Кодексінің 13-бабына және «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы»



жүктеу 9.75 Kb.
Дата17.07.2016
өлшемі9.75 Kb.
Қарағанды облысының Қарағанды, Саран қалаларының

және Бұхар жырау ауданының шекараларын өзгерту туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 13-бабына және «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қарағанды облысының әкімдігі мен Қарағанды облыстық мәслихатының жер пайдаланудың құқықтық режимін сақтай отырып, Бұхар жырау ауданы жерінің 7627 гектарын Қарағанды қаласының және
2107,2 гектарын Саран қаласының әкімшілік шекараларына, Қарағанды қаласы жерінің 4632 гектарын Саран қаласының және 12444 гектарын Бұхар жырау ауданының әкімшілік шекараларына қоса отырып, Қарағанды, Саран қалаларының және Бұхар жырау ауданының шекараларын өзгерту туралы ұсыныстарына келісім берілсін.

2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.



Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі К. Мәсімов


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет