Кодексіне түсіндірме жалпы және Ерекше бөліктер алматы «жеті жарғЫ» 2015


-  6 а п. Радиоактивті заттарды, радиоактивті қалдықтарды немесе ядролық



Pdf көрінісі
бет408/678
Дата21.02.2024
өлшемі7.26 Mb.
#492628
түріКодекс
1   ...   404   405   406   407   408   409   410   411   ...   678
Ағыбаев қылмыстық

284- 
6 а п. Радиоактивті заттарды, радиоактивті қалдықтарды немесе ядролық 
материал- дарды жымқыру не қорқытып алу 
1. 
Радиоактиөті заттарды, радиоактивті қалдықтарды немесе ядролық материал- 
дарды жымқыру не қорқытып алу - 
бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппул салуга не сол мөлшерде 
тузеу жумыстарына не бес жылга дейінгі мерзімге бас бостандыгын шектеуге не сол мер- 
зімге бас бостандыгынан айыруга жазаланады. 
2. 
Мынадай: 
1) 
адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен; 
2) 
бірнеше рет; 


499
 
3) 
адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып; 
4) 
өмірге немесе денсаулыққа қауіпті емес күш қолданып не сондай күш қолдану қатерін 
төндіріп жасалган дәл сол іс-әрекет - 
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, төрт жылдан жеті жылга дейінгі мерзімге бас 
бостандыгынан айыруга жазаланады. 
3. 
Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген: 
1) 
өмірге немесе денсаулыққа қауіпті күш қолданып не сондай күш қолдану қатерін 
төндіріп жасалган; 
2) 
қылмыстық топ жасаган іс-әрекеттер
 -
 
мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылга дейінгі мерзімге бас бостандыгынан айыруга 
жазаланады. 
Қылмыстық құқык бұзушылықтың тікелей объектісі болып радиоактивті материал- дардың 
белгіленген айналым тәртібін реттейтін коғамдык қатынастар, ал косымша тіке- лей объектісі - 
адамның өмірі немесе меншік қатынастары болады. Осы қылмыстың затына радиоактивті 
материалдар жатады. Қылмыстың жәбірленушісі - радиоактивті материалдар заңды түрде өз 
иелігінде немесе күзетінде болган адамдар болады. 
Объективтік жағынан көрсетілген қылмыс радиоактивті материалдарды жымқыру не- месе 
қорқытып алу аркылы сипатталады. 
Жымқыру деп заңға қайшы тегін, пайдакүнемдікпен радиоактивті материалдар- ды алып, оны өз 
пайдасына немесе үшінші жактың пайдасына айналдыруды айтамыз. Жымкырудың тәсілі әр түрлі 
(жасырын, ашық, күш қолданып, алдау немесе сенімге киянат жасау) болуы мүмкін. Қылмыстың 
істелу тәсілдерінің іс-әрекетті саралауга әсері болмайды. 
Қорқытып алу - яғни бөтеннің радиоактивті материалдарын күш қолданумен не бөтен мүлікті 
жоюмен немесе бүлдірумен қоркыту арқылы, сол сияқты жәбірленуші немесе оның жақындарын 
масқаралайтын мәліметтерді таратумен, не жәбірленушінің немесе оның жақындарының 
мүдделеріне елеулі зиян келтіруі мүмкін өзге де мәліметтерді жа- риялау арқылы талап етуі болып 
табылады. 
Радиоактивті материалдарды жымкырудың құндылыгы ерекше. Осыған орай жымкыруға 
байланысты пайда болған құрам - материалдық болып табылады. Қылмыс радиоактивті 
материалдарға талан-тараж аркылы иелік еткен уақыттан бастап аяқталған деп саналады. Осы 
қылмыстың баска нысаны - корқытып алу формальдық құрамға жа- тады. Қоркытып талап ету 
уақытынан бастап ол қылмыс аякталган деп танылады. 
Қылмыстық кұқық бұзушылык субъективтік жағынан тікелей қасаканалықпен жүзеге 
асырылады. Қылмыстық ниет пайдакүнемдік және басқадай эр түрлі болуы мүмкін. 
Қылмыстык құқық бұзушылықтың субъектісі - І6-ға толған, есі дұрыс адам. 
Қылмыстық кодекстің 284-бабының 2-тармагында осы қылмыстың ауырлататын мынадай 
түрлері көрсетілген адамдар тобының алдын-ала сөз байласуы бойынша; бірнсше рет; адам өз 
қызмет бабын пайдаланып жасаса (мысалы инженерлер, лабо- ранттар, қоймашылар жэне т.б.); 
өмірге немесе денсаулыққа қауіиті емес күш колдана отырып, не осындай күш қолданамын деп 
қорқыта отырып жасаса (Қылмыстык кодекстің 191-бабының 2-тармағының «1» тармақшасын 
қараңыз). Ал осы баптың үшінші бөлігінде осы күрамның төмендегідей өте ауырлататын түрлері 
үшін жауагітылық көзделген: өмірге немесе денсаулыкка қауіпті күш қолдана отырып неме- се 
осындай күш қолданамын деп қорқыта отырып; қылмыстық топ жасаган әрекеттер (ҚК-тің 284-
бабы 3-бөлігі). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   404   405   406   407   408   409   410   411   ...   678




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет