Кодексіне түсіндірме жалпы және Ерекше бөліктер алматы «жеті жарғЫ» 2015


)  қаруды немесе арнайы қуралдарды қолданып



Pdf көрінісі
бет526/678
Дата21.02.2024
өлшемі7.26 Mb.
#492628
түріКодекс
1   ...   522   523   524   525   526   527   528   529   ...   678
Ағыбаев қылмыстық

2) 
қаруды немесе арнайы қуралдарды қолданып
3) 
өзі немесе басқа адамдар немесе уйымдар үшін пайда мен артықшылықтар алу не басқа 
адамдарга немесе уйымдарга зиян келтіру мақсатында жасалган іс-әрекеттер - 
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу қуқыгынан өмір 
бойына айыра отырып, ал 3) тармақта көзделген жагдайларда мүлкі тәркіленіп, бес жылдан 
он жылга дейінгі мерзімге бас бостандыгынан айыруга жазаланады. 
Билікті немесе лауазымдык өкілетті асыра пайдалану қызметтік өкілетті теріс пайдаланудың 
айрыкша түрлерінің бірі болып табылады. Қылмыстық құқық бұзушылыктың бұл түрінін қызметті 
теріс пайдалану құрамынан (ҚК-тің 361-бап) айырмашылығы мынада: қызметті теріс пайдалану 
кезінде заңсыз әрекет лауазымды тұлғаның эдетгегі кызмет шеңберінде жасалады, ал асыра 
пайдалануда, керісінше, эрекет құқық пен өкілеттің осы шенберінен ашықтан-ашық асып кетеді. 
Осыған сәйкес қылмыстык кұкык бұзушылык белгілерін аныктау үшін осы түлғаға берілген 
өкілеттік көлемін нақты айқындап алу керек. 
Кінэлі түлға қаралып отырған қылмыстық қүқық бұзушылықты жасай отырып, солардың 
шегінен асып кететін қүқықтар мен өкілеттер зандармен және мынадай зандық актілермен 
айқындалады: қаулылармен, өкімдермен, бүйрықтармен, нүсқаулықтармен, жарлықтармен, 
нүсқамалармен және т.б. 
Билікті немесе лауазымдық өкілетті шамадан тыс асырудың жэне өзге қызметтік қылмыстық 
қүқық бұзушылықтардың да объектісі болып - мемлекеттік аппараттын қалыпты кызметі табылады. 
Билікті немесе қызметтік өкілетті шамадан тыс асыру тек қана олардың өздерінің қызметтік 
міндеттерін жүзеге асырумен байланысты жасалуы мүмкін. Егер кінәлі адамның жасаған іс-әрекеті 
оның қызметтік өкілеттігімен байланысты болмаса, Қылмыстык кодекстің 362-бабында көзделген 
қылмыстық қүқық бүзушылықты құрамы болмайды. Яғни жасалган заңсыз әрекеттер түлғаның 
қүқыгы мен өкілетіне толықтай байланыссыз болган жағдайда, бұл әрекеттер тиісті белгілер болган 
кезде қызметіне бай- ланысты болып табылмайтын қылмыстык қүқык бұзушылыкты ретінде 
қаралады. 
Объективті жагынан алганда бұл қылмыстық қүқық бүзушылықты міндетті түрде бо- луы керек 
деп саналатын 3 белгімен сипатталады: түлганың оган заңмен берілген құкығы мен өкілетінің 
шегінен ашықтан-ашық асып кететін іс-әрекеттер жасауы; осы бапта кел- тірілген заң 
бұзушылықтүріндегі қоғамга қауіпті зардаптар; түлғаның өкілеттік шегінен асуы мен жасалған 
зардаптар арасында себептік байланыстың болуы. 
КСРО Жогарғы Сотының 1990 жылгы 30 наурыздағы жогарыда аталган Пленумының 
қаулысындағы түсіндірме бойынша қызметтік түлганың өкілеттік шегінен ашықтан- ашық шыгып 
кету әрекеттері мыналар болуы мүмкін: аталған ведомствоның жоғары ла- уазымды түлғасы гана 
жасауға қүқы бар әрекеттер (мысалы, университет факультетінін деканы факультеттің 
кызметкерлерін жүмысқа қабылдау жэне жүмыстан шығару функ- цияларын, осы функциялар заң 
бойынша жогары оқу орнының ректорына ғана тэн бола түрса да, өзіне иемденеді); 


606
 
басқа ведомствоның билігі не кызметтік өкілет құзыретіне кіретін іс-әрекеттер (мы- салы, 
тінтуді жүргізу құқыгы анықтама, тергеу, прокуратура жэне сот органдарына берілген, сондықтан 
ауыл әкімінің тінту жүргізу туралы өкім беруі билікті асыра пайда- лану ретінде бағалануы тиіс); 
алкалы органның құзыретіне кіретін іс-әрекеттер (мысалы, заң бойынша мүгедектік туралы 
анықтаманы тек қана дәрігерлік-еңбек сараптама комиссиясы бере алатындыгы айқын бола тұра 
емдеуші дәрігердің осындай анықтаманы өзі беруі); 
осы түлғаның құзыретіне кіре тұрса да, бірак занда жэне өзге де нормативтік акті- де 
көрсетілген жагдайлар болғанда ғана жол берілетін іс-әрекеттер (қылмыскер шабуыл жасаған сәтте 
қару қолдану); 
бірде-бір қызметтік түлға немесе орган жасауға құқылы емес іс-эрекеттер (көбінесе, 
карамагындағыларға қатысты жәбірленушінің жеке басын кемсітетін күш көрсету). 
Билікті немесе қызметтік өкілетті қылмыстық күқық бүзушылықпен асыра пайдалану қүрамы 
болу үшін мемлекеттік не коғамдық мүдделерге немесе жекелеген азаматтардың қүқыктары мен 
заңмен қоргалатын мүдделерін елеулі түрде бұзу түріндегі және тұлганың әрекеті мен зардаптардың 
арасында себептік байланыстар болуы қажет. Билік- ті немесе кызметтік өкілетті асыра 
пайдаланудың объективті жактарының осы міндетті белгілерінің сипаты мен мазмұны қызметті 
теріс пайдалану кезіндегімен бірдей. Билікті немесе қызметтік өкілетті асыра пайдалану қүрамының 
қажетті белгілерін елеулі түрде бү іудың бо.іма\ ы Қы.імыстык кодскстің 362-бабы боныиша 
кылмыстык жауапкершілікті жокка шыгарады. 
Ашыктан-ашык заң бүзушылықтын белгілері жасалган іс-эрекеттердің берілген окілеттіктердін 
шегінен асып кеткендігінің айкындыгын. сөзсіздігін білдірсді. 
Заңда көрсетілген зардаптар басталған сэттен бастап қылмыс, атап айтканда, азаматтардын 
немесе үйымдардың күкықтары мен заңды мүдделерін не қогамның неме- се мемлекеттің заңмен 
коргалатын мүдделерін елеулі түрде бұзу аяқталған болып есепте- леді. Тергеу-соттәжірибесінде 
бұл зардаптар көбіне дене күшін жұмсау және психикалык зорлык корсету түрінде көрінеді. 
Бнлікті асыра колдану кезіндегі зорлык дене күшін жұмсау және психикалық болуы мүмкін. 
Билікті немесе кызметтік өкілетті асыра пайдалану кезінде дене күшін жұмсау жэбірлену-шінің 
денесіне закым келтіру, ұрып-согу, азаптау, бостандығынан заңсыз айы- ру гүрінде корінуі мүмкін. 
Билікті асыра колдану кезінде психикалык зорлық, дене күшін жұмсаумен коркыту және денеге 
жаракат салумен, өліммен корқыту жэбірленушінің белгілі бір әрекет немесе әрекетсіздікті істеуге 
және баскадай нысандарды мэжбүрлеп корқытуы аркылы көрініс табады. 
Мұндай корқытулар субъект тарапынан сөзбен, жазбаша, дене қозғалысы, ым көрсету аркылы 
жүзеге асырылады жэне де осы коркытулар жэбірленушінің жеке басына гана емес, оның туыстары, 
жақындары жөнінде де болуы мүмкін. 
Билікті немесе кызмепік окілеттілікті асыра пайдаланудың объективтік жагының ка- жетті 
белгісі - кінәлі адамның кұкықгар мен өкілеттік шегінен көрінеу асып кетуі мен одан тікелей 
туындаған заңда көрсетілген зардаптың біреуінің орын алуының арасындағы себепті байланыстың 
болуы болып табылады. 
Талданып отырған кылмыстык кұкык бұзушылыкты субъективтік жағынан тек қана 
қасақаналыкпен жасалады. Кінэлі адам билікті немесе қызметтік өкілеттікті көрінеу асы- ра 
пайдаланганын және оның азаматтардың ыемесе ұйымдардың кұқықтары мен заңды мүдделерін не 
коғамның немесе мемлекеттің заңмен қоргалатын мүдделерін елеулі түрде бұзуға әкеп соғатынын 
сезеді жэне өз өкілеттігін асыра пайдалану арқылы құқык қорғау объектілеріне зиян келтіруді 
тілейді немесе осы зардаптардың болуын тілемесе де оған саналы түрде жол береді. 
Қылмыстык кұкық бұзушылыкты ниеттін іс-эрекетті саралау үшін ешқандай эсері болмайды. 
Қылмыстық кұкық бұзушылықтың субъектісі - мемлекеттік қызметтер аткаруға уэкілетті адам 
не оған теңестірілген адам, лауазымды адам, жауапты мемлекеттік лауа- зым аткаратын адам. 


607
 
Олардың түсінігі Қылмыстык кодекстің 3-бабының 26, 28-тармағында берілген. Талданып 
отырган баптың 2-тармағында осы кылмыстың ауырлататын түрі лауа- зымды адам жасаган, ал 3-
тармагында осы кылмыстың аса ауырлататын түрі - жауап- ты мемлекеттік лауазымда істейтін адам 
жасаған билікті немесе кызметтік өкілеттікті асыра пайдаланған әрекеттер үшін жауаптылык 
көзделген. Лауазымды жэне жауапты мемлекетз ік кызмет атқаратын адамдардың да түсінігі 
Қылмыстык кодекстің 3-бабының 26-28-тармактарында берілген. 
Осы баптың (362) 4-тармағында осы кылмыстын аса ауырлататын түрі - осы баптын 1, 2, 3-
бөліктерінде көзделген әрекеттер не ауыр зардаптарға әкеп соқкан эрекеттер, күш қолдану немесе 
оны колданамын деп коркыту аркылы («1» тармағы), не кару немесе арнаулы кұралдар колдану 
аркылы («2» тармағы), немесе өзі немесе баска адамдар не- месе ұйымдар үшін пайда мен 
артыкшылык алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарга зиян келтіру максатында («3» тармагы) 
жасалганы үшін жауаптылык белгіленген. Ауыр зардаптарға жәбірленушіге ірі материалдык залал, 
абайсызда ауыр дене жаракатын кел- тіру немесе оның абайсызда қаза болуы жатады. 
КСРО Жоғарғы Сотынын 1990 жылгы 30 наурыздагы «Билікті немесе қызмет жагдайын теріс 
пайдалану немесе өкілетті шамадан тыс асыру, салақтық, қызметтік жалғандық істері бойынша сот 
тэжірибелері туралы» қаулысының 13-тармағына сэйкес билікті немесе қызметтік өкілеттікті асыра 
пайдалану барысында жәбірленушіге қасақана ауыр зардап келтіру немесе оны қасақана өлтіру 
кылмыстардың жиынтыгын қүрайды деп тура көрсетілген. 
Қорқытудың түсінігіне Қылмыстық кодекстің 194-бабын талдаганда, ал кару неме- се арнаулы 
құралдардың анықтамасына Қылмыстық кодекстің 287-бабын зерттегенде тоқталып өткенбіз. 
Осы баптың (362) 4-бөлігінің «3» тармағында көзделген қылмыс құрамы сыбайлас жемкорлык 
қылмыс түріне жатады, оның түсінігі де ҚК-тің 3-бабының 29-тармағында берілген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   522   523   524   525   526   527   528   529   ...   678




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет