Кодексі Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы



бет28/104
Дата03.07.2016
өлшемі8.24 Mb.
#173617
түріКодекс
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   104
§ 1. Қызметкердің табысы

 

163-бап. Қызметкердің табысы

1. Қызметкердің төлем көзінен салық салынатын табысы осы Кодекстің 156-бабында көзделген түзетулер ескеріле отырып, жұмыс беруші қызметкердің есебіне жазған, салық салуға жататын табыстары мен осы Кодекстің 166-бабында көзделген салық шегерімдерінің сомасы арасындағы айырма ретінде айқындалады.

2. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес жұмыс берушінің бухгалтерлік есепке алуында шығыстар (шығындар) ретінде танылған:

1) еңбек қатынастарының болуына байланысты жұмыс берушінің қызметкер меншігіне беруіне жататын, қолма-қол және (немесе) қолма-қол емес нысандағы ақша;

2) осы Кодекстің 164-бабына сәйкес қызметкердің заттай нысандағы табыстары;

3) осы Кодекстің 165-бабына сәйкес қызметкердің материалдық пайда түріндегі табыстары қызметкерлердің жұмыс беруші есепке жазған, салық салынуға жататын табыстары болып табылады.

3. Мыналар қызметкердің салық салуға жататын табыстары болып табылмайды:

1) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетiн зейнетақы төлемдерi;

2) дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар түріндегі табыс;

3) жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табыс;

4) осы Кодекстің 177-бабында айқындалған, төлем көзінен салық салынбайтын табыстар;

5) қызметкерлерге олардан сатып алынған жеке мүлкі үшін төлемдер;

6) 2009.30.12 № 234-IV Заңымен алып тасталды (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

 

164-бап. Қызметкердiң заттай нысандағы табысы



Қызметкердiң салық салынуға жататын, заттай нысандағы табысы мыналар болып табылады:

1) еңбек қатынастарының болуына байланысты жұмыс берушінің қызметкер меншігіне беруіне жататын тауарлардың, бағалы қағаздардың, қатысу үлесінің және өзге мүліктің құны. Мұндай мүліктің құны қосылған құн салығының тиісті сомалары және акциздер ескеріле отырып, мүліктің баланстық құны мөлшерінде айқындалады;

2) еңбек қатынастарының болуына байланысты жұмыс берушінің қызметкер пайдасына жұмыстарды орындауы, қызметтер көрсетуі. Орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құны қосылған құн салығының тиісті сомалары және акциздер ескеріле отырып, жұмыс берушінің осындай жұмыстарды орындауға, қызметтер көрсетуге байланысты шеккен шығыстары мөлшерінде айқындалады;

3) жұмыс берушіден өтеусіз негізде алынған мүліктің құны. Қызметкер жұмыс берушіден өтеусіз негізде алған, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің құны жұмыс берушінің осындай жұмыстарды орындауға, қызметтер көрсетуге байланысты шеккен шығыстары мөлшерінде айқындалады;

4) қызметкер үшiншi тұлғалардан алған тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құнын жұмыс берушiнiң қызметкерге немесе үшінші тұлғаларға төлеуi.

 

165-бап. Қызметкердiң материалдық пайда түрiндегi табысы



Қызметкердiң салық салынуға жататын материалдық пайда түріндегі табысы:

1) қызметкерге тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу кезінде - қызметкерге өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны мен осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi сатып алу бағасы немесе олардың өзiндiк құны арасындағы терiс айырма;

2) қызметкер борышының сомасын есептен шығару кезінде - жұмыс берушiнiң шешiмi бойынша қызметкердiң оның алдындағы борышының немесе мiндеттемесiнiң сомасын есептен шығару;

3) қызметкермен жасалған сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларының сомасын төлеу кезінде - жұмыс берушiнің өз қызметкерлерiнің сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларын төлеуге жұмсаған шығыстары;

4) қызметкерге шығындарды өтеу кезінде - қызметкердің жұмыс берушiнің қызметiне байланысты емес шығындарын өтеуге жұмыс берушiнің жұмсаған шығыстары болып табылады.

 

166-бап. Салық шегерімдері



1. Қызметкердің төлем көзінен салық салынатын табысын анықтау кезінде төлемдердің кезеңділігіне қарамастан, күнтізбелік жыл ішіндегі әрбір ай үшін мынадай салық шегерімдері қолданылады:

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)



1) республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және табысты есепке жазу күнi қолданыста болатын ең төменгi жалақы мөлшеріндегі, табыс есебiне жазылатын тиiстi айдағы сома. Бір жылдағы салық шегерiмiнiң жалпы сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және ағымдағы жылдың әрбір айының басында қолданыста болатын ең төменгi жалақы мөлшерiнiң жалпы сомасынан аспауға тиiс;

2) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында белгіленген мөлшердегі міндетті зейнетақы жарналарының сомасы;

3) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес өз пайдасына енгізілетін ерікті зейнетақы жарналарының сомасы;

4) жеке тұлғаның жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша өз пайдасына енгізетін сақтандыру сыйлықақыларының сомасы;

5) Қазақстан Республикасының резиденті жеке тұлғаның Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында тұрғын үй жағдайын жақсарту жөніндегі іс-шараларды жүргізуге тұрғын үй құрылыс жинақ банктерінен алған қарыздары бойынша сыйақыны өтеуге бағытталған сомалар;

6) осы баптың 6-тармағында белгіленген мөлшерде және шарттарда медициналық қызметтерге (косметологиялық қызмет көрсетулерден басқа) ақы төлеуге жұмсалатын шығыстар.

2009.12.02. № 133-ІV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен  (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді

2. Егер осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген салық шегерімінің сомасы осы Кодекстің 156-бабында көзделген түзетулер ескеріле отырып, салық салуға жататын, міндетті зейнетақы жарналарының сомасына азайтылған, қызметкердің бір айға айқындалған табысының сомасынан асып кетсе, онда асып кеткен сома қызметкердің салық салынатын табысын азайту үшін күнтізбелік жыл шегінде келесі айларға рет-ретімен ауыстырылады.

Салық кезеңi iшiнде жұмыс беруші өзгерген жағдайда, оның қайта ұйымдастырылу жағдайларын қоспағанда, алдыңғы жұмыс берушіде жұмыс кезеңі ішінде құралған асып түскен сома жаңа жұмыс берушіде есептелмейді.

3. Егер жеке тұлға бір ай ішінде күнтізбелік он алты күннен аз уақыт қызметкер болса, онда қызметкердің табысын айқындау кезінде осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес салық шегерімі жүргізілмейді.

4. Осы баптың 1-тармағының 1), 3) - 6) тармақшаларына сәйкес салық шегерімі құқығы салық төлеушіге өзі берген өтініштің негізінде, жұмыс берушілердің біреуінен ғана алатын табыстары бойынша беріледі.

5. Осы баптың 1-тармағының 3) - 5) тармақшаларында белгіленген салық шегерімі құқығы тиісті құжаттар:

1) ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт және ерікті зейнетақы жарналарын төлегенін растайтын құжат;

сақтандыру шарты және сақтандыру сыйлықақыларын төлегенін растайтын құжат;

3) тұрғын үй құрылыс жинақ банкімен Қазақстан Республикасының аумағында тұрғын үй жағдайын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жүргізуге арналған банктік қарыз шарты және аталған қарыз бойынша сыйақылардың өтелгенін растайтын құжат болған кезде беріледі.

6. Егер:

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен  (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді



1) осы баптың 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес ұсынылатын салық шегерімінің жалпы сомасы мен осы Кодекстің 156-бабы 1-тармағының 18) тармақшасына сәйкес ұсынылатын түзету сомасы, жиынтығында күнтiзбелiк бір жылда республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төменгі жалақының 8 еселенген мөлшерінен аспаса;

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен  2) тармақша өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



2) қызметкер медициналық қызметтер (косметологиялық қызмет көрсетуден басқа) алғанын және оларды төлеуге арналған нақты шығыстарды растайтын құжаттарды табыс етсе, салық төлеушіге осы баптың 1-тармағының 6) тармақшасында белгіленген салық шегерімін жасау құқығы беріледі.

3) 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



 

167-бап. Салықты есептеу және ұстау

Қызметкердің төлем көзінен салық салынатын табысына жеке табыс салығының сомасы қызметкердің осы Кодекстің 163-бабына сәйкес айқындалатын, төлем көзінен салық салынатын табысының сомасына осы Кодекстің 158-бабының 1-тармағында белгіленген ставканы қолдану жолымен есептеледі.

 

 

§ 2. Жеке тұлғаның салық агентінен алатын табысы



 

168-бап. Жеке тұлғаның салық агентінен алатын табысы

1. Жеке тұлғаның салық агентінен алған, төлем көзінен салық салынатын табысы осы Кодекстің 156-бабында көзделген түзетулер ескеріле отырып, жеке тұлғаның салық агентінен алған, салық салуға жататын табысы ретінде айқындалады.



Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, мыналар:

1) жеке тұлғаның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық агентімен жасасқан азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыстары;

2) жеке тұлға табысының төлемі, оның ішінде:

жеке тұлға үшiншi тұлғалардан алған тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құнын салық агентінің жеке тұлғаға немесе үшінші тұлғаларға төлеуі;

берешекті өтеу есебінен және (немесе) өтеусіз негізде жүргізілген жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету;

борышты кешіру;

мәміле шарттарының өзгеруіне байланысты есептен шығарылған тұрақсыздық айыбын қоспағанда, борышкерге қойылған талаптар мөлшерін азайту;

репо операциялары бойынша сыйақы төлемі жеке тұлғаның салық агентінен алған, салық салынуға жататын табысы болып табылады.

2. Осы баптың мақсаты үшін мыналар салық салуға жататын табысқа жатқызылмайды:

1) осы Кодекстің 177-бабында айқындалған, төлем көзінен салық салынбайтын табыстар;

2) жеке тұлғаларға олардан жеке мүлкін сатып алғаны үшін төлемдер;

3) осы Кодекстің 160-бабының 1) және 3) - 6) тармақшаларында көрсетілген табыстар;

4) 2009.30.12 № 234-IV Заңымен алып тасталды (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)



 

169-бап. Салық сомасын есептеу



Жеке табыс салығының сомасы жеке тұлғаның салық агенттерінен алатын, осы Кодекстің 168-бабына сәйкес айқындалатын, төлем көзінен салық салынатын табысының сомасына осы Кодекстің 158-бабының 1-тармағында белгіленген ставканы қолдану жолымен есептеледі.

 

 

§ 3. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетін зейнетақы төлемдері



 

170-бап. Зейнетақы төлемдері

1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары:

1) салық төлеушілердің:

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті зейнетақы жарналары;

2014 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болатын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары;

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары;

ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт талаптарына сәйкес ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зейнеткерлік жасқа толған және Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге тұрақты тұруға шығатын немесе шыққан Қазақстан Республикасының резиденттері жеке тұлғаларға;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зейнеткерлік жасқа толмаған және Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге тұрақты тұруға шығатын немесе шыққан Қазақстан Республикасының резиденттері жеке тұлғаларға;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мұраға қалған зейнетақы жинақтары түрінде жеке тұлғаларға жүзеге асыратын төлемдер салық салынатын зейнетақы төлемдері түріндегі табысқа жатады.

2. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақы төлемдері түріндегі, төлем көзінен салық салынатын табыс мыналарды:

1) осы Кодекстің 156-бабында көзделген түзетулерді;

2) мынадай мөлшерлердегі:

осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген төлемдер бойынша - төлемдерді жүзеге асырудың кезеңділігіне қарамастан, табысты есебіне жазудың әрбір айы үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және табысты есебіне жазу күні қолданыста болатын бір ең төменгі жалақы мөлшерінде;

осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген төлемдер бойынша - республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және табысты есебіне жазу күнi қолданыста болатын ең төменгi жалақының он екі еселенген мөлшерiнде салық шегерiмдерiн қоспағанда, салық салуға жататын зейнетақы төлемдері түріндегі табыс мөлшерінде айқындалады.

3. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақы төлемдері түріндегі, төлем көзінен салық салынатын табыс салық салуға жататын зейнетақы төлемдері түріндегі табыс мөлшерінде айқындалады.



 

171-бап. Салық сомасын есептеу



Жеке табыс салығының сомасы осы Кодекстің 170-бабына сәйкес айқындалатын, төлем көзінен салық салынатын, зейнетақы төлемдері түріндегі табыстың сомасына осы Кодекстің 158-бабының 1-тармағында белгіленген ставканы қолдану жолымен есептеледі.

 

 

§ 4. Дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар түріндегі табыс



 

172-бап. Дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар

1. Салық агенті дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар түрінде төлейтін, осы Кодекстің 156-бабында көзделген түзетулер ескеріле отырып, салық салынуға жататын табыс - төлем көзінен салық салынатын, дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар түріндегі табыс болып табылады.

Осы бөлімнің мақсаты үшін сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының не сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушының сенімгерлікпен басқарудан түсетін, сенімгерлікпен басқарушы болып табылатын заңды тұлғадан алған таза табысы да дивидендтерге жатады.

2. Жеке табыс салығының сомасы төлем көзінен салық салынатын, дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар түріндегі есепке жазылған табыс сомасына осы Кодекстің 158-бабында белгіленген мөлшерлемелерді қолдану арқылы есептеледі.

3. Ұтысты, сыйақыны төлеу кезінде ұсталған жеке табыс салығының сомасы төлем көзінен осы салықтың ұсталғанын растайтын құжаттар болған кезде салықтарды есептеу мен төлеуді осы Кодекстің 178 және 179-баптарында белгіленген тәртіппен жүзеге асыратын дара кәсіпкер салық кезеңі үшін есептеген жеке табыс салығының есебіне жатқызылады.

 

 



§ 5. Стипендиялар

 

173-бап. Стипендиялар

Төлем көзінен салық салынатын стипендия түріндегі табыс осы Кодекстің 156-бабында көзделген түзетулер ескеріле отырып, салық салуға жататын стипендия түріндегі табыс ретінде айқындалады.

Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, салық агенті:

білім беру ұйымдарында оқитындарға;

мәдениет, ғылым қайраткерлеріне, бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлеріне және басқа да жеке тұлғаларға төлеуге арналған ақша сомасы салық салуға жататын стипендия түріндегі табыс болып табылады.

Осы Кодекстің 160-бабының 1) - 4) және 6) тармақшаларында көзделген табыстар салық салуға жататын стипендия түріндегі табыстар болып табылмайды.

 

174-бап. Салық сомасын есептеу



Жеке табыс салығының сомасы төлем көзінен салық салынатын стипендия түріндегі табыс сомасына осы Кодекстің 158-бабының 1-тармағында белгіленген ставканы қолдану жолымен есептеледі.

 

 

§ 6. Жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табыс



 

175-бап. Жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табыс

1. Жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша, төлем көзінен салық салынатын табыс осы Кодекстің 156-бабында көзделген түзетулер ескеріле отырып, салық салуға жататын жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табыс пен осы бапта көзделген жағдайларда және мөлшерде салық шегерімі арасындағы айырма ретінде айқындалады.

2. Салық салуға жататын жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табыс:

1) сақтандыру сыйлықақылары мыналардың:



бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларындағы зейнетақы жинақтары есебінен. Осындай төлемдер бойынша жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша төлем көзінен салық салынатын табысты айқындау кезінде төлемдерді жүзеге асырудың кезеңділігіне қарамастан, табысты есебіне жазудың әрбір айы үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және табысты есептеу күні қолданыста болатын бір ең төменгі жалақы мөлшері сомасында салық шегерімі қолданылады;

жеке тұлғаның жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша өз пайдасына енгізетін сақтандыру сыйлықақылары есебінен;

жұмыс берушінің жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша қызметкердің пайдасына енгізетін сақтандыру сыйлықтары есебінен төленген сақтандыру ұйымдары жүзеге асыратын сақтандыру төлемдері;

2) осындай шарттар мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайларда төленетін құнын төлеп сатып алу сомалары;

3) сақтандыру ұйымы жүзеге асыратын сақтандыру төлемдері сомасының осы баптың 1) тармақшасында көрсетілмеген қаражат есебінен төленген сақтандыру сыйлықақыларының сомасынан асып кетуі болып табылады.

 

176-бап. Салық сомасын есептеу



Жеке табыс салығының сомасы жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша төлем көзінен салық салынатын, осы Кодекстің 175-бабына сәйкес айқындалатын табыс сомасына осы Кодекстің 158-бабының 1-тармағында белгіленген ставканы қолдану жолымен есептеледі.

 

 

20-тарау. ТӨЛЕМ КӨЗІНЕН САЛЫҚ САЛЫНБАЙТЫН ТАБЫСТАР



 

177-бап. Төлем көзінен салық салынбайтын табыстар

Мынадай табыс түрлері төлем көзінен салық салынбайтын табыстарға жатады:

1) мүліктік табыс;

2) дара кәсіпкердің табысы;

2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



3) жекеше нотариустар жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушылары мен адвокаттардың табысы;

4) басқа да табыстар.



Дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысы мен адвокаттың табысы мүліктік табыс болып табылмайды.

Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегi көздерден түсетiн табыстарды қоспағанда, осы баптың бірiншi бөлiгiнiң 1) тармақшасында және 2) және 3) тармақшаларында көрсетiлген табыстар басқа да табыстар болып табылмайды.

 

178-бап. Төлем көзінен салық салынбайтын табыстар бойынша жеке табыс салығын есептеу



1. Егер осы Кодекстің осы бабы мен 182 және 184-баптарында өзгеше белгіленбесе, төлем көзінен салық салынбайтын табыстар бойынша жеке табыс салығын есептеуді салық төлеуші, осы баптың 4 және 5-тармақтарында көрсетілген салық төлеушілерді қоспағанда, салық кезеңі үшін төлем көзінен салық салынбайтын тиісті табыстың салық салынатын сомасына осы Кодекстің 158-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерлемені қолдану жолымен дербес жүргізеді.

Бұл ретте есептелген жеке табыс салығының сомасы жеке табыс салығының осы Кодекстiң 223-бабына сәйкес есепке жатқызу жүзеге асырылатын сомасына азайтылады.

Төлем көзінен салық салынбайтын тиісті табыстың салық салынатын сомасы осы Кодекстің 156-бабында көзделген түзетулер ескеріле отырып, салық салуға жататын табыс пен осы Кодекстің 166-бабы 5 және 6-тармақтарының ережелері ескеріліп, осы Кодекстің 166-бабының 1-тармағында белгіленген салық шегерімдері арасындағы айырма ретінде айқындалады.

2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушылары мен адвокаттардың табыстарын қоспағанда, салық төлеушіде төлем көзінен салық салынбайтын табыстардың бірнеше түрі болған кезде жеке табыс салығын есептеуді салық төлеуші осы Кодекстің 158-бабының 1-тармағында белгіленген ставканы төлем көзінен салық салынбайтын барлық табыс түрлерінің сомасына қолдану жолымен дербес жүргізеді.

3. Осы Кодекстің 166-бабының 1-тармағында белгіленген салық шегерімдері, егер көрсетілген шегерімдер қызметкердің табысын айқындаған кезде жүргізілмеген болса, төлем көзінен салық салынбайтын табыстардың жиынтық сомасы бойынша жеке табыс салығын есептеу кезінде қолданылады.

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Осы баптың 5-тармағында көрсетілгендерінен басқа дара кәсіпкерлер салық кезеңі үшін дара кәсіпкердің табысы бойынша салықты есептеуді дербес жүргізеді. Салық сомасы дара кәсіпкердің осы Кодекстің 133-бабында көзделген табыстары мен шығыстары сомасына, сондай-ақ осы Кодекстің 137-бабына сәйкес ауыстырылатын шығындар сомасына азайтылған табысына осы Кодекстің 158-бабының 1-тармағында белгіленген ставканы қолдану жолымен есептеледі.

Бұл ретте есептелген жеке табыс салығының сомасы жеке табыс салығының осы Кодекстiң 223-бабына сәйкес есепке жатқызу жүзеге асырылатын сомасына азайтылады.

5. Патент немесе оңайлатылған декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер осы Кодекстің 61-тарауына сәйкес арнаулы салық режимдерінде көрсетілген шеңберде салық салынатын табыстар бойынша жеке табыс салығын есептеуді жүргізеді.



 

179-бап. Салық төлеу мерзімдері

1. Салық кезеңінің қорытындысы бойынша жеке табыс салығын төлеуді салық төлеуші жеке табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету үшін белгіленген мерзімнен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша дербес жүзеге асырады.

2. Патент немесе оңайлатылған декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер осы Кодекстің 61-тарауына сәйкес арнаулы салық режимдерінде көрсетілген шеңберлерде салық салынатын табыстар бойынша жеке табыс салығын төлеуді жүргізеді.



 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   104




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет