Кодексінің жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін. Қазақстан Республикасының


-бап. Дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы



Pdf көрінісі
бет84/262
Дата05.09.2023
өлшемі2.77 Mb.
#476599
түріКодекс
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   262
5 КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН на каз

164-бап. Дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы
бұйымдармен және медициналық техникамен жұмыс істеуге тыйым
салу немесе тоқтата тұру
Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың 
айналысы саласындағы мемлекеттік орган мынадай:
1) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық 
техниканың техникалық регламенттер мен стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың 
талаптарына сәйкес келмеуі;
2) дәрілік затты қолдану туралы нұсқаулықта көрсетілмеген дәрілік заттардың 
адамның денсаулығы үшін қауіпті жанама әсерлері анықталған;
3) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы 
қолдану процесінде оларды қауіпсіз қолдануға әсер ететін конструкциялық ақаулары, жұмыс 
істеу принциптері, өндірістік орындалуы анықталған;
4) дәрілік заттарды. медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы 
қолданудың сапасына, қауіпсіздігі мен тиімділігіне ететін оларды өндірудің бекітілген 
процесінің бұзылуы;
5) дәрілік заттарды. медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы 
қолданудың пациенттің немесе тұтынушының денсаулығына зиян тигізуі жағдайлары туралы 
мәліметтер болған;
6) дәрілік заттарды медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы 
қолданудың қауіпсіздік деңгейін төмендетуді қамтамасыз ететін, өндіріс технологиясы мен 
сапаны бақылаудың ғылыми-технологиялық деңгейінің жеткіліксіздігі туралы деректер 
алынған жағдайларда дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық 
техниканы қолдануға, сатуға немесе ендіруге тыйым салуы немесе тоқтата тұруы мүмкін.
165-бап. Дәрілік заттардың жанама әсерлерінің мониторингі
1. Дәрілік заттар жанама әсерлерінің мониторингі медицина және фармацевтика 
ұйымдарына уәкілетті орган бекіткен тәртіппен жүргізіледі.
2. Денсаулық сақтау субъектілері мемлекеттік органға дәрілік заттың басқа дәрілік 
заттармен өзара әрекеттесу ерекшеліктерінің байқалу фактілері туралы және жанама 
әсерлері, оның ішінде дәрілік затты қолдану жөніндегі нұсқаулықта көрсетілмеген жанама 
әсерлері туралы жазбаша хабарлауға міндетті.


3. Осы баптың 2-тармағының талаптары сақталмаған жағдайда денсаулық сақтау 
субъектілері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жауапкершілікте болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   262




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет