Кодексiнiң 34-бабына, «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы»



Дата01.07.2016
өлшемі170.39 Kb.
#169657
түріКодекс
Дiни қызмет саласында мемлекеттiк қызмет көрсету стандарттарын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 15 қазандағы № 1311 Қаулысы.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiнiң 34-бабына, «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-1, 15-2-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған:
     
      3) «Дiн қызметi саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша ғибадат үйлерiн (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерiн айқындау, сондай-ақ үйлердi (ғимараттарды) ғибадат үйлерi (ғимараттары) етiп қайта бейiндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешiм беру» мемлекеттiк қызмет стандарты бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының


      Премьер-Министрi                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы


Үкiметiнiң       
2012 жылғы 15 қазандағы
№ 1311 қаулысымен  
бекiтiлген      

Қазақстан Республикасы


Үкiметiнiң       
2012 жылғы 15 қазандағы 
№ 1311 қаулысымен   
бекiтiлген      

«Дiн қызметi саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша ғибадат үйлерiн (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерiн айқындау, сондай-ақ үйлердi (ғимараттарды) ғибадат үйлерi (ғимараттары) етiп қайта бейiндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешiм беру» мемлекеттiк қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттiк қызмет мекенжайлары осы стандартқа 1 және  2-қосымшаларда көрсетiлген облыстардың, республикалық маңызды қаланың және астананың жергiлiктi атқарушы органдарының сәулет және қала құрылысы басқармалары (бұдан әрi – басқармалар) Қазақстан Республикасы Дiн iстерi агенттiгiнiң аумақтық органдармен (бұдан әрi – аумақтық органдар) келiсiм бойынша көрсетедi.


      2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттiк қызмет «Дiни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы Заңының 5-бабының 5) тармақшасы негiзiнде жүзеге асырылады.
      4. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi туралы толық ақпарат облыстардың, республикалық маңызды қаланың және астананың жергiлiктi атқарушы органдарының интернет-ресурстарында орналастырылған.
      5. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нәтижесiнде мемлекеттiк қызметтi алушы ғибадат үйлерiн (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерiн айқындау, сондай-ақ үйлердi (ғимараттарды) ғибадат үйлерi (ғимараттары) етiп қайта бейiндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешiм не қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз тасымалдағышта уәжделген жауап алады.
      6. Мемлекеттiк қызмет жеке және заңды тұлғаларға (мемлекеттiк қызметтi алушылар) көрсетiледi.
      7. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi:
      1) мемлекеттiк қызметтi алушы осы стандарттың 11-тармағында белгiленген қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерi:
      ғибадат үйлерiн (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерiн анықтау туралы шешiм алу үшiн – күнтiзбелiк отыз күндi;
      үйлердi (ғимараттарды) ғибадат үйлерi (ғимараттары) етiп қайта бейiндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешiм алу үшiн – күнтiзбелiк отыз күндi құрайды;
      2) мемлекеттiк қызметтi алуға арналған құжаттар пакетiн тапсыруға ниеттенген мемлекеттiк қызметтi алушының күтуiн рұқсат берiлген ең ұзақ уақыт – 30 минут;
      3) мемлекеттiк қызметтi алушыға өтiнiш жасаған күнi сол жерде көрсетiлетiн қызмет көрсету үшiн рұқсат берiлген ең ұзақ уақыт – 30 минуттан аспайды.
      8. Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.
      9. Басқармалардың жұмыс кестесi: 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексiнде және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңында белгiленген демалыс және мереке күндерiнен басқа, жұмыс күндерi, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн, түскi үзiлiспен ұсынылады.
      Мемлекеттiк қызмет кезек тәртiбiмен, алдын ала жазылусыз және жеделдетiлген қызмет көрсетусiз жүзеге асырылады.
      10. Мемлекеттiк қызмет басқармалардың ғимаратында көрсетiледi. Басқармалардың үй-жайларында бөлек кiретiн есiгi бар, күту және құжаттарды дайындау залы, күту орындары, толтырылған бланк үлгiлерi бар ақпараттық стендiлер болады. Мүмкiндiгi шектеулi мемлекеттiк қызметтi алушыларға қызмет көрсету үшiн жағдай көзделген.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi

      11. Мемлекеттiк қызметтi алушылар ғибадат үйлерiн (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерiн анықтау туралы шешiм алу үшiн мынадай құжаттарды ұсынады:


      1) осы стандарттың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
      2) салыстырып тексеру үшiн құжаттардың түпнұсқасын мiндеттi түрде ұсына отырып, салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiнiң көшiрмесi;
      3) жеке тұлғалар үшiн – салыстырып тексеру үшiн құжаттардың түпнұсқасын мiндеттi түрде ұсына отырып, жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi немесе заңды тұлғалар үшiн – салыстырып тексеру үшiн құжаттардың түпнұсқасын мiндеттi түрде ұсына отырып, заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң көшiрмесi;
      4) ғибадат үйiн салу туралы анықтама-негiздеме.
      Мемлекеттiк қызметтi алушылар үйлердi (ғимараттарды) ғибадат үйлерi (ғимараттары) етiп қайта бейiндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешiм алу үшiн мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
      2) жеке тұлғалар үшiн – салыстырып тексеру үшiн құжаттардың түпнұсқасын мiндеттi түрде ұсына отырып, жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрме немесе заңды тұлғалар үшiн – салыстырып тексеру үшiн құжаттардың түпнұсқасын мiндеттi түрде ұсына отырып, заңды тұлға мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң көшiрмесi;
      3) салыстырып тексеру үшiн құжаттардың түпнұсқасын мiндеттi түрде ұсына отырып, жылжымайтын мүлiк объектiсiне меншiк құқығын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
      4) жылжымайтын мүлiк объектiсiне ауыртпалықтардың жоқ екендiгi туралы анықтама;
      5) салыстырып тексеру үшiн құжаттардың түпнұсқасын мiндеттi түрде ұсына отырып, жылжымайтын мүлiк объектiсiне техникалық паспорт;
      6) ғимараттар етiп қайта бейiндеу туралы анықтама-негiздеме.
      12. Өтiнiштер үлгiсi облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергiлiктi атқарушы органдарының интернет-ресурстарында орналастырылған.
      13. Мемлекеттiк қызметтi алуға қажеттi құжаттар мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген басқармаларға тапсырылады.
      14. Басқармалардың құжаттамалық қамтамасыз ету қызметiнiң тiркеу мөртабаны (кiрiс нөмiрi, күнi) қойылған мемлекеттiк қызметтi алушы өтiнiшiнiң көшiрмесi осы стандарттың 11-тармағында көрсетiлген құжаттардың өткiзiлгендiгiн растау болып табылады.
      15. Мемлекеттiк қызметтi алушыға (не нотариалды расталған сенiмхат бойынша өкiлге) шешiм осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген мекенжайларға жеке өзi келгенде берiледi немесе мемлекеттiк қызметтi алушыға көрсетiлген мекенжайға пошта арқылы жiберiледi.
      16. Мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тартуға:
      1) осы стандарттың 11-тармағында көзделген құжаттардың толық пакетiнiң ұсынылмауы;
      2) осы стандарттың 11-тармағында көзделген құжаттарда дұрыс емес мәлiметтердiң ұсынылуы;
      3) құжаттардың тиiсiнше ресiмделмеуi;
      4) аумақтық органның келiсуiнiң болмауы негiз болып табылады.

3. Жұмыс қағидаттары

      17. Басқармалар мемлекеттiк қызметтердi ұсыну кезiнде мынадай қағидаттарды басшылыққа алады: адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарының сақталуы, заңдылықтың сақталуы, көрсетiлетiн қызмет туралы толық ақпараттың берiлуi, сыпайылық, құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету, ақпаратты қорғау және құпиялылығын сақтау.



4. Жұмыс нәтижелерi

      18. Мемлекеттiк қызметтi алушыларға мемлекеттiк қызметтi көрсетудiң нәтижелерi осы стандартқа 5-қосымшаға сәйкес сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.


      19. Басқармалардың жұмысы бағаланатын мемлекеттiк қызметтердiң сапасы мен тиiмдiлiгi көрсеткiштерiнiң нысаналы мәндерi жыл сайын жергiлiктi атқарушы органдардың бұйрығымен бекiтiледi.

5. Шағымдану тәртiбi

      20. Басқармалар қызметкерлерiнiң әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбiн түсiндiру, сондай-ақ шағымды дайындауда жәрдем көрсету осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетiлген мекенжайлар мен телефондар арқылы жүзеге асырылады.


      21. Көрсетiлген қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда шағым жазбаша нысанда пошта бойынша не қолма-қол осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетiлген байланыс деректерi арқылы (мекенжайлар мен телефондар) басқарма басшысының атына берiледi.
      22. Мемлекеттiк қызметтi ұсыну кезiнде мемлекеттiк қызметтi алушыларға дөрекi қызмет көрсетiлген жағдайда басқармалар қызметкерлерiнiң әрекетiне шағым жазбаша нысанда пошта бойынша не қолма-қол осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетiлген мекенжайлар бойынша басқарма басшысының атына берiледi.
      23. Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда мемлекеттiк қызметтi алушының заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқығы бар.
      24. Мемлекеттiк қызметтi алушының шағымында оның тегi, аты, әкесiнiң аты, ұйымның атауы (заңды тұлғалар үшiн) пошталық мекенжайы көрсетiледi. Шағымға тұтынушы қол қоюға тиiс.
      25. Шағым басқармалардың құжаттамалық қамтамасыз ету қызметiнде тiркеледi. Шағым берушi тұлғаға өтiнiштiң тiркелген уақыты мен күнi, өтiнiштi қабылдаған тұлғаның тегi мен аты-жөнi, шағымға жауап алу мерзiмi көрсетiлген оның көшiрмесi берiледi. Шағымның қаралу барысы туралы ақпаратты басқармалардың құжаттамалық қамтамасыз ету қызметiнiң қызметкерлерi бередi.
      Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221 Заңында белгiленген тәртiппен және мерзiмде жүзеге асырылады.

«Дiн қызметi саласындағы құзыреттi органмен   


келiсу бойынша ғибадат үйлерiн (ғимараттарын) салу
және олардың орналасатын жерiн анықтау, сондай-ақ 
үйлердi (ғимараттарды) ғибадат үйлерi (ғимараттары)
етiп қайта бейiндеу (функционалдық мақсатын     
өзгерту) туралы шешiмдер беру» мемлекеттiк   
қызмет стандартына                
1-қосымша                     

Мемлекеттiк қызмет көрсететiн басқармалардың тiзбесi

Р/с№

Атауы

Мекенжайы

Телефон нөмiрлерi

Жұмыс кестесi

1

2

3

4

5

1

Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы

Көкшетау қаласы, Абай көшесi, 87

8 (7162) 40-10-17, ф. 25-47-42

Жұмыс күндерi: дүйсенбi – жұма. Жұмыс уақыты: сағ. 09.00-ден 18.00-ға дейiн, түскi үзiлiспен. Демалыс күндерi: сенбi – жексенбi

2

Ақтөбе облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы

Ақтөбе қаласы, Әбiлқайыр хан даңғылы, 40

8 (7132) 55-13-99

3

Алматы облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы

Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесi, 36/42

8 (7282) 24-56-14, 27-13-19

4

Атырау облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы

Атырау қаласы, Әйтеке би көшесi, 77

8 (7122) 32-03-63

5

Шығыс Қазақстан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы

Өскемен қаласы, Қазақстан көшесi, 27

8 (7232) 26-36-69

6

Жамбыл облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы

Тараз қаласы, Желтоқсан көшесi, 72

8 (7262) 43-78-79, 43-78-77

7

Батыс Қазақстан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы

Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 215

8 (7112) 50-45-14, 50-98-06

8

Қарағанды облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы

Қарағанды қаласы, Гоголь көшесi, 34

8 (7212) 56-43-04, ф. 56-66-12

9

Қостанай облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы

Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 85

8 (7142) 57-54-12

10

Қызылорда облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы

Қызылорда қаласы, 3-iрiленген орам

8 (7242) 26-30-46

11

Маңғыстау облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы

Ақтау қ., 14 шағын ауданы, 1-үй, 102 каб.

8 (7292) 31-36-47

12

Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы

Павлодар қаласы, Жеңiс алаңы көшесi, 5б-үй

8 (7182) 32-76-64, 32-82-94

13

Солтүстiк Қазақстан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы

Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесi, 23

8 (7152) 46-35-57

14

Оңтүстiк Қазақстан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы

Шымкент қаласы, Бейбiтшiлiк көшесi, 3

8 (7252) 23-17-67

15

Алматы қаласының сәулет және қала құрылысы басқармасы

Алматы қаласы, Абылайхан даңғылы, 91, 7-9-қабаттар

8(727)
279-58-24

16

Астана қаласының сәулет және қала құрылысы басқармасы

Астана қаласы, Әуезов көшесi, 6

8 (7172)
33-37-30

«Дiн қызметi саласындағы құзыреттi органмен   
келiсу бойынша ғибадат үйлерiн (ғимараттарын) салу
және олардың орналасатын жерiн анықтау, сондай-ақ 
үйлердi (ғимараттарды) ғибадат үйлерi (ғимараттары)
етiп қайта бейiндеу (функционалдық мақсатын     
өзгерту) туралы шешiмдер беру» мемлекеттiк   
қызмет стандартына                
2-қосымша                     

Қазақстан Республикасы Дiн iстерi агенттiгi мен оның аумақтық органдарының мекенжайлары мен жұмыс кестелерi

Р/с №

Атауы

Мекенжайы

Телефон нөмiрлерi

Жұмыс кестесi

1

2

3

4

5

1.

Акмола облысының Дiн iстерi департаментi

020000 Көкшетау қаласы, Горький көшесi, 37

8(7162) 40-16-03 akmola@din.gov.kz

Жұмыс күндерi: дүйсенбi – жұма. Жұмыс уақыты: сағ. 09.00-ден 18.00-ға дейiн, үзiлiс 13.00-ден 14.00-ға дейiн Демалыс күндерi: сенбi – жексенбi

2.

Актөбе облысының
Дiн iстерi департаментi

030000 Ақтөбе қаласы, Әбiлқайыр хан даңғылы, 40

8(7132) 55-23-43 55-29-93 aktobe@ din.gov.kz

3.

Алматы облысының
Дiн iстерi департаментi

040000 Талдықорған қаласы, Тәуелсiздiк көшесi, 38

8(7282) 27-06-38 ф. 27-25-33 zhetysu@ din.gov.kz

4.

Атырау облысының Дiн iстерi департаментi

060010 Атырау қаласы, Әйтеке би көшесi, 77

8(7122) 32-16-40 atyrau@din.gov.kz

5.

Батыс Қазақстан облысының
Дiн iстерi департаментi

090000
Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 201

8(7112) 24-10-50 ф. 50-63-95 batys@din.gov.kz

6.

Жамбыл облысының
Дiн iстерi департаментi

080012
Тараз қаласы, Төле би көшесi, 35

8(7262) 57-92-01 zhambyl@din.gov.kz

7.

Қарағанды облысының
Дiн iстерi департаментi

100000 Қарағанды қаласы Костенко көшесi, 6

8(7212) 41-34-10 42-07-52 karaganda@din.gov. kz

8.

Қостанай облысының
Дiн iстерi департаментi

110000 Қостанай қаласы, Таран көшесi, 85

8 (7142) 54-84-35 kostanay@din.gov.k z

9.

Қызылорда облысының
Дiн iстерi департаментi

120000 Қызылорда қаласы, Жақаев көшесi, 76

8(7242) 26-38-74 kyzylorda@din.gov. kz

10.

Маңғыстау облысының
Дiн iстерi департаментi

130000
Ақтау қаласы, 14 шағын ауданы, 1 үй

8(7292) 43-03-32 mangystau@din.gov. kz

11.

Оңтүстiк Қазақстан облысының
Дiн iстерi департаментi

160000 Шымкент қаласы, Тәуке хан көшесi, 6

8(7252) 30-14-92 ontustik@din.gov.k z

12.

Павлодар облысының
Дiн iстерi департаментi

140000 Павлодар қаласы, Ленин көшесi, 61

8(7182) 32-73-25 pavlodar@din.gov.k z

13.

Солтүстiк Қазақстан облысының Дiн iстерi департаментi

150000 Петропавл қаласы, Конституция көшесi, 58

8(7152) 46-30-25 sko@din.gov.kz

14.

Шығыс Қазақстан облысының Дiн iстерi департаментi

070004 Өскемен қаласы, М. Горький көшесi, 40

8(7232) 26-25-44 shygys@din.gov.kz

15.

Астана қаласының
Дiн iстерi департаментi

010000 Астана қаласы, Бейбiтшiлiк көшесi, 11

8(7172) 55-74-53 ф.32-74-21 astana@din.gov.kz

16.

Алматы қаласының
Дiн iстерi департаментi

050000 Алматы қаласы, Абылай хан көшесi, 74 а

8(7272) 72-87-42 almaty@din.gov.kz

«Дiн қызметi саласындағы құзыреттi органмен   
келiсу бойынша ғибадат үйлерiн (ғимараттарын) салу
және олардың орналасатын жерiн анықтау, сондай-ақ 
үйлердi (ғимараттарды) ғибадат үйлерi (ғимараттары)
етiп қайта бейiндеу (функционалдық мақсатын     
өзгерту) туралы шешiмдер беру» мемлекеттiк   
қызмет стандартына                
3-қосымша                     

(Облыстың, республикалық маңызы бар    


қаланың, астананың) сәулет және қала   
құрылысы басқармасының бастығы         
________________________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты)        
Өтiнiш берушi                          
________________________________________
________________________________________
      ________________________________________
(жеке тұлға үшiн тегi, аты, әкесiнiң аты,
мекенжайы және телефоны, заңды тұлға   
үшiн ұйымның атауы, пошталық мекенжайы,
телефоны)                  

ӨТIНIШ

__________________________ мекенжайы бойынша орналасқан жалпы көлемi ____ гектар жер учаскесiнде ғибадат үйiн (ғимаратын) салу туралы шешiм берудi сұраймын.


      Ғибадат үйi __________________________________________________.
                                           (конфессияға тиесiлiлiгi)
      Ғибадат үйi құрылысының қаржыландыру көзi _________________________.
      Ғибадат үйiнiң сыйымдылығы (адамдар саны) ____________________.

      Қолы, күнi, мөрi (заңды тұлғаларға)

«Дiн қызметi саласындағы құзыреттi органмен   
келiсу бойынша ғибадат үйлерiн (ғимараттарын) салу
және олардың орналасатын жерiн анықтау, сондай-ақ 
үйлердi (ғимараттарды) ғибадат үйлерi (ғимараттары)
етiп қайта бейiндеу (функционалдық мақсатын     
өзгерту) туралы шешiмдер беру» мемлекеттiк   
қызмет стандартына                
4-қосымша                     

(Облыстың, республикалық маңызы бар    


қаланың, астананың) сәулет және қала   
құрылысы басқармасының бастығы         
________________________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты)        
Өтiнiш берушi                          
________________________________________
________________________________________
      ________________________________________
(жеке тұлға үшiн тегi, аты, әкесiнiң аты,
мекенжайы және телефоны, заңды тұлға   
үшiн ұйымның атауы, пошталық мекенжайы,
телефоны)                

ӨТIНIШ

      ________________________ мекенжайы бойынша орналасқан ________________ үйiн (ғимаратын) ғибадат үйi (ғимараты) етiп қайта бейiндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешiм берудi сұраймын.


      Ғибадат үйi
_______________________________________________________________.
                                    (конфессияға тиесiлiлiгi)
      Ғибадат үйiнiң сыйымдылығы (адамдар саны) _________________________________.

      Қолы, күнi, мөрi (заңды тұлғаларға)



«Дiн қызметi саласындағы құзыреттi органмен   
келiсу бойынша ғибадат үйлерiн (ғимараттарын) салу
және олардың орналасатын жерiн анықтау, сондай-ақ 
үйлердi (ғимараттарды) ғибадат үйлерi (ғимараттары)
етiп қайта бейiндеу (функционалдық мақсатын     
өзгерту) туралы шешiмдер беру» мемлекеттiк   
қызмет стандартына                
5-қосымша                     

Кесте. Сапа және қолжетiмдiлiк көрсеткiштерiнiң мәнi

Сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерi

Көрсеткiштiң нормативтiк мәнi

Көрсеткiштiң келесi жылғы нысаналы мәнi

Көрсеткiштiң есептi жылдағы ағымдағы мәнi

1

2

3

4

1. Уақтылылығы

1.1. Құжатты тапсырған сәттен бастап белгiленген мерзiмде қызметтi ұсыну жағдайларының %-ы (үлесi)










2. Сапасы

2.1. Қызметтi ұсыну үдерiсiнiң сапасына қанағаттанған мемлекеттiк қызметтi алушылардың %-ы (үлесi)










3. Қолжетiмдiлiк

3.1. Қызметтi ұсынудың сапасына және оны ұсыну тәртiбi туралы ақпаратқа қанағаттанған мемлекеттiк қызметтi алушылардың %-ы (үлесi)










3.2. Ақпаратқа электрондық форматта қол жеткiзуге болатын қызметтердiң %-ы (үлесi)










4. Шағымдану үдерiсi

4.1. Қызметтiң осы түрi бойынша қызмет көрсетiлген тұтынушылардың жалпы санына негiздi шағымдардың %-ы (үлесi)










5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған мемлекеттiк қызметтi алушылардың %-ы (үлесi)











Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет