Көкпекті аудандық кітапханасында өткен іс-шаралары туралы Ақпарат 9 қыркүйек күні аудандық кітапханада «Тіл-тірегіміз,соғып тұрған жүрегіміз»



жүктеу 29.23 Kb.
Дата09.06.2016
өлшемі29.23 Kb.
2014 жылдың 19 тамыз -19 қыркүйек аралығында Тілдер фестивалі аясында өткізілетін облыстық «Тілдер шеруі» айлығына арналған

Көкпекті аудандық кітапханасында өткен іс-шаралары туралы

Ақпарат
9 қыркүйек күні аудандық кітапханада «Тіл-тірегіміз,соғып тұрған жүрегіміз» өзге ұлт балаларына қазақтың салт-дәстүрін таныту,тілін дәріптеу мақсатында әңгіме өткізілді.Іс-шараға татар,орыс,азербайжан ұлттарының өкілдері қатысты.Шара барысында қатысушылар өз білімдерін ортаға салып салт-дәстүрлері ,тілі,өздері тұрып жатқан елінің тарихы туралы ой бөлісіп, білімдерін толықтырды.

Аудандық кітапхана директоры А.С.Ибраева



Көкпекті аудандық кітапханасының «Тіл әр халықтың ұлттық қазынасы» атты өткізілген іс-шара бойынша

Ақпарат

2014 жылдың 5 қыркүйегінде аудандық кітапханада «Тіл әр халықтың ұлттық қазынасы» атты онлайн-көрсетілім өткізілді. Шараның мақсаты:оқырмандарды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп,ана тілінің көркемдігін сезініп,тіл тазалығын сақтауға баулу. Аталған іс-шараға әртүрлі мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері қатысты.



Аудандық кітапхана директоры А.С.Ибраева



Аудандық кітапханада өткен «Абай оқулары»

көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы туралы

Ақпарат

Аудандық кітапханада 2014 жылдың 6 қыркүйегінде тілдер мерекесі аясында « Абай оқулары» байқауы өтті.Байқау 1.«Ойлан, тап», 2. «Өз таңдауыңды жаса», 3. «Ұшқыр ой,жылдам жауап», 4.«Кім шапшаң?» төрт кезеңмен өтті. Байқау жеңімпазы Ж. Шайжүнісов мектебінің 8 сынып оқушысы Касенов Ильясқа ұйымдастырушылар тарапынан сыйлық тапсырылып және қатысушылар мақтау қағазымен марапатталды.

.

Аудандық кітапхана директоры А.С.Ибраева



Аудандық кітапханада өткен «Мақал-сөздің мәйегі»

білімділер сайысы туралы

Ақпарат

Аудандық кітапханада 2014 жылдың 15 қыркүйегінде «Мақал-сөздің мәйегі» атты білімділер сайысы өтті.



Мақсаты:Мақал-мәтелдердің қуатты тәрбие құралы екендігін таныту;

Байқау 6 кезеңмен өтті. Әр кезең сайын оқушылар өздерінің білімдерін көрсете алды.Сайыс тартымды және қызықты өтті. Қатысушылар мақтау қағазымен марапатталды.



Аудандық кітапхана директоры А.С.Ибраева



Аудандық кітапханадағы онлайн-орталықтың жұмысы туралы

ақпарат

Аудандық кітапханада жұмыс істей бастаған онлайн-орталық оқырмандардың ең көп жиналатын орнына айналды.Кез-келген адам орталықта тегін интернет қызметіне жүгіне алады.Көптеген оқырмандар компьютерді үйрену курсына жазылып,білімдерін толықтыруда.Аудандық кітапханада онлайн-орталық қызметін көрсету мақсатында «Жаңа технологияның сырлары» атты әңгіме 16 қыркүйекте кітапханада өтті.








Аудандық кітапхана директоры А.С.Ибраева



Аудандық кітапханада 17 қыркүйекте өткен «Өнер алды қызыл тіл»

деген тақырыптағы жұмбақ жарысы туралы

ақпарат

2014 жылдың 17 қыркүйегінде аудандық кітапханада «Өнер алды қызыл тіл» тақырыбында жұмбақ жарысы өткізілді.



Мақсаты:Оқушылардың өз тіліне деген сүйіспеншілігін жұмбақ жасыру арқылы арттыру,ой-өрісін кеңейту . Ұйымдастырушылар жарыстын қызықты өтуін қадағалап,оқушылардың бойына жақсы әсер қалдырды.Аталған іс-шараға балаларына қолдау көрсетуге ата-аналарда келіп қатысты.



Аудандық кітапхана директоры А.С.Ибраева


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет