494-бап. Салық салу объектісі
Қоршаған ортаға эмиссиялардың:
1) ластаушы заттар шығарындыларының;
2) ластаушы заттар төгінділерінің;
3) өндіріс пен тұтынудың орналастырылған қалдықтарының;
4) мұнай операцияларын жүргізу кезінде түзілетін, орналастырылған күкірттің белгіленген нормативтері шегінде және (немесе) одан да көп мөлшерде қоршаған ортаға эмиссиялардың нақты көлемі салық салу объектісі болып табылады.
495-бап. Төлемақы ставкалары
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
1. Төлемақы ставкалары осы баптың 7-тармағындағы ережелер ескеріле отырып, республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және салық кезеңiнiң бірiншi күнi қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiш (бұдан әрi осы баптың мәтiнi бойынша - АЕК) мөлшерін негізге ала отырып айқындалады.
2. Тұрақты көздерден ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақы ставкалары мыналарды құрайды:
Рет
№
|
Ластағыш заттардың түрлері
|
1 тонна үшін төлемақы ставкалары (АЕК)
|
1 килограмм үшін төлемақы ставкалары (АЕК)
|
1
|
2
|
3
|
4
|
1.
|
Күкірт тотықтары
|
10
|
|
2.
|
Азот тотықтары
|
10
|
|
3.
|
Шаң және күл
|
5
|
|
4.
|
Қорғасын және оның қосындылары
|
1993
|
|
5.
|
Күкіртсутек
|
62
|
|
6.
|
Фенолдар
|
166
|
|
7.
|
Көмірсутектер
|
0,16
|
|
8.
|
Формальдегид
|
166
|
|
9.
|
Көміртегі тотықтары
|
0,16
|
|
10.
|
Метан
|
0,01
|
|
11.
|
Күйе
|
12
|
|
12.
|
Темір тотықтары
|
15
|
|
13.
|
Аммиак
|
12
|
|
14.
|
Алты валентті хром
|
399
|
|
15.
|
Мыс тотықтары
|
299
|
|
16.
|
Бенз(а)пирен
|
|
498,3
|
2009.12.02. № 133-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын алауларда ілеспе және (немесе) табиғи газды жағудан ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақы ставкалары мыналарды құрайды:
№ Рет
|
Ластағыш заттардың түрлері
|
1 тонна үшін төлем ақы ставкалары (АЕК)
|
1
|
2
|
3
|
1.
|
Көмірсутектер
|
2,23
|
2.
|
Көміртегі тотықтары
|
0,73
|
3.
|
Метан
|
0,04
|
4.
|
Күкірт диоксиды
|
10
|
5.
|
Азот диоксиды
|
10
|
6.
|
Күл
|
12
|
7.
|
Күкіртті сутегі
|
62
|
8.
|
Меркаптан
|
9966
|
4-тармаққа өзгерістер енгізу туралы 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңын қараңыз (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
4. Қозғалмалы көздерден атмосфералық ауаға ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақы ставкалары мыналарды құрайды:
Рет
№
|
Отын түрлері
|
Пайдаланылған отынның
1 тоннасы үшін ставка (АЕК)
|
1
|
2
|
3
|
1.
|
Этилденбеген бензин үшін
|
0,33
|
2.
|
Дизель отыны үшін
|
0,45
|
3.
|
Сұйытылған, сығылған газ үшін
|
0,24
|
5. Ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақы ставкалары мыналарды құрайды:
Рет №
|
Ластағыш заттардың түрлері
|
1 тонна үшін төлемақы ставкалары (АЕК)
|
1
|
2
|
3
|
1.
|
Нитриттар
|
670
|
2.
|
Мырыш
|
1340
|
3.
|
Мыс
|
13402
|
4.
|
Оттегіне биологиялық сұраныс
|
4
|
5.
|
Тұзды аммоний
|
34
|
6.
|
Мұнай өнімдері
|
268
|
7.
|
Нитраттар
|
1
|
8.
|
Жалпы темір
|
134
|
9.
|
Сульфаттар (анион)
|
0,4
|
10.
|
Өлшенген заттар
|
1
|
11.
|
Синтетикалық бетүсті-белсенді заттар
|
27
|
12.
|
Хлоридтер (анион)
|
0,1
|
13.
|
Алюминий
|
27
|
2009.12.02. № 133-ІV ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6. Өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастырғаны үшін төлемақы ставкалары мыналарды құрайды:
Р/с №
|
Қалдықтардың түрлері
|
Төлемақы ставкалары (АЕК)
|
1 тонна үшін
|
1 гигабек-керель (Гбк) үшін
|
1
|
2
|
3
|
4
|
1.
|
Өндіріс және тұтыну қалдықтарын полигондарда, жинақтауыштарда, санкцияланған үйінділерде және арнайы бөлінген орындарда орналастырғаны үшін:
|
|
|
1.1.
|
Коммуналдық қалдықтар (тұрмыстық қатты қалдықтар, тазарту құрылғыларының кәріздік тұнбасы)
|
0,19
|
|
1.2.
|
Қауіптілік деңгейін ескере отырып, өнеркәсіптік қалдықтар:
|
|
|
1.2.1
|
«қызыл» тізім
|
7
|
|
1.2.2
|
«жақұт» тізім
|
4
|
|
1.2.3
|
«жасыл» тізім
|
1
|
|
1.2.4
|
сыныпталмағандар
|
0,45
|
|
1.3.
|
Бұдан басқа:
|
|
|
1.3.1
|
аршынды жыныстар
|
0,002
|
|
1.3.2
|
жанас таужыныстары
|
0, 013
|
|
1.3.3
|
байыту қалдықтары
|
0,01
|
|
1.3.4
|
шлактар, шламдар
|
0,019
|
|
1.3.5
|
күл мен күлшлактар
|
0,33
|
|
1.3.6
|
ауыл шаруашылығы өндірісінің қалдықтары
|
0,009
|
|
2.
|
Радиоактивті қалдықтарды орналастырғаны үшін, гигабеккерельмен (Гбк):
|
|
|
2.1.
|
Трансуранды
|
|
0,38
|
2.2.
|
Альфа-радиоактивті
|
|
0,19
|
2.3.
|
Бета-радиоактивті
|
|
0,02
|
2.4.
|
Шынақты радиоактивті көздер
|
|
0,19
|
2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен 6-1-тармақпен толықтырылды
6-1. Күкіртті орналастырғаны үшін төлемақы ставкалары бір тонна үшін 3,77 АЕК-ті құрайды.
7. Мынадай коэффициенттер:
1) коммуналдық қызметтер көрсету кезінде түзілетін эмиссия көлемі үшін табиғи монополия субъектілері мен Қазақстан Республикасының энергия өндіруші ұйымдары үшін осы бапта белгіленген төлемақы ставкаларына:
2-тармақта - 0,3 коэффициенті;
5-тармақта - 0,43 коэффициенті;
6-тармақтың 1.3.5.-жолында - 0,05 коэффициенті;
2) коммуналдық қалдықтарды орналастыруды жүзеге асыратын полигондар үшін тұрғылықты жері бойынша жеке тұлғалардан жиналған тұрмыстық қатты қалдықтардың көлемі үшін 6-тармақтың 1.1.-жолында белгіленген төлемақы ставкасына 0,2 коэффиценті қолданылады.
8. Осы баптың 7-тармағында көзделген коэффициенттер қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтерден тыс көлемі үшін төленетін төлемақыға қолданылмайды.
2012.13.01. № 542-IV ҚР Заңымен 9-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
9. Жергілікті өкілді органдардың, осы баптың 3-тармағында белгіленген жиырма еседен аспайтындай арттыруға құқығы бар ставкаларды қоспағанда, осы бапта белгіленген ставкаларды екі еседен аспайтындай арттыруға құқығы бар.
Бұл ретте жергілікті өкілді органдар энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында келісім жасасқан субъектілерге объектілер бойынша тек қана осындай келісім шеңберінде осы бапта белгіленген төлемақы мөлшерлемелерін көтермеуге құқылы.
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 10-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10. Осы бапта белгіленген қоршаған ортаға эмиссия үшін белгіленген нормативтерден асатын төлем мөлшерлемелері он есе ұлғаяды.
496-бап. Есептеу мен төлеу тәртібі
1. Төлемақы төлеушілер төлемақы сомасын қоршаған ортаға эмиссияның нақты көлемдерін және белгіленген ставкаларды негізге ала отырып дербес есептейді.
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Жылдық жиынтық көлемі 100 айлық есептік көрсеткішке дейінгі төлемдер көлемінде төлемақы төлеушілер рұқсат құжатын беретін орган белгілеген, қоршаған ортаға эмиссиялар нормативін сатып алуға құқылы. Нормативті сатып алу рұқсат құжаты есепті салық кезеңінің 20 наурызынан кешіктірілмей ресімделген кезде ағымдағы жыл үшін алдын ала толық ақы төлеу арқылы жүргізіледі.
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Рұқсат құжаты осы Кодекстің 498-бабының 3-тармағында белгіленген мерзімнен кейін алынған кезде нормативті сатып алу рұқсат құжаты алынған айдан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Ластанудың қозғалмалы көздерін қоспағанда, төлемақы сомасы қоршаған ортаға эмиссиялар көзінің (объектісінің) рұқсат құжатында көрсетілген орналасқан жері бойынша бюджетке төленеді.
Ластанудың қозғалмалы көздері бойынша төлем сомасы бюджетке:
1) мемлекеттік тіркеуге жататын қозғалмалы көздер бойынша - мұндай тіркеуді жүргізу кезінде мемлекеттік уәкілетті орган айқындайтын қозғалмалы көздерді тіркеу орны бойынша;
2) мемлекеттік тіркеуге жатпайтын ластанудың қозғалмалы көздері бойынша - салық төлеушінің орналасқан жері бойынша енгізіледі.
5. Төлемақы төлеушілер қоршаған ортаға эмиссиялардың нақты көлемі үшін төлемақының ағымдағы сомаларын осы баптың 2 және 6-тармақтарында аталған төлеушілерді қоспағанда, есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірмей енгізеді.
6. Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер төлемақы төлеуді осы Кодекстің 446-бабында белгіленген мерзімдерде жүргізеді
497-бап. Салық кезеңі
Салық кезеңі осы Кодекстің 148-бабына сәйкес айқындалады.
498-бап. Салық есептілігі
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Ластанудың қозғалмалы көздерi бойынша декларацияны қоспағанда, төлемақы төлеушiлер ластану объектiсiнiң орналасқан жерi бойынша салық органдарына декларация тапсырады.
Ластанудың қозғалмалы көздерi бойынша декларация салық органдарына:
1) мемлекеттік тіркеуге жататын қозғалмалы көздер бойынша - мұндай тіркеуді жүргізу кезінде мемлекеттік уәкілетті орган айқындайтын қозғалмалы көздерді тіркеу орны бойынша;
2) мемлекеттік тіркеуге жатпайтын ластанудың қозғалмалы көздері бойынша - салық төлеушінің орналасқан орны бойынша тапсырылады.
2. Төлемақы төлеушілер декларацияны, осы баптың 3 және 5-тармақтарында аталғандарды қоспағанда, есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей табыс етеді.
3. Жылдық жиынтық көлемі 100 айлық есептік көрсеткішке дейінгі төлемдер көлемінде төлемақы төлеушілер декларацияны есепті салық кезеңінің 20 наурызынан кешіктірмей табыс етеді.
4. Рұқсат құжаты осы баптың 3-тармағында белгіленген мерзімнен кейін ресімделген жағдайда, аталған төлеушілер декларацияны рұқсат құжатын алған айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей табыс етеді.
5. Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер төлемақы жөніндегі декларацияны табыс етпейді.
Достарыңызбен бөлісу: |