682
шыгарылған сот актілерін әділетсіз үкім, шешім немесе өзгеде сот актісін шығару деп түсінген жөн.
Бұлар қылмыстык іс бойынша сот үкімінің жиналган дәлелдемелерге сай емес жағдайда
шығарылуы, қылмысты дұрыс сараламау, әділетсіз жаза шараларын бел- гілеу, істі согталушының
сыртынан карау, оны қорғану құқығынан айыру, заңсыз сот құрамымен істі қарау т.с.с. арқылы, ал
азаматтық істер бойынша талапты негіз- сіз қанағаттандырмау немесе
дәлелдемелері жок талапты
қанағаттандыру, істі заңсыз өндірістен қысқарту немесе оны қарамай тастау, келтірілген зиянның
мөлшерін орынсыз ұлғайту немесе азайту, негізсіз жұмысқа қайта орналастырудан бас тарту арқылы
көрініс береді. Әкімшілік-құқықтық қатынастардан пайда болатын істер
бойынша да әділетсіз сот
актілері орын алуы (мысалы азаматтардан салық түрін заңсыз өндіру, әкімшілік орындарының
немесе лауазымды адамдардың теріс әрекеттері туралы азаматтардың шыгынын қанағаттандырмай
тастау т.с.с.) мүмкін.
Субъективтік жағынан қылмыстық құқық бұзушылық тікелей қасақаналықпен істе- леді. Мұның
өзі заңның мазмұнынан тікелей туындап отыр. Онда «көрінеу әділетсіз сот үкімін, шешімін, өзгедей
сот актісін шыгару» деп тура көрсетілген. Қылмыстық құқық бұзушылык ниет (пайдакүнемдік, кек
қайтару,
өзара катынастардың қайшылығы, қара ниеттік т.с.с.) болуы мүмкін.
Пара алган жағдайда әділетсіз үкім шығару - қылмыстық құкық бұзушылықтардың жиынтығын
құрайды. Заңсыз үкім, шешім немесе өзгедей сот актілері судьяның (судьялардың) көрінеу кэсіптік
біліктілігінің жеткіліксіздігінен дәлелдемелерді дұрыс бағаламаудан, іске салақтықиен қарау
салдарынан, ягни сот қателігіне жол берілуіне
бай- ланысты орын алса, онда істің нақты мән-
жайларына қарай кінәлі адам тәртіптік жазага немесе кылмыстық салақтық үшін жауапқа тартылуы
мүмкін.
Қылмыстык құқық бұзушылыктың субъектісі арнаулы - көрінеу заңсыз үкім, шешім немесе
өзгедей сот актісін шыгарған барлық сот инстанцияларының судьясы (судьяла- ры).
Қылмыстык кодекстің 418-бабының 2-тармагында осы кылмыстың ауырлататын екі түрі
көрсетілген:
а) бас бостандыгынан айыруга соттың заңсыз үкім шыгаруы (негізсіз
кінәсіз адамды бас
бостандығынан айыру, заңда негізделмеген жағдайда өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын
тағайындау);
б) әділетсіз сот актісін шығару өзге ауыр зардаптарға әкеп соқса (әділетсіз сотталған адамның
өзін-өзі өлтіруі, жәбірленушінің ауыр наукасқа душар болуы, аса қауіпті қылмыскерді заңсыз босату
т.с.с.).
Достарыңызбен бөлісу: