146
Төнген кауіптің сипаты мен дәрежесіне және кауіптің жойылган
жагдайына сөзсіз сәйкес
келмейтін зиян келтіру заңмен корғалган мүдделерге оларды сақтап калганнан гөрі көбірек зиян
келуі аса кажеттіліктің шегінен шығуы болып табылады. Мүндай шек- тен шыққан зияндылық үшін
тек қасақана әрекеттерде ғана жауапқа тартылады. Осы заңнан туатын корытынды: аса кажеттілік
деп біріншіден заң қоргайтын мүдделерге төнген қауіпті жоюға бағытталган әрекет, екіншіден осы
төнген қауіпті баска амалдармен жоюга болмайтындай болса, үшіншіден заңмен корғалған мүдделері
сактап қалу үшін келтірілген зиян болғызылмаган
зияннан кем болуы, төртіншіден бұл істелген
эрекет аса кажеттіліктің шегінен шығып кетпесе, онда істелген әрекет қылмыс болып табылмайды.
Аса кажеттілікте қауіп қүқыктық норма қорғайтын белгілі бір мүддеге немесе мүдделерге төнеді.
Осы мүддеге немесе мүдделерге тонген зиянды немесе қауіпті заң коргайтын баскалай мүддеге зиян
келтіру жолымен гана тойтаруга болады. Мүндай жағдайда келтірілген зиянның мөлшері
тойтарылган зиян мөлшерінен кем болуы ке- рек. Аса кажеттілікте қылмыстык зан қорғайтын екі
мүдденін кактыгысы орын алады. Мүндайда
біреуі жойылмайынша, екіншісін сақтауга мүмкіндік
болмайды. Мысалы, тұрғындарды гаскын су басып кету каупі болғанда оны болдырмау үшін үйіп
қойгаи ұнтак тастарды рұксатсыз алып пайдалануды айтамыз. Бұл жерде елді мекенді су алып кетпеу
үшін рұксатсыз үнтақтасты алып пайдалану аса қажеттіліктен туып отыр. Жайшылықта осы ұнтақ
тастарды рұқсатсыз алу, рэсуә ету, заңды бұзушылык болып табылар еді. Ал көрсетілген жағдайда
аса қажеттіліктен туындайтын осы әрекетті істеу қылмыс қатарына жатпайды. Өйткені келтірілген
зиян тойтарылған зияннан анағұрлым кем. Аса кажеттілік кейбір жағдайларда екі бірдей
міндеттілікті қатар орындау қактыгысы жағдайында да болуы мүмкін. Мысалы,
екі бірдей ауру
дәрігерді бір мезгілде көмекке шақырса, дэрігер ауыр сыркатқа алдымен жәрдем көрсетіп, жеңілірек
аурумен ауырған адамға кешігіп ке- леді. Сөйтіп, ол ауыр қауіпті бұрынырақ тойтарады.
Объективтік жағынан алғанда аса қажеттілік көп жағдайларда әрекет аркылы, кей- бір
уакыттарда әрекетсіздік арқылы істелуі мүмкін. Мысалы, әрекетсіздікке жогарыда айтылган екі
бірдей
ауру адамның, ауыр науқаспен ауырганына барып, жеңілірек ауруға бармай немесе оган
кешігіп келуін айтамыз.
Аса қажеттілік жағдайында жасалған әрекет заң корғайтын кез келген мүддеге кел- тірілетін
зиянды тойтару арқылы жүзеге асырылады. Аса кажеттілікті сылтау етіп, өзінің заңсыз, заңға қайшы
мүдделерін заң қорғайтын басқа мүдделерге зиян келтіру жолы- мен жүзеге асыруға болмайды. Аса
қажеттілікті қолдану жеке адамның немесе басқа адамдардың өміріне, денсаулығына, құқықтарына
жэне заңмен қорғалатын мүдделеріне коғамның немесе мемлекеттің мүдделеріне
тікелей төнген
қауіпті тойтару үшін колданылады. Іс-әрекет аса қажеттілік жағдайында болуы үшін бірнеше
шарттардың жиынтығының болуы кажет.
Достарыңызбен бөлісу: