Кодексіне түсіндірме жалпы және Ерекше бөліктер алматы «жеті жарғЫ» 2015


-  6 а п. Қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде қылмыстық жауаптылықтан босату



Pdf көрінісі
бет112/678
Дата21.02.2024
өлшемі7.26 Mb.
#492628
түріКодекс
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   678
Ағыбаев қылмыстық

66- 
6 а п. Қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде қылмыстық жауаптылықтан босату 
Қогамга қауіпті қолсугушылықтан туындаган үрейлену, қорқу немесе сасқалақтау сал- 
дарынан қажетті қорганыс шегінен шыққан адам істің мән-жайлары ескеріле отырып, 
қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мумкін. 
Қылмыстык кодекстің 66-бабына сәйкес, қоғамға қауіпті кылмыстан болған үрейлену, қорқу 
немесе сасқалақтау салдарынан қажетті қорғану шегінен аскан адамды сот істің мэн-жайын ескере 
отырып, қылмыстык жауаптылықтан босатуы мүмкін. Мұндай ретте кажетті қорғану шегінен асып 
кісі өлтірген немесе денеге ауыр жаракат түсірген адамның іс-әрекеті қоғамға қауіпті, заңға қайшы, 
кінэлі түрде істелгендіктен қылмыс болып та- былады. Бірақ та сот істің нақты мэн-жайына қарай 
отырып, айыпты адамның нақты қылмыс істеу кезіндегі болған үрейлену, қорку немесе асып-сасу 
салдарынан қажетті қорғану шегінен аскандығын есепке ала отырып, оны кылмыстык 
жауаптылықтан бо- сатуы мүмкін. Егер жоғарыда аталган мэн-жайлар орын алмаса, онда сот 
айыптыға осы бапта көрсетілген жеңілдікті колданбауға кұкылы. Өйткені осы бап бойынша 
қылмыстык жауаптылықтан босату немесе босатпауды сот нақты жағдайларга байланысты ғана ше- 
шеді. 
67- 
6 а п. Процестік келісімнің талаптары орындалған кезде қылмыстық жауаптылықтан 
босату 
Процестік келісімніңбарлыңталаптарын орындаган адам қылмыстықжауаптылықтан 
босатылуы мүмкін. 
Қылмыстық жауаптылыктан боасатудың бұл жаңа түрі болып табылады. Мұндай рет- те 
кылмыстық процеске қатысушылардың өзара келісімге келуі өзара талаптардың толық орындалуы 
қылмыстық жауаптылықтан босатудың негізгі шарты болып табылады. 
68- 
6 а п. Татуласуға байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату 
Қылмыстык кодекстің 68-бабына сәйкес: 
1. Қылмыстық теріс кылық немесе қазаға ұшыратумен байланысты емес, онша ауыр емес немесе 
ауырлығы орташа қылмыс жасаған адам, егер ол жәбірленушімен, арыз бе- рушімен татуласса, оның 
ішінде медиация тәртібімен татуласса және келтірілген зиянды қалпына келтірсе, кылмыстық 
жауаптылықтан босатылуға жатады. 
2. Қазаға ұшыратумен немесе адамның денсаулығына ауыр зиян келтірумен байланыс- ты емес 
ауыр қылмысты алғаш рет жасаған кәмелетке толмағандар, жүкті әйелдер, жас балалары бар 
әйелдер, жас балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған еркектер, елу сегіз жастағы жэне ол жастан 
аскан әйелдер, алпыс үш жастағы жэне ол жастан асқан еркектер, егер олар жәбірленушімен, арыз 
берушімен татуласса, оның ішінде медиация тәртібімен татуласса жэне келтірілген зиянды қалпына 
келтірсе, қылмыстық жауаптылыктан боса- тылуы мүмкін. Қылмыстық жауаптылықтан босату 
кезінде кәмелетке толмаған адамға тэрбиелік ықпалы бар мәжбүрлеу шаралары қолданылады. 
3. Қылмыстық құқык бұзушылықпен қоғамның және мемлекеттің заңмен қорғалатын 


218 
мүдделеріне зиян келтірілген жағдайларда, осы баптың бірінші немесе екінші бөлігінде көрсетілген 
адам, егер ол шынайы өкінсе жэне қоғамның немесе мемлекеттің заңмен корғалатын мүдделеріне 
келтірілген зиянды қалпына келтірсе, қылмыстык жауаптылықтан босатылуы мүмкін. 
4. Осы баптың ережелері абайсызда адам өліміне не екі және одан да көп адамдардың өліміне 
әкеп соққан қылмыс, сыбайлас жемкорлық қылмыс, террористік қьшмыс, экстре- мистік қылмыс, 
кылмыстықтоп құрамында жасалған қылмыс, жас балаларға жыныстык тиіспеушілікке карсы 
қылмыс жасаған адамдарға қолданылмайды. Қылмыстык кодекстің 68-бабының 1-бөлігіне сэйкес, 
қылмыстык теріс қылық немесе қазаға ұшырату мен байланысты емес, онша ауыр емес, ауырлығы 
орта кылмыс жасаған адам біріншіден, жәбірленушімен, арыз берушімен татуласса (медиация 
тэртібімен болса да), екіншіден, келтірілген зиянды қалпына келтірсе, татуласуға байланысты 
қылмыстықжауаптылықтан босатылады. Осы жоғарыда көрсетілген заң талаптарының ең 
болмағанда біреуі орындалмаған жағдайда Қылмыстык кодекстің 68-бабының 1-бөлігін қолдануға 
болмай- ды. 
Қазаға ұшыратумен байланысы жоқ ауыр қылмысты алғаш рет жасаған кәмелетке толмағандар 
жүкті эйелдер, жас баласы бар әйелдер, жас балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған еркектер, 58 
жастағы және ол жастан асқан әйелдер, 63 жастағы жэне ол жас- тан асқан еркектер Қылмыстық 
кодекстің 68-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық жауаптылыктан босатылуы мүмкін, егер осы 
қылмыс жасаған адамдар жэбірленушімен, арыз берушімен татуласса, (медиация тэртібімен болса 
да), келтірілген зиянды толык қалпына келтірсе. Мұндай ретте кэмелетке толмағандарға тэрбиелік 
ықпалы бар мэжбүрлеу шаралары да қолданылады. 
Қылмыстық кодекстің 68-бабының 4-бөлігінде осы баптың ережелері колданылмайтын 
қылмыстык кұкьік бұзушылықтардың нақты құрамдары көрсетілген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   678




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет