83
Медициналық (биологиялық) белгі бойынша қоғамға қауіпті эрекетті
істеген адамның ауру
жағдайына байланысты болған қабілетсіздігінің себебі анықталады. Адамның кез келген аурулық
жағдайы оны есі дұрыс емес деп тануға негіз болмайды, сол аурулардың ішіндегі адамға өзінің іс-
әрекетін накты дұрыс бағалауға бөгет жасайтын аурулар гана оны есі дұрыс емес деп тануға негіз
болады. Сондықтан медициналык белгі міндетті түрде заңдылык белгімен қабаттасуы қажет. Тек осы
екі белгі бірдей болған жағдайда ғана адам есі дұрыс емес деп танылуы мүмкін.
Медициналық
белгінің түсінігі сот-пси- хиатрия ғылымы белгілеген жалпы ережелерге негізделген. Қылмыстык
құкык есі дұрыс еместіктің түсінігін осы ережелерді басшылыққа ала отырып, өз ерекшеліктеріне
сэйкес түсіндіреді. Медициналық белгілерге қылмыстық заңда төрт түрлі ауру жатқызылған:
1. Созылмалы психикалық ауру. Бұл ауруға жазылмайтын
немесе жазылуы өте киын, аурулық
жағдайы өрістей беретін аурулар жатады. Бұған: шизофрения, желік- пе,
депрессиялык есалаңдық,
ми мерезінің салдарынан үдемелі сал ауруына шалдығу, кәрілікке байланысты дамыған есалаңдық
жэне баскалары.
2. Психикасының уақытша бұзылуы. Бұған жататындар: алкогольдік есалаңдық,
патологиялық
маскүнемдік, белая горячка т. б. аурулары. Бұл аурулар тез пайда болады, емделген жағдайда
артынан жазылып кетуі де мүмкін.
3. Кемақылдық. Бұл - адамның ақыл-ой қабілетінің төмендеуінен туындайтын ауру- лар. Мұндай
аурулар тұрақты туа біткен ауыр жүйке ауруының (делбе, энцефалит, мидың закымдануы) әсерінен
пайда болады. Кемақылдықтың үш түрі бар. Дебилдік (жеңіл түрі), имбецильдік (орташа түрі),
идиотизия (ауыр түрі).
4. Психикасының өзге де дертке ұшырауы. Бұл сырқаттағы күйге
психикалық аурулардың
қатарына жатпайтын, бірак адам психикасының бұзылуына әсер ететін әр түрлі аурулар жатады.
Бұған эр түрлі жұқпалы аурудың әсерінен адамның сандырақ күйге түсуі, ауыр жарақаттан пайда
болған ми ісігі немесе нашақорлык аштығынан болған жарақаттар жатады.
Заңдылық (психологиялық) белгі адамның өзінің істеген әрекетіне есеп бере алма- уынан
(интеллектуалдық кезеңнен) немесе өзінің эрекетін басқара алмауынан (ерік- тілік кезеңнен) тұрады.
Интеллектуалдық кезеңнің мазмұнына адамның өзінің істеген іс-әрекетінің шын мэніндегі жағдайын
түсінбейтінін, оның
коғамға кауіпті мэнін ягни, коғам, басқалар үшін өз мінез-кұлқының
зияндылығын сезбейтінін көрсетеді. Ақыл- ойдың бұзылуы еріктің бұзылуына себепкер болып,
адамның өзінің іс-әрекетін басқара алмайды. Кейде адам өзінің әрекетінің мәнін түсінгенімен,
аурулық жағдайына байланы- сты өзін баскара алмайтын кезеңдер де болады. Мысалы, есірткі
аштығы жағдайындағы адам өзіне жедел жәрдем көрсетуші медицина қызметкеріне шабуыл жасап,
одан есір- ткілік зэрі бар нәрсені тартып алуда өз мінез-құлқының қылмыс екенін сезеді.
Бірак та
есірткі тэуелділігіне байланысты еріктілік жағдайының терең бұзылуы салдарынан өзін-өзі ұстауға,
басқаруға қабілеті болмайды. Адамды есі дұрыс емес деп тану үшін сот-психиатриялык сарапшының
қорытындысы қажет. Есі дұрыс емес деп танылғанда медициналық белгінің нышандарының кем
дегенде біреуін және заңдылық белгінің нышандарының интеллектуалдық еріктілік белгілерінің
екеуінде немесе аурулық жағдайдың кейбіреулері үшін тек қана еріктілік белгісін анықтау қажет.
Осы екі бел- гі қабат болғанда ғана есі дұрыс еместік мәселесі шешіледі. Белгіленген тэртіппен есі
дұрыс емес деп танылған адамдар қылмыстық құқық бұзушылықтың субъектісі болып табылмайды,
демек, бұл оның іс-эрекетінде қылмыс құрамының жоқ екендігін білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: