кеңесіне сайланған болып, ең көп дауыс санын жинаған үміткер саналады. Егер Директорлар кеңесінің мүшелігіне екі және одан көп үміткер тең дауыстар санын жинаса, бүл үміткерлерге қатысты қосымша дауыс беру жүргізіледі.

34. Директорлар Кеңесінің мүшесі болып, Банктің акционері болып табылмайтын және акционердің өкілі ретінде директорлар Кеңесіне сайлануға ұсынылмаған (таныстырылмаған) жеке тұлға сайлануы мүмкін. Мұндай тұлғалардың саны директорлар Кеңесі құрамының елу пайызынан аспауы тиіс.

35. Банк Басқармасының мүшелері, оның басшыларынан басқа, директорлар Кеңесіне сайлана алмайды. Банк Басқармасының Төрағасы директорлар Кеңесінің Төрағасымен сайлана алмайды.

36. Директорлар Кеңесінің Төрағасы, жасырын дауыс берумен, директорлар Кеңесінің мүшелері жалпы санының, оның мүшелерінің көпшілік дауысымен сайланады.

Директорлар Кеңесі кез келген уақытта Төрағаны қайта сайлауға құқылы.

Директорлар Кеңесінің Төрағасы директорлар Кеңесінің жұмысын ұйымдастырады, оның отырыстарын жүргізеді, сонымен қатар осы Кодекспен анықталған басқа қызметтерін жүзеге асырады.

Директорлар Кеңесі Төрағасының болмаған жағдайында, оның қызметтерін, директорлар Кеңесінің шешімімен директорлар Кеңесінің бір мүшесі жүзеге асырады.


§ 3. Директорлар Кеңесі қызметін ұйымдастыру
37. Директорлар Кеңесі, оның міндеттері директорлар Кеңесінің сәтті шешімімен қамтамасыз етілетін Төрағамен басқарылады.

38. Отырысты өткізуге дайындалу және шақыру тәртібі, директорлар Кеңесінің мүшелеріне, оны тиісті түрде өткізуге дайындалуға мүмкіндікті қамтамасыз етеді. Директорлар Кеңесінің отырысын шақыру, дайындау және өткізу тәртібі, директорлар Кеңесімен шешім қабылдау Банк Жарғысымен анықталады. Директорлар Кеңесінің отырысы қажеттілігіне орай өткізіледі.

39. Директорлар Кеңесінің отырысы оның Төрағасы немесе Банк Басқармасының бастамасымен немесе:

1) Директорлар Кеңесінің кез келген мүшесімен;

2) Банктің ішкі аудит Қызметімен;

3) Банктің аудитін жүргізетін аудиторлық ұйыммен;

4) ірі акционердің талабымен шақырылуы мүмкін.

Директорлар кеңесі отырысының күн тәртібі мәселелері бойынша материалдарды қосып берумен бірге отырыс өткізу туралы жазбаша хабарлама Директорлар кеңесінің мүшелеріне, Банк Жарғысымен өзге мерзім белгіленбесе, отырыс өткізілетін күнге дейін кемінде үш күнтізбелік күн бұрын жіберілуі тиіс. Ерекше жағдайларда Банктің тиімді және оңтайлы қызмет етуі мақсатында жедел шешім қабылдау үшін Банктің Директорлар кеңесінің отырысы күні отырыс басталғанға дейін материалдарды беруге жол беріледі.

Директорлар кеңесінің мүшелеріне Директорлар кеңесінің отырысын өткізу туралы хабарлама жіберу тәртібі Директорлар кеңесімен анықталады.

Директорлар Кеңесінің отырысын өткізу жөніндегі хабарландыру, отырысты өткізу орны, уақыты және күні, сонымен қатар оның күн тәртібі туралы мәліметтерден тұруы тиіс.

Директорлар Кеңесінің отырысында ірі мәміле және (немесе) мүддесі бар мәмілені бекіту туралы шешім қабылдау жөнінде мәселені қарастырған жағдайда мәміле туралы ақпарат мәміле тараптары, мәмілені орындаудың мерзімдері мен талаптары, тартылған тұлғалардың қатысу үлесінің сипаты мен көлемі туралы мәліметтерден, сондай-ақ бағалаушының есептілігінен (Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген жағдайларда) тұруы тиіс.

40. Директорлар кеңесінің отырысын өткізу үшін кворум бір тәуелсіз директорды қосқанда Директорлар кеңесінің мүшелері санының жартысынан кем болмауы тиіс.

Егер, директорлар Кеңесі мүшелерінің жалпы саны, осы тармақпен анықталған, кворумға жету үшін жеткіліксіз болса, директорлар Кеңесі, директорлар Кеңесінің жаңа мүшелерін сайлау үшін акционерлердің кезектен тыс Жалпы жиналысын шақыруға міндетті. Директорлар Кеңесінің қалған мүшелері акционерлердің мұндай кезектен тыс Жалпы жиналысын шақыру жөнінде ғана шешім қабылдауға құқылы.

41. Директорлар Кеңесінің әр мүшесі бір дауысқа ие болады. Директорлар Кеңесінің шешімдері, егер басқасы Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделмесе, отырысқа қатысып отырған директорлар Кеңесі мүшелерінің көпшілік қарапайым даусымен қабылданады.

Дауыстар тең болған жағдайда, директорлар Кеңесі Төрағасының немесе директорлар Кеңесі отырысында төрағалық етіп отырған тұлғаның даусы шешуші болып табылады.

Директорлар Кеңесі өзінің жабық, оған тек директорлар Кеңесінің мүшелері қатыса алатын отырысын өткізу жөнінде шешім қабылдауға құқылы.

42. Директорлар Кеңесіне қарауға шығарылған мәселелер бойынша директорлар Кеңесінің шешімдері сырттай дауыс беру арқылы қабылдануы мүмкін.

Сырттай дауыс беру, директорлар Кеңесі отырысына қатысып отырған директорлар Кеңесі мүшелерінің дауыс беруімен бірге (аралас дауыс беру) немесе директорлар Кеңесі отырысын өткізбестен қолданылуы мүмкін.

Сырттай дауыс беру арқылы шешім бюллетеньдердегі белгіленген мерзімдерде алынған кворумның болуында қабылданған болып танылады.

Директорлар Кеңесі сырттай отырысының шешімі жазбаша түрде рәсімделіп және директорлар Кеңесі Төрағасымен және Хатшымен қол қойылуы тиіс.

Шешімді рәсімдеу күнінен бастап он екі күн ішінде, аталған шешім бюллетеньдер негізінде қабылданған қосымшамен бірге, ол директорлар Кеңесінің мүшелеріне жіберілуі тиіс.

43. Директорлар Кеңесі отырысының хаттамалары және сырттай дауыс беру жолымен қабылданған директорлар Кеңесінің шешімдері Банк мұрағатында сақталады.

44. Директорлар Кеңесі мүшелерінің қызметі нәтижелерін бағалау акционерлердің Жалпы жиналысымен жүзеге асырылады.
5 Бөлім. Басқарма
§ 1. Банк Басқармасының құзіреті
45. Банк Басқармасы, Қазақстан Республикасы заңнамасымен, Банк Жарғысымен, Банктің ішкі нормативтік құжаттарымен және осы Кодекспен Банктің басқа ұйымдары мен лауазымды тұлғаларының құзіретіне жатпайтын, Банк қызметінің кез келген мәселелері бойынша шешім қабылдауға құқылы.

Банк Басқармасы директорлар Кеңесі мен акционерлердің Жалпы жиналысының шешімдерін орындауға міндетті. Банк, Банкпен белгіленген шектеулерді бұза отырып, егер мәмілені бекіту кезінде тараптар мұндай шектеулер жөнінде білгенін дәлелдесе, оның Басқармасымен жасалған мәмілелердің шынайылығын даулауға құқылы.

46. Банк Басқармасы:

1) Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерімен, Банк Жарғысымен, Банктің ішкі нормативтік құжаттарымен және осы Кодекспен Банктің басқа ұйымдары мен лауазымды тұлғаларының құзіретіне жатпайтын, Банк қызметінің кез келген мәселелері бойынша шешім қабылдайды;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен, Банк Жарғысымен, Банктің ішкі нормативтік құжаттарымен және осы Кодекспен белгіленген тәртіпте Банк атынан мәмілелер жасайды;

3) қажеттілік бойынша, осы Кодекс және Банк Жарғысына сәйкес директорлар Кеңесі немесе акционерлердің жалпы жиналысының қарауына жататын мәселелерді алдын ала қарастырады және олар бойынша тиісті материалдарды, ұсыныстарды және шешімдер жобаларын дайындайды;

4) Банктің құрылымдық бөлімшелерінің қызметімен байланысты мәселелерлі шешеді;

5) Банк қызметкерлерімен Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын қамтамасыз етеді;

6) Банк өзінің негізгі қызметін жүзеге асыру үдерісінде туындайтын мәселелерді жедел шешеді;

7) Банк қызметін ұйымдастыру мақсатында жасалған, Банктің ішкі нормативтік құжаттарын қарастырады және бекітеді;

8) кадрларды таңдау, орнына қою және дайындау мәселелерін шешеді;

9) Банктің барлық қызметкерлерімен орындау үшін міндетті нұсқауларды береді және шешімдер (қаулылар) шығарады;

10) Банктің болашақ және болуы мүмкін тәуекелдерін бақылау, ішкі бақылау, есеп беру, есепке алуды ұйымдастыру мәселелерін шешеді;

11) Банк Басқармасының қарауына шығарылған басқа мәселелерді қарастырады және шешеді.


§ 2. Басқарманы қалыптастыру мен құрамы
47. Басқарма құрамы, артылған қызметтерді Басқарма мүшелерінің ең адал және тиімді жүзеге асыруын қамтамасыз етеді. Банктің Басқарма мүшелерінің саны үш адамнан аз болмауы тиіс.

48. Банктің Басқарма мүшелері акционерлер мен оның акционерлері болып табылмайтын Банк қызметкерлері бола алады.

Банк Басқармасының мүшесі басқа ұйымдарда тек директорлар Кеңесінің келісімімен ғана жұмыс істеуге құқылы.

Банк Басқармасының Төрағасы атқарушы ұйым басшысының немесе басқа заңды тұлға атқарушы ұйымының қызметін жеке-дара жүзеге асыратын тұлғаның лауазымын иеленуге құқығы жоқ.

Банктің Басқарма мүшесінің қызметтері, құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының заңнамасымен, Банк Жарғысымен, директорлар Кеңесімен бекітілген Басқарма мүшелерінің қызметтік нұсқамасымен, сонымен қатар аталған тұлғаның Банкпен бекітетін еңбек шартымен анықталады.

Банктің Басқарма Төрағасымен бекітілетін еңбек шарты Банк атынан директорлар Кеңесінің Төрағасымен немесе акционерлердің Жалпы жиналысы мен директорлар Кеңесінің осыған уәкілетті тұлғамен қол қойылады. Басқарманың басқа мүшелерімен еңбек шарты Банктің Басқарма Төрағасымен қол қойылады.

49. Банк Басқармасы қажеттілігіне орай Басқарма Төрағасының немесе оның үштен бір бөлігінен аз емес мүшелерінің талабымен шақырылады.

Банк Басқармасы, егер оның отырысында Банк Басқармасының жартыдан кем емес мүшелерінің қатысуы жағдайында, оның құзіретіне кіретін және қарауына енгізілетін мәселелерді шешуге уәкілетті.

Банктің басқарма мүшесінің дауыс құқығын басқа тұлғаға, сонымен қатар Банк Басқармасының басқа мүшесіне беруге жол берілмейді.

Банк Басқармасының отырысын жүргізу Басқарма Төрағасымен немесе оның орнындағы тұлғамен орындалады.

Банк Басқармасының әр мүшесі бір дауысқа ие болады. Басқарманың шешімдері отырыста қатысып отырған Басқарма мүшелерінің қарапайым көпшілік даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, Басқарма Төрағасының немесе оның орнындағы тұлғаның даусы шешуші болып табылады.

Банк Басқармасының отырыстары хаттамаларының жүргізілуі міндетті болып табылады және директорлар Кеңесінің Банк қызметкерлерінен тағайындаған Банк Басқармасының хатшысымен орындалады. Банк Басқармасының хаттамасына отырысқа қатысқан барлық Басқарма мүшелерінің қолы қойылуы және дауысқа салынған мәселелерден, әр мәселе бойынша Банк Басқармасы әр мүшесінің дауыс беру нәтижелерінен тұруы тиіс.

Банк Басқармасының шешімімен келіспеген жағдайда, Басқарма мүшесі талап етуге құқылы, ал хатшы хаттамаға ерекше пікірді енгізуге міндетті.

Банктің басқарма отырысының хаттамасы, ол өткеннен кейін үш күннен кешіктірмей рәсімделіп және Банктің Басқарма Төрағасымен немесе оның орнындағы тұлғамен, Банк Басқармасының мүшелерімен және отырыс хатшысымен қол қойылады.

Банктің Басқарма отырысының хаттамалары Банктің ішкі нормативтік құжаттарымен белгіленген тәртіпте Банк мұрағатында сақталады.
6 Бөлім. Корпоративті хатшы
50. Акционерлердің мүдделері мен құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған Банктің ұйымдары мен лауазымды тұлғаларының реттерді қатаң сақтауы, сонымен қатар Банктің Қазақстан Республикасының заңнамалық нормалары мен ережелерін, Жарғы ережелерін және Банктің басқа ішкі құжаттарын қолдануы Банкте корпоративті хатшы институтын енгізумен қамтамасыз етіледі.

51. Корпоративті хатшы – Банктің директорлар Кеңесімен тағайындалатын және оған есеп беретін, Банк Басқармасының немесе директорлар Кеңесінің мүшесі болып табылмайтын Банк қызметкері.

52. Өз қызметінің шегінде, корпоративті хатшы, Банктің директорлар Кеңесі мен акционерлердің Жалпы жиналысының отырысын өткізу мен дайындығын бақылайды, акционерлердің Жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдарды және Банктің директорлар Кеңесі отырысының материалдарын қалыптастыруды қамтамасыз етеді, оларға қол жетімділікті қамтамасыз етуге бақылау жүргізеді.

53. Банкке Корпоративті хатшы институтын енгізу келесі негізгі міндеттерді жүзеге асыруды қамтамасыз етуге бағытталған:

1) Банк акционерлерінің мүдделері мен құқықтарын тиіссіз жүзеге асырғанына бақылауды қамтамасыз ету;

2) Қолданыстағы заңнама талаптарын және корпоративті басқару мәселелері бойынша Банктің ішкі нормативтік құжаттарының ережелерін Банктің лауазымды тұлғалары мен ұйымдарының сақтауына бақылауды қамтамасыз ету.

54. Жоғарыда айтылған міндеттерді орындау мақсатында Корпоративті хатшы қызметтерінің тізімі Банкпен, Банктің ішкі нормативтік құжаттарында корпоративті басқару саласында ішкі саясаттың ерекшелігі мен деңгейіне сәйкес анықталады.
7 Бөлім. Маңызды корпоративті оқиғалар
55. Маңызды корпоративті оқиғалар деп Банктің құқықтық мәртебесінің және оның мүлкінің өзгеруіне алып келуі және Банк пен оның акционерлерінің мүдделерін елеулі қозғауы мүмкін оқиғалар танылады.

56. Банк маңызды корпоративті оқиғалардың барынша ашықтығы және шынайылығына кепілдік береді.

Банк, маңызды корпоративті оқиғаларды жүзеге асыруда, Банк және оның акционерлерінің мүддесіне зиян келтіретін немесе келтіруі мүмкін әрекеттерді болдырмауға міндетті.

57. Маңызды корпоративті оқиғаларға: Банкті қайта ұйымдастыру мен тарату, Банктің ірі мәмілелерді және Банктің қызығушылығы бар мәмілелерді жасауы, Банктің жарияланған жарғылық капиталының көбеюі, Банк Жарғысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу, Банк филиалдарын құру мен жабу және Банк үшін шешімі маңызды болып табылатын басқа бірқатар мәселелер жатады.

Маңызды корпоративті оқиғалардың маңыздылығы оларды жүзеге асыру барысында ашықтық пен сенімділік ахуалын құру, оларды жүзеге асырудың қарапайым және ашық ретін белгілеу қажеттілігін жазады.
§ 1. Банкті қайта ұйымдастыру
58. Банкті ерікті қайта ұйымдастыру (қосылу, жалғасу, бөліну, шығу, қайта жасалу) Банкті ерікті қайта ұйымдастыруды жүргізуге мемлекеттік уәкілетті ұйымның рұқсатын алғанда акционерлердің Жалпы жиналысының шешімі бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.

59. Банкті қайта ұйымдастыру жөніндегі мәселе, жоспарланған қайта ұйымдастыру тәртібі мен шарттарының қосымшасымен бірге Банктің директорлар Кеңесімен акционерлердің Жалпы жиналысының қарастыруына беріледі.

Директорлар Кеңесі Банкті қайта ұйымдастыру тәртібі мен шарттарын анықтауға белсенді қатысады. Қайта ұйымдастыру жөніндегі шешімді қабылдауға дейін директорлар Кеңесінің мүшелері, қайта ұйымдастыруға қатысатын қоғамның атқарушы ұйымдарымен Банк Басқармасы өткізетін қайта ұйымдастыру жөніндегі келіссөздерге қатысуға және осы келіссөздердің талқылау ретін ұйымдастыруға құқылы. Директорлар Кеңесі қайта ұйымдастыру жөніндегі құжаттардың соңғы жобаларын бекітеді және қайта ұйымдастыру жөніндегі мәселені акционерлердің Жалпы жиналысының қарастыруына аталған мәселе бойынша директорлар Кеңесі пікірінің қосымшасымен бірге шығарады.

60. Банк Басқармасы, директорлар Кеңесінің акционерлердің Жалпы жиналысында қайта ұйымдастыру жөніндегі мәселені шығаруы үшін, оған шамаланған қайта ұйымдастыруға байланысты материалдар мен ақпаратты береді. Директорлар Кеңесіне келесі құжаттар беріледі:

1) қосылу (жалғасу) жөніндегі шарт жобасы немесе бөліну (шығу, қайта жасалу) жөніндегі шешім жобасы;

2) ұйымның қайта ұйымдастырылуы (қосылу, бөліну, шығу, қайта жасалу) нәтижесінде қайта жасалатын құрылтай құжаттарының немесе жалғасу жүргізілетін ұйымға құрылтай құжаттарының жобасы;

3) аяқталған соңғы үш қаржылық жыл үшін қосылуға (жалғасуға) қатысқан барлық ұйымдардың жылдық қаржылық есеп беруі;

4) егер соңғы қаржылық жылдың бітуінен алты айдан көп уақыт өтіп кетсе, қайта ұйымдастыру мәселесі шығарылатын жиналыстың өту күніне дейін алты ай бұрын құрылған тоқсан сайынғы есеп берулер;

5) тапсыру акті немесе бөлінетін теңгерім жобалары;

6) жоспарланған қайта ұйымдастыру дәйектілігі;

7) Банктің ерікті қайта ұйымдастырылуынан кейінгі және/немесе заңды тұлғалардың, Банктің ерікті қайта ұйымдастырылуы нәтижесінде туындайтын есептік теңгерімін қосқанда, ерікті қайта ұйымдастырылу нәтижелерінің қаржылық болжамы;

8) қайта ұйымдастыру жөнінде дәйекті шешім қабылдауға қажетті басқа құжаттар.

Қайта ұйымдастыру барысында акциялардың айырбасталу ара қатынасын анықтау мақсатында Банк бағалаушыны тартуға құқылы.

61. Банкті мәжбүрлеп қайта ұйымдастыру Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен көзделген шарттар мен тәртіптер, негіздер бойынша жүзеге асырылады.


§ 2. Банкті тарату

62. Банкті таратудың негізі мен тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.

63. Банк таратылуы мүмкін:

1) мемлекеттік уәкілетті ұйымның рұқсаты болғанда акционерлердің Жалпы жиналысының шешімімен (ерікті тарату);

2) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен көзделген жағдайларда соттың шешімімен (мәжбүрлі тарату).

64. Банкті ерікті тарату жағдайында, акционерлердің Жалпы жиналысымен мемлекеттік уәкілетті ұйымның рұқсатын алғаннан кейін, кредиторлардың келісімі бойынша және олардың бақылауымен, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тарату процедурасы анықталады және тарату комиссиясы тағайындалады. Тарату комиссиясы тағайындалған кезден бастап, оған Банк істерін басқару бойынша уәкілеттік өтеді. Тарату комиссиясы қызметінің ерекшеліктері, Банкті ерікті тарату барысында Қазақстан Республикасының заңнамасымен анықталады.

65. Банктің дауыс беруші акцияларының жиынтығында он және одан көп пайызын иеленуші акционерлердің тарату комиссиясында өкілінің болуына құқылы.

66. Сотпен мәжбүрлі тарату:

1) Банктің банкроттылығына;

2) Қазақстан Республикасының банктік заңнамасымен көзделген негіздер бойынша банктік операцияларды жүргізуге Банк лицензиясының қайтарылып алынуына;

3) Банк қызметін тоқтату жөнінде заңды немесе жеке тұлғалардың, мемлекеттік уәкілетті ұйымның өтінішімен (талабымен);

4) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен көзделген басқа негіздерге байланысты жүргізіледі.

67. Банктің төлем қабілетсіздігі мен дәрменсіздігі Банк капиталының мөлшерін, пруденциалды нормативтерді (және басқа сақталуға міндетті нормалар мен шектелімдерді) есептеу тәсілін ескеріп құрастырылған, сотқа берілетін мемлекеттік уәкілетті ұйымның қорытындысымен белгіленеді.

68. Банк белгіленген тәртіпте сот шешімі бойынша банкрот деп танылуы мүмкін.

69. Банктің өзінің және оның кредиторларының шешімі бойынша дәрменсіз Банктің соттан тыс таратылуының ретіне жол берілмейді.

70. Таратылу (конкурстық) салмағы Қазақстан Республикасының заңнамасымен анықталған тәртіпте қалыптасады. Банкті мәжбүрлі таратуда кредиторлардың талаптары Қазақстан Республикасының банктік заңнамасымен белгіленген тәртіпте қанағаттандырылады.

71. Банк өз қызметін тоқтатқан болып, заңды тұлғалардың мемлекеттік тізіміне тиісті жазбаларды енгізген кезден бастап саналады.

72. Кредиторлармен есептесіп болғаннан кейін қалған Банк мүлігі тарату комиссиясымен Қазақстан Республикасының банктік заңнамасымен көзделген тәртіпте акционерлер арасында таратылады.


8 Бөлім. Ақпаратты ашу
73. Банк қызметін дұрыс бағалау және оған сенімді қолдау үшін Банктің барынша ақпараттық ашықтығының аса маңыздылығын ескере отырып, акционерлерге, болашақ инвесторларға, қызығушы тұлғаларға және Банк қызметін реттейтін мемлекеттік уәкілетті ұйымдарға Банк қызметі жөнінде ақпараттың толық және дер кезінде берілуін қамтамасыз етеді.

74. Банктің акционерлер, болашақ инвесторлар және мемлекеттік уәкілетті ұйымдар алдындағы өз қызметі жөніндегі ақпаратты ашуының негізгі мақсаты болып, аталған тұлғаларды Банк жөнінде қол жетімді, мерзімді және сенімді ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады. Бұл ретте, Банк, ақпарат көлемі Банк қызметі жөнінде және Банк қызметіне қатысу (Банк акцияларын иелену) жөнінде салмақты шешім қабылдауға, сонымен қатар Банкті басқаруға қатысу үдерісіндегі басқа әрекеттерді жүргізу жөнінде толық әрі дұрыс түсінікті қалыптастыруға мүмкіндік беретіндей болуы тиіс. Сондай-ақ, мұндай ақпараттық ашықтық уәкілетті ұйымдар тарапынан бақылауды жеңілдетеді. Бұған қоса ақпаратты беруде, Банк құпиялы сипаттағы ақпаратты негізсіз ашуды болдырмау мақсатында, берілетін ақпараттың үйлесімділігі мен ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттілігін қаарстырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет