619
мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен ай-
налысу қүқыгынан өмір бойына айыра отырып, параның жиырма еселенген сомасы
мөлшерінде айыппүл салуга не алты жылга дейінгі мерзімге бас бостандыгынан айыруга
жазаланады.
Бұл қылмыстық құқық бұзушылык үшін жауапкершілік Қылмыстық кодекстің 368-ба- бында
көрсетілген.
Осы қылмыстық құқық бұзушылықтың объективті жағы парақорлыкка дел- дал болу, ягни пара
алушыға жэне пара берушіге пара алу мен беру туралы олардың арасындағы келісімге қол жеткізуге
немесе іске асыруға жәрдемдесу болып табылады. Парақорлықтың
делдалы ретінде кінэлі боп
табылу үшін пара берушіден немесе алушы- дан сыйақы алғанына қарамастан танылады.
Делдалдық пара беру мен алуды жалғастыратын ерекше түрі - жеке қылмыс құрамына бөлінген.
Бұл пара беру мен алудың келісім немесе нақты әрекеттермен жетістікке жету арқылы, делдал өзінің
бастамасымен емес, пара беруші мен алушының сұрауы немесе тапсырмасы арқылы тікелей пара
береді. Делдалдыктың ерекшелігі бұп субъектінің екі қылмыс жасалуына, яғни пара беру мен алуға
жэрдемдеседі. Делдал - екі негізгі субъектілердін байланыстырушы бөлігі жэне өзінің ниетімен
емес, пара бе- руші мен алушының ниеттерімен келісімге жетуге жэне іске асыруға көмектеседі.
Пара алу жэне пара беру - субъектілерінің екі
жағымен де байланысы бар болса, субъек- тіні
парақорлықтың делдалы ретінде қарастыру керек. Пара беруге не алуға баскадай көмектесулер
парақорлыққа делдал болып қарастырылмайды.
Парақорлыққа делдал болу қылмыстық кұқық бұзушылықтың құрамы формальды жэне пара
нақты берілген кезден бастап аяқталған қылмыс болып табылады.
Егер де пара
алушы пара алудан бас тартса, онда делдалдың әрекеттері парақорлыққа делдал
болушылыққа оқталғандык болып (ҚК-тің 368-бабы) танылады. Парақорлыққа делдал болуды
парақорлықтың қатысушылығынан, яғни пара беру
немесе алуды ұйымдастырушылар, айдап
салушылар, көмектесушілерден ажырату керек.
Пара алуды немесе беруді ұйымдастырған немесе оның жүзеге асырылуына басшылык еткен
адам парақорлықтың ұйымдастырушысы деп аталады. Бұл жерде ұйымдастырушы өзі белсенділік
көрсетіп, өз эрекетімен параны беруді немесе параны алуды жүзеге асы- рады. Ал делдал болса пара
алушы мен берушінің ортасындағы болған келісімді ғана жүзеге асырады.
Пара беруге немесе оны алуға басқа адамды азғыру немесе басқа да жолмен осындай қылмысты
жасауға парақорлықтың қатысушыларын көндірген адам айдап салушы деп танылады.
Паракорлыққа
делдал ешкімді де азғырмайды, көндірмейді, ол өзара келіскен екі субъектінің
тапсырмасын орындайды, пара беруші мен алушыны өз еріктерімен кездестіреді.
Субъективті жағынан делдалдық тікелей қасақаналықпен жасалады. Делдал пара берушінің
немесе алушының тапсырмаларымен пара бергенін
сезеді және соны тілейді, егерде пара беріп
отырғанын сезбесе, онда кылмыс кұрамы болмайды.
Делдалдық ниет алуан түрлі болуы мүмкін. Бірақ оның мэні қылмысты саралауына әсер етпейді
жэне сот жаза тағайындағанда міндетті түрде ескеріледі.