Кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»



Дата26.02.2016
өлшемі60.99 Kb.
#26564
түріКодекс


жоба

2014 - 2016 жылдарға арналған

аудандық бюджет туралы­­

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және Маңғыстау облыстық мәслихатының 2013 жылғы 10 желтоқсандағы №13/188 «2014-2016 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2013 жылы 26 желтоқсандағы №2323 болып тіркелген) сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

1. 2014 - 2016 жылдарға арналған аудандық бюджет 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2014 жылға мынадай көлемде бекітілсін:

1) кірістер - 5 140 184 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер бойынша - 4 191 252 мың теңге;

салықтық емес түсімдер бойынша - 7 719 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсімдер- 11 211 мың теңге;

трансферттер түсімдері бойынша –930 002 мың теңге;

2) шығындар – 5 140 184 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу - 47 305 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 55 560 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 8 255 теңге;

4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 0 теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу - 0 теңге;

мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге.

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 47 305 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 47 305 мың теңге, оның ішінде:

2


қарыздар түсімі – 55 560 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 8 255 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланатын қалдықтары- 0 теңге.

2. 2014 жылға аудан бюджетіне кірістерді бөлу нормативтері мынадай көлемде белгіленсін:

1) Төлем көзінен ұсталатын кірістен алынатын жеке табыс салығы -24,7

пайыз;


2) Төлем көзінен ұсталмайтын кірістен алынатын жеке табыс салығы - 100 пайыз;
3) Төлем көзінен салық салынатын шетелдік азаматтар табыстарынан ұсталатын жеке табыс салығы - 100 пайыз;

4) Әлеуметтік салық – 24,7 пайыз.

3.2014 жылға арналған аудандық бюджетте мына көлемде республикалық бюджеттен ағымдағы мақсатты трансферт қарастырылғаны ескертілсін:
219 264 мың теңге - мемлекеттік білім беру тапсырысын мектепке дейінгі бiлiм беру мекемелерінде іске асыруға;
9 184 мың теңге –үш сатылы жүйе бойынша біліктілікті арттырудан өткен мұғалімдерге еңбекақыны арттыруға;

8 194 мың теңге – мемлекеттік жалпы және орта білім беру мекемелерінің физика, химия, биология кабинеттерін оқу құралдарымен жарақтандыруға.

4. 2014 жылға арналған аудандық бюджетте мына көлемде республикалық бюджеттен дамуға арналған мақсатты трансферт қарастырылғаны ескертілсін:

274 375 мың теңге - білім беру нысандарының құрылысын салуға;

418 985 мың теңге - инженерлік- коммуникациялық инфрақұрылымды жобалау, дамыту, жайластыру және (немесе) сатып алуға.

5.2014 жылға арналған аудандық бюджетте мына көлемде республикалық бюджеттен бюджеттік кредит қаржысы қарастырылғаны ескертілсін:


55 560 мың теңге - ауылдық жерлердегі әлеуметтік саланың мамандарына әлеуметтік қолдауды іске асыруға.

6. Құқық берілсін:

1) Атаулы және мерекелік күндер құрметіне біржолғы әлеуметтік көмек:

22 наурыз мерекесіне:

«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көп балалы аналарға – 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

1986 жылғы 26 сәуірдегі Чернобыль АЭС-індегі апат күніне:

Чернобыль АЭС-індегі апаттың салдарын жоюға қатысқанда мүгедек болған адамдарға 60 000 теңге мөлшерінде;

1986-1987 жылдардағы Чернобыль АЭС-індегі апаттың салдарын жоюға қатысушыларға 50 000 теңге мөлшерінде;

1988-1989 жылдары Чернобыль АЭС-індегі апаттың салдарын жоюға

қатысушыларға 20 000 теңге мөлшерінде;

Ұлы Жеңіс күніне (9 мамыр):

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне біржолғы

3

100 000 теңге мөлшерінде;



Ұлы Отан соғысы жылдарында соғыста қаза тапқан әскери жауынгерлердің қайта тұрмыс құрмаған жесірлеріне 40 000 теңге мөлшерінде;

Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикасы Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға 10 000 теңге мөлшерінде;

1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығында 6 айдан кем емес істегендер (қызмет еткендер) жұмыс істегені туралы еңбек кітапшасында жазбасы немесе стаж белгілеу арнайы комиссия шешімі немесе мұрағаттық анықтамасы бар тыл еңбеккерлеріне 10 000 теңге мөлшерінде;

жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдарға 60 000 теңге мөлшерінде;

жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдарға 50 000 теңге мөлшерінде;

Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдардың басқа да санаттарына (Ұлы Отан соғысы жылдарында соғыста қаза тапқан әскери жауынгерлердің қайта тұрмыс құрмаған жесірлерінен басқа) 10 000 теңге мөлшерінде;

Дүниежүзілік қарттар күніне (1 қазан):

жасына байланысты әлеуметтік жәрдемақы алушыларға және 70 жастан асқан зейнеткерлерге - 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

Мүгедектер күніне (қазанның екінші жексенбісі):

мүгедек балаларға және барлық топтағы мүгедектерге - 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

Қазақстан Республикасының Конституция күніне (30 тамыз):

асыраушысынан айрылуына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылардың балаларына - 8 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

Қазақстан Республикасына сіңірген ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған адамдарға - 60 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

облысқа сіңірген еңбегі үшін дербес зейнетақы тағайындалған адамдарға - 36 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.

2) Әлеуметтік көмекті тоқсан сайын төлеуге:

мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларға - 1,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

3) Ай сайын төлеуге:

үйден оқып және тәрбиеленетін бала кезден мүгедек балаларға - 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

коммуналдық шығындарын жабуға жанбасылық табыстан артық отбасыларға қолданыстағы заңнамамен белгіленген тәртіппен қаралған қаржы көлемінде тұрғын үй көмегі.

4) Аз қамтамасыз етілген және аса мұқтаж отбасыларға өмірлік қиын жағдайлар туындағанда белгіленген тәртіппен қаралған қаржы көлемінде

біржолғы материалдық көмек төлеуге.

4

5) Жоғарғы оқу орындарында білім алушы тұрғындардың әлеуметтік осал топтарына жататын студенттердің оқу ақысын жылына, степендиясын ай сайын төлеуге.



6) Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік

денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мемлекеттік ұйымдарының мамандарына біржолғы әлеуметтік көмек төлеуге – 12 100 теңге.

7. Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласының азаматтық қызметшілеріне, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша бюджет қаражаты есебінен қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің жалақыларымен және ставкалармен салыстырғанда кемінде жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкалар белгіленеді.

8. Аудан әкімдігінің резерві 12 500 мың теңге сомасында бекітілсін.

9. 4-қосымшаға сәйкес 2014 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылу процесінде секвестрге жатпайтын бюджеттік бағдарламалар тізбесі бекітілсін.

10. Осы шешім 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.



Сессия төрағасы Аудандық Мәслихат хатшысы
Б.Құсымбаев Т.Қылаңов
КЕЛІСІЛДІ:

«Маңғыстау аудандық экономика

және қаржы бөлімі» мемлекеттік

мекемесі басшысының м.а.

Ұзақбай Әсемгүл Жылқыбекқызы

____________________



«___»_____2013ж.



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет