Кодексі І. Жалпы ережелер «Қазтеміртранс»



жүктеу 133.22 Kb.
Дата22.02.2016
өлшемі133.22 Kb.
2010 жылдың «7» шілдесінен №9 хаттама

«Қазтеміртранс» Акционерлік қоғамы

директорлар Кеңесінің шешімімен

БЕКІТІЛГЕН
«Қазтеміртранс» Акционерлік қоғамының

іскер этикасының Кодексі
І. Жалпы ережелер


  1. «Қазтеміртранс» Акционерлік қоғамының іскер этикасының осы Кодексі (бұдан әрі - Кодекс) Қазақстан Республикасының қолданылудағы заңнама ережелеріне, «Қазтеміртранс» Акционерлік қоғамының ішкі құжаттарына (бұдан әрі - Қоғам), соның ішінде Қоғамның бірлескен басқарма Кодексіне сәйкес жасалып, іскер этикасының негізге алынатын құндылықтар мен ұстанымдарын, іскер қарым-қатынастарының этикалық нормаларын белгілейді.

  2. Осы Кодекстің мақсаты бірлескен мәдениетті қалыптастыру мен іскер тәлімін қолдану жолында қызыққан тұлғалармен тиімді өзара әрекеттесуге жәрдемдесу болып табылады.

  3. Кодексте ендігідей ұғымдар мен терминдер қолданылады:

Қоғам – «Қазтеміртранс» Акционерлік қоғамы;

іскер этикасы - Қоғам өз қызметі барысында басшылық ететін адамгершілік, этикалық ұстанымдар және іскер қатынас пен қызметтік тәлімінің жиынтығы мен оның лауазымдық тұлғалары мен жұмыскерлері;

лауазымдық тұлғалар – директорлар Кеңесінің, Басқарма мүшелері;

қызыққан тұлға – құқықтары заңнама және Жарғымен қарастырылған әрі Қоғам қызметімен байланысты тұлға;

Қоғамның бедел-бейнесі – оның лауазымдық тұлғалары мен жұмыскерлерінің, сонымен қатар Қоғам қызметкерлерінің санына кірмейтін адамдардың санасында қалыптасқан Қоғам бейнесі. Ол Қоғамның құндылық мінездемелерін бөліп, оны қабылдауға әсерін тигізеді.

Бірлескен рух – Қоғам жұмыскерлерінің тәлімімен басқарылатын идеялар, құндылықтар, дәлелдер, ұмтылыстар және күтулер. Ол ортақ ұжымдық жұмыстағы қызметтестікті шарттайды.

қызығушылықтар дауы – Қоғамның лауазымдық тұлғасы мен жұмыскерлерінің жеке қызығушылығы қызметтік міндеттемелердің бейтарап орындалуына әсер ететін немесе әсерін тигізе алатын жағдай;

бірлескен дау

  1. Бірден-бір акционер және Қоғам органдары;

  2. Бірден-бір акционердің және Қоғам қызметінің қызығушылықтарына негативті әсер ететін Қоғамның бірлескен басқарма сұрақтары бойынша Қоғам органы және Қоғамның қызыққан тұлғалары арасындағы келіспеушіліктер мен даулар;

бірлескен стиль – Қоғаммен пайдаланылатын тұтынушылар мен тауар жеткізушілеріне әсер ету қабылдаулары мен бірқилы әдістерінің тұрақты жиынтығы. Оның мақсаты Қоғам имиджінің қайталанбастығын және танылатындығын қалыптастыру болып табылады.

Қоғамның беделі –жұмыс, ұсынылатын қызмет сапасы, жұмыскерлер мен лауазымдық тұлғалар тәлімі туралы алдыңғы мағлұматында негізделген Қоғамның артықшылықтары мен жетіспеушіліктері жайында қалыптасқан пікір;

жұмыскерлер – Қоғаммен еңбек қарым-қатынастарында тұрған және еңбек келісім-шарты бойынша тікелей жұмыс атқаратын жеке тұлға;

Басқарма – Қоғамның атқарушы органы;

Бірден-бір акционер – «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамы;

Бірлескен хатшы – бірлескен хатшы – «Қазтеміртранс» Акционерлік қоғамы директорлар Кеңесінің хатшысы.

4. Осы Кодекстің ережелері Қоғамның бірлескен құндылықтары мен міндет есебімен жасалған.

Қоғам міндеті:

Теміржол көлігімен жүк тасымалдаулары нарығының қажеттеліктерін сапалы қамтамасыз ету арқылы Қазақстан Республикасы көлік секторының тұрақты дамуына жәрдемдесу.

5. Қоғам қызметі негізінде қалыптасатын негізге алынған бірлескен құндылығы оның жұмыскерлерінің ар-ұяттығы, сенімділігі мен кәсіпқорлығы, олардың енбегінің тиімділігі, өзара көмегі, бір-бірлеріне және қызыққан тұлғалар мен жалпы қоғамға деген құрмет болып табылады.

6. Қоғам іскер этикасының ендігідей ұстанымдарын басшылық етеді:

адалдық;

әділдік;


ниеттілік;

мөлдірлік;

жауапкершілік.

7. Осы Кодекспен белгіленген ұстанымдар, нормалар және ережелер өз дамуын және Қоғамның ішкі құжаттарында талдап тексерілуін алуы мүмкін.

8. Осы Кодекстің әрекеті Қоғамның барлық лауазымдық тұлғалары мен жұмыскерлеріне таралады.

9. Қоғамның лауазымдық тұлғалары мен жұмыскерлері өздерінің еңбек қызметінде өнегелі және адал болуы тиіс және осы Кодекспен, Қоғамның басқа да ішкі құжаттарымен және жалпы қабылданған нормаларлармен бекітілген іскер этикасының ережелерін сақтауы тиіс.

10. Қоғамның лауазымдық тұлғалары мен жұмыскерлерінің тәлімі мен әрекеттері Қоғамның мемлекеттік органдармен, заң және жеке тұлғалармен өзара қатынастарының дамуына және Қоғамның жағымды бедел-бейнесін нығайтуға жәрдемдесуі тиіс.

11. Қоғам оның лауазымдық тұлғалары мен жұмыскерлері кезіктіретін стратегиялық маңызды және күнделікті жағдайларда іскер шешімдерін қабылдау үшін лауазымдық тұлғалармен, жұмыскерлермен және қызыққан тұлғалармен өзара қарым-қатынастардағы осы Кодекстің ережелерін қабылдайды және оларға жүктеледі.

12. Барлық қызыққан тұлғалар іскер этикасының көрсетілген ұстанымдарын сақтайтындарына Қоғам сенім білдіреді.

13. Жұмыстың тиімді ұйымдастырылуы Қоғам және барлық қызыққан тұлғалар арасындағы өзара міндеттемелер негізінде құрастырылған. Өзара міндеттемелердің орындалуы – сындарлы жұмыстың қажетті шарты.


ІІ. Қоғамдағы іскер өзара қарым-қатынастарының этикалық нормалары


  1. Қоғамның лауазымдық тұлғалары мен жұмыскерлері

14. Қоғамның лауазымдық тұлғалары мен жұмыскерлері еңбек қызметінің процессінде міндетті:

1) осы Кодекспен, Қоғамның басқа да ішкі құжаттарымен және жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормалармен белгіленген Қоғам мен Бірден-бір акционер қызығушылығында толық қайтарыммен, адал әрі парасатпен жұмыс істеуге, іскер этикасының ережелерін ұстаудың үлгісі болуға;

2) еңбек тәртібін ұстануға;

3) еңбек міндеттемелерін орындау арқасында белгілі болған мәліметтерді, мемлекеттік құпияларды, заңмен қорғалатын қызметтік, коммерциялық немесе басқа да сырларды жарияламауға;

4) шығу тегіне, әлеуметтік, қызметтік және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге деген қатынасына, нанымына, тұратын жеріне және басқа себептерге қарамастан адам немесе азаматтың құқықтарын, ар-намысын және абыройын құрметтеуге;

5) Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері болып табылатын – мемлекеттік Елтаңба, мемлекеттік Ту және Мемлекеттік Әнұранға құрметпен қарауға;

6) бірлескен рәміздерге құрметпен қарауға;

7) мемлекеттік және басқа тілдерге, барлық ұлттардың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарына құрметпен қарауға;

8) бейтараптық пен өрескелдікке төзерлік жасамауға;

9) әдепті болуға, көмек толық мөлшерде орындалмаса да, алғыс білдіруге;

10) бөтен адамның пікіріне зерделілік танытуға;

11) өзіне және бағынушыларға бұлжытпайтын және қатаң болуға;

12) бір-бірлеріне құрметпен және этикалық нормалардың орындалуымен қарауға;

13) дәреже мен лауазымға қарамастан, бірдей алынған міндеттемелер үшін жауап тартуға;

14) өзін-өзін әдепті әрі лайықты ұстауға, Қоғамда қабылданған іскер тәлімінің нормаларынан ауытқуларды болдырмауға;

15) кәсіпқойлық қасиеттерді арттыруға, лауазымдық міндеттемелерді атқаруда бастама мен шығармашылық үйлесімді танытуға, алдыңғы тәжірибені пайдалануға, әріптестердің лауазымдық міндеттемелерін орындауда қолдау көрсетуге;

16) жоғары кәсіпқойлық жұмыс үшін бар күш-жігер жұмсауға, Қоғамның мүлігін сақтауға, оны рационалды және тиімді пайдалануға;

17) әріптестер мен жетекшілердің сынын түсінушілікпен қабылдап, келтірілген қателектерді уақытылы мойындауға;

18) өзінің лауазымдық міндеттемелерін орындау кезінде киімнің іскер стилін ұстануға.

15. Қоғамның лауазымдық тұлғалары сонымен бірге міндетті:

1) Қазақстан Республикасы заңнамасының, Бірден-бір акционердің және Қоғамның қызметіне қатысы бар басқа да құжатардың нормалары мен талаптарын сақтауға;

2) Қоғамның жалпы және оның жеке құрамының қызығушылықтарын қорғауға;

3) Қоғам мен Бірден-бір акционер қызығушылықтарында дауларды болдырмай, кәсіпқойлық қызметті қамқорлық пен абайлықпен адал әрі парасатты орындауға;

4) іске деген өзінің қарым-қатынасы мен жеке тәліммен еңбек ұжымындағы тұрақты және жағымды моральдық-психологиялық жағдайды туғызуға себеп болуға;

5) Қоғаммен байланысты мәмілелер, келісім-шарттар және жобалардағы кез келген коммерциялық немесе басқа да қызығушылықтар туралы дереу хабарлауға;

6) шешімінде қызығушылығы бар сұрақтарды талқылау мен дауыс беруге қатыспауға;

7) өз қызметі ауқымында сұрақтарды қарастыруда бюрократизмді болдырмауға;

8) белгіленген тәртіпте басқа мекемелерде жұмыс атқару немесе лауазым алу, жұмыстың негізгі орнының өзгеруі туралы Бірлескен хатшыға уақытылы хабарлауға.

16. Қоғамның лауазымдық тұлғалары шешімдерінің қабылдануы заңдылық, жауапкершілік, тиімділік және мөлдірлік ұстанымдарына негізделуі тиіс.

17. Лауазымдық тұлғалар тарапынан басқа жұмыскерлерге тыйым салынады:

- дискриминацияның кез келген түрлері – жұмыскерлерді таңдау мен тағайындауда олардың кәсіпқойлық және жеке қасиеттері негізінде жүзеге асырылады (еңбек өнімділігі, мамандығы бойынша жұмыс өтілі, т.б.) бұнымен қатар әділ қарым-қатынас барлық жұмыскерлерге бірдей болуы тиіс.

- Қоғаммен көрсетілген жеңілдіктер алуының бірдей мүмкіндіктерін міндетті қамтамасыз етуде еңбек төлемінің жүйесі мен әлеуметтік тұрғыдағы шаралар негізінде қабылданғаннан басқа бөлек жұмыскерлерге протекционизмнің кез келген түрлері.

18. Қоғамның лауазымдық тұлғалары Қоғамның стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу үшін іскер этикасының негізгі құндылықтары мен ұстанымдары есебімен іскер шешімдерін қабылдайды, және олардың алдына қойылған міндеттердің жүзеге асырылуы үшін толық жауап береді.

19. Қоғамның лауазымдық тұлғалары мен жұмыскерлеріне қабылдауға құқықтары жоқ:

- өздерінің қызметтік міндеттемелерін орындауда мекемелер мен жеке тұлғалардан ақша, қызмет көрсету және басқа да формалар үшін сыйақы алу;

- өз қызметтерін орындау барысында рәміздік белгілер мен рәміздік сыйлықтардан басқа, сыйлықтар мен қызмет көрсетулерді алу;

20. Лауазымдық тұлғалар мен жұмыскерлерге заңмен қадағаланатын коммерциялық, қызметтік және басқа да құпияларды ашуға тыйым салынады. Қазақстан Республикасының заңнамасымен қадағаланатын коммерциялық, қызметтік және басқа да құпия болып табылатын Қоғам ақпараты қорғауының тәртібі Қоғамның директорлар Кеңесімен бекітілген Қоғамның ішкі құжатымен анықталады.

Қоғам бөлмелеріндегі жұмыс жасау кезінде лауазымдық тұлғалар мен жұмыскерлер Қоғамның құпиялы ақпаратымен қауіпсіздік пен жұмыс тәртібімен байланысты және Қоғамның ішкі құжаттарымен қарастырылған ережелер мен процедураларды сақтауы тиіс.

21. Қоғам жұмыскерлер үшін еңбектің оңды және қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз етіп, олардың әлеуметтік және медициналық қамтамасыз етулерін ұжымдық келісім-шарт пен Қоғамдағы бағдарламаларға сәйкес жүзеге асырады.

22. Қоғам барлық жұмыскерлерге еңбек қызметінің процессінде өз мүмкіндіктерін көрсету үшін бірдей жағдай туғызады.

23. Қоғам жұмыскерлердің жеке өмірлеріне құрмет көрсетіп, оған қандай да бас сұғуды болдырмайды.

24. Қоғам жұмыскерлерді оқыту мен кәсіпқойлық дамуларының бағдарламаларына сәйкес өзін-өзіне білім беру мен кәсіпқойлықтарын дамытуға ұмтылатын жұмыскерлерді қасиеттеріне қарай бағалап, олардың шеберліктерін арттыру жолында бірдей жағдайлар жасайды.

25. Қоғамның сыйақы беру саласындағы саясаты Қоғамның ішкі құжаттарына сәйкес мотивизация мақсатында әлеуметтік пакет ұсыну мен жұмыскерлердің кәсіпқойлық қасиеттері, олардың еңбектерінің нәтижелеріне негізделеді.

26. Қоғамның қауіпсіздік пен еңбекті қорғау саласындағы саясаты өз жұмыскерлері үшін сау әрі қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету мен тұрақты жақсаруын қарастырады.

27. Қызығушылықтар дауларын болдырмай, Бірден-бір акционер, Қоғам және оның жұмыскерлерінің қызығушылықтарын қорғауды қамтамасыз ету үшін басты жағдай болып табылады.

28. Қоғам шешімді қабылдайтын лауазымдық тұлғадан бастап, кез келген жұмыскерге дейін аталмыш процесстің кез келген кезеңінде даудың пайда болуынан бос қызығушылықтар шешімін қабылдау үшін жауап береді.

29. Лауазымдық тұлғалар мен жұмыскерлер құқықтарының бұзылуына әкелетін кез келген жағдай Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларына және Қоғамның ішкі құжаттарына сәйкес қарастырылуы тиіс.

30. Кодекс жағдайларына, және/немесе этикалық сұрақтар жұмысы барысында туған, сонымен қатар жемқорлық және заңға қайшы келетін басқа да әрекеттер фактілері бойынша Қоғамның лауазымдық тұлғалары мен жұмыскерлері сәйкес шаралардың қабылдануы үшін өзінің аты-жөнін айтып, немесе жасырын түрде Бірлескен хатшыға хабарласуға құқылы. Осындай үндеулер кезінде олардың құқықтарына қысым жасалмауы тиіс.

Іскер этикасының сұрақтары және/немесе іскер этикасы ұстанымдарының бұзылуы жағдайлары жұмыскерлермен, сондай-ақ құрылымның тікелей жетекшісімен талқылануы мүмкін. Талқылау нәтижелері бойынша бір мәміле қабылданбаса, кепілдеме алу және/немесе сәйкес шаралардың қабылдануы үшін бұл туралы Бірлескен хатшыға хабардар ету қажет.

Жұмыс орнындағы осы жағдайды шешу жолында Қоғам тексерілген фактілер мен ақиқат ақпаратты басшылық етеді.

31. Қоғам бірлескен мәдениет жағдайы және жұмыскерлердің іскер этикасының деңгейі тақырыбына мониторингті жүзеге асырып, зерттеу жұмыстарын жүргізеді.




  1. Бірден-бір акционер

32. Бірден-бір акционер көрінуі Қоғам дамуы стратегиясының желісі болып табылады. Оны жасау және жүзеге асыру үшін Қоғам жауапты.

33. Бірден-бір акционермен өзара қарым-қатынастар жүйесі Қазақстан Республикасы заңнамасының, Жарғының, Қоғамның келісімдері мен ішкі құжаттарының, сонымен қатар Қоғамның бірлескен басқарма Кодексінің жағдайларының талаптарына сәйкес мөлдірлікке, есептілікке және жауапкершілікке негізделген. Қоғам Бірден-бір акционермен өзінің өзара қарым-қатынасында нақты процедураларды бекітеді.

34. Қоғам мен Бірден-бір акционер арасындағы ақпарат алмасуының тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасымен, Жарғымен және Қоғамның ішкі құжаттарымен реттеледі.




  1. Іскер серіктестер

35. Қоғам іскер серіктестерімен келісімдер/шарттар жағдаларына сәйкес өзіне қабылдаған міндеттемелерде өзара тиімділік, мөлдірлік және толық жауапкершілік ұстынымдарында өзара әрекеттеседі.

36. Қоғам іскер серіктестерімен келісімдер/шарттар жағдайларын сақтап, оларға қатысты өзінің міндеттемелерін орындайды.

37. Қоғам төмен баға ұсынатын әрі жақсы абыройы бар тауар мен қызметтер жеткізушілерін, ең жақсы сапаны, тауар жеткізілімі мен қызмет жағдайларын таңдайды.

38. Қоғам өз қызметінде іскер серіктестеріне негізделмеген жеңілдіктер мен айрықша құқықтықты болдырмайды.
4. Еншілес ұйымдар
39. Қоғам еншілес ұйымдармен өзара қарым-қатынастарды Қазақстан Республикасының заңнамасы, Қоғамның Жарғысы мен ішкі құжаттары, еншілес ұйымдар Жарғысы, келісімдері, сонымен қатар Қоғамның бірлескен басқарма Кодексі жағдайларының талаптарына сәйкес жүзеге асырады.


  1. Жұртшылық

40. Қоғам қоғам алдында өзінің әлеуметік жауапкершілігін сезінеді.

41. Қоғам әлеуметтік тұрғыдан қарағанда, маңызды сұрақтарды шешуге оңды әсерін тигізуге ұмтылады.

42. Қоғам қоғамға қызмет етуге ұмтылып, кәсіпқойлық білім берудің деңгейін арттыруға және басқа да әлеуметтік бағдарламаларға бағытталған бағдарламаларды қолдайды.

43. Қоғам өзін қоғамдық ортаның бөлінбес элементі ретінде қарастырады. Қоғам осы ортада жұмыс атқарып, құрмет, сенім, адалдық және әділдік ұстанымдарына негізделген берік қарым-қатынастарды орнатуға ұмтылады.

44. Қоғам экономикалық тиімді және мақсаттылық болған жағдайда, жаңа жұмыс орындарын құруға және жұмыскерлердің кәсіпқойлық біліктіліктерін арттыруға ұмтылады.

45. Қоғам қоғамдық қарым-қатынастарды жетілдіру, қоршаған ортаны жақсарту және өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мекемелермен (қоғамдық, үкіметтік емес және басқа да) сындарлы қарым-қатынастарды бекітуге ұмтылады.

46. Қоғам күмәнді абыройға ие заң және жеке тұлғалармен қызметтестік жасаудан бас тарту жауапкершілігін өзіне алады.

47. Қоғам экологияны және қоршаған ортаны қорғау бастамаларын қолдайды.

48. Қоғам түрлі бағыттағы қайырымдылық қызметін жүзеге асырады. Қоғам халықтар арасындағы бейбіт өмір, достық және келісімді нығайтуға көмектесетін жобаларды қолдауға үлкен назар аударады.

49. Қоғам білім беру, ғылым, мәдениет, өнер, ағарту ісі жүйелерінің және тұлғаның рухтық дамуына жәрдемдеседі.
6. Бірлескен рухты қалыптастыру мен оны нығайту
50. Бірлескен рухты қалыптастыру негізінде Мемлекет және қоғам үшін теміржол саласының жоғарғы маңыздылығының түсінігі жатыр. Теміржол саласына қатысы бар әр жұмыскер өз жұмысының маңыздылығын түсініп, тарихи қалыптасқан дәстүрлерді және еңбекке деген адал қарым-қатынасын қолдауы тиіс.

51. Бірлескен рух бірлескен басқарманың басты құралдарының бірі және Қоғам миссиясын тиімді жүзеге асыру және оның мақсаттарына қол жеткізу үшін Қоғамның барлық жұмыскерлерінің басын біріктіретін бірлескен құндылықтар жүйесінің маңызды элементі болып табылады.

52. Бірлескен рухты қолдау мен нығайту жолында Қоғам ендігідей негізгі шараларды жүзеге асырады:

1) Қоғамның барлық жұмыскерлерін Қоғам және теміржол саласы, оның бірлескен құндылықтары миссиясы туралы ақпараттандыру;

2) Қоғамның әр жұмыскерінде Қоғам қызметінің жалпы нәтижесіндегі оның еңбегінің қажеттілігі, оның рөлі, Қоғам миссиясын жүзеге асырудағы маңыздылығы түсінігін қамтамасыз ету;

3) бірлескен стильді қалыптастыру және дамыту;

4) Қоғамның бедел-бейнесін және абыройын қолдау мен нығайту;

5) Қоғам жұмыскерлері мамандықтарының беделін арттыру;

6) Қоғам жұмыскерлерінің мотивациясы және әлеуметтік қорғау жүйесін дамыту және құру;

7) Қоғам және оның жұмыскерлерінің мамандықтарымен байланысты көру бейнесі мен жарнама ұрандарын жасау мен пайдалану;

8) Бірлескен мерекелерді өткізу;

9) Қоғам жұмыскерлері арасында дене тәрбиесі мен спортты дәріптеу, спартакиаларды өткізу.


7. Бірлескен стильді қалыптастыру мен дамыту
53. Қоғамның бірлескен стилі іскер этикасының негізгі ұстанымдары мен нормаларына сәйкес Қоғамның миссиясы, стратегиялық мақсаттары және міндеттері есебімен қалыптасады.

54. Бірлескен стильдің сыртқы элементі Қоғамның бірлескен рәмізі (логотип, цветовые сочетания и другие элементы) болып табылады.

Бірлескен стиль Қоғамның бедел-бейнесі мен қызметін жүзеге асырудағы оның байланыстары дамуының стратегиясын қалыптастырудағы маңызды фактор болып табылады.
8. Еңбек тәртібі
55. Қоғамның еңбек тәртібі жеке және ұжымдық еңбек үшін қажетті ұйымдастырушылық және экономикалық жағдайларын, еңбекке деген жұмыскердің саналы қарым-қатынасын, адал еңбек үшін сыйақы беру әдісін, сонымен қатар жұмыскерлермен тәртіптік қияңқыларды жасау үшін тәртіптік жазалауды қолдануды құру жолы арқылы қамтамасыз етіледі.

56. Қоғам жұмыскерлерінің жауапкершілігіне деген негізгі назар жүк вагондары паркімен Қазақстан территориясы бойынша теміржол тасымалдауларының жалпы көлемінен жартысынан көбін қамтамасыз ету қажеттілігі және қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында вагондар паркін техникалық жарамды жағдайда ұстауға аударылады. Бұл Қоғам жұмыскерлерінен жұмыстағы жоғарғы ұйымдастырушылықты және еңбек міндеттемелерін мінсіз орындауды талап етеді.



ІІІ. Жауапкершілік

57. Осы Кодекстің нормаларын сақтау Қоғамның барлық лауазымдық тұлғалары мен жұмыскерлері үшін міндетті болып табылады. Осы Кодекс нормаларының бұзылуы Қазақстан Республикасының заңнамасымен және Қоғамның ішкі құжаттарымен қарастырылған жауапкершілікке апаруы мүмкін.



IV Қорытынды ережелер.
58. Қызыққан тұлғалар Бірлескен хатшы арқылы Қоғамның директорлар Кеңесіне қоғам Басқармасы мүшелерінің заңсыз және этикалық емес әрекеттері туралы хабардар етуге құқылы. Бұндай хабарлама болған жағдайда, олардың құқықтары құқықтарына қысым жасалмауы тиіс.

59. Қоғамның директорлар Кеңесі осы Кодексті бекітеді, оған өзгертулер мен қосымшыларды енгізеді, сонымен қатар осы Кодексті жүзеге асырудың негізгі бағыттарын анықтайды.



_________________________________


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет