Кодексі анықтамалығы тәуелсіздіктің халықаралық Стандарттарын қоса алғанда


жылдың желтоқсаннан кейін шығарылған кодекстегі өзгерістер және



Pdf көрінісі
бет6/207
Дата08.03.2023
өлшемі2.52 Mb.
#470518
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   207
IESBA Kazakh 2020кодекс15.02.22.

2020 жылдың желтоқсаннан кейін шығарылған кодекстегі өзгерістер және 
алдын ала жобалар
 
Соңғы оқиғалар туралы ақпарат алу үшін, сондай-ақ 2020 жылдың желтоқсанынан 
кейін шығарылған соңғы есептіліктер немесе аяқталмаған жобалар үшін iesba веб-
сайтына www.ethicsboard.org кіріңіз.



К
ОДЕКС БОЙЫНША НҰСҚАУЛЫҚ
 
(Бұл нұсқаулық кодексті пайдалану үшін беделді құрал емес.) 
Кодекстің мақсаты 
1. 
Кәсіби бкхгалтерлердің халықаралық әдеп Кодексі (Халықаралық тәуелсіздік 
стандарттарын қоса алғанда) қоғамдық мүдде алдында кәсіптің 
жауапкершілігін мойындауды сипаттай отырып, кәсіби бухгалтерлер әдебінің 
іргелі қағидаларын қалыптастырады. Бұл қағидалар кәсіби бухгалтерден 
күтілетін мінез-құлық стандарттарын қалыптастырады. Негізгі қағидалар 
мынандай: адалдық, объективтілік, кәсіби құзыреттілік, тиісті сақтық, 
құпиялылық және кәсіби мінез-құлық.
2. 
Кодекс кәсіби бухгалтер іргелі қағидаларды сақтау бойынша қауіптерді 
анықтау, бағалау және жою үшін қолдануға тиісті тұжырымдамалық негізді 
қамтамасыз етеді. Кодекс әр түрлі тақырыптар бойынша қолданбалы 
материалдар мен талаптарды қалыптастырады, осы тақырыптарға 
тұжырымдамалық негізді қолдану үшін бухгалтерлерге көмек береді.
3. 
Сенімділікті сипаттау бойынша аудитті, шолуларды және өзге де келісімдерді 
жүргізу үшін Кодекс осы келісімдерге қатысты тәуелсіздікке төнген қауіпке 
тұжырымдамалық негізді қолдану арқылы қалыптастырылған Халықаралық 
Тәуелсіздік стандарттарын қалыптастырады.
Кодекс қалай құрылымдастырылған
4. 
Кодекс келесі материалдардан тұрады: 
• 1-бөлім - Кодесті сақтау, негізгі қағидалар және тұжырымдамалық 
негіздер 
барлық 
кәсіби 
бухгалтерлерге 
қолданылатын 
негізгі 
қағидалардан және тұжырымдамалық негіздерден тұрады. 
• 2-бөлім - Бизнестегі кәсіби бухгалтерлер - бизнестегі кәсіби 
бухгалтерлер кәсіби қызметті орындау барысында қолданатын қосымша 
материалдар баяндалған. Бизнестегі кәсіби бухгалтерлерге жалданған, 
тартылған, орындаушы немесе орындаушы емес сипатта келісім бойынша 
жалданған кәсіби бухгалтерлер кіреді, мысалы: 
o Саудадағы, өнеркәсіп немесе қызмет көрсету аясындағы. 
o Мемлекеттік сектордағы. 
o Білім берудегі.
o Коммерциялық емес сектордағы. 
o Реттеуші немесе кәсіби органдардағы. 



2-бөлім сонымен қатар, мердігер, қызметкер немесе меншік иесі 
болсын, фирмамен қарым-қатынасқа сәйкес кәсіби қызметті жүзеге 
асыру кезінде көпшілік алдында кәсіби бухгалтерлер болып 
табылатын адамдарға қолданылады. 
• 3-бөлім - Көпшілік алдында жұмыс істейтін кәсіби бухгалтерлер, онда 
кәсіби қызмет көрсету кезінде көпшілік алдында жұмыс істейтін кәсіби 
бухгалтерлерге қолданылатын қосымша материалдар көрсетілген. 
Қосымша 
материалдар 
баяндалған 
Халықаралық 
тәуелсіздік 
стандарттары сенімділікті сипаттау бойынша қызмет көрсету кезінде 
көпшілік алдында жұмыс істейтін кәсіби бухгалтерлерге қолданылады, 
нақтырақ айтсақ:  
o 4A-бөлімі - Аудит және шолу тексеру бойынша тапсырмалардың 
тәуелсіздігі аудит немесе шолу тексеру кезінде тапсырмаларды 
орындау үшін қолданылады.
o 4B-бөлімі - Аудит және шолу тексеру бойынша тапсырмалардан 
өзгеше сенімділікті сипаттау бойынша келісім үшін тәуелсіздік аудит 
немесе шолу тексерісі бойынша тапсырмаға жатпайтын сенімділікті 
сипаттау бойынша тапсырманы орындау кезінде қолданылады.
• Белгілі бір терминдер (қосымша түсіндірмелерімен белгілі бір жерде 
орынды) және терминдер жазылған Глоссарий Кодекстің белгілі бір 
бөлігінде нақты мәнге ие.  Мысалы, 4А-бөліміндегі Глоссарийде 
көрсетілген «аудиторлық тапсырма» аудиторлық тапсырмаға да, шолу 
тапсырмасына да бірдей деңгейде қолданылады. Сонымен қатар 
Глоссарийге Кодекс сілтеме жасайтын өзге де стандарттарда және 
Кодексте қолданылатын қысқартулардың тізімі енгізілген.
5. 
Кодекс нақты тақырыпқа арналған тараулардан тұрады. Кейбір тараулар осы 
тақырыптардың нақты аспектісіне арналған ішкі тараулардан тұрады. 
Кодекстің әрбір тарауы келесідей орынды құрылымдастырылған:
• Кіріспе - тұжырымдамалық негіздердегі қолданбалы материалдар мен 
талаптарды таныстыру қарастырылып отырған тараудың пәнін 
баяндайды. Кіріспе материалдарға әрбір бөлімдер мен оның тарауларын 
түсінуге және пайдалануға маңызды қолданылатын терминдерді 
түсіндіруді қоса алғандағы ақпараттар енгізілген. 
• Талаптар - қарастырылып отырған пәнге қатысты жалпы және нақты 
міндеттемелерді қалыптастырады.
• Қолдану бойынша материалдар - талапты орындауға көмектесетін, 
бейнелеулер мен өзгеде нұсқаулықтарды ескере отырып, іс-әрекеттер 
немесе мәселелер бойынша ұсыныстардан, түсіндірмелерден, мәндерден 
тұрады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   207




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет