Кодексi Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шiлдедегi n 481 Кодексi "Егемен Қазақстан"



бет1/9
Дата07.07.2016
өлшемі0.6 Mb.
#183435
түріКодекс
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Қазақстан Республикасының Су Кодексi

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шiлдедегi N 481 Кодексi


"Егемен Қазақстан" 2003 жылғы 23 шiлде N 184-185; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң жаршысы, 2003 жыл., N 17, 141-құжат.


Мазмұны

1-БӨЛIМ. Жалпы ережелер

      Ескерту. Бүкiл мәтiн бойынша "жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегi уәкiлеттi органның", "жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегi уәкiлеттi органмен", "жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегi уәкiлеттi орган", "жер қойнауын пайдалану мен қорғау жөнiндегi уәкiлеттi орган", "жер қойнауын пайдалану мен қорғау жөнiндегi уәкiлеттi органның", "жер қойнауын пайдалану мен қорғау жөнiндегi уәкiлеттi органмен", "жер қойнауын пайдалану мен қорғау жөнiндегi уәкiлеттi органға" деген сөздер тиiсiнше "жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органның", "жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органмен", "жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi орган", "жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органның", "жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органмен", "жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органға", Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органымен", "Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органының", "Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi орталық атқарушы органы", "Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органы", "Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органына" деген сөздер тиiсiнше "қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен", "қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның", "қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган", "қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органға" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 2007.01.09 N 213 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), бүкiл мәтiн бойынша "су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi орган", "су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен", "су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi органның", "су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi органға" "су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi органда" деген сөздер тиiсiнше "уәкiлеттi орган", "уәкiлеттi органмен", "уәкiлеттi органның", "уәкiлеттi органға" "уәкiлеттi органда" деген сөздермен ауыстырылды - 2009.02.12 N 132-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн  2-баптан қараңыз) Заңдарымен.


      Ескерту. Мазмұнға өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2009.02.12 N 132-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      Ескерту. Бүкiл мәтiн бойынша «жануарлар мен өсiмдiктер» деген сөздер «өсiмдiктер мен жануарлар» деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.



1-тарау. Негiзгi ережелер

      1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негiзгi ұғымдар



      Осы Кодексте пайдаланылатын негiзгi ұғымдар:
      1) ағын су - ойпаңды жер бетiнде ылдиға құлай аққан судың қозғалысымен сипатталатын су объектiсi;
      2) акватория - табиғи, жасанды немесе шартты шекаралармен шектелген су кеңiстiгi;
      3) ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздерi - су тұтынушылар үшiн ауыз сумен жабдықтаудың олардың ауыстырылуы мүмкiн емес және мақсатқа сай келмейтiн бiрден-бiр көздерi;
      4) басқарудың бассейндiк принципi - өзендердiң, көлдердiң және басқа да су объектiлерiнiң бассейндерi шегiнде су ресурстарын әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер арасында бөлу кезiнде iске асырылатын су қорын гидрографиялық белгiлер бойынша басқару;
      5) гидромелиорациялық жүйе - жердi суаруға, суландыруға және құрғатуға арналған технологиялық жағынан өзара байланысты гидротехникалық құрылыстар, құрылғылар мен жабдықтар кешенi;
      6) гидромелиорациялық кондоминиумге қатысушылар - ортақ үлестiк меншiк құқығындағы гидромелиорациялық кондоминиумнiң құрамына кiретiн бiр гидромелиорациялық жүйемен немесе оның элементтерiмен суарылатын жеке меншiк немесе уақытша өтеулi пайдалану құқығында жер учаскесi бар жеке және (немесе) заңды тұлғалар;
      7) гидротехникалық құрылыстар - су ресурстарын басқару, су пайдаланушыларға су беру, сумен жабдықтау және су бұру, судың зиянды әсерiнiң алдын алу үшiн пайдаланылатын инженерлiк құрылыстар;
      8) жағалау белдеуi - экологиялық талаптарды сақтай отырып, навигациялық белгiлер мен жабдықтарды орнатуға арналған су объектiлерi жағалауының бойындағы жағалау жиегiнен енi жиырма метр құрлық белдеуi;
      9) жағалау жиегi - су объектiсi жағалауының судың барынша көтерiлуi (лық толуы) нәтижесiнде пайда болатын жиегi;
      10) жер асты суларының бассейнi - жер қойнауында орналасқан су тұтқыш жиектер жиынтығы;
      11) жер асты суларының көздерi мен учаскелерi - шегiнде жер асты суларын шығару мен алу үшiн қолайлы жағдайлары бар су тұтқыш жиектердiң бөлiктерi;
      12) жер асты шаруашылық-ауыз сулары - өзiнiң табиғи жай-күйiндегi немесе өңделгеннен кейiнгi сапасы бойынша нормативтiк талаптарға сай келетiн және адамның ауыз суға және тұрмыстық қажетiне, не ауыз су өнiмдерiн өндiруге арналған жерасты сулары;
      13) жер үстi су объектiлерi - шекарасы, көлемi мен су режимi бар, құрлық бетiнде оның бедерi нысанында сулардың тұрақты немесе уақытша жинақталуы;
      13-1) коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкiлеттi орган – елдi мекендер шегiнде сумен жабдықтау және су бұру саласындағы басшылықты және салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
      14) қайтарымды сулар - суармалы аумақтардан ағатын жер асты және жер үстi сулары немесе өнеркәсiп орындары, тұрмыстық сумен жабдықтау құрылғылары және коммуналдық кәсiпорындар ағызатын сулар;
      15) құбырлы сүзгiш құдық - су тұтқыш тау-кен жынысына оларды сорғыту мақсатымен бекiтiлетiн бiрқатар тесiктерi бар құбыр кесiндiсi;
      16) мелиорацияланған жерлер - мелиорациялық iс-шаралар жүргiзiлген жерлер;
      17) минералды жерасты сулары - өзiнiң құрамы және (немесе) кейбiр ерекше компоненттерiнiң мөлшерi бойынша оң бальнеологиялық әсер ететiн жерасты сулары;
      18) өзендерге теңестiрiлген каналдар - суды бiр бассейннен екiншiсiне, сондай-ақ бiр өзен жүйесiнен екiншiсiне ауыстыруға арналған жасанды құрылыстар;
      19) өндiрiстiк-техникалық жерасты сулары - өзiнiң сапасы мен физикалық қасиеттерi бойынша өндiрiстiк-техникалық сумен жабдықтау үшiн пайдаланылатын немесе пайдаланылуы мүмкiн жерасты сулары;
      20) санитарлық қорғау аймағы - су сапасы нашарлауының алдын алу үшiн сумен жабдықтау көзiн (ашық және жер асты), су құбыры құрылыстарын және оларды қоршаған аумақты қорғау мақсатында белгiленген режим сақталуға тиiс сумен жабдықтау көзi мен су құбыры құрылыстарының төңiрегiнде арнайы бөлiнетiн аумақ
      21) сарқынды сулар - адамның шаруашылық қызметi нәтижесiнде пайда болатын немесе табиғи немесе жасанды су объектiлерiне немесе жер бедерiне ағызып жiберiлетiн ластанған аумақтағы сулар;
      22) суару каналы - суару көздерiнен суаруды қажет ететiн учаскелерге су тасымалдауға арналған жасанды құрылыс;
      23) су бұру - сарқынды суларды жинауды, тасымалдауды, тазартуды және су бұру жүйелерi арқылы су объектiлерiне және (немесе) жер бедерiне бұруды қамтамасыз ететiн iс-шаралардың жиынтығы;
      24) су бұру жүйесi - сарқынды суларды жинауға, тасымалдауға, тазартуға және бұруға бағытталған инженерлiк желiлер мен құрылыстардың кешенi;
      25) су бөлу орны - су пайдаланушы су көзiнен су алатын орын, сондай-ақ, су пайдаланушы су тұтынушыға су ресурстарын беретiн орындағы гидробекет;
      26) су жинау алаңы - шекарасы шегiнде су объектiсiнiң су ресурстары қалыптастырылатын аумақ
      27) су жiберу - ағын судың төменгi учаскесiндегi су шығынын немесе деңгейiн немесе су қоймасының өзiндегi судың деңгейiн реттеу үшiн су қоймасынан суды кезең-кезеңмен немесе мезгiл деп беру;
      28) су қорғау аймағы - судың ластануын, қоқыстануын және сарқылуын болғызбау үшiн шаруашылық қызметiнiң арнайы режимi белгiленетiн су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарына iргелес аумақ
      29) су қорғау белдеуi - шектеулi шаруашылық қызметi режимi белгiленетiн, су объектiсiне iргелес жатқан су қорғау аймағы шегiндегi енi кемiнде отыз бес метр аумақ
      30) су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) - елдi мекендер шегiнен тыс жерлерде су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы басқару мен бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
      31) су қорының жерлерi:
      су объектiлерi (өзендер және соларға теңестiрiлген каналдар, көлдер, су қоймалары, тоғандар және басқа да iшкi су айдындары, аумақтық сулар, мұздықтар, батпақтар) және су көздерiндегi ағысты реттеуге арналған су шаруашылығы құрылыстары алып жатқан жерлер;
      су объектiлерiнiң су қорғау белдеулерiне бөлiнiп берiлген жерлер;
      ауыз сумен жабдықтаудың су тарту жүйелерiнiң санитарлық қорғау аймақтарына бөлiнiп берiлген жерлер;
      32) сулар - су объектiлерiнде жинақталған барлық сулардың жиынтығы;
      33) сулардың зиянды әсерi - су тасу, су басу, топан су басу мен табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың туындауына немесе олардың пайда болуы қатерiне негiз болған сулардың өзге де терiс әсер етуi;
      34) сулы-батпақты алқап - батпақты, фендi, шымтезектi пайдаланатын жерлер ауданы немесе тереңдiгi судың қайтуы кезiнде алты метрден аспайтын теңiз акваторияларын қоса алғанда, табиғи немесе жасанды, тұрақты немесе уақытша, ағынсыз немесе ағынды, тұщы, тұздылау немесе тұзды су қоймалары;
      35) сумен жабдықтау - суды жинауды, сақтауды, дайындауды, берудi және сумен жабдықтау жүйесi арқылы су тұтынушыларға таратуды қамтамасыз ететiн iс-шаралар жиынтығы;
      36) сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерi - басымдылығы мен әлеуметтiк маңыздылығы бар және Қазақстан Республикасының Үкiметi сумен жабдықтаудың ерекше маңызды жүйелерiнiң санаттарына жатқызған ауыз сумен жабдықтаудың топтық және оқшау жүйелерi;
      37) сумен жабдықтау жүйесi - суды жинауға, сақтауға, дайындауға, беруге және оны тұтыну орындарына таратуға арналған инженерлiк желiлер мен құрылыстар кешенi;
      38) су объектiлерiн қорғау - су объектiлерiн сақтауға, қалпына келтiруге және ұдайы молайтуға, сондай-ақ судың зиянды әсерiне жол бермеуге бағытталған қызмет;
      39) су объектiлерiн пайдалану - жеке және заңды тұлғалардың материалдық немесе өзге де қажеттiлiктерiн қанағаттандыру үшiн су объектiлерiнiң пайдалы табиғи қасиеттерiн алу;
      40) су объектiсiнiң бассейнi - гидравликалық жағынан байланысты су айдындары мен ағын сулардың су жинау алаңдарын қамтитын аумақ
      41) су пайдалану - жеке және заңды тұлғалардың өз мұқтаждарын және (немесе) коммерциялық мүдделерiн қанағаттандыру үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен су ресурстарын пайдалану;
      42) су пайдаланушы - өз мұқтаждарын және (немесе) коммерциялық мүдделерiн қанағаттандыру үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен су ресурстарын пайдалану құқығы берiлген жеке немесе заңды тұлға;
      43) су режимi - су объектiлерi мен топырақ қабатындағы су деңгейiнiң, шығыстары мен көлемiнiң уақытқа қарай өзгеруi;
      44) су сервитуты - су объектiсiн шектеулi пайдалану құқығы;
      45) су тарту құрылысы - су объектiлерiнен су алуға арналған құрылыстар мен құрылғылар кешенi;
      46) су торабы - бiр тұстамада орналасқан әртүрлi мақсаттағы технологиялық байланысқан гидротехникалық құрылыстар тобы;
      47) су тұтынушы - су объектiлерiнен су тұтынушы немесе су шаруашылығы ұйымдарының қызметтерiн пайдаланушы және сумен жабдықтау жүйелерiнен су алушы жеке немесе заңды тұлға;
      48) су үнемдеу - су ресурстарының ұтымды және тиiмдi пайдаланылуын қамтамасыз ететiн шаралар жүйесi;
      49) су шаруашылығы - су объектiлерiн пайдалануға, қорғауға және ұдайы молайтуға байланысты экономика саласы;
      50) су шаруашылығы жүйесi - өзара байланысты су объектiлерi мен гидротехникалық құрылыстар кешенi;
      51) су шаруашылығы жүйелерi мен құрылыстарының қауiпсiздiгi - су шаруашылығы жүйелерi, құрылыстары элементтерiнiң адамдардың өмiрiн, денсаулығын және заңды мүдделерiн, қоршаған табиғи орта мен шаруашылық объектiлерiн қорғауды қамтамасыз ететiн өзiндiк ерекшелiктерi;
      52) су шаруашылығы жүйелерi мен құрылыстарының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету - су шаруашылығы жүйелерi мен құрылыстары авариялары туындауының алдын алу жөнiндегi шараларды әзiрлеу және жүзеге асыру;
      53) су шаруашылығы жүйелерi мен құрылыстары қауiпсiздiгiнiң өлшемдерi - су шаруашылығы жүйелерi мен құрылыстары аварияларының туындау қатерiнiң жол берiлетiн деңгейiне сәйкес келетiн су шаруашылығы жүйелерi мен құрылыстары жай-күйiнiң техникалық көрсеткiштерiнiң және оларды пайдалану шарттарының шектi мәнi;
      54) су шаруашылығы құрылыстары - су ресурстарының пайдаланылуы мен қорғалуын реттеу, сумен жабдықтау, су бұру және судың зиянды әсерiн жою мақсатында жасанды түрде құрылған гидротехникалық құрылыстар мен қондырғылар;
      55) су шаруашылығы ұйымдары - қызметi суларды реттеумен, жеткiзумен, ұдайы молайтумен, сумен жабдықтаумен, су бұрумен және су объектiлерiн пайдаланумен байланысты заңды тұлғалар;
      56) тау-кен жыныстарының су тұтқыш аймақтары, жиектерi мен кешендерi - тау-кен жыныстарының жарықтары мен кеуек қуыстарында жинақталған және гидравликалық байланыстағы сулар;
      57) трансшекаралық әсер - табиғи көзi шектес мемлекеттiң немесе көршiлес мемлекеттердiң аумағында толық немесе iшiнара орналасқан трансшекаралық сулардың адамның қызметiнен туындайтын сандық немесе сапалық жағынан өзгеруi нәтижесiнде пайда болатын зиянды зардаптар;
      58) тұстама - су торабының құрылыстары орналасқан өзен учаскесi;
      59) шахта құдығы - сумен жабдықтау, тау-кен жыныстарын құрғату және жер бетiнен атмосфералық және жер үстi суларын бұру мақсатында жерасты суларын алу үшiн құрылған тереңдiгi көлденең кесiгiнен үлкенiрек тiк тау-кен қазындысы;
      60) шегендеу құрылысы - табиғи жолмен шығып жатқан жерасты суларының ашылуын және пайдалану мақсатында олардың жер бетiне шығарылуын қамтамасыз ететiн инженерлiк-техникалық құрылыс.
      Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.02.12 N 132-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), өзгерту енгiзiлдi - 2009.07.10. N 180-IV, 2011.07.22 № 479-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      2-бап. Қазақстан Республикасының су заңдары

      1. Қазақстан Республикасының су заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
      2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда осы Кодекстегiден өзгеше ережелер белгiленген болса, халықаралық шарттардың ережелерi қолданылады.

      3-бап. Қазақстан Республикасы су заңдарының


              мақсаттары мен мiндеттерi

      1. Қазақстан Республикасы су заңдарының мақсаттары халықтың және қоршаған ортаның тiршiлiк жағдайларын сақтау мен жақсарту үшiн су пайдалану мен су қорын қорғаудың, сумен жабдықтаудың және су бұрудың экологиялық қауiпсiз және экономикалық оңтайлы деңгейiне қол жеткiзу және қолдау болып табылады.


      2. Қазақстан Республикасы су заңдарының мiндеттерi:
      1) су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттiк саясатты жүргiзу;
      2) су қатынастарын, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы қатынастарды реттеу;
      3) тұрақты су пайдалануды және су қорын қорғауды, сумен жабдықтауды және су бұруды қолдау мен дамытудың құқықтық негiздерiн қамтамасыз ету;
      4) су қорын пайдаланудың және қорғаудың, сумен жабдықтаудың және су бұрудың негiзгi принциптерi мен бағыттарын айқындау;
      5) су ресурстарын зерттеу, барлау, ұтымды және кешендi пайдалану мен қорғау, гидромелиорациялық жүйелер мен су шаруашылығы құрылыстары саласындағы қатынастарды басқару;
      6) жердi гидромелиорациялауды дамыту бағыттарын айқындау;
      7) халықты және шаруашылық объектiлерiн су шаруашылығы құрылыстарындағы төтенше жағдайлардан және олардың зардаптарынан қорғау.
       Ескерту. 3-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2009.02.12 N 132-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      4-бап. Қазақстан Республикасының су қоры

      Қазақстан Республикасының су қоры Қазақстан Республикасының аумағы шегiндегi мемлекеттiк су кадастрына енгiзiлген немесе енгiзiлуге тиiс барлық су объектiлерiнiң жиынтығын қамтиды.

      5-бап. Су объектiлерi

      Шекарасы, көлемi мен су режимi бар құрлық бетi бедерлерiндегi және жер қойнауындағы су шоғырланымдары Қазақстан Республикасының су объектiлерiне жатады. Олар: теңiздер, өзендер, соларға теңестiрiлген каналдар, көлдер, мұздықтар және басқа да жер үстi су объектiлерi, жер асты сулары бар жер қойнауының бөлiктерi.

      6-бап. Су ресурстары

      Қазақстан Республикасының су ресурстары су объектiлерiнде жиналған, пайдаланылатын немесе пайдаланылуы мүмкiн жер үстi және жер асты суларының қорлары болып табылады.

      7-бап. Су қорының жерлерi

      1. Су қорының жерi мемлекет меншiгiнде болады.
      2. Ауданаралық (облыстық) және шаруашылықаралық (аудандық) маңызы бар су шаруашылығы құрылыстары (cyapу және сорғыту жүйелерi) орналасқан су қорының құрамындағы жер учаскелерi, сондай-ақ бiр шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң жер учаскесiне қызмет көрсететiн ирригациялық құрылғылар, аталған құрылыстар жекешелендiрiлген жағдайда, азаматтардың және Қазақстан Республикасының мемлекеттiк емес заңды тұлғаларының жеке меншiгiнде болуы мүмкiн.
      3. Осы баптың 2-тармағында аталған екi немесе одан көп жер учаскелерiн меншiктенушiлерге немесе жер пайдаланушыларға қызмет көрсететiн жер учаскелерi оларға ортақ меншiк немесе жалпы жер пайдалану құқығымен табысталады.
      4. Су қорының жерiн меншiкке немесе жер пайдалануға беру тәртiбi Қазақстан Республикасының жер туралы заң актiсiмен реттеледi.
      Ескерту. 7-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2007.01.09. N 213 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      8-бап. Қазақстан Республикасының


              су қорына меншiк құқығы

      1. Қазақстан Республикасының су қоры айрықша мемлекеттiк меншiкте болады.


      2. Су қорын иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығын Қазақстан Республикасының Yкiметi жүзеге асырады.
      3. Су объектiлерiне мемлекеттiк меншiк құқығын бұзған жеке және заңды тұлғалардың iс-әрекеттерiнiң күшi болмайды және ол Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауапкершiлiкке әкеп соғады.

      9-бап. Қазақстан Республикасы су заңдарының принциптерi

      Қазақстан Республикасының су заңдары мынадай принциптерге негiзделедi:
      1) халықтың өмiрi мен қызметiнiң негiзi болып табылатын сулардың мемлекеттiк маңызын мойындау;
      2) халықты ауыз судың қажеттi мөлшерiмен және кепiлдi сапасымен бiрiншi кезекте қамтамасыз ету;
      3) халықтың суға әдiл және теңдей қол жеткiзуi;
      4) су алуды азайтуға және судың зиянды әсерiн кемiтуге мүмкiндiк беретiн қазiргi заманғы технологияларды игерiп, кешендi және ұтымды су пайдалану;
      5) су объектiлерiн оларды қорғаумен қоса кешендi пайдалану;
      6) арнайы су пайдаланудың ақылылығы;
      7) Қазақстан Республикасының су заңдарын бұзудан келтiрiлген залалды өтеу;
      8) Қазақстан Республикасының cу заңдарын бұзғандық үшiн жауапкершiлiктiң бұлтартпастығы;
      9) су қорын пайдалану мен қорғау жөнiндегi мiндеттердi шешудегi жариялылық және оларға жұртшылықты тарту;
      10) Қазақстан Республикасы су қорының жай-күйi туралы ақпараттың қолжетiмдiлiгi;
      11) халықаралық нормалар мен Қазақстан Республикасы бекiткен  халықаралық шарттардың негiзiнде трансшекаралық суларды пайдалану.

      10-бап. Қазақстан Республикасының су және өзге де


              заңдарымен реттелетiн су қорын пайдалану мен
              қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы
              қатынастар

      1. Қазақстан Республикасының су заңнамасы су қорын пайдалану мен қорғау, су қорын және су шаруашылығы жүйелерiн басқару, сумен жабдықтау және су бұру, гидромелиорациялық жұмыстарды және су шаруашылығы жүйелерi мен құрылыстарының қауiпсiздiгi жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу саласындағы қатынастарды және өзге де су қатынастарын реттейдi.


      2. Су объектiлерiн пайдалану мен қорғау кезiнде туындайтын жерге, орманға, өсiмдiк пен жануарлар дүниесiне қатысты қатынастар арнайы заңдармен және осы Кодекспен реттеледi.
      3. Су объектiлерiнiң экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мен табиғи су экологиялық жүйелерiне шаруашылық және өзге де қызметтiң зиянды әсерiн болғызбау кезiнде туындайтын қатынастар Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасымен және Қазақстан Республикасының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы заңнамасымен, сондай-ақ осы Кодекспен реттеледi.
      4. Жep қойнауын геологиялық зерттеу, барлау және кешендi игеру, жер асты сулары мен жер асты құрылыстарын судың зиянды әсерiнен қорғау саласында туындайтын қатынастар жер қойнауы режимiне бағындырылады және, осы Кодекстiң 66-бабының 3 және 4-тармақтарын қоспағанда, жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану, өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласындағы Қазақстан Республикасының тиiстi заңдарымен реттеледi.
      5. Су объектiлерiндегi табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою саласында туындайтын қатынастар Қазақстан Республикасының табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы заңдарымен реттеледi.
      6. Кеме қатынасы мен теңiзде жүзу саласында туындайтын қатынастар Қазақстан Республикасының су көлiгi саласындағы заңдарымен реттеледi.
      7. Теңiз суларын пайдалану саласындағы қатынастар осы Кодекспен және Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттармен реттеледi.
      8. Трансшекаралық суларды пайдалану мен қорғауға байланысты қатынастар осы Кодекспен, Қазақстан Республикасының заңдарымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттармен реттеледi.
       Ескерту. 10-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2009.02.12. N 132-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз)  Заңымен.

2-тарау. Су қатынастары объектiлерi

      11-бап. Су қатынастары объектiлерi

      1. Су объектiлерi, су шаруашылығы құрылыстары және су қорының жерлерi су қатынастарының объектiлерi болып табылады.
      2. Су объектiлерi:
      1) жер үстi су объектiлерi;
      2) жер асты су объектiлерi;
      3) Қазақстан Республикасының теңiз сулары;
      4) трансшекаралық сулар болып бөлiнедi.
      3. Пайдалану түрлерiне қарай су объектiлерi:
      1) ортақ пайдаланудағы су объектiлерi;
      2) бiрлесiп пайдаланудағы су объектiлерi;
      3) оқшау пайдаланудағы су объектiлерi;
      4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың су объектiлерi;
      5) ерекше мемлекеттiк маңызы бар су объектiлерi;
      6) мемлекеттiк орман қорының су объектiлерi болып бөлiнедi.
      Ескерту. 11-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      12-бап. Жер үстi су объектiлерi

      1. Жер үстi су объектiлерi:
      1) су айдындары - өзендер және соларға теңестiрiлген каналдар, көлдер, су қоймалары, тоғандар және басқа iшкi су айдындары, аумақтық сулар;
      2) мұздықтар, батпақтар болып бөлiнедi.
      2. Жер үстi су объектiлерi жер үстi суларынан, олардың түбiнен және жағалауынан тұрады.

      13-бап. Жер асты су объектiлерi

      Жер асты су объектiлерiне мыналар жатады:
      1) су тұтқыш аймақтар, тау-кен жыныстарының жиектерi мен кешендерi;
      2) жер асты суларының бассейнi;
      3) жер асты сулары орындары мен учаскелерi;
      4) жер асты суларының құрлықта немесе су астынан табиғи шығуы;
      5) жер қойнауының суландырылған учаскелерi.

      14-бап. Теңiз сулары

      1. Қазақстан Республикасының теңiз суларына, егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы шегiндегi Каспий және Арал теңiздерiнiң сулары жатады.
      2. алып тасталды
      Ескерту. 14-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi) Заңымен.

      15-бап. Трансшекаралық сулар

      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын белгiлейтiн және (немесе) қиып өтетiн жер үстi және жер асты сулары трансшекаралық сулар болып табылады.
      2. Трансшекаралық суларды пайдалану мен қорғау тәртiбi осы Кодекспен, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекара туралы заңдарымен және Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттармен белгiленедi.

      16-бап. Ортақ пайдаланудағы су объектiлерi

      1. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, барлық су объектiлерi ортақ пайдаланудағы объектiлер болып табылады.
      2. Су объектiлерiнде ортақ су пайдалану осы Кодексте белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
      3. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда ортақ пайдаланудағы су объектiлерiн пайдалануды шектеуге жол берiледi.

      17-бап. Бiрлесiп пайдаланудағы су объектiлерi

      1. Жеке немесе заңды тұлғаларға толық немесе iшiнара бiрлесiп пайдалануға берiлген су объектiлерi бiрлесiп пайдаланудағы су объектiлерi болып табылады.
      2. Бiрлесiп пайдаланудағы су объектiлерiн пайдаланған кезде ағын судың төменгi жағында орналасқан су пайдаланушылардың мүдделерi бiрiншi кезекте қанағаттандырылады.
      3. Бiрлесiп пайдаланудағы су объектiлерiн пайдаланатын су пайдаланушылар өзара мүдделердi ескеруге, су пайдалану құқығын жүзеге асыруды қиындатпауға және бiр-бiрiне зиян келтiрмеуге мiндеттi.
      4. Бiрлесiп пайдалану үшiн су объектiлерiн облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша бередi.
      5. Бiрлесiп пайдаланудағы су объектiлерiнде ортақ су пайдалану осы Кодексте белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
      Ескерту. 17-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi) Заңымен.

      18-бап. Оқшау пайдаланудағы су объектiлерi

      1. Жеке немесе заңды тұлғаларға толық немесе iшiнара оқшау пайдалануға берiлген су объектiлерi оқшау пайдаланудағы су объектiлерi болып табылады.
      2. Оқшау пайдаланудағы су объектiлерi осы Кодексте белгiленген тәртiппен ортақ пайдаланудағы су объектiлерi ретiнде пайдаланылуы мүмкiн.

      19-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың су



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет