Кодексіне түсіндірме жалпы және Ерекше бөліктер алматы «жеті жарғЫ» 2015


-  6 а п. ¥йымдасқан топ, қылмыстық үйым қүру және оларға басшылық ету, сол



Pdf көрінісі
бет379/678
Дата21.02.2024
өлшемі7.26 Mb.
#492628
түріКодекс
1   ...   375   376   377   378   379   380   381   382   ...   678
Ағыбаев қылмыстық

262- 
6 а п. ¥йымдасқан топ, қылмыстық үйым қүру және оларға басшылық ету, сол 
сияқты оларға қатысу 
1. 
Үйымдасқан топты немесе қылмыстық ұйымды қуру, сол сияқты оған немесе 
қылмыстық уйымның қурылымдық бөлімшесіне басшылық ету - 
мүлкі тәркіленіп, жеті жылдан он екі жылга дейінгі мерзімге бас бостандыгынан айыруга 
жазаланады. 
2. 
Үйымдасқан топқа немесе қылмыстық уйымга қатысу
 -
 
мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылга дейінгі мерзімге бас бостандыгынан айыруга 
жазаланады. 
3. 
Осы баптың бірінші немесе екінші беліктерінде көзделген, адам өзінің қызмет бабын 
пайдалана отырып жасаган іс-әрекеттер
 -
 
мүлкі тәркіленіп, сегіз жылдан он үш жылга дейінгі мерзімге бас бостандыгынан айыруга 
жазаланады. 
Ескерту. 
Осы Кодекстің 262, 263, 264, 265 және 268-баптарында қылмыстық топқа қатысуын өз ер- 
кімен тоқтатқан және қылмыстық топ жасап жатқан немесе жасаған қылмыстарды ашуға не- месе 
олардың жолын кесуге белсенді түрде ықпал еткен адам, егер оның әрекеттерінде өзге қылмыс 
қурамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады. 
Көрсетілген қылмыстық кұқык бұзушылык құрамы Қазақстан Республикасы Қылмыстық 
кодексіне тұңгыш рет енгізіліп отыр. ¥йымдасқан қылмыс жеке адам, қоғам, мемлекет үшін аса 
қауіп тудыратыны жалпыға мәлім. Осыған орай осы кылмыстың тікелей объектісі - қоғамдық 


477
 
немесе мемлекеттік қауіпсіздік болып табылады. Өйткені ұйымдасқан қылмыс мемлекеттің
қогамдык ұйымдардың эр түрлі құрылымдарының бірқалыпты дұрыс қызмет атқаруына кедергі 
келтірумен бірге, олардың дұрыс қызметіне сан қилы тосқауылдар жасап, нақты қауіп төндіреді. 
Объективтік жагынан Қылмыстық кодекстің 262-бабында көрсетілген қылмыстық құқық 
бұзушылық құрамы төмендегіше түрде сипатталады: 
1. Ұйымдасқан топты немесе қылмыстық ұйымды кұру; 
2. Ұйымдасқан топқа немесе қылмыстық ұйымга басқару; 
3. Ұйымдасқан топтың немесе қылмыстың құрылым бөлімшесіне басшылық ету (262-баптың 1-
бөлігі); 
4. Ұйымдасқан топқа немесе қылмыстық ұйымға қатысу (262-баптың 2-бөлігі); 
5. Жоғарыда көрсетілген эрекеттерді адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасауы (262-
баптың 3-бөлігі). 
Ұйымдаскан топты құру, сондай-ақ оны басқаруға - бір немесе бірнеше қылмыстық құқық 
бұзушылық жасау үшін күнібұрын екіден кем емес адамдардың біріккен тұракты тобын құру
құрылган топқа басшылык істеу әрекеттері жатады. Осы әрекеттерді істеген адам Қылмыстык 
кодекстің 262-бабының 1-тармағы бойынша жауапқа тартылады. 
Қылмыстык қогамдастықты (ұйымды) құруға осы когамдастыкка қагысушыларды тарту, оларға 
кіретін кұрылымдық бөлімшелерді кұру, қылмыстық топтардьщ ұйымдастырушыларын, 
басшыларын, өзге де өкілдерін белгілеу, олардың міндеттерін аныктау, ұйымдастырушылык 
нысандагы жоспарлар жасау болып табылады. Қылмыстық қоғамдастық ауыр немесе аса ауыр 
қылмыстар жасау үшін немесе осындай кылмыстарды жүзеге асыру үшін жоспарлар мен шарттар 
әзірлеу мақсатында құрылады. Осындай мақсатты жүзеге асыру - кылмыстық қогамдастыкты 
немесе оған кіретін бөлімшелерді баскарушыга да тэн болып табылады. Осыған орай онша ауыр 
емес, ауырлығы орта кылмыстарды істеу үшін кылмыстық когамдастыкты (ұйымды) құру және 
оның немесе оган кіретін бөлімшелерді басқару көрсетілген қылмыс құрамына (262-баитың2-
тармагы) жатпайды, мұндай эрекеттер ҚК-тің 262-бабының 1-тармақшасымен камтылады. 
Қылмыстық қоғамдастық банда кұрамына ұксас, бірақ одан оқшау, өзіндік өзгеше- ліктері де 
бар. 
Қылмыстық қоғамдастык көп жагдайларда заң тыйым салған басқадай әрекеттер: наркотикалык 
нәрселерді өндіру, тасымалдау, тарату, жалган акша жасау, жасырын түрде алкоголь ішімдіктерін, 
дәрі-дәрмек, улар, қару-жарақтар, жаппай зақымдау заттарын дайындау, жезөкшелікпен айналысуға 
арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлык сиякты іс-әрекеттерді істеумен 
байланысты болады. Ал банда бол- са азаматтарға немесе ұйымдарга шабуыл жасау максатында 
құрылады. Қылмыстык қоғамдастыктың міндеті эр уакытта шабуыл жасаумен байланысты емес. 
Банда мүшелері сияқты қылмыстық қоғамдастықка кіретіндер де каруланған болуы мүмкін. Бірақ 
кылмыстык кауымдастықтағы қару шабуыл жасау үшін емес, олардын өзін, оған кіретін 
бөлімшелерді баска кылмыстык топтан, ұйымнан, қауымдастықтан қоргау үшін гана қажет болады. 
Егер қылмыстық қауымдастык бандитизм құрамындагы қылмысты әрекеттерді істесе, онда іс-
әрекетте Қылмыстық кодекстің екі бірдей бабында (262, 268-баптар) көрсетілген кылмыстардың 
жиынтығы бар. 
Қылмыстық когамдастыкты баскаруға оны немесе оған кіретін бөлімшелерді тіке- лей 
баскарып, жұмысын ұйымдастыру, олардың құжаттарын дайындау, когамдастыкка кіретін 
адамдардың, олардың бірлестіктерінің міндеттерін, рөлдерін айкындау, оларга міндет жүктеу 
әрекеттері жатады. 
Қылмыстық коғамдастықка қатысуга, осы қоғамдастықтың міндеттерін тіке- лей жүзеге асыру 
үшін қылмыстык әрекеттердің тікелей орындаушысы болу неме- се қылмысты жүзеге асыру үшін 


478
 
көмекші міндеттерді аткару немесе кылмыстык қоғамдастықты кажетті құжаттармен, басқа 
материалдармен жабдыктау әрекеттерін жүзеге асырушылыктар жатады. 
Субъективтік жагынан кылмыстык құқык бұзушылык тікелей касаканалықпен жа- салады: 
кінәлі ұйымдасқан кылмыстық топ, қауымдастык (ұйымды) кұрудың, оны басқарудың немесе оган 
катысудың қоғамга қауіпті, заңға қайшы екенін сезеді, біледі, бірак соған қарамастан оны құруды, 
оған басшылык етуді немесе оның қызметіне қатысуды тілейді. 
Қылмыстык кодекстің 262-бабының 1, 2-тармақтарында көрсетілген кылмыстык құкык 
бұзушылықтардың субъектісі болып 16-га толган, есі дұрыс кез келген адам, ал осы баптың 3-
бөлігінде корсетілген қылмыстык кұкык бұзушылыктың субъектісі болып - арнаулы субъект 
(кылмысты эрекеттерді істеуге өз лауазымдық жагдайын пайдаланган лауазым иелері немесе өкімет 
өкілдері) танылады. 
ҚК-тің 262-бабының ескертуіне сәйкес: 
Осы Кодекстің 262, 263, 264, 265 жэне 268-баптарында кылмыстық топка катысуын өз еркімен 
тоқтатқан жэне қылмыстық топ жасап жатқан немесе жасаған кылмыстарды ашуға немесе олардың 
жолын кесуге белсенді түрде ықпал еткен адам, егер онын эрекеттерінде өзге кылмыс кұрамы 
болмаса, кылмыстык жауаптылыктан босатылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   375   376   377   378   379   380   381   382   ...   678




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет