226-
6 а п. Бағалы қағаздарды устаушылар тізіліміне көрінеу жалған мәліметтер енгізу
1.
Багалы қагаздарды ұстаушылар тізіліміне осы багалы қагаздарга деген құқықтың басқа
тұлгага ауысуына әкеп соққан көрінеу жалган мәліметтер енгізу
-
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқыгынан үш
жылга дейінгі мерзімге айыра отырып, бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде
айыппұл салуга не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жүз сагатқа дейінгі мерзімге
қогамдық жұмыстарга тартуга не тоқсан тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуга жазаланады.
2.
Ірі залал келтірген дәл сол іс-әрекет -
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқыгынан үш
жылга дейінгі мерзімге айыра отырып, екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде
айыппұл салуга не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылга дейінгі мер- зімге бас
бостандыгын шектеуге не сол мерзімге бас бостандыгынан айыруга жазалана- ды.
Қылмыстық кодекстің 226-бабында бағалы қағазды ұстаушылар тізіміне осы бағалы қағаздарға
деген құқықтың басқа адамға ауысуына әкеп соғатын көрінеу жалган мәліметтер енгізгені үшін
жауаптылық белгіленген.
Қылмыстық құқық бұзушылықтың объектісі бағалы қағаздарды ұстаушылар тізімін реттейтін
қоғамдык қатынастар.
Қылмыстық құқық бұзушылықтың загы - багалы қағаздар ұстауға құқық берегін құжат.
Қылмыстық құқық бұзушылық объективтік жағынан - эрекет арқылы бағалы қағазды
ұстаушылар тізіміне осы бағалы қағаздарға деген құкықтың басқа адамға ауысуына әкеп соғатын
көрінеу жалған мэлімет енгізу аркылы жүзеге асырылады.
Қылмыстык кұқық бұзушылықтың істелу тәсілі - көрінеу жалған мэліметті осындай тізімге
енгізу арқылы багалы кағаздарға деген құқықтың басқа адамға ауысуына әкеліп соғатын эрекеттер
арқылы жүзеге асырылады. Заң бойынша бағалы қағаз бойынша құкықтарды берудің тәртібі
Азаматтық кодекстің тиісті бабында көрсетілген. Қылмыстық кұқық бұзушылық осы баптың
талаптарына кереғар түрде заңсыз, әдейі істеледі.
Субъективтік жагынан қылмыс тікелей қасаканалықпен істеледі.
Қылмыстық құқық бұзушылықтың субъектісі - 16-ға толған, есі дұрыс адам. Осы баптың 2-
тармағында қылмыстық құқық бұзушылықтың ауырлататын түрі - ірі зиян кел- тірілген әрекет үшін
жауаптылық белгіленген.
Достарыңызбен бөлісу: |