253-1-бап. Дербес білім беру ұйымдарының білім беру саласындағы қызмет көрсетулері
Дербес білім беру ұйымдары іске асыратын, осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 2) немесе 4) тармақшаларының шарттарына сәйкес келетін, осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген білім беру қызметінің түрлерін жүзеге асыру бойынша қызмет көрсетулері қосылған құн салығынан босатылады.
254-бап. Медициналық және ветеринариялық қызмет саласындағы тауарлар мен қызмет көрсетулер
1. Медициналық және ветеринариялық қызмет көрсетумен байланысты тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу бойынша айналымдар:
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) кез келген нысандағы дәрілік заттарды, оның ішінде дәрілік субстанцияларды, сондай-ақ оларды шығаруға арналған материалдар мен жинақтаушы заттарды өткізген;
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) протездік-ортопедиялық бұйымдарды, сурдотифлотехниканы және медициналық (ветеринариялық) техниканы қоса алғанда, медициналық (ветеринариялық) мақсаттағы бұйымдарды; кез келген нысандағы дәрілік заттарды шығаруға арналған материалдар мен жинақтаушы заттарды, оның ішінде дәрілік субстанцияларды, протездік-ортопедиялық бұйымдарды және медициналық (ветеринариялық) техниканы қоса алғанда, медициналық (ветеринариялық) мақсаттағы бұйымдарды өткізген;
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) медициналық (ветеринариялық) қызметті жүзеге асыруға арналған тиісті лицензиялары бойынша медициналық (ветеринариялық) қызметтер көрсетілген жағдайларда, қосылған құн салығынан босатылады.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген тауарлар мен қызмет көрсетулер тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
255-бап. Қосылған құн салығынан босатылатын импорт
1. Мынадай тауарлар:
1) ұлттық және шетелдік валюта банкноттары мен монеталары (мәдени-тарихи құндылығы бар банкноттар мен монеталардан басқа), сондай-ақ бағалы қағаздар;
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес бекітілген тауарларды бажсыз әкелу нормалары бойынша жеке тұлғалар жүзеге асыратын тауарлар;
3) акцизделетін тауарларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен гуманитарлық көмек ретінде әкелінетін тауарлар;
4) акцизделетін тауарларды қоспағанда, мемлекет, мемлекеттердің үкіметтері, халықаралық ұйымдар желілері бойынша, техникалық жәрдем көрсетуді қоса алғанда, қайырымдылық көмек мақсатында әкелінетін тауарлар;
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) шет мемлекеттiң Қазақстан Республикасында акредиттелген дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктерiнiң, шет мемлекеттің консулдық мекемелерінің ресми пайдалануы үшiн, сондай-ақ олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін қоса алғанда, осы өкілдіктердің дипломатиялық және әкiмшiлiк-техникалық персоналына жататын адамдардың, олармен бірге тұратын отбасы мүшелерiн қоса алғанда, консулдық лауазымды адамдардың, консулдық қызметшілердің жеке пайдалануы үшiн әкелiнетiн және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес салықтан босатылатын тауарлар;
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) салық төлеуден босатуды белгілейтін кедендік рәсімінде Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кедендік декларациялануға жататын тауарлар;
2012.22.06. № 21-V ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды (2011 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді)
6-1) тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған ғарыш қызметіне қатысушылар әкелетін ғарыш объектілерінің, жербеті ғарыш инфрақұрылымының объектілері жабдықтарының импорты қосылған құн салығынан босатылады. Осы тармақшаның ережелері нысанын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін, ғарыш қызметінің мақсаттары үшін осындай ғарыш объектілері мен жабдықтарын әкелу туралы ғарыш қызметі саласындағы уәкілетті органның растауы негізінде қолданылады;
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) кез келген нысандағы дәрілік заттар, оның ішінде дәрілік субстанциялар; протездік-ортопедиялық бұйымдарды, сурдотифлотехниканы және медициналық (ветеринариялық) техниканы қоса алғанда, медициналық (ветеринариялық) мақсаттағы бұйымдар; кез келген нысандағы дәрілік заттарды шығаруға арналған материалдар, жабдықтар және жинақтаушы материалдар, оның ішінде дәрілік субстанциялар, протездік-ортопедиялық бұйымдарды және медициналық (ветеринариялық) техниканы қоса алғанда, медициналық (ветеринариялық) мақсаттағы бұйымдар импорты қосылған құн салығынан босатылады;
Осы тармақшада көрсетілген тауарлардың тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді;
8) почта маркалары (коллекциялық маркалардан басқа);
9) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және оның ұйымдары жүзеге асыратын, ақша белгілерін шығаруға арналған шикізат;
2010.26.11. № 356-IV ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10) мемлекеттердің, мемлекеттердің үкіметтері мен халықаралық ұйымдардың желісі бойынша берілген гранттар қаражаты есебінен жүзеге асырылатын тауарлар;
2010.26.11. № 356-IV ҚР Заңымен 11) тармақшамен толықтырылды (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
11) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі импорттайтыннан басқа, бір мезгілде мынадай талаптарға сәйкес болған:
қосылған құн салығы бойынша салық кезеңі ішінде импортталған инвестициялық алтынның жалпы салмағы 32 троя унциясынан аспайтын;
қосылған құн салығы бойынша салық кезеңі ішінде импортталған инвестициялық алтынның жалпы құны мынадай:
импортталған инвестициялық алтынның салмағын
өткізу күніне Лондон қымбат бағалы металдар нарығы қауымдастығы белгілеген алтынның таңертеңгі фиксингіне (бағаның бағамдалуы)
көбейту
өткізу күніне белгіленген валюта айырбастаудың нарықтық бағамына
көбейту
тәртібімен есептелген сомаларды жинақтау жолымен қалыптасқан сомадан аспайтын кезде инвестициялық алтын импорты қосылған құн салығынан босатылады.
Осы тармақшаның ережелері инвестициялық алтынды:
құймалар;
пластиналар;
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған алтын монеталар нысанында өткізу кезінде қолданылады.
2010.26.11. № 356-IV ҚР Заңымен 12) тармақшамен толықтырылды (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
12) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі импорттайтын инвестициялық алтын импорты қосылған құн салығынан босатылады.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
34-тарау. ҚОСЫЛҒАН ҚҰН САЛЫҒЫ БОЙЫНША ЕСЕПКЕ ЖАТҚЫЗУ
256-бап. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығы
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Егер осы тарауда өзгеше көзделмесе, бюджетке төленетін жарнаға жатқызылуға жататын салық сомасын анықтау кезінде осы Кодекстің 228-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының негізгі құралдарды, материалдық емес және биологиялық активтерді, жылжымайтын мүлікке инвестицияларды қоса алғанда, егер олар салық салынатын айналым мақсатында пайдаланылса немесе пайдаланылатын болса, сондай-ақ егер мынадай шарттар орындалса:
1) 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен алып тасталды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) шот-фактура жазып берілген күні қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын өнім беруші салық салынатын айналым бойынша шот-фактура немесе осы баптың 2-тармағына сәйкес табыс етілетін басқа да құжат жазып берген болса;
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) Кеден одағына мүше болып табылмайтын мемлекеттер аумағынан тауарлар импортталған жағдайда:
Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кедендік ресімдеу жүргізілген болса;
қосылған құн салығы бюджетке төленген және кедендік рәсім шарттарына сәйкес қайтаруға жатпайтын болса;
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
3-1) Кеден одағына мүше болып табылатын мемлекеттер аумағынан тауарлар импортталған жағдайда:
жанама салықтар бойынша салық есептілігін табыс ету бойынша салық міндеттемесі орындалған болса;
қосылған құн салығы осы Кодекстің 276-20-бабына сәйкес бюджетке төленген және қайтаруға жатпайтын болса;
4) осы Кодекстің 241-бабында көзделген жағдайларда, қосылған құн салығын төлеу жөніндегі салық міндеттемесі орындалған болса;
5) осы Кодекстің 228-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында аталған тұлғаларды қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою кезінде, осы тұлғалардың қосылған құн салығы бойынша есепке қою күні тауарлар қалдықтары бойынша (негізгі құралдарды, материалдық емес және биологиялық активтерді, жылжымайтын мүлікке инвестицияларды қоса алғанда) қосылған құн салығы сомасын есепке жатқызуға құқығы бар.
2. Мыналар:
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
1) осы тармақтың 2) - 4) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, қосылған құн салығы бөліп көрсетіліп, жазып берiлген шот-фактуралар бойынша өнім берушілерге төлеуге жататын;
2) осы Кодекстің 263-бабының 10-тармағына сәйкес, қаржы лизингі шарты бойынша (қайтарымды лизинг шартын қоспағанда) жазылған шот-фактуралар бойынша төлеуге жататын, бірақ осы Кодекстің 238-бабының 10-тармағына сәйкес айналым жасау күні айқындалатын лизинг берушінің салық салынатын айналым мөлшеріне келетін салық сомасынан аспайтын;
3) осы Кодекстің 263-бабының 10-тармағына сәйкес, қайтарымды лизинг шарттары бойынша жазылған шот-фактуралар бойынша төленуге жататын;
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
4) есепті салық кезеңінде алынған мерзімді баспа басылымдарының және өзге де бұқаралық ақпарат құралдары өнiмдерiнiң, оған қоса олардың жалпыға бірдей қолжетiмдi телекоммуникациялық желiлердiң интернет-ресурсында орналасқан өнiмдерiнiң құнына келетін бөлігінде осы Кодекстің 263-бабының 11-тармағына сәйкес жазылған шот-фактуралар бойынша төленуге жататын;
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес ресімделіп, жүктің кедендік декларациясында көрсетілген, белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының бюджетіне төленген және кедендік рәсімінің шарттарына сәйкес қайтарылуға жатпайтын;
6) төлем құжатында немесе салық органы берген және осы Кодекстің 241-бабына сәйкес қосылған құн салығының төленгенін растайтын құжатта көрсетілген;
7) темір жол немесе әуе көлігінде тасымалдаушының - салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі көрсетіле отырып берілетін жол жүру билетінде бөлек жазып көрсетілген;
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2009.30.12 № 234-IV Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 8) тармақша өзгертілді
8) мынадай шарттар:
отырғызу талонының немесе тасымалдаушы берген, әуе көлігімен жол жүру фактісін растайтын құжаттың болуы;
электрондық билет құнының төлену фактісін растайтын құжаттың болуы шарттары бір мезгілде орындалған жағдайда әуе көлігінде тасымалдаушының - салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі және қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiне қойылғаны туралы куәлiктiң нөмiрi көрсетіле отырып берілетін электрондық билетте бөлек жазып көрсетілген;
9) есеп айырысуы банктер арқылы жүргізілетін коммуналдық қызмет көрсетуші қолданатын құжаттарда көрсетілген;
10) осы баптың 1-тармағының 5-тармақшасында көзделген жағдайларда, осы тармақтың тиісті тармақшаларына сәйкес расталған жағдайда, қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қойылған күнге жасалған тауарлар қалдықтарын түгендеу тізімдемесінде көрсетілген салық сомасы;
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11) осы тармақшаның ережелерін ескере отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысан бойынша мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі уәкілетті орган жазып берген мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды шығаруға арналған құжатта көрсетілген салық сомасы;
Мұндай құжатта:
өткізілуі бойынша айналымдары салық салынбайтын айналымдарға жататын тауарлар бойынша «ҚҚС-сыз» деген белгі көрсетіледі;
қалған тауарлар бойынша мемлекеттік материалдық резервке осы тауарларды жеткізген кезде төленген салық сомасының шегінде және шығарылатын тауарлардың құнына оларды шығару күні қолданыста болған ставка бойынша қосылған құн салығының сомасы кіргені айқындалса, қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі;
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 12) тармақшамен толықтырылды (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
12) импортталатын тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияда көрсетілген және осы Кодекстің 276-20-бабының 7-тармағында көзделген салық органының белгісі бар тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініште (өтініштерде) көрсетілген импортталатын тауарлар бойынша қосылған құн салығының сомасына сәйкес келетін, сондай-ақ белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының бюджетіне төленген салық сомасы осы баптың 1-тармағына сәйкес есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасы болып табылады.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, қосылған құн салығы осы баптың 2-тармағында белгіленген тәртіппен тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер алынған салық кезеңінде есепке жатқызылады.
Осы Кодекстің 241 және 276-20-баптарына сәйкес қосылған құн салығы төленген жағдайда, төленген салық қосылған құн салығын төлеу жөніндегі салық міндеттемесі орындалған сол салық кезеңінде есепке жатқызылады.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді)
3-1. Босатылған айналымның мақсаттары үшiн сатып алынған, бірақ салық салынатын айналымның мақсаттары үшiн пайдаланылған тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер бойынша өнiм берушiлер жазып берген шот-фактуралардағы қосылған құн салығының сомасы олар салық салынатын айналым мақсаттары үшiн пайдаланылған салық кезеңiнде осы тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер сатып алынған күнi қолданыста болған ставка бойынша есепке жатқызылуға жатады.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 3-2-тармақпен толықтырылды (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді)
3-2. Аяқталмаған құрылыс объектiсiн өткiзген жағдайда бұрын осы Кодекстiң 249-бабына сәйкес қосылған құн салығынан босатылған айналым түрiнде өткізуге арналған осы объектiнiң құрылысы процесiнде пайдаланылған тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер бойынша қосылған құн салығы аяқталмаған құрылыс объектiсiн өткізу жүзеге асырылған салық кезеңiнде аталған тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алған күнi қолданыста болған ставка бойынша есепке жатқызылуға жатады.
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 3-3-тармақпен толықтырылады (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
4. Егер шот-фактураны жазып беру осы Кодекстiң 263-бабы 7-тармағының екiншi бөлiгiнде көзделген жағдайда тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi өткізу бойынша айналым жасау күнiнен кейiн жүзеге асырылса, қосылған құн салығы шот-фактураны жазып беру күнi тура келетiн салық кезеңiнде есепке жатқызылады.
Осы Кодекстiң 263-бабының 20-тармағында көрсетiлген жағдайларда лизинг алушы қосылған құн салығын лизинг берушiнiң осы Кодекстiң 237-бабының 6-тармағында көрсетiлген өткізу бойынша айналымды жасаған күнi тура келетiн салық кезеңiнде есепке жатқызады.
5. Қосылған құн салығын төлеушіде салық салынатын және салық салынбайтын, оның ішінде қосылған құн салығынан босатылған айналымдар болған кезде, қосылған құн салығы осы Кодекстің 260-бабында көзделген тәртіппен есепке жатқызылады.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 257-бап жаңа редакцияда (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
257-бап. Есепке жатқызылуға жатпайтын қосылған құн салығы
1-тармаққа өзгерістер енгізу туралы 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңын қараңыз (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қосылған құн салығы, егер:
2012.21.06. № 19-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) осы тармақшада өзгеше көзделмесе, салық салынатын айналым мақсаттарында пайдаланылмайтын тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi.
Қосылған құн салығы, егер ол салық салынбайтын айналымның мақсаттары үшiн пайдалануға арналған (пайдаланылған), оның болуына байланысты салық төлеушi осы Кодекстiң 260 және 261-баптарына сәйкес барабарлық әдiстi қолданған (қолданатын) тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi алуға байланысты төленуге жататын болса, есепке жатқызылады;
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) негiзгi құралдар ретiнде ескерілген (ескерілетін) жеңiл автомобильдердi;
2012.21.06. № 19-V ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) шот-фактуралары осы Кодексте белгiленген талаптар сақталмай жазып берiлген тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтерді;
2012.21.06. № 19-V ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
4) төлемнің кезеңділігіне қарамастан, қосылған құн салығын ескере отырып, қолма-қол есеп айырысу төлемі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және шот-фактураны жазып берген күні қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшерінен асатын шот-фактурада көрсетілген тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi алуға байланысты төленуге жататын болса, есепке жазылмайды және осы Кодекстің 100-бабының 12-тармағында белгіленген тәртіппен ескеріледі.
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылады (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Мүлiктi (тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өтеусiз негiзде алған кезде, осындай мүлiктi алған тұлға осындай мүлiктi өтеусiз берген тұлғаның төлеуiне жататын қосылған құн салығының сомасын есепке жатқызбайды.
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
3. Қосылған құн салығының сомасы мынадай жағдайларда:
1) сот жарамды деп таныған мәмілелер бойынша есепке жатқызылған қосылған құн салығы сомаларын қоспағанда, соттың заңды күшіне енген үкімінің немесе қаулысының негізінде жалған кәсіпорын деп танылған салық төлеушімен жасалған операциялар бойынша;
2) сот жеке кәсiпкерлiк субъектiсi кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру ниетiнсiз жасаған деп таныған мәмiле (мәмiлелер) бойынша есепке жатқызылмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |