Кодексі Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы



бет103/104
Дата03.07.2016
өлшемі8.24 Mb.
#173617
түріКодекс
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   104
651-бап. Мемлекеттік тізілім

1. Уәкілетті орган бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізілімін касса машиналарының модельдерін мемлекеттік тізілімге енгізу (мемлекеттік тізілімнен шығару) жолымен жүргізеді.

2. Бақылау-касса машинасының моделін мемлекеттік тізілімге енгізу туралы мәселелерді қарау мүдделі тұлғаның салықтық өтініші негізінде жүзеге асырылады.

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Салықтық өтінішке бақылау-касса машинасы моделінің эталонды үлгісі және бақылау-касса машинасы моделінің техникалық, функционалдық және пайдаланылу сипаттамасын беретін мынадай материалдар:

1) дайындаушы зауыттың паспорты;

2) дайындаушы зауыттың техникалық құжаттамасы;

3) фискалды және фискалсыз режимде бақылау-касса машинасымен дайынушы зауыт та, өтініш беруші де басып шығарған чектер мен есептердің үлгілері;

4) қағаз және электронды жеткізгіштерде бақылау-касса машинасын пайдалану жөніндегі нұсқаулық;

5) фискалды режим орнату, бақылау-касса машинасын қайта тіркеу, фискалдық есептерді, кассаның ағымдағы жай-күйі туралы есепті (Х-есеп) алу, сондай-ақ бақылау чегінде басып шығару үшін осы Кодекстің 649-бабында көзделген ақпаратты енгізу кезіндегі салық органы лауазымды адамының іс-қимылын толық сипаттап көрсететін қағаз және электронды жеткізгіштердегі салық органының лауазымды адамына арналған нұсқаулық;

6) дайындаушы зауыттың бақылау-касса машинасы моделін техникалық қолдау көрсету бойынша кепілдік міндеттемесі;

7) дайындаушы зауыттың құжаттамасында көрсетілген бақылау-касса машинасы моделінің техникалық сипаттамасының уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша негізгі техникалық талаптарға сәйкестігі туралы мәліметтер;

8) бақылау-касса машинасы моделінің сәйкестік сертификатының нотариат куәландырған көшірмесі;

9) бақылау-касса машинасы моделінің қағаз және электронды жеткізгіштердегі түрлі-түсті фотосуреті қоса ұсынылады.



Егер бақылау-касса машинасының моделі фискалдық тіркеуші болып табылса, салықтық өтінішке қосымша фискалдық тіркеушіні дербес компьютерге қосу үшін электронды жеткізгіште бағдарламалық қамтамасыз ету қоса беріледі.

Егер бақылау-касса машинасының моделі компьютерлік жүйе болып табылса, салықтық өтінішке ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның компьютерлік жүйенің техникалық талаптарға сәйкестігі туралы қорытындысы мен осы тармақтың 1), 2), 3), 5), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген құжаттар қоса беріледі. Қорытындыны беру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

4. Бақылау-касса машинасының моделін мемлекеттік тізілімге енгізу бір мезгілде мынадай шарттар:

1) салықтық өтініш пен осы баптың 3-тармағында көрсетілген материалдардың болуы;

2) бақылау-касса машинасы моделінің уәкілетті орган белгілеген техникалық талаптарға сәйкестігі сақталған кезде жүзеге асырылады.

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)



5. Бақылау-касса машинасы моделінің мемлекеттік тiзiлiмге енгізу кезiнде техникалық талаптарға сәйкестігін бақылау-касса машинасы моделінің мемлекеттік тізілімге енгізілуіне бастамашы болған тұлға өкілдерінің қатысуымен бақылау-касса машинасы моделінің үлгісін сынау (тестілеу) арқылы уәкілетті орган айқындайды. Бақылау-касса машинасы моделінің техникалық талаптарға сәйкестігін анықтау үшін уәкілетті орган өзге де мемлекеттік органдардан, басқа да тұлғалардан (бақылау-касса машинасы моделінің мемлекеттік тізілімге енгізілуіне бастамашы болған тұлғаларды және олармен байланысты тұлғаларды қоспағанда) сарапшылар тартуға құқылы.

6. Бақылау-касса машинасы моделін мемлекеттік тізілімге енгізу (енгізуден бас тарту) туралы шешімді уәкілетті орган өтінішті қабылдаған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде қабылдайды.



Бақылау-касса машинасы моделін мемлекеттік тізілімге енгізуден бас тартқан жағдайда уәкілетті орган бас тарту себептерін көрсете отырып, өтініш берушіні жазбаша түрде хабардар етеді.

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)



7. Бақылау-касса машинасының моделiн мемлекеттік тiзiлiмнен шығаруды мемлекеттік тiзiлiмге енгізу кезiнде уәкiлеттi органға берiлген құжаттамада көрсетiлген бақылау-касса машинасының моделi сипаттамалары техникалық талаптарға сәйкес келмеген жағдайда уәкiлеттi орган жүргiзедi.

 

652-бап. Бақылау-касса машиналарын қолдану тәртібінің сақталуын салықтық бақылау



Салық органдары:

1) бақылау-касса машиналарын қолдану тәртібінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

2) салық төлеушінің салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу бойынша салық міндеттемесін орындауы жөнінде салықтық тексерулер жүргізу кезінде бақылау-касса машиналарының жадындағы фискалдық блоктарда сақталатын деректерді пайдаланады.

 

 



91-тарау. САЛЫҚТЫҚ БАҚЫЛАУДЫҢ ӨЗГЕ ДЕ НЫСАНДАРЫ

 

653-бап. Қазақстан Республикасында өндірілген немесе оған импортталған акцизделетін тауарларды бақылау

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.07.03. № 177-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



1. Салық органдары акцизделетiн тауарларды өндiрушiлердiң, импорттаушылардың, борышкердің мүлкiн (активтерiн) өткiзу кезінде банкроттықты және оңалтуды басқарушылардың осы бапта айқындалған акцизделетiн тауарлардың жекелеген түрлерiн таңбалау, акцизделетiн тауарларды Қазақстан Республикасының аумағында орын ауыстыру тәртiбiн сақтауы бөлiгiнде, сондай-ақ акциздiк бекеттер орнату арқылы акцизделетiн тауарларға бақылауды жүзеге асырады.

1-1. Кеден одағына мүше мемлекеттің аумағынан (аумағына) Қазақстан Республикасының аумағына (аумағынан) акцизделетін тауарларды әкелу (әкету) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Қазақстан Республикасының шекарасындағы өткізу пункттері арқылы жүзеге асырылады.

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



2. Шарап материалы мен сыраны қоспағанда, алкоголь өнімдері - Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен есепке алу-бақылау таңбаларымен, темекі бұйымдары акциздік таңбалармен таңбалануға жатады.

3. Таңбалауды акцизделетiн тауарларды өндiрушiлер мен импорттаушылар, банкроттықты және оңалтуды басқарушылар борышкердiң мүлкiн (активтерiн) өткiзген кезде жүзеге асырады.

4. Мыналар:

1) Қазақстан Республикасынан тыс жерге экспортталатын;

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) Қазақстан Республикасы аумағына бажсыз сауданың кедендiк режимдерiнде орналастыру үшін көзделген бажсыз сауда дүкендерінің меншік иелері әкелетiн;

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



3) Кеден одағының кеден аумағына уақытша әкелу (жіберу) және  уақытша әкету кедендік рәсімдерінде әкелінетін, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан жекелеген даналарда жарнама және (немесе) көрсету мақсатында уақытша әкелінетін;

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



4) тауарлар транзиті кедендік рәсімінде Кеден одағының кеден аумағы арқылы өткізілетін, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Кеден одағына мүше мемлекеттерден транзитпен өткізілетін;

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



5) алкоголь өнімдері мен сыраның үш литрден аспайтын шегінде, сондай-ақ темекі мен темекі бұйымдарын 200 сигареттен немесе 50 сигардан (сигарилден) немесе темекінің 250 грамынан аспайтын шегiнде не аталған бұйымдарды жалпы салмағы 250 грамнан аспайтын ассортиментте Қазақстан Республикасының аумағына он сегіз жасқа толған жеке тұлға әкелетiн (жiберетiн) алкоголь өнiмдерi есепке алу-бақылау таңбаларымен және темекi бұйымдары акциздiк таңбалармен мiндеттi таңбалануға жатпайды.

4-1. Осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, есепке алу-бақылау таңбаларымен немесе акциздік таңбалармен таңбалануы тиіс акцизделетін өнімдерді тиісті таңбалаусыз Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өткізуге тыйым салынады.

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



5. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген акцизделетін тауарларды жаңа үлгідегі есепке алу-бақылау немесе акциздік таңбалармен қайта таңбалау Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін мерзімде жүзеге асырылады.

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



6. Осы бапқа сәйкес:

1) акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін таңбалау (қайта таңбалау) қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді;

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) акциздік және есепке алу-бақылау таңбаларын алу, есепке алу, сақтау және беру қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді;

3) 2012.09.01. № 535-IV ҚР Заңымен алып тасталды (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



4) акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлеріне ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу, тапсырыс беру, алу, беру, есепке алу, сақтау және табыс ету қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді;

5) акциздік постының қызметін ұйымдастыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен  (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7-тармақ өзгертілді

7. Салық органдары акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін өндіретін салық төлеушінің аумағында акциз постыларын орнатады.

Жекелеген жағдайларда акциздік постылар мұнай мен мұнай өнімдерін магистральдық мұнай өнімдері құбырлары, темір жол көлігі бойынша өткізуді жүзеге асыратын, сондай-ақ осы Кодекстің 279-бабының 2), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген акцизделетін тауарларды көтерме саудада өткізуді жүзеге асыратын салық төлеушінің аумағында белгіленеді.

8. 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

9. Акциздік постының орналасқан жерін және қызметкерлерінің құрамын, оның жұмысының регламентін салық төлеушінің жұмыс режиміне сәйкес салық органы айқындайды.

Акциздік посты қызметкерлерінің құрамы салық органының лауазымды адамдарынан түзіледі.

10. Акциздік постыдағы салық органының лауазымды адамы:

1) салық төлеушінің акцизделетін тауарлардың өндірісі мен өткізілуін реттейтін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауына;

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



2) сатып алушыда тиісті қызмет түріне лицензияның болуына;

2-1) импортталған акцизделетін тауарлардың есепке қабылдануына;

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



3) акцизделетін тауарлардың тек қана өлшеуіш аппараттары арқылы бөлінуіне және (немесе) босатылуына немесе есепке алу құралдары арқылы өткізілуіне (құйылуына), сондай-ақ олардың пломбыланған түрде пайдаланылуына;

4) салық төлеушінің жекелеген акцизделетін тауарларды таңбалаудың тәртібін сақтауына;



4-1) салық төлеушінің акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлері босатылған кезде оларға ілеспе жүкқұжаттарын ресімдеу қағидаларын сақтауына;

5) акцизделетін тауарларға акциз ставкаларының дұрыс қолданылуына және бюджетке акциздердің уақтылы төленуіне;

6) акцизделетін тауарлардың өндірісі үшін негізгі шикізаттың, қосалқы материалдардың, дайын өнімнің, есепке алу-бақылау таңбаларының немесе акциздік таңбалардың қозғалысына бақылауды жүзеге асырады.

11. Акциздік постыдағы салық органының лауазымды адамы:

1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңмасының талаптарын сақтай отырып, салық төлеушінің акцизделетін тауарларды өндіру, сақтау және өткізу үшін пайдаланатын әкімшілік, өндірістік, қойма, сауда, қосалқы үй-жайларын зерттеп-тексеруге;

2) акцизделетін тауарларды өткізу кезінде қатысуға;

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) салық төлеушінің аумағынан (аумағына) шығып бара жатқан (кіріп келе жатқан) жүк көлік құралдарын тексеріп қарауға құқылы.

12. Акциздік постыдағы салық органы лауазымды адамының акциздік пост қызметін ұйымдастыру тәртібінде көзделген өзге де құқықтары бар.

13. 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

654-бап. Трансферттік баға белгілеу кезіндегі бақылау



Салық қызметі органдары мәмілелер бойынша трансферттік баға белгілеу кезіндегі бақылауды Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасында көзделген тәртіппен және жағдайларда жүзеге асырады.

 

655-бап. Мемлекет меншігіне айналдырылған (айналдырылуға жататын) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және өткізу тәртібінің сақталуын бақылау

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Салық органы мемлекет меншігіне айналдырылған (айналдыруға жататын) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және өткізу тәртібінің сақталуын, ол сатылған жағдайда ақшаның бюджетке толық және уақтылы түсуін, сондай-ақ мемлекет меншігіне айналдырылған (айналдырылуға жататын) мүлікті Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мерзімде және тәртіппен беру тәртібінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады.

2. Мемлекет меншігіне айналдырылған (айналдырылуға жататын) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және өткізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

 

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 656-бап өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 656-бап жаңа редакцияда (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



656-бап. Уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың қызметін бақылау

1. Салық қызметi органдары осы бапта белгіленген тәртіппен уәкiлеттi мемлекеттік және жергiлiктi атқарушы органдардың қызметiне бақылауды жүзеге асырады.

Уәкiлеттi мемлекеттік органдардың қызметiне бақылау бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң дұрыс есептелуi, толық өндiрiлiп алынуы және уақтылы аударылуы, сондай-ақ салық органдарына мәліметтердің дәйекті және уақтылы табыс етілуі мәселелерi бойынша жүзеге асырылады.

Жергілікті атқарушы органдардың қызметiне бақылау бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң дұрыс есептелуi, толық өндiрiлiп алынуы және уақтылы аударылуы, салық органдарына мүлік, көлік құралдары салығы, жер салығы және басқа да міндетті төлемдер бойынша мәліметтердің дәйекті және уақтылы табыс етілуі мәселелерi бойынша жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген нысан бойынша салық қызметі органдарының бақылауды тағайындау туралы шешiмi (бұдан әрі - шешім) уәкiлеттi мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың (бұдан әрі осы баптың мақсатында - уәкілетті мемлекеттік органдар) қызметіне бақылауды жүзеге асыру үшiн негiз болып табылады, онда мынадай деректемелер:

1) шешiмнiң салық қызметi органдарында тiркелген күнi мен нөмiрi;

2) уәкiлеттi мемлекеттік органның толық атауы және сәйкестендiру нөмiрi;

3) бақылау тағайындау негiздемесi;

4) бақылауды жүзеге асыратын салық қызметi органдарының лауазымды адамдарының, сондай-ақ осы бапқа сәйкес бақылау жүргiзуге тартылған басқа да мемлекеттік органдар мамандарының лауазымы, тегi, аты, әкесiнiң атын (олар болған жағдайда);

5) бақылау жүргiзу мерзiмi;

6) бақылау кезеңі;

7) бақылау жүргізу мәселелері;

8) уәкiлеттi мемлекеттік органның шешiммен танысқаны және оны алғаны туралы белгiсi қамтылады.

Шешім бақылау жүзеге асырыла басталғанға дейін құқықтық статистика және арнайы есептер саласындағы статистикалық қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органда мемлекеттік тіркелуге жатады.

2. Шешiмде көрсетiлген салық қызметi органдарының лауазымды адамдары, осы бапқа сәйкес бақылау жүргiзуге тартылған өзге де тұлғалар және уәкiлеттi мемлекеттік органдар бақылауға қатысушылар болып табылады.

Уәкiлеттi мемлекеттік органдар бақылауды жүзеге асырған кезде салық қызметi органдарына бақылау жасау үшiн қажеттi құжаттар мен мәлiметтердi алуына, салық қызметi органдары лауазымды адамдарының салық салу объектілерін зерттеп-тексеруге кiруiне жәрдем жасайды.

Бұл ретте уәкiлеттi мемлекеттік органдардың бақылауы салық және басқа да мiндеттi төлемдердiң бір түрi бойынша және бірнеше түрi бойынша да бір мезгiлде жүргiзiлуi мүмкiн.

Құжаттар мен мәліметтер алуға, сондай-ақ салық салынатын объектілерді зерттеп-тексеруге кедергi жасалған кезде, салық қызметi органдарының лауазымды адамдарының бақылау жүргізу үшін кiруге жіберiлмегенi туралы акт жасалады.

Салық қызметi органдарының лауазымды адамдарының бақылау жүргізу үшін кiруге жіберiлмегенi туралы актiге бақылау жүргізетін салық қызметі органының және уәкілетті мемлекеттік органның лауазымды адамдары қол қояды. Көрсетiлген актiге қол қоюдан бас тартқан кезде уәкілетті мемлекеттік орган бас тарту себебi туралы жазбаша түсiнiктеме беруге мiндеттi.

Уәкілетті мемлекеттік орган шешімнің данасын (көшірмесін) алған күн немесе уәкілетті мемлекеттік органның шешімге қол қоюдан бас тартуы туралы акт жасалған күн бақылау жүргiзудiң басталуы болып есептеледi.

Уәкілетті мемлекеттік орган шешімінің данасына қол қоюдан бас тартқан жағдайда, бақылау жүргiзетiн салық қызметi органының қызметкерi куәгерлердi (кемінде екеу) тарта отырып, қол қоюдан бас тарту туралы акт жасайды. Бұл ретте қол қоюдан бас тарту туралы актiде:

1) оның жасалған орны мен күнi;

2) акт жасаған салық қызметi органының лауазымды адамының тегi, аты және әкесiнiң аты (ол болған жағдайда);

3) тартылған куәгерлердiң тегi, аты және әкесiнiң аты (ол болған жағдайда), жеке куәлiгiнiң нөмiрi, тұрғылықты жерiнiң мекенжайы;

4) шешімнің нөмiрi, күнi, уәкілетті мемлекеттік органның атауы, оның сәйкестендiру нөмiрi;

5) шешім данасына қол қоюдан бас тартудың мән-жайлары көрсетiледi.

Уәкілетті мемлекеттік органның шешімді алудан бас тартуы салықтық тексерудің күшін жоюға негіз болып табылмайды.

3. Бақылау жүргiзу мерзiмi уәкiлеттi мемлекеттік органға бақылау тағайындау туралы шешiм тапсырылған күннен бастап отыз жұмыс күнiнен аспауға тиiс. Бақылау тағайындаған салық қызметi органы көрсетiлген мерзiмдi елу жұмыс күнiне дейiн ұзартуы мүмкiн.

Уәкілетті мемлекеттік органдардың қызметіне бақылау жылына бір реттен жиі жүзеге асырылмайды.

4. Бақылау жүргiзу мерзiмiнiң барысы уәкiлеттi мемлекеттік органға салық қызметi органының құжаттарды табыс ету туралы талаптарын тапсыру күнi мен уәкiлеттi мемлекеттік органның бақылау жүргiзу кезiнде сұрау салынған құжаттарды табыс ету күнi арасындағы, сондай-ақ салық қызметi органының басқа аумақтық салық органдарына, мемлекеттік органдарға, банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға және Қазақстан Республикасы аумағында қызметiн жүзеге асыратын өзге де ұйымдарға сұрау салу жiберiлген күн мен аталған сұрау салу бойынша мәлiметтер мен құжаттарды алған күн арасындағы уақыт кезеңiне тоқтатыла тұрады.

5. Бақылау мерзiмiн тоқтата тұрған (қайта бастаған) кезде салық қызметi органдары уәкілетті мемлекеттік органдарға мынадай деректемелерді:

1) бақылау жүргізу мерзімдерін тоқтата тұру (қайта бастау) туралы хабарламаның салық органында тiркелген күнi мен нөмiрiн;

2) салық органының атауын;

3) тексерiлетiн уәкiлеттi органның толық атауы және сәйкестендiру нөмiрiн;

4) тоқтатыла тұрған (қайта басталған) бұйрықтың күні мен тіркелген нөмірін;

5) бақылауды тоқтата тұру (қайта бастау) қажеттігінің негіздемесін;

6) бақылау жүргізу мерзімдерін тоқтата тұру (қайта бастау) туралы хабарламаның тапсырылған және алынған күні туралы белгіні көрсете отырып, хабарлама жібереді.

Бақылау мерзімін, кезеңін ұзарту, тоқтата тұру және (немесе) бақылауға қатысушылардың тізбесін өзгерту кезінде шешімге уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша қосымша шешім ресімделеді.

6. Бақылау аяқталған кезде салық қызметi органының лауазымды адамы:

1) бақылау жүзеге асырылған жердi, бақылау актiсi жасалған күндi;

2) салық қызметi органының атауын;

3) бақылау жүргiзген салық қызметi органының лауазымды адамдарының лауазымдарын, тектерiн, аттарын, әкелерiнiң аттарын (олар болған жағдайда);

4) уәкiлеттi мемлекеттік органның толық атауын, сәйкестендiру нөмiрiн және мекенжайын;

5) уәкiлеттi мемлекеттік орган басшысының және лауазымды адамдарының тектерiн, аттарын, әкелерiнiң аттарын (олар болған жағдайда);

6) олардың келiсiмiмен және қатысуымен бақылау жүргiзiлген уәкiлеттi мемлекеттік органның лауазымды адамдарының лауазымдарын, тектерiн, аттарын, әкелерiнiң аттарын (олар болған жағдайда);

7) алдыңғы бақылау және бұрын анықталған бұзушылықтарды жою бойынша қолданылған шаралар туралы мәлiметтердi;

8) жүргiзiлген тексеру нәтижелерiн;

9) бақылау жүргізуге тартылған басқа да мемлекеттік органдардың мамандарының лауазымдарын, тектерiн, аттарын, әкелерiнiң аттарын (олар болған жағдайда) көрсете отырып, бақылау актiсiн жасайды.

7. Бақылаудың нәтижелерi бойынша бұзушылықтар анықталған кезде, салық қызметi органдары Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы талап қояды.

Салық қызметi органының уәкiлеттi мемлекеттік органға бақылау актiсiнде көрсетiлген бұзушылықтарды жою қажеттiгi туралы қағаз жеткізгіште жiберген хабарламасы Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзушылықты жою туралы талап (бұдан әрi - талап) болып танылады. Талап нысанын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.

Талапта:

уәкiлеттi органның толық атауы;

сәйкестендiру нөмiрi;

талапты жiберу үшiн негiз;

талап жiберiлген күн;

уәкiлеттi мемлекеттік орган бюджетке өндiрiп алуға жататын сома көрсетiледi.

Тексерілетін уәкiлеттi мемлекеттік органның бірiншi басшысына (бірiншi басшының орнындағы адамға) бақылау актiсiн табыс еткен күннен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей, талап өз қолын қойғызып не оны жiберу және алу фактісін растайтын өзге тәсiлмен жiберiлуге тиiс.

Талапты уәкiлеттi мемлекеттік орган оны тапсырған (алған) күннен бастап отыз жұмыс күнi iшiнде орындауға тиiс.

8. Бақылау нәтижесi бойынша анықталған салық берешегi сомаларын өндiрiп алуды салық және бюджетке төленетін басқа мiндеттi төлемдердiң дұрыс есептелуi, толық өндiрiлiп алынуы және уақтылы аударылуы үшiн жауапты уәкiлеттi мемлекеттік органдар жүзеге асырады.

9. Уәкiлеттi мемлекеттік органдар салық және бюджетке төленетін басқа мiндеттi төлемдердiң дұрыс есептелуi, толық өндiрiлiп алынуы және уақтылы аударылуы, сондай-ақ мәліметтердің салық органдарына дәйекті және уақтылы табыс етілуі үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.

 

 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   104




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет