Көкпекті аудандық білім беру бөлімінің 2014 жылдың 1 жарты жылдығы бойынша атқарған жұмыстар қорытындысы



Дата17.07.2016
өлшемі143.21 Kb.
Көкпекті аудандық білім беру бөлімінің 2014 жылдың 1 жарты жылдығы бойынша атқарған жұмыстар қорытындысы.

Сапалы білім берумен қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының жалпы стратегиясының басты стратегиялық міндеттерінің бірі болып табылады. Соңғы жылдары білім беру жүйесі қызметкерлерінің бағдарламалық құжаты ретінде 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламалар және Көкпекті ауданының аумақтық даму бағдарламасы болып отыр.

Жыл бойы жергілікті атқару орындарымен ауданның әлеуметтік саласында едәуір нақтылы жұмыстар атқарылды. Әр жыл сайын бюджеттен білім беруге бөлінетін қаражаттың көлемі бірқалыпты өсіп келеді. Білім беру саласына аудандық бюджеттің 70 % бағытталған, ол 2,03 млрд. тенгені құрайды. Республикалық бюджеттен мақсатты ағымдық аударылымдар есебінен Көкжайық ом 1400,0 мың тенге сомасына биология кабинеті жабдықталды. Ауданның 5 мектебінде: Преображенка ом, Октябрь ом, Жансугіров атындағы ом, Әуезов атындағы ом, Көкжайық ом 19200,0 мың.тенге көлемінде қаражатқа химия кабинеттері және Болғанбаев атындағы ом 4000,0 мың тенге қаражатқа тарих, қазақ тілі, орыс тілі, математика кабинеттері жабдықталды. Ауданның 11 мектебінде мектеп асханалары үшін ыдыс-аяқ және құрылғылар сатып алынды.

Шайжүнісов атындағы орта мектептің күрделі жөндеу жұмыстары 92,653млн мың тенгеге, Октябрь мектеп-балабақша кешенінің күрделі жөндеу жұмыстары 10,967 млн, Жансугуров атындағы орта мектептің ағымды жөндеу жұмысы 8,0179 млн тенге жүргізіліді. Пантелеймоновка және Үлкен бөкен ауылдарының мектептері ғимараттарын ағымдық жөндеу жұмысы үшін жобалық-сметалық құжат әзірленді және Бастаушы ауылында 647000мың тенгеге 132 орынға арналған мектеп құрылысын салуға жобалық-сметалық құжат әзірленіп жатыр.

Оқушыларды күнделікті мектепке тасымалдау 14 автобус және 2 микроавтобус көлігімен жүзеге асырылады. 14 мектепке оның ішінде 3 мектеп жанындағы интернатқа барлығы 630 оқушы жеткізіледі. 2007 жылғы 21 желтоқсандағы Үкіметтің №1256 қаулысына сәйкес білім беру жүйесін оңтайландыруу бойынша жұмыс жалғастырылуда. 2010 жылдан 2013 жылдар арасында оқушылар контингенті 934 адамға қысқартылған, бұл 2009-2013 оқу жылдары бойында 16 мектептің жабылуына әкеп соқты. Бүгінгі таңда ауданда тағы 6 орта мектеп, 11 негізгі мектеп оқушы контингенті бойынша білім беруді ұйымддастыру желісі нормативіне сәйкес келмейді. 2015 жылға дейін 12 жылдық білім беруге көшуге байланысты мектептерді ірілендіру жоспарлануда.

Ауданда жоғары сынып оқушыларына кәсіптік білім беру үшін мектептер және ресурстық орталықтар анықталған. Білім беру жүйесінің нәтижесіне сонымен қатар түлектерді әрі қарай оқыту мен жұмыспен қамту көрсеткіштері куә. 9-сынып түлектерінің 108-і 40,7% (44 түлек) жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып буынына көшті, 59,2% (64 адам) колледж және кәсіби лицейлерге оқуға түсті. 2013 жылы жалпы білім беретін мектептердің 11-сынып түлектері 333 адамды құрады, оның ішінде Қазақстан ЖОО-138, оның ішінде грант бойынша-33 (11%) құрады. 11-сынып түлектерінің оқушылардың жалпы санынан көп бөлігі колледждерге түсті 49,2%. Жалпы орта білім түлектерінің 36,5% жоғары оқу орындарына, 4,8% кәсіби лицейлерге оқуға түсті. Қазіргі күні Республиканың жоғары оқу орындарында біздің ауданның 831-ден астам студенттері, оның ішінде грантқа түскендері-261 студент оқиды. «Болашақ» бағдарламасы бойынша біздің ауданның 3 түлегі білім алуда. Соңғы жылдары әлеуметтік аз қорғалған санатындағы балаларды қолдау үшін жвлпыға бірдей міндетті білім қорынан қаржыландыру көрсеткіші бірқалыпты. 2014 оқу жылында ол жалпы орта білім беру мекемелерін қаржыландыру көлемінің 2,0 % құрады. Аудан әкімінің гранты бойынша ауданымыздың 49 түлегі жоғары оқу орынында: 25 түлек педдагогикалық және 24 студент медициналық мамандық бойынша білім алып жатыр. Жалпыға бірдей міндетті біліммен қамту бағыты бойынша көпбалалы және аз қамтылған отбасы балаларына көмек, әсіресе 2014 жылы 30,2 млн мың тенгені құрайтын мектептерде жалпыға бірдей міндетті білім қорының көмегі көрсетілді. Мемлекеттің білім беру саясатын жүзеге асырудың артықшылығы барлық балалардың, оның ішінде дамуында мүмкіндіктері шектеулі балалардың да өз мүмкіндіктерін жүзеге асыру үшін, жағдай жасауға бағытталған. Көкпеті ауданының жалпыы білім беру мектептерінде 36 мүгедек бала білім алады. Сонымен қатар ауданның білім беру мекемелерінде дамуында мүмкіндігі шектеулі балалар үшін «кедергісіз аймақты» болдырмау мәселесі қалып отыр: 5 мектеп пандустармен қамтылған (Көкпекті ом, Амангелді ом, Болғанбаев атындағы ом Самар бастауыш мектебі, Пушкин атындағы ом). Күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында шығу топтарында пандустарды құру қарастырылады. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 2 бөлімі, 8 бабының 5 тармағына сәйкес 24 оқушыға жеке тегін үйде оқытуды ұйымдастыру қарастырылған. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамыту мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың бір бағыты мүмкіндігі шектеулі балаларды білім беруді дамыту процесіне толыққанды қосу және оның білім сапасын арттыру болы табылады. Бұл процесті жүзеге асырудың бірден бір қадамы үйде оқитын мүмкіндігі шектеулі балалар үшін арнайы жабдықталған копьютердің және арнайы құрылғылардың мақсатты қамтылуы болады. Екі жыл ішінде мұндай құрылғыларды жалпы сомасы 13 млн теңгеге жалға алу түрінде тегін қолдануға 19 оқушы алды.

Білім беру мекемелерінде медициналық кабинеттерді лицензиялау бойынша жұмыстар жүргізілді. Санпин талаптарына сәйкес лицензияланған кабинеттер саны 2010 жылмен салыстырғанда 30 дан 33 кабинетке артты. Білім беру мекемелері квалификациялы медициналық қызметкерлермен 33 медициналық бике қамтамасыз етілді. Жалпы білім беру мектептері жүйесінде әр жыл сайын динамикалық және 18 жасқа дейінге балалар мен жеткіншектердің сауықтыруын қадағалауды бақылау медициналық тексерулері жүргізіледі. Медициналық тексеруге жататындардың алдын ала тексеру қорытындысы бойынша 100% камтамасыз етілді.

Заманауи педагогикада оқушылардың бейімділігі мен қызығуушылығы, олардың әлеуметтік және кәсіби бағыттарын өздігінен анықтауына әсер ететін қосымша білім беру жүйесінің мәні және өзектілігі қарастырылады. Балаларға қосымша білім беру «Шығармашылық мектептері» мекемелерінде 412 бала сабақ алады. «Шығармашылық мектеп» құрамында 2 саз мектебі, 2 шығармашылық үйі кіреді. Тәрбие жұмысы орталығында көркем-эстетикалыық бағыттағы 15 үйірме жұмыс жасайды. Музыка мектебінің 2 оқушысы Республикалық және облыстық сайыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанды. Оқушылардың облыстық көрмесі қорытындысы бойынша Астана қаласында «Ата бабаларымыздың мұрасын сақтаймыз және көбейтеміз» тақырыбында өткен республикалық қолданбалы өнер сайысында Самар ауылындағы «Тәрбие жұмысы орталығы» МККМ тәрбиеленушісі Бекболат Оразали бас жүлдені жеңіп алды.

ҰБТ дайындық жұмысы әлі де тың тақырып болып қалып отыр. 11-сыныптарға сабақ беретін мұғалімдер үшін ҰБТ дайындау бойынша 35 мұғалім шеберлік-класын және презентациялар көрсету арқылы іс-тәжірибелерімен алмасты. 11- сыныптарға сабақ беретін 138 мұғалім үшін мақсатты түрде негізгі ғылыми пәндер бойынша семинарлар ұйымдастырылды. 11- сыныптардың математика, химия, биология пәндерінен 35 мұғалім «Шығыс» облыстық аймақтық орталық ұйымдастырған 2 күндізгі семинарларда курсстан өтті. 12 мұғалімдер қоғамдастығы құрылды. Оқыту жұмысы бойынша аудандық әдістемелік бірлестіктердің жұмысы әдетке айналды. Преображенка ом базасында 6-қараша күні аудандық әдістемелік бірлестіктің отырысы өтті. 2014 жылы 28 наурызда Самар №1 мектеп базасында аудандық білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетімен ауданның 415 мұғалімін қамти отырып, негіізгі ғылым бойынша 19 мұғалімдердің әдістемелік бірлестіктері отырысын өткізген.

12 жылдық білімге көшу барысында мұғалімнің негізгі құралы сабақтарында ақпараттық технологияларды қолдану болады. Осы мақсатта көптеген баяндамалар мен презентациялар «Сабақта жаңа технологияларды қолдану» тақырыбында болды. Бұл мәселелерді Кембридждік жүйе бойынша үш деңгейлі курстан өтіп келген Преображенка ом мұғалімдері СерикбаеваА.К., Рахимжанова М.К. және Миролюбова ом мұғалімі Дарибаева Б.К. көтерді. Мектеп директорларын коучингке үйретуді Болғанбаев атындағы ом мұғалімдері Кусаинова Р.Т., Сальменбаева М.К.,АбишеваТ.К. ұйымдастырды. Үш деңгейлік курстан өткен Болғанбаев атындағы ом мұғалімдері Құсайынова, Абишева, Самар №1 ом мұғалімі Рахимова, Абай /Бастаушы/ ом мұғалімі Мекиналардың сабақтары «Өрлеу» ББА институтына жіберілді. Семинардың өту барысында Преображенка ом география пәні мұғалімі А.Б. Баяхметованың және А.Ж. Егізбаеваның ғылыми жобалары қорғалды. Жұмба негізгі мектебінің математика пәні мұғалімі Резник Т.Г. ОЖСБ-ға дайындық іс-тәжірибесімен бөлісті. Самар №1 ом орыс тілі пәні бойынша «Оқытудағы жаңашылдық» тақырыбында өткен семинарда мұғалімдер Кудовба Г.П., Аманова А.К., Кожаева Л.Т. тәжірибе сабақтар, ҰБТ дайындық бойынша шеберлік-класын көрсетті. Ауданның 29 мектебі білім берудің инновациялық жаңа технологияларын зерттеу жәәне енгізуді педагогикалық ұжым қызметінің негізі етіп отыр. Мектептердің жұмыс тақырыптары да бүгінгі күн талабына сай құрастырылған. Самар №1 ом «Сапалы білім берумен қамтамасыз ету мақсатында мұғалімнің кәсіби біліктілігін көтеру», Самар бм «Шығармашылық бастаулар мен ізденістер негізінде білім сапасын көтеру», Миролюбовка ом «Оқушылардың білім сапасын көтеру және заман талабына сай денсаулық қорғау технологиясын тиімді пайдалану», Әдістемелік кеңес «Мұғалімнің кәсібилігі- ҰБТ қорытындысының сапалы жетістігі», Воздвиженка нм «Білімділік пен тәрбиеліліктің сапалы өсуіне жанұя мен мектептің әріптестігі», Куйбышев атындағы мектеп «Шағын коплектілі мектеп жағдайында оқушылардың сауаттылық қызметінің дамуы», Шәріптоғай нм «Мұғалімдердің кәсіби біліктілгін көтере отырып, оқушылардың білім сапасын арттыру», Подгорное нм «Құзыреттілік бағыт арқылы нәтижелі білімге жету», Гагарин атындағы бм «Оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыра отырып білім сапасын көтеру».

Болғанбаев атындағы ом базасында облыстық жас мұғалімдер отырысы өткізілді. Әуезов атындағы ом жас педагогы география пәнінің мұғалімі-Б. Байгереев облыстық «Менің бейне сабағым» атты сырттай сайысқа қатыса отырып, бас жүлдегі иемденді. Оқу-тәрбие жөніндегі директор орынбасары Киздикпаева Г.С. облыстық «Шағын комплектілі мектептің ұздік моделі» сайысына қатысып, 2-орынды жеңіп алды. Болғанбаев атындағы ом математика пәнінің мұғалімі Т. Абишева облыстық сайыста ең үздік вариативтік бағдарламасы үшін 1-орынға ие болды. Үлкенбөкен «балабақша» кешенінің мектеп директоры Егеубаева, Самар №1 мектеп директорв Кутателадзе В.Ф., Көкжайық ом директоры Нукушева С.Т.және Ибраимова Д.К. Москва қаласында өткен жалпы білім беру мекемелерінің басшыларына арналған Жалпыресейлік конференция жұмысына қатысып, сертификаттармен марапатталды. «Құрмет» орденінің ковалері, академик, ҚР еңбегі сіңген мұғалімі, Қ. Бітібаеваның педагогикалық еңбек қызметіне 45 жыл толуы мерекесіне орай ұйымдастырылғын халықаралық «Жаңару жағдайында қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытудың өзектілігі» тақырыбында өткен ғылыми-практикалық конференцияда Көкпекті орта мектебінің директоры Д.К. Ибраимоваға Қ. Бітібаеваның зертханасында зерттеу жұмысы үшін ЮНЕСКО халықаралық ассоциациясының мақтау қағазы табысталды. Самар №1 ом химия пәні мұғалімі –Капчикова Н.Т. облыстық сырттай «Үздік оқу әдістемелік кешен» сайысына қатысып, 3-орын алды. Миролюбовка ом оқу-тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасары Чалова Б.К. аймақтық «Мектеп-Колледж-ЖОО жүйесінде білім берудің үздіксіз жаңаруы» атты ғылыми-практикалық конференцияда «оқыту қызметіндегі көшбасшылық» шеберлік-класына қатысқаны үшін сертификат алды.

Шығыс» өңірлік орталығы ұйымдастырған «Үздік дене тәрбиесі мұғалімі» конкурсына қатысқан дене тәрбиесі мұғалімі Рахымғалиев Ө.М.аудан мұғалімдерінің арасында бірінші орын иеленіп, облыста ІІІ орын алды. Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Карменова Б.Б. infourok.ru сайты ұйымдастырған «Инновациялық сабақ» халықаралық конкурсына қатысып, сертификат алды.

Мемлекеттің дамуы жолында «Ұлт саулығы-біздің жарқын болашағымыздың кепілі» деген еді Президент Н.Назарбаев балалардың денінің саулығын қамтамасыз етуге жаңа серпін берудің қажеттілігіне ерекше көңіл бөле «Қазақстан-2050» стратегиясында. Бүгінгі мектеп оқушылары қаншалықты дені сау болып өссе, мемлекеттің саулығы соған байланысты. Осының аясында білім беру бөлімі және білім беру мекемелерімен білім беру жүйесі потенциалы денсаулықты сақтауды жүзеге асыру бойынша мақсатты оның ішінде мектепте тамақтандыруды басқару мәселесін шешу жұмыстары жүргізілуде. Ауданның барлық мектептерінде демеушілер көмегі, жалпыға бірдей міндетті білім қоры және мектеп жанындағы еңбек участкесі өнімі есебінен барлық оқушыларды ыстық тамақпен тамақтандыру ұйымдастырылған. 2013 жылы 32 мектептің мектеп жанындағы бау-бақшасынан 1 416 190 теңге соммасының көкөніс өнімі жиналды. Ол көкөністер мектеп асханасында тағамдар дайындауға жұмсалады. Тамақтандыруға ЖШС және шаруа қожалықтары жетекшілері көмектеседі. Оқушыларға арналған ыстық тағамның бағасы күніне 100 теңгені құрайды. Оқушылар арасында тамақтандырудың едәуір салмақты бөлшегі көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасы балаларын тегін тамақтандыру бойынша ұйымдастыру жұмысы жүргізілді. Тегін ыстық тамақпен қамту бастауыш сынып оқушылары үшін 1789 оқушы (100%) және жағдайы төмен отбасы балалары 869 оқушы (100%) ұйымдастырылды. Ауданның 38 мектебі оқушыларды сүт және балмен қамтамасыз етілді. Білім беру бөлімімен әр ай сайын оқушылардың ыстық тамақ және буфеттік тамақтануын қамту бойынша мониторинг жүргізіледі.

Әлемде ақпараттандыру процесі қарапайым машықтану және ақпараттық порталдар, интернет-блоктар, он-лайн іс-шараларын өткізу, электрондық мәліметтер желісін құру арқылы интерактивті жұмыс түрлерін жасау үшін компьютер қолдануды қажет ететін жаңа сапалы деңгейге шығып отыр. Ауданның орта білім беру мекемелерінде электрондық оқыту жүйесі Көкпекті ом және Ж. Шайжүнісов атындағы ом, Болғанбаев атындағы ом, Самар №1 ом және Самар бастауыш мектебінде енгізілді. Жұмыс «Қазақтелеком» АҚ бірігіп атқарылады. Көкпекті ауданының барлық мектептерімен Интернет ақпараттық қор жүйесі белсенді қолданылады(7 мектеп Megaline, 13 мектеп спутник интернет, 23 мектеп Dial-up технологиясы арқылы қосылған).

ҰБТ-2014 барысына 279 түлектің 170 қатысты. Ол түлектердің жалпы санының 61% құрайды. Оның ішінде 15- оқуы қазақ тілінде, 55- оқуы орыс тілінде жүргізілетін мектептер оқушылары. ҰБТ жүзпайыздық қатысу тек Аухадиев ат. ом және Көкжота ом тіркелді. Болғанбаев атындағы ом - 88,9, Үлкенбөкен ом -85,7, Пушкин ат. ом -80% құрады. ҰБТ ең төменгі қатыысу үлесін Көкжайық ом – 27,3%, Әуезов ат.ом -36,8% көрсетті. ҰБТ қорытындысында 5 пән бойынша ортақ ұпай 78,6 ұпайды құрайды ( 2013 жылы ортақ балл – 67,2 болған). Былтырғы жылдан 11,4 ұпайға өскен. Ауданның Пушкин ат. ом , Новотимофеевка ом және Палатцы ом басқа барлық мектептерінде ортақ ұпайдың жоғарлағандығы байқалады. 2014 жылы жаалпы білім беретін мектептер арасында ең жоғары ұпай көрсеткіші Үлкенбөкен ом (94,5 ұпай), Жансүгіров ат.ом (88,2 ұпай), Октябрь ом(86,1 ұпай) тіркелді.

Аудандық көрсеткіштен жоғары ұпай көрсеткен ауданның 11 мектебі аталды.

1

Үлкенбөкен б-к



94,5

2

Жансүгіров ат ом



88,2

3

Октябрь б-к



86,1

4

Преображенка ом



85,9

5

Көкжайық ом



84,7

6

Пушкин ат. ом.



83,8

7

Әуезов ат.ом



82,0

8

Аухадиев ат.ом



81,8

9

Самар №1 ом



79,8

10

Мариногорка ом



79,3

11

Көкпекті ом



79,2

Аудандық көрсеткіштен төмен балл жинаған ауданның 8 мектебі

Абай ат.ом (Ү)

77,3


Абай ат.ом (Баст.)

77,0


Болғанбаев ат. ом

75,7


Шайжүнісов ат.ом

74,2


Көкжота ом

70,9


Казнаковка ом

69,3


Палатцы ом

64,0


Новотимофеевка ом

60,8


Мектептер бойынша төмен ұпай Палатцы ом (64 ұпай), Новотимофеевка ом (60,8 ұпай) тіркелді.

2014 жылы сынақтан өту деңгейінен төмен 50 ұпайды (4 пән бойынша) 24 түлек алып, 14%, құрады. Бұл былтырғы жылмен салстырғанда 2 % төмен (2013 жылы сынақтан өту деңгейінен төмен ұпайды 35 түлек алған болатын 

2014 жылы «Алтын белгіге» 10 мектептен 14 үмітер болды.

1

Үлкенбөкен ом



1

2

Жансүгіров ат.ом



1

3

Октябрь б-к



2

4

Преображенка



2

5

Көкжайық



1

6

Әуезов ат. ом



1

7

Көкпеті ом



1

8

Абай (Баст



2

9

Болганбаев ат. ом



2

10

Шайжүнісов ат.ом



1

6 түлектік нәтижесі ақталды.

1

Жансүгіров ат. ом



МукатаеваАкбота

2

Октябрь б-к



КужамбетоваҚымбат

3

Көкжайық ом



Бекбердинова Акмаржан

4

Көкпеті ом



Гармашова Виктория

5

Болганбаев ат. ом



ЗарыпхановТемірхан

6

Шайжүнсіов ат.ом



ҚұмаровНұрлан

Үздік аттестаттыы ауданның 3 оқушысы Кусманова Алуа (Преображенка ом), Аккузинова Камила (Самарская №1 ом), Дәуітбай Дәурен (Самарская №1 ом) алады. 2014 жылы аудан бойынша ең жақсы нәтижені 122 ұпай Самарской № 1 ом – Аккузинова Камила, 118 ұпай – Жансүгіров ат. ом- Мукатаева Акбота, 112 ұпайдан Зарыпханов Т. (Болғанбаев ат. ом), Бекбердинова А. (Көкжайықск ом), Гармашова В.(Көкпекті ом). 111 баллов набрала выпускница Преображенка ом –Құсманова А.жинаған. Барлығы 100 және одан жоғары ұпайды ауданның 20 түлегі жинады. 4 түлек 5 екілік бағасын алды. Оның ішінде 3 екілік математика пәні, 1 екілік биология пәні бойынша. 2008 жылы 18 наурыздағы №125 «Үлгерімнің ағымдық бақылауының типтік ережелерінің» 21 тармағы негізінде бұл оқушылар үшін сәйкес пәндерден емтихан түрінде мектептерде қайта аттестациялау жүргізіледі. Заманауи қоғамда зияткерлік және дарындылық басты стратегиялық ресурс болып табылады. Президент өзінің бағдарламалық мақаласында көрсеткендей өсіп келе жетқан ұрпақтың зияткерлік потенциалын дамыту қажет. Дарынды балалардың потенциалын анықтауға, жүзеге асыру және дамытуға жағдай туғызу – білім беру бөлімінің жұмыс бағыттарының бірі. ҚР Президентінің «Дарынды балаларға арналған мектептерді мемлекеттік қолдау және дамыту туралы» шешімін орындауда «Дарын» ғылыми-практикалық орталығы жұмыс жасайды. Жыл бойы мектептер жанында «Дарын» ортлығының филиалдары жұмыс жасады. Аудан мектептері оқушыларынан барлығы 21 оқушы республикалық олимпиададарға қатысты. Оның ішінде 1 оқушы бас жүлдеге, 2 оқушы бірінші орын, 2 оқушы екінші орындар иеленді. Облыстық сайыстар мен пән олимпиадалары қорытындысы бойынша ауданның 5 оқушысы жүлделі орындарға ие болды. 

Аудан мектептерінде құқық бұзушылықтың алдын-алу кешенді іс-шараларын жүзеге асыратын 2 участкелік ИДН инспекторы бекітілген. Олармен 17- ден астам «Түнгі қаладағы балалар», «Жанұя және мектеп» рейдтік оперативті-алдын-алу шарасы өткізілді. Ауданның білім беру мекемелерінде құқық бұзушылықтың алдын-алу кеңестері жұмыс атқарады. Ауданда өзіне өзі қол жұмсау суицсид жағдайлары жалғасып келеді. 2013 жылы 2 оқушы тіркелді. Орын алған әрбір өзіне өзі қол жұмсау жағдайы білім беру бөлімі қызметкерлерімен мектеп директорларын, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары жұмысын, сынып жетекшілер, мектеп психологы, мұғалімдердің жұмыстарын тексеру-анықтау жұмыстары жүргізіледі. Білім беру бөлімі бұйрығымен кәмилетке жасы толмағандар арасында өзіне өзі қол жұмсауды болдырмау және алдын-алу бойынша мобильдік топ құрылған.

Жас ұрпақты тәрбиелеуде азаматтық және ұлтжандылықты қалыптастыруға үлкен көңіл бөлінеді. Мектептерде «Мемлекеттік рәміздер туралы» заңының орындалуы бойынша жұмыстар жүргізііледі. Жастар арасында мемлекеттік тілді танымалдандыру бағытында жұмыс түрлері ұйымдастырылған. Көкпекті орта мектебінде «Қазақстан жолы» тәрбие-білім орталығы құрылып, оның материалдық-техникалық базасын нығайтуға 2641,168 мың теңге бөлінді. Бұл орталықта Қазақстанның алғашқы Президенті Н.А. Назарбаевтің өмірі мен қызметтік жолын үлгі ете отырып, оқушының өзін өзі дамытуына қалыптастыратын, ұлтжанды, жоғары рухани бекіген, қазақстандық жаңа типтегі тұлғаның қалыптасуын көксейтін «Көшбасшылық қасиетті дамыту», «Жаһандану жағдайында өмірге дайындау» бағыты бойынша оқыту енгізілді. ШҚО білім басқармасының «Шығыс» аймақтық орталығының жұмыс жоспарына сәйкес Көкпекті орта мектебінің базасында атақты филолог, қазақ тілі пәні мұғалімі, жаңашыл педагог, КСРО лауреаты Қ.Бітібаеваның қызметінің 45 жылдығы мерекесіне орай «Қ.Бітібаеваның шығармашылық зертханасы» ашылды. 2013 жылы 15 ақпаннан бастап аудан мектептерінде «2013 жыл-Қ.Бітібаева жылы» ашылу күні өтті.

Әр жыл сайын Абай, Махамбет оқулары республикалық сайыстың аудандық кезеңіне қатысады.

Ауданның білім беру жүйесінде оқушыылар арасында Ұлы Отан соғысының 70 жылдығына дайындық бойынша жұмыс басталды.



Ауданда білім беру мекемелері базасында 12 мұражай қызмет етеді. 2014 жылдың ақпан айында «Хранители воинской славы» атты ауданның білім беру мекемелері арасында аудандық мектеп мұражайлары сайысы өткізіліп, онда 12 жалпы білім беру мектептерінің мұражайлары қатысты.

Аудандық білім беру бөлімінің басшысы Ш.Мустафинова
Каталог: rep
rep -> Бағдарламасын «Назарбаев Зияткерлік мектептері»
rep -> Web-қолданба қҰрудағы visual studio. Net ортасының ерекшеліктері
rep -> Желідегі файлдарды іздеуге арналған үлестірілген жүйені қҰРУ
rep -> Қазақ тілі, 3-сынып Дыбыс пен әріп санында айырмашылығы бар сөзді көрсетіңіз
rep -> Бағдарламасын «Назарбаев Зияткерлік мектептері»
rep -> «алаш» партиясы бағдарламасының жобасы (Нұсқалардың салыстырма кестесі) «алаш» партиясының программасының жобасы
rep -> Алаш автономиясының мемлекеттілік негіздері қаленова Т. С., т.ғ. к
rep -> Закон «О защите интеллектуальной собственности Республики Казахстан»
rep -> Химия. Экология. Медицина


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет