Кодексi Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; "Егемен Қазақстан"


-тарау. ӘКIМШIЛIК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ IС ЖҮРГIЗУГЕ



бет40/48
Дата15.06.2016
өлшемі3.69 Mb.
#136952
түріКодекс
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   48

34-тарау. ӘКIМШIЛIК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ IС ЖҮРГIЗУГЕ
ҚАТЫСУШЫЛАР, ОЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МIНДЕТТЕРI

      584-бап. Өзi жөнiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық


                туралы iс жүргiзiлiп жатқан адам

      1. Өзi жөнiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан адам хаттамамен және iстiң басқа да материалдарымен танысуға, түсiнiктеме беруге, хаттаманың мазмұны мен ресiмделуi жөнiнде ескертулер жасауға, дәлелдемелер табыс етуге, өтiнiш және қарсылық мәлiмдеуге, қорғаушының заң көмегiн пайдалануға, iс қаралғанда ана тiлiнде немесе өзi бiлетiн тiлде сөйлеуге, егер iс жүргiзiлiп отырған тiлдi бiлмесе, аудармашының қызметiн пайдалануға; iс жүргiзудi қамтамасыз ету шараларының қолданылуына, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаға және iс жөнiндегi қаулыға шағымдануға, одан үзiндi алуға және iстегi құжаттардың көшiрмелерiн түсiрiп алуға, сондай-ақ өзiне осы Кодексте берiлген өзге де iс жүргiзу құқықтарын пайдалануға құқылы.


      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс өзi жөнiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан адамның қатысуымен қаралады. Аталған адамға iстiң қаралатын орны мен уақыты тиiстi түрде хабарланғаны туралы деректер болған және одан iстi қарауды кейiнге қалдыру туралы өтiнiш түспеген ретте ғана iс оның өзi болмаған жағдайда қаралуы мүмкiн.
      3. Он сегiз жасқа толмаған адам жасаған не жасалуы әкiмшiлiк қамауға алу, тәркiлеу не әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың құралы не нысанасы болған затты өтемiн төлеп алып қою не әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кiрiстердi (дивидендтердi), ақшаны және бағалы қағаздарды тәркiлеу, сондай-ақ шетелдiк азаматты не азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасынан шығарып жiберу немесе адамды өзiне берiлген арнайы құқықтардан айыру түрiндегi (көлiк құралдарын басқару құқығын қоспағанда) әкiмшiлiк жазаға әкеп соқтыратын әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау кезiнде әкiмшiлiк жауапқа тартылып отырған адамның қатысуы мiндеттi.
      4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде аталған адамдар iс жүргiзуiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жатқан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарайтын судьяның, органның (лауазымды адамның) шақыруы бойынша келуден жалтарған жағдайда, бұл адамды мәжбүрлеп алып келу iске асырылуы мүмкiн.
      Алып келу туралы сот ұйғарымын сот приставы немесе iшкi iстер органдары; әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарайтын органның (лауазымды адамның) ұйғарымын iшкi iстер органдары (полиция) орындайды.
      5. Өзi жөнiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан кәмелетке толмаған адам, талқылануы оған терiс әсер етуi мүмкiн iстiң мән-жайын қарау кезiнде уақытша шығарыла тұруы мүмкiн.
      Ескерту. Осы Кодексте тиiсiнше хабарлау (хабардар ету) деп оның тiкелей өзiне немесе онымен бiрге тұрып жатқан кәмелетке толған отбасы мүшелерiнiң бiрiне қолы қойылып, тапсырылғаны туралы жөнелтушiге қайтарылуы тиiс тапсырыстық хатпен, жеделхатпен табыс етiлген хабарлама танылады. Заңды тұлғаға жiберiлген хабарлама өзiнiң тегiн, аты-жөнi мен лауазымын көрсетiп, қолы қойылған заңды тұлғаның басшысына немесе қызметкерiне табыс етiледi.
      Ескерту. 584-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2007.07.27 N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2010.04.02 N 262-IV (2010.10.21 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      585-бап. Жәбiрленушi

      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтан тән жарақатын алған, мүлiктiк немесе моральдық жағынан зақым келтiрiлген жеке немесе заңды тұлға жәбiрленушi болып табылады.
      2. Жәбiрленушi iстiң барлық материалдарымен танысуға, түсiнiктеме беруге, дәлелдемелер табыс етуге, өтiнiш және қарсылық мәлiмдеуге, өкiл ұстауға, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаға және әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағымдануға, өзiне осы Кодекспен берiлген өзге де iс жүргiзу құқықтарын пайдалануға құқылы.
      3. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жәбiрленушiнiң қатысуымен қаралады. Ол адамға iстiң қаралатын орны мен уақыты тиiстi түрде хабарланғаны туралы деректер болған және одан iстi қарауды кейiнге қалдыру туралы өтiнiш түспеген ретте ғана iс оның өзi болмағанда қаралуы мүмкiн.
      4. Жәбiрленушiден осы Кодекстiң 594-бабында көзделген тәртiппен куә ретiнде жауап алынуы мүмкiн. Егер жәбiрленушi заңды тұлға болса, оның заңды өкiлiнен куә ретiнде жауап алынуы мүмкiн.

      586-бап. Жеке адамның заңды өкiлдерi

      1. Өзi жөнiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан жеке адамның немесе кәмелетке толмаған не тән саулығына немесе психикалық жай-күйiне байланысты өз құқықтарын өз бетiнше жүзеге асыру мүмкiндiгiнен айрылған жәбiрленушiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды олардың заңды өкiлдерi жүзеге асырады.
      2. Жеке адамның ата-анасы, асырап алушылары, қорғаншылары, қамқоршылары және қорғаншысы немесе асыраушысы болып отырған өзге де адамдар оның заңды өкiлдерi болып табылады.
      3. Жеке адамның заңды өкiлдерi болып табылатын адамдардың туысқандық байланыстары немесе тиiстi өкiлеттiгi Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген құжаттармен куәландырылады.
      4. Өзi жөнiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан жеке адамның заңды өкiлi әкiмшiлiк жауапқа тартылушы адамды әкiмшiлiк ұстау кезiнен немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалған кезден бастап iске қатысуға жiберiледi.
      5. Өзi жөнiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан жеке адамның және жәбiрленушiнiң заңды өкiлдерiнiң өздерi өкiл болып отырған адамдарға қатысты осы Кодексте көзделген құқықтары болады және сондай мiндеттердi өз мойнына алады.
      6. Он сегiз жасқа толмаған адам жасаған әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қаралған кезде оның заңды өкiлiнiң қатысуы мiндеттi. Кәмелетке толмаған адамның заңды өкiлi келуден жалтарған жағдайда оған iшкi iстер органының (полицияның) алып келуi қолданылуы мүмкiн.

      587-бап. Заңды тұлғаның заңды өкiлдерi

      1. Өзi жөнiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан немесе жәбiрленушi болып табылатын заңды тұлғаның құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды оның заңды өкiлдерi жүзеге асырады.
      2. Заңды тұлғаның басшысы, сондай-ақ заңға немесе құрылтай құжаттарына сәйкес заңды тұлғаның органы болып табылатын өзге де адам оның заңды өкiлдерi болып табылады. Өзi жөнiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан заңды тұлғаның және жәбiрленушiнiң заңды өкiлдерiнiң өздерi өкiл болып отырған тұлғалар жөнiнде осы Кодексте көзделген құқықтары болады және сондай мiндеттердi өз мойнына алады.
      3. Заңды тұлғаның заңды өкiлiнiң өкiлеттiгi оның қызметтiк жағдайын куәландыратын құжаттармен расталады.
      4. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс өзi жөнiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан заңды тұлғаның заңды өкiлiнiң немесе қорғаушысының қатысуымен қаралады. Аталған адамдарға iстiң қаралатын орны мен уақыты тиiстi түрде хабарланғаны туралы деректер болған және олардан iстi қарауды кейiнге қалдыру туралы өтiнiш түспеген ретте ғана iс оның өзi болмаған жағдайда қаралуы мүмкiн.
      5. Жасалуы әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың құралы не нысанасы болған затты тәркiлеу немесе ақысын төлеп алып қою не әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кiрiстердi (дивидендтердi), ақшаны және бағалы қағаздарды тәркiлеу түрiндегi әкiмшiлiк жазаға әкеп соқтыратын әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау кезiнде әкiмшiлiк жауапқа тартылатын заңды тұлғаның заңды өкiлiнiң немесе қорғаушысының қатысуы мiндеттi.
      6. Заңды тұлғаның заңды өкiлi iстi жүргiзiп жатқан судьяның, органның (лауазымды адамның) шақыруы бойынша келуден жалтарған жағдайда аталған адамға судьяның, органның (лауазымды адамның) ұйғарымы негiзiнде iшкi iстер органының (полицияның) алып келуi қолданылуы мүмкiн.
      Ескерту. 587-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2007.07.27. N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      588-бап. Қорғаушы

      1. Қорғаушы - әкiмшiлiк жауапқа тартылушы адамның құқықтары мен мүдделерiн заңда белгiленген тәртiппен қорғауды жүзеге асыратын және оған заң көмегiн көрсететiн адам.
      2. Қорғаушы ретiнде адвокаттар, әкiмшiлiк жауапқа тартылушы адамның жұбайы (зайыбы), жақын туыстары немесе заңды өкiлдерi жiберiледi. Егер заңда белгiленген тәртiппен өзара қатынас негiзiнде Қазақстан Республикасының тиiстi мемлекетпен халықаралық шартында көзделсе, шетелдiк адвокаттар iске қорғаушы ретiнде қатысуға жiберiледi.
      3. Қорғаушы әкiмшiлiк жауапқа тартылушы адамды әкiмшiлiк ұстау кезiнен немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалған кезден бастап iске қатысуға араластырылады.
      4. Егер бiрiнiң мүдделерi екiншiсiнiң мүдделерiне қайшы келсе, әкiмшiлiк жауапқа тартылатын екi адамға бiр адамды қорғаушы етуге болмайды.
      5. Адвокаттың әкiмшiлiк жауапқа тартылушы адамды өз мойнына алған қорғаудан бас тартуға құқығы жоқ.
      Ескерту. 588-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2009.12.11 N 230-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      589-бап. Қорғаушының мiндеттi түрде қатысуы

      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзуге мынадай жағдайларда, егер:
      1) әкiмшiлiк жауапқа тартылушы адам бұл жөнiнде өтiнiш жасаса;
      2) әкiмшiлiк жауапқа тартылушы адам дене немесе психикалық кемiстiктерi салдарынан өзiн қорғау құқығын өз бетiнше жүзеге асыра алмайтын болса;
      3) әкiмшiлiк жауапқа тартылушы адам iс жүргiзiлiп отырған тiлдi бiлмесе;
      4) iстiң материалдарында әкiмшiлiк жауапқа тартылушы адамға медициналық сипатта мәжбүрлеу шаралары белгiленуi мүмкiн деп пайымдайтын деректер болса;
      5) әкiмшiлiк жауапқа тартылушы адам кәмелетке толмаған болса, қорғаушының қатысуы мiндеттi. .V106465
      2. Егер осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген мән-жайлар болған жағдайда әкiмшiлiк жауапқа тартылушы адамның өзi, оның заңды өкiлдерi, сондай-ақ оның тапсыруымен басқа да адамдар қорғаушы шақырмаса, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттi судья, орган (лауазымды адам) iс жүргiзудiң тиiстi сатысында қорғаушының қатысуын қамтамасыз етуге мiндеттi, бұл туралы олар кәсiби адвокаттар ұйымына мiндеттi қаулы шығарады.
      Ескерту. 589-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506 Заңымен.

      590-бап. Қорғаушыны шақыру, тағайындау, ауыстыру, оның


                еңбегiне ақы төлеу

      1. Қорғаушыны, өзi жөнiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан адам, оның заңды өкiлдерi, сондай-ақ өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан адамның тапсыруымен немесе келiсуiмен басқа да адамдар шақырады. Өзi жөнiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан адам қорғау үшiн бiрнеше қорғаушы шақыруға құқылы.


      2. Өзi жөнiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан адамның өтiнуi бойынша әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттi судья, орган (лауазымды адам) қорғаушының қатысуын қамтамасыз етедi.
      3. Таңдалған немесе тағайындалған қорғаушының қатысуы мүмкiн болмаған жағдайларда, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттi судья, орган (лауазымды адам) өзi жөнiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан адамға жиырма төрт сағат iшiнде басқа қорғаушы шақыруды ұсынуға немесе адвокаттар алқасы немесе оның құрылымдық бөлiмшелерi арқылы қорғаушы тағайындауға шаралар қолдануға құқылы. Өзi жөнiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан адамға әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттi судьяның, органның (лауазымды адамның) қорғаушы ретiнде белгiлi бiр адамды шақыруға ұсыныс айтуға құқығы жоқ.
      4. Әкiмшiлiк ұстау жағдайында, егер өзi жөнiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан адам таңдаған қорғаушының үш сағат iшiнде келуi мүмкiн болмаса, өзi жөнiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан адамға әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттi судья, орган (лауазымды адам) басқа қорғаушы шақыруды ұсынады, ал одан бас тартылған жағдайда адвокаттар алқасы немесе оның құрылымдық бөлiмшелерi арқылы қорғаушыны тағайындауға шаралар қолданады.
      5. Адвокаттың еңбегiне ақы заңдарға сәйкес төленедi. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi судья, орган (лауазымды адам) негiз болған жағдайда өзi жөнiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан адамды заң көмегiне ақы төлеуден толық немесе iшiнара босатуға құқылы. Бұл жағдайда еңбекке ақы мемлекет есебiнен төленедi.
      6. Адвокат клиентпен iс жүргiзуге келiсiм жасаспай, тағайындау арқылы қатысқанда, осы Кодекстiң 589-бабының екiншi бөлiгiнде көзделген жағдайда да адвокат еңбегiне ақы төлеу шығыны мемлекет есебiне жатқызылуы мүмкiн.
      7. Адвокат қорғаушы ретiнде адвокаттың куәлiгiн және нақты iстi жүргiзуге оның өкiлеттiгiн куәландыратын ордердi көрсетуi бойынша әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iске қатысуға жiберiледi. Осы Кодекстiң 588-бабының екiншi бөлiгiнде аталған басқа да адамдар қорғаушы ретiнде олардың iске қатысу құқығын растайтын құжаттарды (неке туралы куәлiгiн, сондай-ақ осы Кодекстiң 586-бабының үшiншi бөлiгiнде және 587-бабының үшiншi бөлiгiнде аталған құжаттарды) тапсырады.
      Ескерту. 590-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2009.12.11 N 230-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      591-бап. Қорғаушыдан бас тарту

      1. Өзi жөнiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан адам iс жүргiзудiң кез келген кезiнде қорғаушыдан бас тартуға құқылы, бұл оның өзiн қорғауды өз бетiнше жүзеге асыру ниетiн бiлдiредi. Заң көмегiне ақы төлеуге қаражаты жоқтығын сылтау етiп қорғаушыдан бас тарту қабылданбайды. Бас тарту жазбаша түрде ресiмделедi.
      2. Өзi жөнiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан адамның қорғаушыдан бас тартуы оны бұдан былай қорғаушыны iске қатысуға жiберу туралы өтiнiш жасау құқығынан айырмайды. Қорғаушының iске кiрiсуi сол уақытқа дейiн әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау барысында жасалған әрекеттердi қайталауға әкеп соқпайды.

      592-бап. Қорғаушының өкiлеттiгi

      1. Қорғаушы iстiң барлық материалдарымен танысуға; iстi қарауға қатысуға; дәлелдемелер табыс етуге, өтiнiш мәлiмдеуге және қарсылық бiлдiруге; iстердi қарауға уәкiлеттi судьяның, органның (лауазымды адамның) рұқсатымен iстiң қаралу процесiнде жауап берушiге сұрақтар қоюға; iс жүргiзудi қамтамасыз етуге қолданылатын шаралар және iс бойынша қаулы жөнiнде шағымдануға; өзiне заңмен берiлген өзге де құқықтарды пайдалануға құқылы.
      2. Қорғаушының: қорғалушының мүдделерiне қарсы қандай да болсын iс-әрекеттер жасауға және оның өз құқықтарын жүзеге асыруына кедергi келтiруге; қорғалушының көзқарасына қарамастан, оның әкiмшiлiк құқық бұзушылыққа қатыстылығын және оны жасауға кiнәлiлiгiн тануға, қорғалушының жәбiрленушiмен татуласқандығы туралы мәлiмдеуге; қорғалушының берген шағымы мен өтiнiшiн қайтарып алуға; заң көмегiн сұрау мен оның жүзеге асырылуына байланысты өзiне белгiлi болған мәлiметтердi жария етуге құқы жоқ.

      593-бап. Жәбiрленушiнiң өкiлi

      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi жүргiзу кезiнде заң жүзiнде құқығы бар адвокаттар мен өзге де адамдар жәбiрленушiнiң заңды мүдделерiн бiлдiретiн өкiл бола алады.
      2. Жәбiрленушi өкiлдерiнiң өздерi өкiл болып отырған жеке және заңды тұлғалармен осы Кодексте көзделген шекте iс жүргiзу құқықтары бiрдей болады.
      3. Өкiлдiң өзi өкiлi болып отырған адамның мүдделерiне қайшы қандай да бiр iс-әрекеттер жасауға құқығы жоқ.
      4. Жәбiрленушiнiң iсiне жеке қатысы оны осы iс бойынша өкiл алу құқығынан айырмайды.

      594-бап. Куә

      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша куә ретiнде, егер заңдарда өзгеше көзделмесе, осы iс үшiн маңызы бар мән-жайлардан хабардар болуы мүмкiн кез келген адам шақырылуы мүмкiн.
      2. Куә: өзiне, жұбайына (зайыбына) немесе жақын туыстарына қарсы айғақ беруден бас тартуға, өз айғақтарының тиiстi хаттамаға енгiзiлуiнiң дұрыстығы жөнiнде мәлiмдеме және ескерту жасауға; iстi қарау кезiнде ана тiлiнде сөйлеуге; аудармашының көмегiн тегiн пайдалануға құқылы.
      3. Куә әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiп жатқан судьяның, органның (лауазымды адамның) шақыртуы бойынша келуге, өзiне iс бойынша белгiлi мән-жайдың бәрiн шынайы түрде хабарлауға және қойылған сұрақтарға жауап қайтаруға, өзi берген айғақтардың тиiстi хаттамаға енгiзiлуiнiң дұрыстығын өзi қол қойып куәландыруға мiндеттi.
      4. Куәға әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттi органға (лауазымды адамға) айғақтар беруден жалтарғаны немесе одан бас тартқаны, көрiнеу жалған айғақтар бергенi үшiн әкiмшiлiк жауапкершiлiгi туралы және сотта осы әрекеттердi жасағаны үшiн қылмыстық жауаптылығы туралы ескертiледi.
      5. Куә әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi жүргiзiп жатқан судьяның, органның (лауазымды адамның) шақыртуы бойынша келуден жалтарған жағдайда судьяның, органның (лауазымды адамның) ұйғарымы негiзiнде оны iшкi iстер органдары (полиция) алып келуi мүмкiн.
      6. Он төрт жасқа дейiнгi кәмелетке толмаған куәға сауал қою кезiнде педагогтiң немесе психологтың қатысуы мiндеттi. Қажет болған жағдайда сауал қою осындай куәның заңды өкiлiнiң қатысуымен жүргiзiледi.
      Ескерту. 594-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.28. N 24 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн  2-баптан қараңыз) Заңымен.

       595-бап. Куәгер

      1. Осы Кодексте көзделген жағдайларда, iстiң қорытындысына мүдделi емес, өзi қатысып тұрған кездегi iс-әрекеттердi толық және дұрыс ұғынуға қабiлеттi кәмелетке толған адам куәгер ретiнде тартылады.
      2. Куәгердiң әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзуге қатысуы жеке адамды тексерiп қарау, көлiк құралын, заттарды тексерiп қарау, жеке адамда болған құжаттар мен заттарды алып қою, заңды тұлғаға тиесiлi аумақтарды, үй-жайлар мен мүлiктi қарап шығу, заңды тұлғаға тиесiлi құжаттар мен мүлiктi алып қою туралы хаттамаларда көрсетiледi.
      3. Куәгер әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi жүргiзiп жатқан лауазымды адамның шақыруы бойынша келуге, осы iстiң жүргiзiлуiне қатысуға және өзiнiң қатысуымен жасалған iс-әрекеттердiң жүзеге асырылу фактiлерiн, олардың мазмұны мен нәтижелерiн тиiстi хаттамаға өзi қол қойып куәландыруға мiндеттi.
      4. Куәгердiң жасалған iс-әрекеттер жөнiнде хаттамаға енгiзiлуге тиiстi мәлiмдемелер мен ескертпелер жасауға құқығы бар.
      5. Қажет болған жағдайда куәгерден осы Кодекстiң 594-бабында көзделген тәртiппен куә ретiнде жауап алынуы мүмкiн.

      596-бап. Маман

      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзуге маман ретiнде қатысуға дәлелдемелердi жинауға, зерттеуге және бағалауға, сондай-ақ техникалық құралдарды пайдалануға жәрдем көрсету үшiн қажеттi арнаулы бiлiмi бар және машықтанған, iстiң қорытындысына мүдделi емес кез келген кәмелетке толған адамды тағайындауға болады.
      2. Маман: өзiнiң шақырылу мақсатын бiлуге; егер тиiсiнше арнаулы бiлiмi мен машығы болмаса, iс жүргiзуге қатысудан бас тартуға; өзiнiң қатысуымен жасалатын, iс жүргiзу әрекетiне қатысты iстiң материалдарымен танысуға; әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi жүргiзiп жатқан судьяның, органның (лауазымды адамның) рұқсатымен iс жүргiзу әрекеттерiне қатысушыларға сұрақтар қоюға; салыстырма зерттеулердi қоспағанда, iс жүргiзу әрекеттерi шеңберiнде iс жүргiзу әрекеттерi хаттамасының бiр бөлiгi болып табылатын хаттамада не ресми құжатта iстiң барысы мен нәтижелерi көрсетiлген iс материалдарына зерттеу жүргiзуге; өзi қатысқан iс жүргiзу әрекетiнiң хаттамасымен танысуға және өзiнiң қатысуымен жүргiзiлген әрекеттiң барысы мен нәтижелерi көрсетiлуiнiң толық және дұрыс екендiгi жөнiнде хаттамаға енгiзiлуi қажеттi мәлiмдемелер мен ескертпелер жасауға құқылы.
      3. Маман: әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi жүргiзiп жатқан судьяның, органның (лауазымды адамның) шақыруы бойынша келуге; арнаулы бiлiмiн, машығын және ғылыми-техникалық құралдарды пайдалана отырып, iс жүргiзу әрекеттерiне қатысуға; өзi жасаған әрекеттер бойынша түсiнiк беруге; аталған әрекеттердiң жасалу фактiсiн, олардың мазмұны мен нәтижелерiн өзi қол қойып куәландыруға мiндеттi.
      Ескерту. 596-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2006.07.04. N 151 Заңымен.

      597-бап. Сарапшы



      1. Арнаулы ғылыми бiлiмi бар, iске мүдделi емес адам сарапшы ретiнде шақырылуы мүмкiн. Сот сараптамасын жүргiзу:
      1) сот сараптамасы органдарының қызметкерлерiне;
      2) лицензия негiзiнде сот-сараптама қызметiн жүзеге асыратын адамдарға;
      3) заң талаптарына сәйкес бiржолғы тәртiппен өзге де адамдарға тапсырылуы мүмкiн.
      2. Сарапшы: сараптама нысанасына қатысты iс материалдарымен танысуға; қорытынды беру үшiн қажеттi қосымша материалдарды өзiне беру туралы өтiнiштi мәлiмдеуге; әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi жүргiзетiн органның (лауазымды адамның) рұқсатымен iс жүргiзу әрекеттерiн жүргiзуге қатысуға және оларға қатысушы адамдарға сараптама нысанасына қатысты сұрақтар қоюға; өзi қатысқан iс жүргiзу әрекетiнiң хаттамасымен танысуға және өзiнiң әрекеттерi мен айғақтарының толық және дұрыс көрсетiлуiне қатысты хаттамаларға енгiзiлуге тиiстi ескертпелер жасауға; сот сараптамасын тағайындаған судьяның, органның (лауазымды адамның) келiсiмi бойынша сот-сараптамалық зерттеу барысында анықталған, азаматтық iс үшiн маңызы бар, сот сараптамасын тағайындау туралы ұйғарымда қамтылған мәселелердiң шегiнен тыс мән-жайлар бойынша өз құзыретi шегiнде қорытынды беруге; ана тiлiнде немесе өзi бiлетiн тiлде қорытынды ұсынуға және айғақтар беруге; аудармашының тегiн көмегiн пайдалануға; аудармашыдан бас тартуды мәлiмдеуге; сараптама жүргiзу кезiнде соттың және iс жүргiзуге қатысушы өзге де адамдардың өзiнiң құқықтарына нұқсан келтiретiн шешiмдерi мен әрекеттерiне шағым жасауға; сараптама жүргiзу кезiнде шеккен шығыстарға өтем және егер сот сараптамасын жүргiзу өзiнiң лауазымдық мiндеттерiнiң шеңберiне кiрмейтiн болса, орындалған жұмысы үшiн сыйақы алуға құқылы.
      3. Сарапшы: әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi жүргiзетiн судьяның, органның (лауазымды адамның) шақыруы бойынша келуге; өзiне ұсынылған объектiлерге жан-жақты, толық және объективтi зерттеу жүргiзуге; өзiнiң алдына қойылған мәселелер бойынша негiзделген жазбаша қорытынды беруге; осы Кодекстiң 611-бабының он үшiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларда, қорытынды беруден бас тартуға және қорытынды берудiң мүмкiн еместiгi туралы дәлелдi жазбаша хабарлама жасауға және оны сот сараптамасын тағайындаған органға (лауазымды адамға) жiберуге; жүргiзiлген зерттеуге және берiлген қорытындыға байланысты мәселелер бойынша айғақтар беруге; зерттелiп жатқан объектiлердiң сақталуын қамтамасыз етуге; iстiң мән-жайы туралы мәлiметтердi және сот сараптамасын жүргiзуге байланысты өзiне белгiлi болған өзге де мәлiметтердi жария етпеуге мiндеттi.
      4. Сарапшы сотта көрiнеу жалған қорытынды бергенi үшiн заңда көзделген қылмыстық жауаптылықта болады.
      5. Сот сараптамасы органының қызметкерi болып табылатын сарапшы өз қызметiнiң сипатына қарай өзiнiң құқықтарымен және мiндеттерiмен танысқан және сотта көрiнеу жалған қорытынды бергенi үшiн қылмыстық жауаптылық туралы ескертiлген деп есептеледi.
      Ескерту. 597-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.01.20 № 241-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңымен.

      598-бап. Аудармашы

      1. Бiлiмi әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi жүргiзу кезiнде қажет болатын тiлдердi бiлетiн (мылқаудың немесе саңыраудың ыммен көрсететiн белгiлерiн түсiнетiн), iстiң қорытындысына мүдделi емес кез келген кәмелетке толған адам аудармашы болып тағайындалады.
      2. Аудармашыны әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi жүргiзiп жатқан судья, орган (лауазымды адам) тағайындайды.
      3. Аудармашы: егер өзiнiң аударма үшiн қажеттi бiлiмi болмаса, iс жүргiзуге қатысудан бас тартуға; аударма жасау кезiнде қатысушы адамдарға аударманы нақтылау үшiн сұрақтар қоюға; өзi жүргiзiлуiне қатысқан iс жүргiзу әрекетiнiң хаттамасымен танысуға және аударманың хатқа түсiрiлуiнiң толық және дұрыс екендiгi жөнiнде хаттамаға енгiзiлуi керек болатын ескертпелер жасауға құқылы.
      4. Аудармашы: әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi жүргiзiп жатқан судьяның, органның (лауазымды адамның) шақыруы бойынша келуге және өзiне тапсырылған аударманы толық және дәл жасауға; тиiстi хаттамада аударманың дұрыстығын өзi қол қойып куәландыруға мiндеттi.
      5. Аудармашыға әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттi орган (лауазымды адам) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау кезiнде көрiнеу жалған аударма жасағаны үшiн әкiмшiлiк жауапты болатынын және сотта осы әрекеттi жасағаны үшiн қылмыстық жауапты болатынын ескертедi.
      6. Осы баптың ережелерi мылқаудың немесе саңыраудың ыммен көрсететiн белгiлерiн түсiнетiн, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iске қатысуға тартылған адамға қолданылады.

      599-бап. Прокурор

      1. Прокурор осы Кодекстiң 583-бабында көзделген өз өкiлеттiктерiн iске асыру мақсатында әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзуге қатысуға құқылы. Бұл орайда прокурор дәлелдемелер табыс етедi және оларды тексеруге қатысады; iстi қарап жатқан сотқа, органға (лауазымды адамға) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп отырған адамға қатысты, оның кiнәлiлiгi туралы, сондай-ақ iстiң қаралу процесiнде туындайтын басқа да мәселелер жөнiнде өз пiкiрiн баяндайды; iстi қарап жатқан сотқа, органға (лауазымды адамға) заңның ережелерiн қолдану және әкiмшiлiк жаза қолдану не одан босату туралы ұсыныс айтады.
      2. Прокурор кәмелетке толмаған адам жасаған әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстiң қаралатын орны мен уақыты, сондай-ақ әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғатын құқық бұзушылық туралы хабардар етiледi. Ол болмаған кезде, мұндай iс тек iстiң қаралатын орны мен уақыты туралы прокурорға дер кезiнде хабарланғандығы туралы деректер болған және одан iстi қарауды кейiнге қалдыру туралы өтiнiш түспеген жағдайда ғана қаралуы мүмкiн.

      600-бап. Iс жүргiзу мiндеттерiн орындамағаны үшiн



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   48




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет