Кодексінің 8 бабына және «2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы»



Дата29.02.2016
өлшемі42.73 Kb.
#34491
түріКодекс

Тараз қаласы № 10-3 7 желтоқсан 2012 жыл

(оныншы сессия)
2013-2015 жылдарға арналған

облыстық бюджет туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 8 бабына және «2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 23 қарашадағы Заңына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1. 2013-2015 жылдарға арналған облыстық бюджет 1, 2, 3-қосымшаларға

сәйкес, оның ішінде 2013 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 152 092 699 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 13 893 261 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 582 223 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 5 000 мың теңге;

трансферттер түсiмі – 137 612 215 мың теңге;

2) шығындар –152 109 029 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 1 999 670 мың теңге:

бюджеттік кредиттер – 2 723 196 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 723 526 мың теңге;

4) қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдо – 25 000 мың теңге:

қаржы активтерін сатып алу – 25 000 мың теңге;

мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер – 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 2 041 000 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –

2 041 000 мың теңге.

2. 2013 жылы облыстық бюджеттен аудандық және қалалық бюджеттерге берілетін субвенция мөлшері 42 623 591 мың теңге сомасында белгіленсін:

Байзақ ауданына – 3 793 168 мың теңге;

Жамбыл ауданына – 3 750 041 мың теңге;

Жуалы ауданына – 3 372 458 мың теңге;

Қордай ауданына – 4 628 308 мың теңге;

Меркі ауданына – 3 603 050 мың теңге;

Мойынқұм ауданына – 1 980 138 мың теңге;

Сарысу ауданына – 2 920 498 мың теңге;

Талас ауданына – 2 751 998 мың теңге;

Т.Рысқұлов ауданына – 2 899 317 мың теңге;

Шу ауданына – 4 083 469 мың теңге;

Тараз қаласына – 8 841 146 мың теңге.

3. “Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы” Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18 бабына сәйкес 2013-2015 жылдары облыстық бюджеттен қаржыландырылатын ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мемлекеттік мекемелері мен ұйымдарының мамандарына қалалық жағдайында осы қызмет түрлерімен айналысатын мамандардың ставкаларымен салыстырғанда айлықақылары мен тарифтік ставкаларының жиырма бес проценті мөлшерінде үстеме ақы төлеу үшін қаржы көзделсін.

4. 2013 жылға арналған облыстық бюджетте аудандар мен Тараз қаласының бюджеттеріне республикалық бюджет қаржысы есебінен:

1) эпизоотияға қарсы шараларды жүргізуге;

2) мемлекеттік ветеринарлық ұйымдарды материалдық-техникалық жарақтандыруға;

3)мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыруға;

4) мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға;

5) Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекетік бағдарламасын іске асыруға;

6) қорғаншыларға (қамқоршыларға) жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағу үшін ай сайын ақша қаражатын төлеуге;

7) мектеп мұғалімдеріне және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиешілеріне біліктілік санаты үшін қосымша ақы мөлшерін ұлғайтуға;

8) үш деңгейлі жүйе бойынша біліктілігін арттырудан өткен мұғалімдерге еңбекақыны көтеруге;

9) «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде өңірлерде жеке кәсіпкерлікті қолдауға;

10) «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде жобаларды іске асыру, сондай-ақ жергілікті өзін-өзін басқаруды мемлекеттік қолдауға;

11) Жұмыспен қамту - 2020 бағдарламасын іске асыруға;

12) Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы шеңберiнде ауылдық елді мекендерді дамытуға;

13) Моноқалаларды дамытудың 2012 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде ағымдағы іс-шараларды іске асыруға;

14) автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеуге арналған ағымдағы нысаналы трансферттердің бөлінуі Жамбыл облысы әкімдігінің қаулысы негізінде айқындалады.


5. 2013 жылға арналған облыстық бюджетте аудандар мен Тараз қаласының бюджеттеріне республикалық бюджет қаржысы есебінен:

1) ауыз сумен жабдықтау және және су бұру жүйелерін дамытуға;

2) білім беру объектілерін салуға және реконструкциялауға;

3) коммуналдық шаруашылықты дамытуға;

4) мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үй жобалауға, салуға және (немесе) сатып алуға;

5) инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалауға, дамытуға, жайластыруға және (немесе) сатып алуға;

6) «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға;

7) Жұмыспен қамту - 2020 бағдарламасы шеңберінде дамытуға;

8) Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы шеңберiнде ауылдық елді мекендерді дамытуға дамытуға арналған нысаналы даму трансферттердің бөлінуі Жамбыл облысы әкімдігінің қаулысы негізінде айқындалады.

6. 2013 жылға арналған облыстық бюджетте республикалық бюджеттің есебінен тұрғын үй жобалауға, салуға және (немесе) сатып алуға, әлеуметтік қолдау шараларын іске асыруға, мамандарды Жұмыспен қамту - 2020 бағдарламасы шеңберінде ауыл кәсіптілікті дамытуына жәрдемдесуге, Моноқалаларды дамытудың 2012 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде ағымдағы іс-шараларды іске асыруға аудандар мен Тараз қаласының бюджеттерін кредиттеуге берілетін сомалар Жамбыл облысы әкімдігінің қаулысымен айқындалады.

7. 2013 жылға арналған облыстық бюджетте аудандар мен Тараз қаласының бюджеттеріне облыстық бюджет қаржысы есебінен нысаналы ағымдағы және даму трансферттердің бөлінуі Жамбыл облысы әкімдігінің қаулысы негізінде айқындалады.

8. 2013 жылғы облыстық жергілікті атқарушы органның резерві 170 000 мың теңге мөлшерінде бекітілсін.

9. 2013 жылға арналған жергілікті бюджетті атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тізбесі 4

қосымшаға сәйкес бекітілсін.



10. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және 2013 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізіледі.

Облыстық мәслихаттың Облыстық мәслихаттың

сессия төрайымы хатшысы

Д. Қожамжарова Б. Қарашолақов



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет