Кодексіне түсіндірме жалпы және Ерекше бөліктер алматы «жеті жарғЫ» 2015



Pdf көрінісі
бет440/678
Дата21.02.2024
өлшемі7.26 Mb.
#492628
түріКодекс
1   ...   436   437   438   439   440   441   442   443   ...   678
Ағыбаев қылмыстық

 
305- 
6 а п. Адамдардың өміріне немесе денсаулығына қауіп төндіретін мән-жайлар тура- 
лы ақпаратты жасыру 
1. 
Адамдардың өміріне немесе денсаулыгына не қоршаган ортага қауіп тендіретін оқигалар, 
фактілер немесе қубылыстар туралы ақпаратпен халықты қамтамасыз етуге міндетті адамның 
осындай ақпаратты жасыруы немесе бурмалауы - 
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу қуқыгынан үш жылга 
дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі 
мөлшерде айыппул салуга не сол мөлшерде түзеу жумыстарына не екі жылга дейін- гі мерзімге бас 
бостандыгын шектеуге не сол мерзімге бас бостандыгынан айыруга жаза- ланады. 
2. 
Абайсызда адамның денсаулыгына зиян келтіруге не өзге де ауыр зардаптарга әкеп соққан 
дәл сол іс-әрекет - 
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу қуқыгынан үш жылга 
дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, төрт мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі 
мөлшерде айыппул салуга не сол мөлшерде түзеу жумыстарына не төрт жылга дейінгі мерзімге 
бас бостандыгын шектеуге не сол мерзімге бас бостандыгынан айыруга жазаланады. 
Қылмыстық кұқык бұзушылықтың тікелей объектісі - халықтың денсаулығы. 
Осы қылмыстық құқық бұзушылыктың затына - адамдардың өміріне неме- се денсаулыгына, не 
қоршаған ортага кауіп төндіретін окигалар, фактілер немесе құбылыстар туралы акпараттар 
жатады. 
Ақпараттарга - адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортага қауіп төндіретін оқиғалар, 
құбылыстар, жер сілкінісі қаупі, зиянды газдардың, радиоактивті, химиялық заттардың таралуы
құрылыстардың, 
ғимараттардың 
апат 
қаупі, 
коршаган 
ортаны 
залал- 
дандыратын 
микроорганизмдердің, аурулардың таралу мәліметтері жатады. 
Қылмыстық кодекстің 305-бабының І-тармағында көрсетілген қылмыстык құқық бұзушылық 
объективтік жағынан адамдардың өміріне немесе денсаул ығына, не қоршаған ортаға қауіп 
төндіретін оқиғалар, фактілер немесе құбылыстар туралы ақпаратты халықты осындай ақпаратпен 
камтамасыз етуге міндетті адамның жасыруы немесе бұрмалауы арқылы сипатталады. 
Қылмыстық кодекстің 305-бабының пайда болуының заңдылык негізі Қазақстан Республикасы 
Конституциясының ЗІ-бабының 2-тармағында тікелей көрсетілген «адамдардың өмірі мен 
денсаулығына катер төндіретін деректер мен жағдаяттарды лауазымды адамдардың жасыруы заңға 
сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады» деген конституциялык кагида болып табылады. Жасыру - 
тұрғындарға төнген қауіптің пайда болуы жөнінде ақпарат бермеу. Бұрмалау - төнген кауіп 
жөніндегі шындыкка жатпай- тын, толық емес мәліметтерді хабарлау. 
Қылмыстық кұқық бұзушылык формальдык құрамға жатады. Ол осы көрсетілген әрекеттерді 
істеген уакыттан бастап аяқталган деп саналады. 
Қылмыстык кұқық бұзушылық субъективтік жағынан тікелей қасақаналыкпен істе- леді. 
Қылмыстық құкық бұзушылықтың субъектісі арнаулы - халықты осындай акгіаратпен 
камтамасыз етуге міндетті адам. 
Қылмыстық кодекстің 305-бабының 2-тармағында осы қылмыстың ауырлататын түрі. 
абайсызда адамның денсаулығына зиян келтіруге не өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан дэл сол 
әрекеттер үшін жауаптылық белгіленген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   436   437   438   439   440   441   442   443   ...   678




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет