Кодексіне түсіндірме жалпы және Ерекше бөліктер алматы «жеті жарғЫ» 2015



Pdf көрінісі
бет285/678
Дата21.02.2024
өлшемі7.26 Mb.
#492628
түріКодекс
1   ...   281   282   283   284   285   286   287   288   ...   678
Ағыбаев қылмыстық

 
4. 
Осы баптың екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген, қылмыстық топ жасаган іс-
әрекеттер
 -
 
үш жылдан алты жылга дейінгі мерзімге бас бостандыгынан айыруга жазаланады. 
Қазақстан Республикасының Конституциясы (20-бап) эрбір азаматқа сөз бен шығармашылық 
еркіндігіне кепілдік береді. Осыған орай Азаматтық кодексте тұңғыш рет интеллектуалдық меншік 
деген түсінік енгізілді жэне бұл заңмен қорғалады. 
Интеллектуалдық меншіктің түсінігі Қазакстан Республикасы Азаматтык кодексінің арнайы 
бабында берілген, заңға сәйкес интеллектуалдык меншік деп заң бойынша қорғалатын адамдардың 
кез келген саладағы бағыты мен құндылығына қарамастан шығармашылық қызметінің нәтижесін 
айтамыз. Занда интеллектуалдык меншікке авторлық құқық немесе сабақтас құқықтар объектісі, 
өнертабыс немесе өнеркәсіптік үлгі жатады дегі белгіленген. 
Қылмыстық кодекстің 198-бабында: 
Авторлық жэне (немесе) сабақтас құқықтар объектілерін заңсыз пайдалану, сол сияқты авторлык 
құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерінің контрафактілік даналарын өткізу мақсатында 
иемдену, сақтау, алып өту немесе дайындау не авторлықты иемденіп алу немесе тең авторлыққа 
мәжбүрлеу - авторлық және сабақтас құқықтарды бұзу деп танылады. 
198-багіта көрсетілген кылмыс кұрамының объектісі болып авторлык кұқық, сабақтас 
құқықтарды, қылмысты қол сұғушылыктан коргау болып табылады. 
Қылмыстык қүқык бұзушылыктың заты болып авторлық құкық немесе сабақтас құқықтар, ягни 
бөтеннің ғылыми, шығармашылық, көркем, музыкалық жэне эдеби шығармасын немесе кинофильм, 
бейнежазба шығармаларын, композиторлардың, ақындардың, жазушылардың творчестволык 
шығармалары болып табылады. 
Қылмыстық кұқық бұзушылықтың кодекстің 198-бабының жэбірленушісі болып авторлық 
жэне сабақтас кұқық иесі, олардың мұрагерлері танылады. 
Қылмыстық құқық бұзушылық объективтік жағынан бірнеше балама іс-әрекеттерді істеу 
арқылы жүзеге асырылады. 
а) авторлықты иеленіп алу бөтеннің шығармасын өз атынан толық немесе ішінара түрде 
шығару, жариялау болып табылады; 
б) тең авторлыққа мәжбүрлеу деп - шын авторға әр түрлі тәсілдер, амалдар қолдану арқылы оны 
басқа біреуді өз шыгармасына тең автор етіп қосуды мәжбүр ету, көндіруді айтамыз. 
в) авторлықты иеленіп алу немесе тең авторлыққа мэжбүрлеу әрекеттері авторға не- месе өзге 
құқық иеленушіге залал келтіреді немесе олардың құқықтарына немесе заңды мүдделеріне 
айтарлықтай зиян келтіріледі. 
Егер қосарлас авторлыққа мэжбүр ету авторға немесе оның жақындарына күш қолдану арқылы 
жүзеге асырылса, онда кінэлінің әрекеті Қылмыстық кодекстің 198-ба- бымен, сондай-ақ жеке 
адамға карсы кылмыс туралы тарауда көрсетілген баска бір бап- пен қоса сараланады. 
Қылмыстық құқык бұзушылық құрамы материалдық. Осыган байланысты іс-әрекет пен 
зардаптың арасындағы себепті байланысты аныктау қажет. 184-баптағы кылмыс істеу тәсілдері 
құрамның факультативті белгілеріне жатады, 
Субъективтік жагынан қылмыстық құқық бұзушылық тікелей немесе жанама қасақаналыкпен 
жасалады. Кінәлі адам Қылмыстық кодекстің 198-бабында көрсетілген әрекеттердің бірін істеу 
арқылы жәбірленушіге зиян келтіруді сезеді және оны тілейді немесе оның болуына саналы түрде 
жол береді. 
Қылмыстың субъектісі болып 16-ға толған есі дұрыс кез келген адам танылады. 
Қылмыстық кодекстің 198-бабынан 2-тармағында дэл сол іс-әрекеттер, егер олар айтарлықтай 


391
 
мөлшерде жасалса немесе айтарлықтай залал не автордың немесе өзге құқык иеленушінің 
құкықтарына немесе заңды мүдделеріне елеулі зиян келтірсе не бір- неше рет жасалғаны үшін 
жауаптылык, ал осы баптың 3-тармағында: осы баптың екінші бөлігінде көзделген: 
1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен; 
2) ірі мөлшерде немесе ірі залал келтірген; 
3) адамның өз қызмет бабын пайдалануымен жасалған қылмыстар үшін жауаптылык 
белгіленген. 
Ал осы баптың екінші немесе үшінші бөліктерінде козделген, қылмыстық топ жасаған іс-
әрекеттер - авторлык және сабақтас кұкықты бұзудың аса ауыр гүрі үшін жауаптылык белгіленген 
(198-баптың 4-тармағы). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   281   282   283   284   285   286   287   288   ...   678




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет