Кодексіне түсіндірме жалпы және Ерекше бөліктер алматы «жеті жарғЫ» 2015


  Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз



Pdf көрінісі
бет431/678
Дата21.02.2024
өлшемі7.26 Mb.
#492628
түріКодекс
1   ...   427   428   429   430   431   432   433   434   ...   678
Ағыбаев қылмыстық

60 
Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз 
дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, оларды жөнелту не өткізу
 -
 
мулкі тәркіленіп, бес жылдан он жылга дейінгі мерзімге бас бостандыгынан айыруга 
жазаланады. 


519
 
2003 жылғы 7 шілдедегі №7 нормативтік каулыларымен енгізілген өзгерістерімен тиісінше түсінік 
берілген. 
Жоғарғы Соттың осы каулысының 3 тармағына сэйкес жоғарыда көрсетілген заттар- ды сатып 
алу, басқа тауарға немесе затқа айырбастап алу, қарыздың орнына беру, карызга немесе сыйға алу, 
тауып алғанды иелену, күрамында есірткі бар жабайы осімдіктерді не- месе олардың болігін жинау, 
осындай өсімдіктердің күзетілмейтін егістік алқабындагы жинау жұмысы біткеннен кейінгі 
қалдыгын (масағын) жинап алуды т.б. заңсыз иемденіп алу деп түсіну керек. 
Кінэлінін арнайы рүксатсыз корсетілген заттарды өзінен жасырын жерден, 
үй-жайдан, 
көлік 
кұралынан, басқа да орындардан тауып алумен банланысты кез келген касақана әрекет заңсыз 
сактау болып табылады. 
Есірткі, психотроптык заттарды оларды дайындауға пайдаланылатын аспаптар неме- се 
кұралдарды, сонымен қатар прекурсорларды көлік кұралдарын пайдалану аркылы не- месе басқа да 
әр түрлі тәсілдермен арнайы рұксатсыз орнынан ауыстыру үшін жасалған кез келген касакана 
эрекеттерді, осы заттарды заңсыз тасымалдау деп түсіну керек. Бұл әрекеттерді есірткі
психотроптык затты, аспаптарды, құралдарды, прекурсорларды заңсыз иесі гана емес, оның 
тапсырмасы бойынша баска адамда тасымалдауы мүмкін. Мұндай ретте көрсетілген заттарды 
заңсыз тасымалдауды басқаларга тапсырган тұлга осы кылмыстың ұйымдастырушысы болып 
табылады. Егер есірткі, психотроптық заттың, аспаптардың, кұралдардың, прекурсорлардың заңсыз 
иесі - өзіне тапсырылган жүктің сипатын анық білмейтін адамдар арқылы көрсетілген заттарды
аспаптарды, құралдарды тасымалдауды жүзеге асырса, онда ол кылмыстың ұйымдастырушысы 
емес, тікелей орындаушысы ретінде жауапка тартылады. 
Осы көрсетілген әрекеттер (иемденіп алу, тасымалдау немесе сақтау) заңсыз болуы қажет. Ягни 
мұндай әрекеттер кұзыретті органдардың немесе лауазымды адамдардың тиісті рұқсатынсыз 
жасалуы тиіс. Есірткі заттарды немесе психотроптық заттар мен нәрселерді өткізу максатынсыз өте 
ірі мөлшерде заңсыз алу, тасымалдау, сақтау үшін жауаптылық ҚК-тің 297-бабының 2-тармағымен 
сараланады. 
Заңсыз сакталуга немесе айналымға шығарылған есірткі құралдарын, психотроптык заттарды 
өте ірі мөлшерлерге жатқызу үшін жиынтық кестеге жүгіну кажет. 
Жиынтык кестеге сэйкес көрсетілген заттар ірі мөлшерге жатпаса, онда іс-әрекетте көрсетілген 
қылмыс кұрамы болмайды. 
Қылмыстық құқық бұзушылык кұрылысы жөнінен формальдык құрамға жатады. Сол себепті ол 
занда көрсетілген әрекеттердің бірін істеген уакыттан бастап аяқталған болып табылады. 
Субъективтік жагынан қылмыс тек қанатікелей касаканалықпен істеледі. Адам есірт- кі немесе 
психотроптык заттарды өткізу мақсатынсыз заңсыз алганын және сактаганын сезеді және сондай 
әрекет істеуді тілейді. 
Қылмыстың субъектісі - 16-ға толган, есі дұрыс кез келген адам. 
Қылмыстык кодекстің 297-бабының 1-тармагында мөлшеріне байланыссыз есірткі заттарды 
немесе психотроптық заттарды өткізу мақсатында заңсыз алу, тасымалдау не- месе сактау, 
дайындау, өңдеу, жөнелту, не өткізгені үшін жауаптылык белгіленген. Ал осы көрсетілген заттарды 
өткізу мақсатында ірі мөлшерде заңсыз алу, тасымалдау, сақтау, тагайындау, өндеу немесе жөнелту 
ҚК-тің 297-бабының 2-1 тармагында көрсетілген кұрам бойынша саралануға жатады. 
Көрсетілген заттарды заңсыз иемденіп алудың, тасымалдаудың жэне сақтаудың түсініктеріне 
осы баптың бірінші бөлігін талдағанда тоқталып өттік. Кез келген әдейі жасалған әрекет 
нэтижесінде белгілі бір есірткі немесе психотроптық зат тізімінде көрсетілген затқа айналдырылса 
онда оларды дайындау болып табылады. 
Ал сол заттардың пішінін өзгерту (ұсату, таблеткага қалыптау, пилюла, пасталар жа- сау т.б.) 
заңсыз дайындау болып табылмайды. 
Белгілі бір есірткі немесе психотроптық заттың күшін көтеру үшін арнайы рұқсатсыз тазарту 


520
 
(жат коспалардан тазарту) заңсыз өндеу болып табылады. Құрамында есірткі зат бар өсімдіктерді 
кептіру, ұстау, кейбір бөлшектерден ажырату жэне басқа да түрлендіру (сол заттан басқа бір есірткі 
зат алынбаса) заңсыз қайта өндеу деп есептелмейді. Мұндай әрекеттер жеке кылмыс болып 
табылады. 
Есірткі немесе психотроптық заттарды, оларды дайындайтын кұрал-саймандарды, 
прекурсорларды бір жаққа заңсыз жөнелту деп оларды кез келген байланыс кұралымен, арнайы 
адам арқылы, сонымен қатар құстар мен жануарларды пайдалану арқылы жібе- руді айтамыз. 
Жоғарыда көрсетілген заттарды, құрал-саймандарды, гірекурсорларды бір тұлғаның билігінен басқа 
тұлғаларға кез келген тәсілмен заңсыз беру (сату, сый- лау, қарызын өтеу, айырбастау, қарызға 
беру, басқа адамға укол салу т.б.) осы заттар- ды заңсыз өткізу болып табылады. Қылмыстық 
кодекстің 259-бабының 2-тармагындағы қылмыстың объективтік жағының кажетті белгілерінің бірі 
- заңда көрсетілген заттар- ды өткізу мақсатында иемденіп алу немесе сақтау болып табылады. 
Өткізу максатында заңсыз иемденіп алу немесе сақтау пиғылымен жа-салғандығы жөнінде мәселені 
шешу үшін бұл заттарды шын мәнінде өткізуге дайындалғанын дәлелдейтін айгақтар жинағын 
арқау ету керек (мысалы, жоғарыда көрсетілген заттар көп мөлшерде табылса, оларды өзі ғана 
пайдаланатынын жоқка шығармайтын фактілердің болуы - заттардың бөлшектенуі, кұралдар мен 
жабдықтардың бөлінігі койылуы, кінэлінің баскалармен есір- ткіні қолданатын фактілерінің орын 
алуы т.б.). 
Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-тармагында осы қылмысты аса ауырлата- тын түрлері: 
Есірткі заттарды немесе психотроптық заттарды өткізу, дайындау, ұқсату, жөнелту максатында 
заңсыз иемденіп алуды, тасымалдауды немесе сақтауды не өткізуді. 
а) алдын ала сөз байласкан адамдар тобы жасаса (ҚК-тің 31-ба-бын караңыз); 
б) бірнеше рет (ҚК-тің 12-бабын қараңыз); 
в) есірткі заттарға немесе психотроптық заттарға катысты аса ірі мөлшерде; 
Есірткі немесе психотроптық заттардың ірі немесе өте ірі мөлшерге жататыны немесе 
жатпайтыны жиынтық кесте арқылы анықталады. 
Лауазымды адам қызмет бабын пайдалана отырып жасағаны үшін жауаптылык көзделген (ҚК-
тің 3-бабының 26-тармағын қараңыз) 
Қылмыстык кодекстің 297-бабының 4-тармағында: Есірткі заттарды немесе психо- троптық 
заттарды өткізу, дайындау, ұқсату, жөнелту мақсатында заңсыз иемденіп алуды, тасымалдауды 
немесе сақтауды не өткізуді; 
а) қылмыстык топ жасаса (ҚК-тің 31-бабын қараңыз); 
б) білім беру ұйымдарына; 
в) көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалған қылмыстар үшін жауаптылык 
белгіленген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   427   428   429   430   431   432   433   434   ...   678




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет