Кодексінің 233-бабына сәйкес, сондай-ақ «Байқоңырбаланс»



Дата01.07.2016
өлшемі116.03 Kb.
#169454
түріКодекс
«Байқоңырбаланс» мемлекеттік мекемесінің

азаматтық қызметшілерін аттестациядан

өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы

      Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 233-бабына сәйкес, сондай-ақ «Байқоңырбаланс» ММ азаматтық қызметшілерінің кәсіби және біліктілік деңгейін, іскерлік қасиеттерін анықтау мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған «Байқоңырбаланс» мемлекеттік мекемесінің азаматтық қызметшілерін аттестациядан өткізу қағидалары мен шарттары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Персоналды басқару департаменті (Б.Т.Айқымбаева) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және кейіннен оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

     
Министрдің міндеттерін атқарушы Р.Дәленов


Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2013 жылғы ________ №____

бұйрығымен

бекітілген



«Байқоңырбаланс» мемлекеттік мекемесінің азаматтық

қызметшілерін аттестациядан өткізу

қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Азаматтық қызметшілерінің аттестациядан өткізу қағидалары мен шарттары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 233-бабына сәйкес әзірленді және «Байқоңырбаланс» мемлекеттік мекемесінің азаматтық қызметшілерін (бұдан әрі – қызметшілер) аттестациядан өткізу тәртібі мен шарттарын айқындайды.

2. Қызметшілерді аттестациялау - олардың кәсіби және біліктілік даярлығының, іскерлік қасиеттерінің деңгейін айқындау, біліктілік санатын (разряды) белгілеу жөнінде мерзімді жүзеге асырылатын рәсім.

Аттестациялау кезінде негізгі бағалау критерийі қызметшілердің өздеріне жүктелген міндеттерді орындау қабілеті болып табылады.

Жүкті әйелдер аттестациялауға жатпайды.

3. Біліктілік санаты (разряды) мыналарға:

1) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 21 мамырдағы № 201-ө-м бұйрығымен бекітілген Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына;

2) Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің тарифтік-біліктілік бірыңғай анықтамалығына;

3)   Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 27 қыркүйектегі № 378-ө-м бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың қызмет салаларының барлығына ортақ мамандардың жекелеген лауазымдарының біліктілік сипаттамаларына сәйкес белгіленеді.

4. Қызметшiлер азаматтық қызметте болған әрбiр келесі үш жыл өткен сайын, бiрақ осы лауазымға орналасқан күннен бастап алты айдан кейін аттестациядан өтедi.

5. Бұл ретте, аттестация көрсетілген мерзім басталған күннен бастап алты айдан кешіктірмей өткізілуге тиіс.

6. Бала күтімі бойынша демалыста жүрген қызметшілер қызметке шыққаннан кейін алты айдан кейін аттестацияланады.

Қызметшілерді өздерінің өтініші бойынша көрсетілген мерзім біткенге дейін аттестациядан өткізуге болады.

7. Аттестацияны мынадай бірқатар дәйекті кезеңді қамтиды:

1) аттестацияны өткізуге дайындық;

2) қызметшімен аттестациялау комиссиясы өткізетін әңгіме;

3) аттестациялау комиссиясының шешім шығаруы.


2. Аттестацияны өткізуге дайындықты ұйымдастыру
8. Аттестацияны өткізуге дайындықты кадр қызметі өздерінің басшысының тапсырмасы бойынша ұйымдастырады және ол мынадай іс-шараларды қамтиды:

1) аттестациядан өтушілер үшін қажетті құжаттарды дайындау;

2) аттестацияны өткізу кестесін әзірлеу;

3) аттестациялау комиссияларының құрамын айқындау;

4) аттестацияны өткізу мақсаттары мен тәртібі туралы түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру.

9. Кадр қызметі аттестациялауға жататын қызметшілерді осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес алты ай ішінде бір рет айқындайды.

10. Мемлекеттік мекеменің басшысы кадр қызметінің ұсынуымен бұйрық шығарады, сол бұйрықпен аттестациядан өтетін адамдардың тізімі, аттестацияны өткізу кестесі мен аттестациялау комиссияларының құрамы бекітіледі.

11. Кадр қызметі қызметшілерді аттестацияны өткізу мерзімі туралы оны өткізу басталуына дейінгі бір айдан кешіктірмей жазбаша хабардар етеді.

12. Аттестациялауға жататын қызметшінің тікелей басшысы қызметтік мінездемені ресімдейді және оны кадр қызметіне жібереді.

13. Қызметтік мінездеме аттестациядан өтетін қызметшінің кәсіби, жеке басының қасиеттері мен қызметтік еңбек жолының нәтижелеріне негізделген, объективтік бағасын қамтуға тиіс.

14. Кадр қызметі қызметшіні оған берілген қызметтік мінездемемен аттестациялау комиссиясының отырысына дейінгі үш аптадан кешіктірмей таныстыруға міндетті.

15. Қызметші өзіне берілген қызметтік мінездемемен келіспейтіні туралы мәлімдеме жасауға және өзін сипаттайтын ақпаратты кадр қызметіне ұсынуға құқылы.

16. Аттестациядан өтетін қызметшіге кадр қызметі осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысан бойынша аттестациялау парағын ресімдейді.

17. Кадр қызметі жиналған аттестациялық материалдарды аттестациялау комиссиясына жібереді.



3. Аттестациялау комиссиясы
19. Аттестациялау комиссиясын кадр қызметінің ұсынысы бойынша ұйымның басшысы құрады және ол комиссия мүшелері мен хатшысынан тұрады. Аттестациялау комиссиясы мүшелерінің ішінен төраға тағайындалады. Аттестациялау комиссиясының төрағасы оның қызметіне басшылық етеді, отырыстарда төраға болады, оның жұмысын ұйымдастырады, жалпы бақылауды жүзеге асырады және оның қызметі мен қабылданатын шешімдері үшін жауапты болады.

20. Аттестациялау комиссиясының құрамына ұйымның әртүрлі бөлімшелерінің, оның ішінде кадр және заң қызметтерінің өкілдері, ұйым қызметкерлерінің өкілі, сондай-ақ өзге де қызметшілер енгізіледі. Ұйым қызметкерлері өкілдеріне кәсіподақ органдары, олардың бірлестіктері және (немесе) өзге уәкілетті жеке және (немесе) заңды тұлғалар жатады. Аттестациялау комиссиясының болмаған мүшелерін алмастыруға жол берілмейді.

Аттестациялау комиссиясының хатшысы кадр қызметінің өкілі болып табылады, оны кадр қызметінің басшысы не «Байқоңырбаланс» ММ басшысы айқындайды. Аттестациялау комиссиясының хатшысы комиссия отырысына тиісті материалдарды, қажетті құжаттарды дайындайды және комиссия отырысы өткеннен кейін хаттама ресімдейді. Хатшы техникалық қызмет көрсетеді және аттестациялау комиссиясының қызметін қамтамасыз етеді, әрі дауыс беруге қатысуға құқығы жоқ.

21. «Байқоңырбаланс» ММ басшысына аттестатциялау жүргізу үшін аттестациялау комиссиясын оны осы лауазымға тағайындау құқығына ие лауазымды адам құрады.

Аттестациялау комиссиясының мүшелері аттестацияны жалпы негізде өтеді.

22. Аттестациялау комиссиясының отырысы, егер оның құрамының кемінде үштен екісі қатысса заңды деп есептеледі.

23. Дауыс берудің нәтижесі комиссия мүшелерінің көпшілік даусымен айқындалады. Дауыстар тең түскен жағдайда, комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

24. Комиссия мүшелерінің ерекше пікірі болуы мүмкін, ол айтылған жағдайда жазбаша түрде жазылуы және хаттамаға қоса берілуі тиіс.


4. Аттестация өткізу тәртібі
25. Аттестациялау комиссиясы аттестацияны аттестациядан өтетін қызметшінің қатысуымен өткізеді.

Аттестациялаудан өтуші аттестациялау комиссиясының отырысына дәлелді себептермен қатыспаған жағдайда, оны аттестациялау мәселесін қарау комиссия көрсеткен анағұрлым кейін мерзімге ауыстырылады.

26. Отырыс барысында комиссия ұсынылған материалдарды зерттейді және аттестациядан өтетін адамды тыңдайды.

Аттестациядан өтетін адамға қойылатынг сұрақтар кәсіби және біліктілік даярлық, іскерлік қасиеттер мәселелеріндегі құзіреттілігінің деңгейін анықтауға бағытталған болуы тиіс.

27. Ұсынылған материалдарды зерттеу және қызметшімен әңгімелесу нәтижесінде комиссия мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

1) атқаратын қызметіне лайықты;

2) қайталап аттестациялауға жатады;

Комиссия оң шешім шығару кезінде қызметшінің біліктілік санатына (разрядына) сәйкестігін бекітеді (растайды), не оны бекітуге негіз жоқ екендігін белгілейді.

28. Аттестациялау комиссиясының шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Аттестациялау комиссиясы құрамына енген аттестациядан өтетін қызметші, өзіне қатысты дауыс беруге қатыспайды.

29. Қайта аттестациялау бастапқы аттестация өткен күннен бастап алты ай өткеннен кейін осы Ережеде айқындалған тәртіппен өтеді. Қайта аттестациялауды өткізген аттестациялау комиссиясы мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

1) атқаратын қызметіне лайықты;

2) атқаратын қызметіне лайықты емес.

Атқаратын қызметіне лайық болған жағдайда комиссия осы Қағидалардың 27-тармағының төртінші абзацын ескере отырып, шешім қабылдайды.

30. Аттестациялау комиссиясының шешімдері, оның отырысына қатысқан аттестациялау комиссиясы мүшелері мен хатшысы қол қойған хаттамамен ресімделеді.

31. Кадр қызметі қызметшіні аттестациялау комиссиясының шешімімен үш жұмыс күні ішінде таныстыруға тиіс.

32. Аттестациялау комиссиясының шешімдерін мемлекеттік мекеменің басшысы бір ай мерзім ішінде бекітеді.

33. Аттестациялау комиссиясының бекітілген шешімдері қызметшілердің аттестациялау парағына енгізіледі.

34. Аттестациялаудан өткен қызметшінің аттестациялау парағы және оған берілген қызметтік мінездеме жеке ісінде сақталады. Мемлекеттік мекеменің басшысы бекіткен аттестациялау комиссиясының шешімі де қызметшінің қызметтік тізіміне енгізіледі.


5. Аттестациялау комиссиясының шешіміне шағым беру
35. Қызметшілер аттестациялау комиссиясының шешімін бекіту туралы мемлекеттік мекеме басшысының бұйрығын белгіленген заңнамалық тәртіпте шағымдануы мүмкін.

36. Осы Қағидаларды бұзу жағдайлары анықталған жағдайда «Байқоңырбаланс» ММ басшысы бұйрықтың күшін жояды және қайта аттестация тағайындайды. Қайта аттестация осы Қағидалардың 29-тармағына сәйкес жүргізіледі.


Азаматтық қызметшілерді

Аттестациядан өткізу

шарттары және ережесіне

қосымша

Аттестациядан өтетін азаматтық қызметшіні аттестациялау парағы
     Аттестация түрі: кезекті - |____|; қайталама - |____|
                      (керектісін Х белгісімен белгілеу)
      1. Тегі, аты, әкесінің аты _____________________________________
      2. Туған күні 19___ж. «___»_________
      3. Білімі, біліктілігін арттыру, қайта даярлау жөніндегі мәліметтер (қашан және қандай оқу орнын тәмамдаған, білімі бойынша мамандығы, біліктілігін арттыру, қайта даярлау, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, берілген күні туралы құжаттар)
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________

      4. Атқаратын лауазымы және тағайындалған күні, біліктілік


санаты (разряды)
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________

      5. Жалпы еңбек өтілі - ______________________________________


      6. Мемлекеттік және азаматтық лауазымдардағы жалпы жұмыс өтілі _____________________________________________________

      7. Аттестация комиссиясы мүшелерінің айтқан ескертулері мен


ұсыныстары:_________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________

      8. Аттестацияланушының ой-пікірі: _______________________________________


_________________________________________________________________
_________________________________________________________________

      9. Аттестацияланушының қызметтік мінездемесіне сәйкес азаматтық қызметшінің қызметін тікелей басшысының бағалауы _________


_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________

      10. Отырысқа аттестация комиссиясының ______ мүшесі қатысты.


      11. Дауысқа салу қорытындысы бойынша аттестация комиссиясының
әрбір мүшесі толтыратын азаматтық қызметшінің қызметін қоса
берілетін бағалау парағына сәйкес бағалау:
      1) атқаратын қызметіне лайықты (дауыс саны) ____ ;
      2) қайталап аттестациялауға жатады (дауыс саны) _______;*
      3) атқаратын қызметіне лайықты емес (дауыс саны) ____.

      12. Біліктілік санаты (разряды):


      1) ____________________(жазумен) біліктілік санатына (разрядына) лайықты
(дауыс саны)_____________________________
_________________________________________________________________
     (әр біліктілік санаты (разряды) бойынша жеке)
      2) біліктілік санатын (разрядын) белгілеуге негіз жоқ
(дауыс саны) ___________________________.

           Қорытынды бағалау _____________________________________________


_________________________________________________________________
     (біліктілік санатының (разрядының) сандық белгісі жазумен
                           
_________________________________________________________________
                     жазылады)

      13. Аттестация комиссиясының ұсыныстары (олар берілетін дәлелдемелерімен қоса)


_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________

      14. Ескертпелер ________________________________________________


_________________________________________________________________

     Аттестация комиссиясының төрағасы: _________________________


                                                    (қолы)
     Аттестация комиссиясының хатшысы: ____________________________
                                                     (қолы)
     Аттестация комиссиясының мүшелері:     ____________________________
                                                     (қолы)
                                          ____________________________
                                                     (қолы)
                                         ____________________________
     Аттестацияның өткізілген күні 20___ж. «___» __________
     Аттестациялау қорытындысы бойынша мемлекеттік мекеме (ұйым) басшысының шешімі
___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

     Аттестациялау парағымен таныстым: __________________________


                               (азаматтық қызметшінің қолы және күні)

      Мемлекеттік мекеменің (ұйымның ) мөріне арналған орын

      * бағалау 2) қайталап аттестациядан өту кезінде шығарылмайды

Азаматтық қызметшінің

аттестациялау парағына

қосымша


Аттестациядан өтетін азаматтық қызметшіні аттестациялау парағы
     Аттестация түрі: кезекті - |____|; қайталама - |____|
(керектісін Х белгісімен белгілеу)
     Тегі, аты, әкесінің аты _____________________________________________
      Лауазымы ____________________________________________________
      Аттестацияланушыны бағалау_______________________________________
              (өте жақсы, жақсы, қанағаттанарлық, қанағаттанарлық емес)

      Аттестациялау комиссиясының шешімі (санамаландырылғандардың бірі:


атқарып отырған лауазымына сәйкес; қайтадан аттестациялауға жатады*;
атқарып отырған лауазымына сәйкес келмейді):

___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

      Аттестациялық комиссия мүшесінің өз шешіміне негіздемесі:
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

      Біліктілік санатына (разрядына) сәйкес келеді ____________


      Біліктілік санатын (разрядын) белгілеу үшін негіз жоқ ______________________________________________________
     Негіздеме:__________________________________________________ __________________________________________________________________________________________________________________________________

     Аттестация комиссиясының мүшесі__________________________________


                                            (аты-жөні, қолы)
     Аттестация комиссиясының хатшысы _____________________________
(аты-жөні, қолы)
      Күні 20 __ жылғы «___» ____________

     



* қайталап аттестациядан өту кезінде шығарылмайды

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет