492
орташа ауырлыктагы зиян келтіруге әкеп согу аркылы сипат- талады.
Тау-кен жұмысына жер асты байлығын ашық карьерлерден, іпахталардан, үңгірлерден алу,
қазу, бұргылау қүрылыс жұмыстары,
шахталарды жабдықтау, шахта кұрылыстарын салу т.б.
жұмыстар жатады.
Құрылыс жұмыстарына - үйлерді, көпірлерді, жолдарды, кәсінорындарды салу,
олар- ды
жондеуге, тұргызуға байланысты әрекеттер жатады.
Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу тәртібі арнаулы нормативтік құқықтың
актілерімен реттеледі. Осыган орай Қылмыстық кодекстің 277-бабының диспозициясы бланкеттік
болып табылады. Қылмыс кұрамы материалдык. Қылмыстың зардабы абай- сызда адамга ауыр
немесе орташа ауырлықгагы зиян келтіру (ҚК-тің 106, 107-бапта- ры). Бұл қылмыстың қылмыстық
құқық бұзушылық болу үшін іс-әрекет пен орын алган зардаптың арасындагы себепті байланысты
аныктау қажет.
Қылмыстык кұқык бұзушылык субъективтік жағынан кінәнің абайсыздық нысаны (менмендік
немесе немқұрайдылық) аркылы жасалады.
Қылмыстық құкық бұзушылықтың субъектісі - 16-ға толган, кез келген есі дұрыс адам.
Қылмыстық құкык бұзушылыктың Кодекстің 277-бабының 2-тармагында
абай- сызда кісі
өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға (ұйымдарга немесе азаматтарга ірі материалдык залалдар)
әкеп соққан дэл сол әрекеттер үшін, ал осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда екі
немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан іс- эрекет - қылмыстық құкық бұзушылық үшін
жауаптылықтың (277-бап 3-бөлігі) ауыр түрі көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: