Кодексі Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы


§ 3. Кең таралған пайдалы қазбаларға, жерасты сулары мен емдік



бет46/78
Дата26.02.2016
өлшемі7.92 Mb.
#27583
түріКодекс
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   78
§ 3. Кең таралған пайдалы қазбаларға, жерасты сулары мен емдік

балшықтарға пайдалы қазбаларды өндіру салығы

 

340-бап. Салық салу объектісі



Жер қойнауын пайдаланушының салық кезеңінде өндірген кең таралған пайдалы қазбалардың, жерасты сулары мен емдік балшықтың нақты көлемі салық салу объектісі болып табылады.

Пайдалы қазбаларды өндіру салығы мынадай жағдайларда:

1) жер қабатының қысымын қалпында ұстау және техногендік суларды сору үшін жерасты суларын жер қойнауына кері айдағанда;

2) меншік құқығында, жер пайдалану құқығында және жерге арналған өзге де құқықтарда өзіне тиесілі жер учаскесінде жерасты суларын өндіруді жүзеге асыратын жеке тұлға өндірілген жерасты суларын кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланбаған жағдайда;

3) өзінің шаруашылық мұқтаждары үшін мемлекеттік мекемелер өндіретін жерасты сулары бойынша төленбейді.

 

341-бап. Салық базасы



1. Жер қойнауын пайдаланушылар салық кезеңінде өндірген кең таралған пайдалы қазбалар, жерасты сулары мен емдік балшық көлемінің құны пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу үшін салық базасы болып табылады.

2. Пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу мақсатында жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңінде өндірген кең таралған пайдалы қазбалардың, жерасты сулары мен емдік балшықтың құны салық кезеңінде айқындалатын оларды өткізудің орташа өлшемді бағасы негізінде айқындалады.



Өткізудің орташа өлшемді бағасы мынадай формула бойынша айқындалады:

Б ор. = (V1 ө.т. х Б1ө. + V2 ө.т. х Б2 ө. … + Vn ө.т. х Бn ө.) / V жалпы өткізу, мұнда:

V1 ө.т., V2ө.т. , …. Vn ө.т. - салық кезеңінде өткізілген кең таралған пайдалы қазбаларды, жерасты сулары мен емдік балшықтың әрбір топтамасының көлемдері,

Б1 ө. , Б2 ө. … + Бn ө. - салық кезеңінде әрбір топтама бойынша кең таралған пайдалы қазбаларды, жерасты сулары мен емдік балшықты өткізудің нақты бағалары,

n - салық кезеңінде өткізілген кең таралған пайдалы қазбалар, жерасты сулары мен емдік балшық топтамасының саны,

V жалпы өткізу - салық кезеңінде кең таралған пайдалы қазбаларды, жерасты сулары мен емдік балшықты өткізудің жалпы көлемі.

Жер қойнауын пайдаланушы өткізудің орташа өлшемді бағасын салық кезеңінде өндірілген кең таралған пайдалы қазбалардың, жерасты сулары мен емдік балшықтың барлық көлеміне, оның ішінде, кейіннен қайта өңдеу үшін бір заңды тұлға шеңберіндегі құрылымдық бөлімшеге өндірудің өндірістік өзіндік құны бойынша берілген және (немесе) тауарлы өнім өндіру үшін бастапқы шикізат ретінде пайдалануды қоса алғанда, жер қойнауын пайдаланушының өзінің өндірістік мұқтаждарына пайдаланған көлемдеріне қолданылады.

3. Есепті салық кезеңінде кең таралған пайдалы қазбалар, жерасты сулары мен емдік балшық өткізілмеген жағдайда, олардың құны өткізу орын алған соңғы салық кезеңіндегі өткізудің орташа өлшемді бағасы негізінде айқындалады.

4. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт қолданылған кездің басынан бастап кең таралған пайдалы қазбаларды, жерасты сулары мен емдік балшықты сату мүлдем болмаған жағдайда, олардың құны халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын, 20 процентке ұлғайтылған өндіру мен бастапқы қайта өңдеудің (байытудың) нақты өндірістік өзіндік құны негізінде айқындалады.

Кең таралған пайдалы қазбаларды, жерасты сулары мен емдік балшықты кейіннен өткізген жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы бірінші өткізу орын алған салық кезеңіндегі өткізудің өлшемді нақты орташа бағасын ескере отырып, есептелген пайдалы қазбаларды өндіру салығының сомасына түзету енгізуге міндетті.

Жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды өндіру салығының есептелген сомасын түзетуді бірінші өткізу болған салық кезеңінің алдындағы он екі айлық кезеңде жүргізеді. Бұл ретте түзету сомасы ағымдағы салық кезеңінің салық міндеттемелері болып табылады.

 

2009.04.07. № 167-ІV ҚР Заңымен 342-бап өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



342-бап. Пайдалы қазбаларды өндіру салығының ставкалары

Кең таралған пайдалы қазбаларға, жерасты сулары мен емдік балшыққа пайдалы қазбалар өндіру салығының ставкалары мынадай мөлшерде белгіленеді:

 


Рет



Пайдалы қазбалардың атауы

Ставкалар,

%-пен

1

2

3

 

 

1.



Металлургияға арналған кенге жатпайтын шикiзат, қалыптық құм, құрамында глиноземі бар жыныстар (далалық шпат, пегматит), әктастар, доломиттер, әктасты-доломит жыныстары, тамақ өнеркәсiбi үшін әктас

 

 

2,5



2.

Кенге жатпайтын басқа шикiзат, отқа төзімді саз, каолин, вермикулит, ас тұзы

 

4,7

3.

 

 



 

 

  



 

 


 Жергілікті құрылыс материалдары, вулкандық кеуек жыныстар (туфтар, шлактар, пемзалар), құрамында суы бар вулкандық шыны мен шыны тектес жыныстар (перлит, обсидиан), ұсақ жұмыр тас пен қиыршық тас, қиыршық тас-құм қоспасы, гипс, гипсті тас, ангидрит, гажа, саз және сазды жыныстар (баяу балқитын және тез балқитын саз, суглинка, аргиллит, алевролит, сазды тақта тастар), бор, мергель (құмды әк), мергельдi-бор жыныстары, кремний жыныстары (трепел, опока, диатомит), кварцты-дала шпаты жыныстары, шой тас, шөгiндi, атқылаудан кейiнгi және метаморфалық жыныстар (гранит, базальт, диабаз, мәрмәр), қалыптықтан басқа құм (құрылыс, кварц, кварцты-дала шпаты), құм тас, табиғи пигменттер, ұлутас

 

 

 



 

5,6

4.

Жерасты сулары, емдік балшық

10,6

 

Су шаруашылығы жүйесі саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің өндірген жерасты суларының көлемі бойынша осы баптың бірінші бөлігінің кестесіндегі 4-тармақта белгіленген пайдалы қазбалар өндіру салығының ставкасына 0,3 коэффициенті қолданылады.

 

 



§ 4. Салық кезеңі, салық декларациясы және төлеу мерзімі

 

343-бап. Салық кезеңі



Пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша салық кезеңі күнтізбелік тоқсан болып табылады.

 

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 344-бап өзгертілді (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен 344-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



344-бап. Төлеу мерзімдері

Салық төлеушi салықтың есептелген сомасын орналасқан жерi бойынша бюджетке салық кезеңiнен кейiнгi екінші айдың 25-інен кешiктiрмей төлеуге мiндеттi.

 

2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен 345-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



345-бап. Салық декларациясы

Жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды өндіруге салық жөніндегі декларацияны орналасқан жері бойынша салық органына салық кезеңiнен кейiнгi екінші айдың 15-інен кешiктiрмей береді.

 

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 346-бап өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



346-бап. Пайдалы қазбаларды өндіру салығын, шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығын, роялтиді және Қазақстан Республикасының заттай нысандағы өнімді  бөлу жөніндегі үлесін төлеу тәртібі

1. Осы Кодекстің 302-бабының 2-тармағында және 330-бабының 3-тармағында, сондай-ақ осы Кодекстің 308-1-баптың 1-тармағында көрсетілген келісімшарттардың салық режимдерінің ережелерінде белгіленген жағдайларда, салық төлеуші пайдалы қазбаларды өндіру салығын, шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығын, роялтиді және Қазақстан Республикасының өнімді бөлу жөніндегі үлесін төлеу есебіне пайдалы қазбаларды заттай нысанда Қазақстан Республикасына беруге міндетті.

2. Осы Кодексте белгіленген пайдалы қазбаларды өндіру салығын және шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығын, сондай-ақ роялтиді және осы Кодекстің 308-1-баптың 1-тармағында көрсетілген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарда белгіленген Қазақстан Республикасының өнімді бөлу жөніндегі үлесін төлеудің ақшалай нысанын ауыстыру уақытша, толық және ішінара жүргізілуі мүмкін.

3. Заттай нысанда төленетін осы Кодексте белгіленген пайдалы қазбаларды өндіру салығының және шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығының мөлшері, сондай-ақ роялти мен осы Кодекстің 308-1-баптың 1-тармағында көрсетілген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарда белгіленген Қазақстан Республикасының өнімді бөлу жөніндегі үлесі осы Кодексте, сондай-ақ осы Кодекстің 308-1-баптың 1-тармағында көрсетілген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарда белгіленген тәртіппен және мөлшерде ақшалай түрде есептелген осы салықтар мен төлемдердің сомасына баламалы болуға тиіс.



Салық төлеуші Қазақстан Республикасына беретін пайдалы қазбалардың көлемі Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен айқындалады.

4. Салық төлеушінің осы Кодексте белгіленген пайдалы қазбаларды өндіру салығын және шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығын, сондай-ақ роялтиді және осы Кодекстің 308-1-баптың 1-тармағында көрсетілген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарда белгіленген Қазақстан Республикасының өнімді бөлу жөніндегі үлесін заттай нысанда төленуін көздейтін қосымша келісімді жасасу кезінде:

1) салық төлеуші пайдалы қазбаларды өндіру салығы және шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығы, роялти және Қазақстан Республикасының өнімді бөлу жөніндегі үлесі түрінде Қазақстан Республикасына заттай нысанда беретін пайдалы қазбалар көлемдерін мемлекеттің атынан алушы;

2) салық төлеуші пайдалы қазбаларды өндіру салығы, шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығы, роялти және Қазақстан Республикасының өнімді бөлу жөніндегі үлесі түрінде Қазақстан Республикасына заттай нысанда беретін пайдалы қазбалар көлемдерін жеткізудің пункті және шарттары міндетті түрде көрсетіледі.

5. Салық төлеушінің осы Кодексте белгіленген пайдалы қазбаларды өндіру салығын және шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығын, сондай-ақ роялтиді және осы Кодекстің 308-1-баптың 1-тармағында көрсетілген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарда белгіленген Қазақстан Республикасының өнімді бөлу жөніндегі үлесін төлеу есебінде заттай нысанда беретін пайдалы қазбаларды беру мерзімі осы Кодексте және осы Кодекстің 308-1-баптың 1-тармағында көрсетілген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарда белгіленген ақшалай нысанда төленетін осы салық пен төлемдерді төлеу мерзіміне сәйкес келуге тиіс.

Бұл ретте, салық төлеуші мемлекеттің атынан алушыға пайдалы қазбаларды, мемлекеттің атынан алушы осындай берудің неғұрлым кеш мерзімін белгілеген жағдайларды қоспағанда, аталған салық пен төлемдерді төлеу мерзімінен кешіктірмей береді.

6. Мемлекеттің атынан алушы пайдалы қазбаларды өндіру салығының, шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығының, роялтидің және Қазақстан Республикасының өнімді бөлу жөніндегі үлесінің тиесілі сомасын осы Кодексте және осы Кодекстің 308-1-баптың 1-тармағында көрсетілген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарда белгіленген осы төлемдерді төлеу мерзімінде ақшалай нысанда мемлекеттік бюджетке аударады.

7. Мемлекеттің атынан алушы салық төлеушінің пайдалы қазбалардың тиісті көлемін оған уақтылы әрі толық беруіне бақылауды дербес жүзеге асырады.

Салық төлеуші Қазақстан Республикасына заттай нысанда беретін осы Кодексте белгіленген пайдалы қазбаларды өндіру салығының және шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығының, сондай-ақ роялтидің және осы Кодекстің 308-1-баптың 1-тармағында көрсетілген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарда белгіленген Қазақстан Республикасының өнімді бөлу жөніндегі үлесінің бюджетке толық әрі уақтылы аударылуына салық төлеуші пайдалы қазбалардың тиісті көлемдерін нақты тиеп жөнелткен күннен бастап мемлекет атынан алушы жауап береді.

8. Салық төлеуші және мемлекеттің атынан алушы осы Кодексте белгіленген пайдалы қазбаларды өндіру салығының және шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығының, сондай-ақ роялтидің және осы Кодекстің 308-1-баптың 1-тармағында көрсетілген жер қойнауын пайдалану келісімшарттарында белгіленген Қазақстан Республикасының өнімді бөлу жөніндегі үлесінің мөлшерлері және төлеу (беру) мерзімдері туралы есептілікті орналасқан жері бойынша салық органына уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген заттай нысандағы мерзімде және нысандар бойынша табыс етеді.

 

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 46-тарау жаңа редакцияда (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)



46-тарау. Үстеме пайда салығы

 

347-бап. Жалпы ережелер



1. Үстеме пайда салығы жер қойнауын пайдаланушы осы Кодекстiң 347-1-бабына сәйкес үстеме пайда салығын төлеушi болып табылатын жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт бойынша салық кезеңiнде есептеледi.

2. Үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн жер қойнауын пайдаланушы осы тарауда белгiленген тәртiпке сәйкес жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт бойынша салық салу объектiсiн, сондай-ақ салық салумен байланысты мынадай объектiлердi:



1) үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн таза табысты;

2) үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн салық салынатын табысты;

3) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша жиынтық жылдық табысты;

4) үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн шегерiмдердi;

5) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша корпоративтiк табыс салығын;

6) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша резидент еместiң тұрақты мекемесiнiң таза табыс салығының есеп айырысу сомасын айқындайды.

 

347-1-бап. Төлеушiлер



1. Осы баптың 2-тармағында көрсетiлген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарды қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт бойынша жүзеге асырылатын қызмет бойынша жер қойнауын пайдаланушылар үстеме табыс салығын төлеушiлер болып табылады.

2. Жер қойнауын пайдалануға арналған мынадай:

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) осы Кодекстiң 308-1-баптың 1-тармағында көрсетiлген;

2) осы келісімшарттар пайдалы қазбалардың басқа түрлерiн өндiрудi көздемеген жағдайда, кең таралған пайдалы қазбаларды, жерасты суларын және (немесе) емдiк балшықты барлауға, барлау мен өндiруге немесе өндiруге;

3) барлауға және өндiруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшарттардың негiзiнде жүзеге асырылатын қызмет бойынша жер қойнауын пайдаланушылар осы тарауда белгiленген үстеме салығын төлеушiлер болып табылмайды.

 

348-бап. Салық салу объектiсi



Осы Кодекстiң 348-4-бабына сәйкес айқындалған үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн жер қойнауын пайдаланушының шегерiмдер сомасының 25 процентiне тең сомадан асатын салық кезеңi үшiн жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт бойынша осы Кодекстiң 348-1-бабына сәйкес үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн айқындалған жер қойнауын пайдаланушының таза табысының бір бөлiгi үстеме пайда салығын салу объектiсi болып табылады.

 

348-1-бап. Үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн таза табыс



1. Үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн таза табыс осы Кодекстiң 348-2-бабына сәйкес айқындалған үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн салық салынатын табыс пен осы Кодекстiң 348-5-бабына сәйкес есептелген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша корпоративтiк табыс салығы арасындағы айырма ретiнде айқындалады.

2. Тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану жөніндегі қызметiн жүзеге асыратын резидент еместер үшiн үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн таза табыс осы Кодекстiң 349-бабына сәйкес есептелген осы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартпен байланысты тұрақты мекеменiң таза табыс салығының есеп айырысу сомасына қосымша азайтылады.

 

348-2-бап. Үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн салық салынатын табыс



Осы тараудың мақсатында салық салынатын табыс осы Кодекстiң 133-бабында көзделген табыстар мен шығыстар сомасына азайтуды ескере отырып, осы Кодекстiң 348-3-бабына сәйкес айқындалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша жылдық жиынтық табыс пен осы Кодекстiң 348-4-бабына сәйкес айқындалған үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн шегерiмдер арасындағы айырма ретiнде айқындалады.

 

348-3-бап. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша жылдық жиынтық табыс



Келісімшарттық қызмет бойынша жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша жылдық жиынтық табысты осы Кодекстiң 99-бабында көзделген түзетулердi ескере отырып, корпоративтiк табыс салығын есептеу мақсаты үшiн осы Кодексте белгiленген тәртiппен жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт бойынша айқындайды.

 

348-4-бап. Үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн шегерiмдер



1. Үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт бойынша шегерiмдер:

1) осы Кодекстiң 100 - 114, 116 - 122-баптарына сәйкес есептi салық кезеңiнде келісімшарттық қызмет бойынша корпоративтiк табыс салығын есептеу мақсатында шегерiмдерге жатқызылған шығыстардың;

2) мынадай шығыстар шегiнде:

тiркелген активтердi сатып алуға және (немесе) құруға жұмсалған салық кезеңi iшiнде нақты шеккен шығыстардың;

2009 жылғы 1 қаңтардан бастап пайдалануға берiлген қолданыстағы тiркелген активтер бойынша бұрынғы салық кезеңдерiнде үстеме пайда салығы мақсаты үшiн шегерiмге жатқызылмаған осы активтер құнының қалған сомасы шегiнде;



тiркелген активтердiң бухгалтерлiк есепте баланстық құнын ұлғайтуға жатқызылған тiркелген активтердiң кейiнгi салық кезеңi iшiнде шеккен шығыстарының;

жер қойнауын пайдаланушылардың осы Кодекстiң 111 және 112-баптарына сәйкес амортизацияларды есептеу жолымен шегерiмге жатқызылатын шығыстарының;

3) осы Кодекстiң 136 және 137-баптарына сәйкес айқындалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша бұрынғы салық кезеңдерiнде жер қойнауын пайдаланушы шеккен залалдардың сомасы ретiнде айқындалады.

2. Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген шығыстарды үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн шегерiмдерге жатқызу ағымдағы немесе кез келген келесi салық кезеңiнде iшiнара немесе толықтай жер қойнауын пайдаланушының қалауы бойынша жүзеге асырылады.

Есептi салық кезеңiнде үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн шегерiмге жатқызылған осы шығыстар басқа да салық кезеңдерiнде үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн шегерiмге жатқызуға жатпайды.

3. Тиiстi салық кезеңiнде үстеме пайда салығын есептеу кезiнде осы баптың 2-тармағында белгiленген құқықты қолданған жағдайда жер қойнауын пайдаланушы осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес айқындалған шегерiмдер сомасынан осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн шегерiмге жатқызылған шығыстар бойынша осындай салық кезеңiнiң корпоративтiк табыс салығын есептеу кезiнде шегерiмге жатқызылған амортизациялық аударымдардың сомаларын алып тастауға мiндеттi.

4. Егер белгiлi бір шығыстар осы баптың 1-тармағында белгiленген шығыстардың бірнеше түрiнде көзделсе, үстеме пайда салығын есептеу кезiнде аталған шығыстар бір рет қана шегерiледi.

 

348-5-бап. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша корпоративтiк табыс салығы



Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша корпоративтiк табыс салығы жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт бойынша келісімшарттық қызмет бойынша салық кезеңi үшiн осы Кодекстiң 147-бабының 1-тармағында белгiленген ставканың және осы Кодекстiң 133-бабында көзделген табыстар мен шығыстар сомаларына, сондай-ақ осы Кодекстiң 136 және 137-баптарына сәйкес ауыстырылатын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша залалдар сомасына азайтылған, осы Кодекстiң 139-бабында белгiленген тәртiппен жер қойнауын пайдалануға арналған осындай келісімшарт бойынша есептелген салық салынатын табыстың көбейтiндiсi ретiнде айқындалады.

 

349-бап. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша резидент еместiң тұрақты мекемесiнiң таза табысына салықтың есеп айырысу сомасы



Осы тараудың мақсаты үшiн жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша резидент еместiң тұрақты мекемесiнiң таза табысына салықтың есеп айырысу сомасы салық кезеңiнде осы Кодекстiң 147-бабының 5-тармағында белгiленген резидент еместiң тұрақты мекемесiнiң таза табысына салық ставкасының және осы Кодекстiң 199-бабында белгiленген тәртiппен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша есептелген резидент еместiң тұрақты мекемесiнiң таза табысына салық салу объектiсiнiң көбейтiндiсi ретiнде айқындалады.

 

350-бап. Есептеу тәртібі



1. Салық кезеңiнде үстеме пайда салығын есептеу осы Кодекстiң 351-бабында белгiленген әрбір деңгей бойынша әрбір тиiстi ставканы осындай деңгейге жататын, кейiннен барлық деңгейлер бойынша үстеме пайда салығының есептелген сомаларына қоса отырып, үстеме пайда салығын салу объектiсiнiң әрбір бөлiгiне қолдану арқылы жүргiзiледi.

2. Осы баптың 1-тармағының ережелерiн қолдану үшiн жер қойнауын пайдаланушы:

1) салық салу объектiсiн, сондай-ақ жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша үстеме пайда салығын салумен байланысты объектiлердi айқындайды;

2) осы Кодекстiң 351-бабында белгiленген әрбір деңгей бойынша үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн таза табысты бөлудiң шектi сомаларын мынадай тәртiппен:



1 - 6-деңгейлер үшiн - осы Кодекстiң 351-бабында келтiрiлген кестенiң 3-бағанында белгiленген әрбір деңгей үшiн проценттiң және үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн шегерiмдер сомасының көбейтiндiсi ретiнде;

7-деңгей үшiн:



егер үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн таза табыс сомасы үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн шегерiмдер сомасының 70 процентiне тең сомадан көп болса - үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн таза табыс сомасы мен үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн шегерiмдер сомасының 70 процентiне тең сома арасындағы айырма ретiнде;

егер үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн таза табыс сомасы үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн шегерiмдер сомасының 70 процентiне тең сомадан аз немесе соған тең болса - нөл ретiнде айқындайды;

3) осы Кодекстiң 351-бабында көзделген деңгейлер бойынша үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн салық кезеңiнде алынған нақты таза табысты мынадай тәртiппен бөледi:



1-деңгей үшiн:

егер салық кезеңi үшiн үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн таза табыс сомасы бірiншi деңгей үшiн таза табысты бөлудiң шектi сомасынан асса, бірiншi деңгей үшiн бөлiнген таза табыс бөлiгi бірiншi деңгей үшiн таза табысты бөлудiң шектi сомасына тең болады;

егер салық кезеңi үшiн үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн таза табыс сомасы бірiншi деңгей үшiн таза табысты бөлудiң шектi сомасынан аз болса, бірiншi деңгей үшiн бөлiнген таза табыс бөлiгi салық кезеңi үшiн үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн таза табыс сомасына тең болады.

Бұл ретте үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн таза табысты бөлу келесi деңгейлер үшiн жүргiзiлмейдi;

2 - 7-деңгейлер үшiн:

егер салық кезеңi үшiн үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн таза табыс пен алдыңғы деңгейлер бойынша таза табыстың бөлiнген бөлiгiнiң жалпы сомасы арасындағы айырма тиiстi деңгей үшiн таза табысты бөлудiң шектi сомасынан асса немесе соған тең болса, осы деңгей үшiн таза табыстың бөлiнген бөлiгi осы тиiстi деңгей үшiн таза табысты бөлудiң шектi сомасына тең болады;

егер салық кезеңi iшiнде үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн таза табыс пен алдыңғы деңгейлер бойынша таза табыстың бөлiнген бөлiгiнiң жалпы сомасы арасындағы айырма тиiстi деңгей үшiн таза табысты бөлудiң шектi сомасынан аз болса, осы деңгей үшiн таза табыстың бөлiнген бөлiгi осындай айырмаға тең болады. Бұл ретте үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн таза табысты бөлу келесi деңгейлерге арналып жүргiзiлмейдi.

Таза табыс бөлiктерiнiң деңгейлерi бойынша бөлiнген жалпы сома салық кезеңi iшiнде үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн таза табыстың жалпы сомасына тең болуға тиiс;

4) үстеме пайда салығының тиiстi ставкасын осы Кодекстiң 351-бабына сәйкес таза табыстың әрбір деңгейi бойынша бөлiнген бөлiгiне қолданады;

5) осы Кодекстiң 351-бабында көзделген барлық деңгей бойынша үстеме пайда салығының есептелген сомаларына қоса отырып, салық кезеңi үшiн үстеме пайда салығының сомасын айқындайды.

 

351-бап. Үстеме пайда салығының ставкалары, үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн таза табысты бөлудiң шектi сомасын есептеу үшiн проценттердiң деңгейлерi мен мөлшерi



Үстеме пайда салығын жер қойнауын пайдаланушы мынадай тәртiппен айқындалатын ставкалардың өзгермелi шкаласы бойынша төлейдi:

 


Деңгей

Үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн таза табысты бөлу шкаласы, шегерiм сомасының процентi

Үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн таза табысты бөлудiң шектi сомасын есептеу үшiн процентi 

Ставка

(%-пен)

1

2

3

4

1

25 проценттен кем немесе соған тең

25

белгiленбейдi

2

25 проценттен 30 процентке дейiн қоса алғанда

5

10

3

30 проценттен 40 процентке дейiн қоса алғанда

10

20

4

40 проценттен 50 процентке дейiн қоса алғанда

10

30

5

50 проценттен 60 процентке дейiн қоса алғанда

10

40

6

60 проценттен 70 процентке дейiн қоса алғанда

10

50

7

70 проценттен жоғары

Осы Кодекстiң 350-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес

60

 

352-бап. Салық кезеңi

1. Үстеме пайда салығы үшiн 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанға дейiнгi күнтiзбелiк жыл салық кезеңi болып табылады.

2. Егер жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт күнтiзбелiк жыл iшiнде жасалса, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт күшiне енген күннен бастап күнтiзбелiк жылдың соңына дейiнгi уақыт кезеңi осындай келісімшарт бойынша үстеме пайда салығын есептеу үшiн бірiншi салық кезеңi болып табылады.

3. Егер жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысы күнтiзбелiк жылдың соңына дейiн өткен болса, күнтiзбелiк жыл басталғаннан жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысы аяқталған күнге дейiнгi уақыт кезеңi осындай келісімшарт бойынша үстеме пайда салығын есептеу үшiн соңғы салық кезеңi болып табылады.

4. Егер күнтiзбелiк жыл басталғаннан кейiн күшiне енген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысы осы күнтiзбелiк жылдың соңына дейiн өткен болса, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт күшiне енген күннен бастап жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысы аяқталған күнге дейiнгi уақыт кезеңi осындай келісімшарт бойынша үстеме пайда салығын есептеу үшiн салық кезеңi болып табылады.

 

353-бап. Салықты төлеу мерзiмi



Үстеме пайда салығы салық төлеушiнiң орналасқан жерi бойынша бюджетке салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 15 сәуiрiнен кешiктiрiлмей төленедi.

 

354-бап. Салық декларациясы



Жер қойнауын пайдаланушы үстеме пайда салығы жөніндегі декларацияны орналасқан жерi бойынша салық органына салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 10 сәуiрiнен кешiктiрмей табыс етедi.

 

 



12-БӨЛІМ. ӘЛЕУМЕТТІК САЛЫҚ

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет