479
бірігуі, сол сияқты осы қылмыстық ұйымдардың кез келгенінің бір немесе бірнеше қылмыстык
құқық бұзушылық өз бетінше жасауына жағдайлар жасау болып табылады (ҚК-тің 3-бабы 23-
тармағы).
2) Сол сияқты ұйымдаскан топтар басшыларының немесе өзге де қатысушыларының бірлестігін
құру немесе олардың қылмыстык әрекеттерін үйлестіру болып табылады.
Қылмыс құрамы формальдык. Қылмыс қылмыстык қауымдастықты
құрған сәттен бастап
аяқтаған деп таралады. Қылмыс субъектісі
—
кылмыстық қоғамдастық басшысы және осы қоғамдык
іс-әрекетіне қатысқан І6-жаска толған, есі дұрыс адам.
Үиымдасқан топтар, қылмыстық ұйымдар, қылмыстық ұйымдардың құрылымдық бөлімшелері
басшыларының қылмыстық қоғамдастыққа қатысуы (263-баптың,
2-
бөлігі) осы қылмыс құрамының ауырлататын түріне, ал Қылмыстық әрекеттерді үйлестіру
максатында ұйымдасқан топтар, қылмыстық ұйымдар басшыларының,
өзгеде қатысушыларының
жиналысына, оның ішінде байланыс құралдарын пайдалана отырып қатысу - (263-баптың, 3-бөлігі)
қылмыстың аса ауырлататын түрі болын табылады.
Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, адам өзінің қызмет бабын пайдалана
отырып жасаған іс-әрекеттер (263-баптың, 4-бөлігі) үшін арнайы жауаптылык түрі көрсетілген
қылмыс құрамының айрықша белгісі - субъектінің өзінің қызмет бабын пайдаланып жасаган іс-
әрекеттері болып табылады.
Осы
баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген, ұйымдасқан топтардың
(қылмыстық ұйымдардың) басшылары арасында жетекші орын алатын
адам жасаган іс-эрекеттер
(263-баптың, 5-бөлігі) үшін көтеріңкі, арнайы кылмыстық жауаптылық көрсетілген. Бұл ретте
қылмыс субъектісінің жетекші орын алган мән- жайларының қоғамдық қауіптілігі ескерілген.
Достарыңызбен бөлісу: