Көкпекті ауданы мәслихатының 2011 жылғы 25 наурыздағы № шешімімен бекітілді



Дата22.02.2016
өлшемі182.55 Kb.
#1668



Көкпекті ауданы

мәслихатының 2011 жылғы

25 наурыздағы №____

шешімімен бекітілді

2011-2013 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ КӨКПЕКТІ АУДАНЫНДА

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ

БАҒДАРЛАМАСЫ


Көкпекті ауылы

2011 жыл

МАЗМҰНЫ


  1. Бағдарламаның паспорты




  1. Кіріспе




  1. Қоғамдық тәртіп пен заңдылықтың жай-күйін талдау




  1. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері




  1. Бағдарламаны жүзеге асырудың негізгі бағыттары:




    1. 5.1. Азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау


Құқық бұзушылықтың алдын алу, құқықтық тәртіпті нығайту
5.2. Әлеуметтік-құқықтық құқық бұзушылықты алдын алу

5.3. Кәмелетке толмағандар мен жастар арасында қадағалаусыз қалу және құқық бұзушылықтардың алдын алу



    1. 5.4. Маскүнемдік пен қылмыстың қайталануының алдын алу

    2. 5.5. Есірткі қылмыстары мен нашақорлықтың алдын алу

5.6. Қоғамдық орындарда және көшелерде қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету

    1. 5.7. Жол қозғалысы саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу

    2. 5.8. Заңсыз көші-қонды ескерту және жолын кесу

    3. 5.9.Табиғат қорғау заңнамасы саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу


Қылмысқа қарсы іс-қимыл
5.10. Бөтеннің мүлкін ұрлау мен тонаулардың алдын алу

5.11. Атыс қаруларының заңсыз айналымы саласындағы қылмыстардың алдын алу

5.12. Құқық қорғау органдарының жұртшылық және азаматтармен ынтымақтастығы

5.13. Құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алуды ақпараттық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету



  1. Қажетті ресурстар

  2. Бағдарламына жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспары



  1. Бағдарламаның паспорты




Бағдарламаның атауы

Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданында құқық бұзушылықтың алдын алудың 2011-2013 жылдарға арналған бағдарламаcы








Әзірлеу негіздері

«Қазақстан Республикасында құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 17 тамыздағы №1039 Жарлығы, «Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 17 тамыздағы №1039 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 17 қыркүйектегі №963 қаулысы, «Шығыс Қазақстан облысында құқық бұзушылықтың алдын алудың 2011-2013 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасының жобасын әзірлеу бойынша жұмыс тобы туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 2010 жылғы 3 қыркүйектегі 1-160ө өкімі.







Әзірлеушілер және орындаушылар


Аудан әкімінің аппараты, аудандық ішкі істер бөлімі, аудандық прокуратура, аудандық әділет басқармасы, білім бөлімі, ішкі саясат бөлімі, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру бөлімі, кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі, дене шынықтыру және спорт бөлімі, селолық округтерінің әкімдері.







Мақсаты


- құқық бұзушылықтардың алдын алудың толық масштабты және тиімді жүйесін әрі қарай дамыту және жетілдіру;

- қылмыс және құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою;

- құқық бұзушылықтың алдын алу және қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қорғаудың барынша жоғары деңгейін қамтамасыз ету саласында жергілікті атқарушы органдар мен мемлекеттік органдардың жауапкершілігін арттыру;

- нашақорлыққа, заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимылды күшейту.









Міндеттері


- азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету;

- құқық бұзушылықтарды мақсатты бағытталған әлеуметтік-құқықтық алдын алуды жүзеге асыру;

- қылмыс пен құқық бұзушылықтардың алдын алу және ескерту жүйесін жетілдіру;

-қылмысқа қарсы күреске азаматтардың қызығушылықтарын арттыру;

- қоғамдық қауіпсіздіктің тиісті жағдайын қамтамасыз ету;

- заңсыз көші-қөнға, лаңкестік пен діни экстремизм көріністеріне, есірткі бизнесіне, қылмысқа қарсы іс-қимыл бойынша құқық қорғау қызметінің тиімділігін арттыру;

- қылмысқа қарсы күресті тиісті ақпараттық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету.








Жүзеге асыру мерзімдері


2011-2013 жылдар








Қаржыландыру көздері


Қаржыландыру көздері жергілікті бюджет қаржысы болып табылады. Жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын іс-шаралар бойынша шығындардың көлемі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес анықталады.







Күтілетін нәтиже


Бағдарламаны орындау мыналарды қамтамасыз етеді:

- құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету саласындағы құқық қорғау, мемлекеттік және атқарушы органдардың бірлескен іс-әрекеттерінің тиімділігін арттыру;

- құқыққа қарсы қол сұғушылықтан азаматтардың қорғаныш сезімдерін қалыптастыру;

- ұйымдасқан қылмысқа, есірткі бизнесіне, заңсыз көші-қоңға, лаңкестік пен діни экстремизм көріністеріне қарсы күресті күшейту;

-тұрғындардың құқық қорғау органдарымен ынтымақтастығын одан әрі дамыту, тұрғындардың құқықтық санасының деңгейін, оның құқық қорғау органдарына және жалпы мемлекетке деген сенімдерін арттыру.



2. Кіріспе
Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданында құқық бұзушылықтың алдын алудың 2011-2013 жылдарға арналған бағдарламасы «Қазақстан Республикасында құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 17 тамыздағы №1039 Жарлығының 5-тармағы 8) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 17 тамыздағы №1039 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 17 қыркүйектегі № 963 қаулысына, «Шығыс Қазақстан облысында құқық бұзушылықтың алдын алудың 2011-2013 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасының жобасын әзірлеу бойынша жұмыс тобы туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 2010 жылғы 3 қыркүйектегі №1-160ө өкіміне сәйкес және құқық бұзушылықтардың алдын алу және қылмысқа қарсы күрестің бұрын қолданыста болған республикалық және облыстық бағдарламаларына қатысты сабақтастық қағидаларын сақтай отырып әзірленген.
3. Қоғамдық тәртіп пен заңдылықтың жай-күйін талдау
Соңғы 3 жылдың ішінде 2008-2010 жылдар аралығында тіркелген қылмыстардың саны 174-тен 171-ге төмендеді, оның ішінді ауыр қылмыстар 24-тен 5-ке дейін. Сонымен қатар төмендегі санаттар бойынша елеулі төмендеу байқалды: қасақана ауыр дәрежелі денсаулығына зиян келтіру 7-ден 2-ге дейін, алаяқтық 7-ден 0-ге дейін, қорқытып алу 6-дан 1-ге дейін, бұзақылық 12-ден 6-ға дейін, суық қаруды заңсыз сақтау 6-дан 4-ке дейін, есірткі затын заңсыз сақтау 7-ден 5-ке дейін және мас күйінде жасалған қылмыстар 4-тен 3-ке дейін.

2010 жылдың қорытындысы бойынша 2009 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда Көкпекті ауданының аумағында жалпы қылмыстың 20%-ға төмендегені байқалады (185-тен 148-ге дейін), оның ішінде ауыр қылмыстар 77,3%-ға (22-ден 5-ге), ауыр емес және орташа ауыр қылмыстар 11,2%-ға (162-ден 140-қа). Деңсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру 6-дан 2-ге, зорлау 4-тен 2-ге, бөтеннің мүлкін ұрлау 123-тен 117-ге, соның ішінде мал ұрлығы 14-тен 11-ге, сонымен қатар алаяқтық 9-дан 0-ге, тонаулар 7-ден 6-ға, қорқытып алу 6-дан 1-ге, бұзақылық 11-ден 6-ға дейін қысқарды. Сонымен қатар қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар 13-тен 7-ге және мас күйінде жасалған қылмыстар 7-ден 3-ке дейін қысқарды.

2010 жылы тіркелген кісі өлтіру қылмысы 1-ден 2-ге, пәтер тонау 25-тен 37-ге, қарақшылық 1-ден 2-ге, топпен жасалған қылмыстар 29-дан 41-ге, бұрын сотталғандар жасаған қылмыстар 9-дан 11-ге және кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстар саны 24-тен 25-ке дейін өсуі байқалады.

Жалпы ауданның криминогендік жағдайы тұрақты болып қалуда.

Сонымен қатар, қабылданып жатқан шараларға қарамастан, жазалаудан бұлтартпауды қамтамасыз ету әлі тиісті деңгейде емес. Жыл сайын аудан бойынша жеке мүлікті ұрлау қылмысы 8%-ы, оның ішінде 25%-ы мал ұрлығының ашылмай қалып отыр, қылмыскерлердің басым бөлігі жасаған қылмыстары үшін жазаланбай, іздестірілуде жүр.

Заңсыз көші-қон бойынша құқық қорғау және мемлекеттік органдардың күш-жігері қажетті тосқауыл қоя алмай отыр.

Кәмелетке толмағандар қылмысын ескерту, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан тұлғаларды әлеуметтік бейімдеу мәселелерін жергілікті органдар толық көлемде шешпейді.

Қоғамдық тәртіпті сақтау мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тетігі одан әрі жетілдіруді талап етеді.

Заңдылық пен азаматтардың құқықтарын бұзу, қылмыстарды есепке алуды жасыруға жол беріліп отыр, бұл құқық қорғау жүйесінің мәртебесіне нұқсан келтіреді.

Осыны ескере отырып, ауданның құқық қорғау органдары қылмыстардың алдын алуға және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге ерекше назар аудара отырып, қылмыстың барлық көріністері мен заң бұзушылықтарға қарсы күресті күшейтулері қажет.




  1. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері


Бағдарламаның мақсаты: Құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті сақтау деңгейін арттыру, құқық бұзушылықтың алдын алудың барлық жүйесін жетілдіру, қылмыстар мен құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою, құқық бұзушылықтың алдын алу және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету саласында жергілікті атқарушы және мемлекеттік органдардың жауапкершілігін арттыру.

Бағдарламаның міндеттері:
- азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету;

- құқық бұзушылықтарды мақсатты бағытталған әлеуметтік-құқықтық алдын алуды жүзеге асыру;

- қылмыс пен құқық бұзушылықтардың алдын алу және ескерту жүйесін жетілдіру;

- қылмысқа қарсы күреске азаматтардың қызығушылықтарын арттыру;

- қоғамдық қауіпсіздіктің тиісті жағдайын қамтамасыз ету;

- нашақорлыққа, заңсыз көші-қонға қарсы күрестің тиімділігін арттыру;

- қылмысқа қарсы күресті тиісті ақпараттық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету.
5. Бағдарламаны жүзеге асырудың негізгі бағыттары
5.1. Азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен

заңды мүдделерін қорғау
Азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзушылығын атап өтсек құқық қорғау органдары қызметкерлерінің тарапынан күштеп зорлық көрсету, тергеудің заңсыз әдістерін пайдалану болып табылады. Алайда азаматтың өміріне, денсаулығына, мүлкісіне кез-келген қол сұғушылық – бұл да конституциялық құқық бұзушылыққа жатады. Қылмыстың кез-келген фактісі бойынша оны ашуға және азаматтардың құқық бұзушылығын қалпына келтіру үшін барынша күш салу керек.

Құқық қорғау органдарының қызметінде заңдылықты нығайтуға және ең алдымен, қылмысты жасыру, азаматтардың арыздары мен өтініштерін қарастырудың белгіленген тәртібін бұзу фактілерін жоюға бағытталған құқық қолдану тәжірибесін жүзеге асырудың ашық және қағидатты саясатын жүргізуді жалғастыру қажет.

Жеке адамның құқықтары мен жауапкершілікке негізсіз тартудан іс жүргізу кепілдіктерін шынайы қамтамасыз ету құқық қорғау органдарының қызметі саласындағы демократшылдық, ізгілікті бағалау өлшемінің негізіне алынуы тиіс.

Мемлекет міндеттерінің бірі болып табылатын және құқық қорғау органдары, соттар, жергілікті басқару органдарының басымды міндеті ретінде белгіленген азаматтардың құқықтарын қорғау өзара байланысқан шаралар кешенін іске асыруды талап етеді.



Құқық бұзушылықтың алдын алу, құқықтық тәртіпті нығайту

5.2. Әлеуметтік-құқықтық құқық бұзушылықты алдын алу
Нарықтық экономиканы дамыту, мемлекеттік және қоғамдық өмірді демократияландырудың заманауи жағдайларында қылмыстың алдын алу проблемасы өзекті мәселеге айналып отыр. Қылмыстық жазалау шараларын қолдану қылмысқа қарсы күресу үшін жеткіліксіз екені анық және құқықтық тәртіп проблемаларын тек полиция саласында ғана қарауға болмайды.

Халықтың жұмыспен қамтылу деңгейінің төмендігі қазiргi уақыттағы жалпы қылмыстылық себептерiнің бiрі болып табылады, ол барып белгiлі бiр айналысатын iсi жоқ және қылмыстық көңiл күйге бейім адамдардың мәдениетке қарсы топтар мен бiрлестiктер ұйымдастыруына әкелiп соғады. Жергілiктi атқарушы органдардың халықты, әсiресе жастарды, жұмыспен қамту, оларды қоғамдық жұмыстарға тарту, кәсiби даярлау және оқыту осы саладағы негізгі мiндеттерінің бiрi болып табылады.

       Көптеген криминогендiк проблемаларды шешу үшiн елiмiзде жақсы материалдық қолдауы бар, жаңа әлеуметтiк-экономикалық негiзде қылмыстың алдын алудың жалпы жүйесiн құру жаңадан құру қажеттілігі туындады.

Учаскелiк полиция инспекторлары мен кәмелетке толмағандардың icтері жөнiндегi қызметтер, маскүнемдіктен, нашақорлықтан және уытқұмарлықтан мәжбүрлеп емдеуге арналған арнайы мекемелер, белгілi тұрғылықты жерi жоқ адамдарды әлеуметтік бейiмдеу орталықтары және басқалары сияқты профилактикалық құрылымдар айтарлықтай материалдық-техникалық нығайтуды қажет етедi.

Техникалық қадағалау және байланыс жүйелерін одан әрі дамытуды, патрульдеу кезінде көлік құралдары мен қызметтік жануарларды белсенді пайдалануды талап етеді.

5.3. Кәмелетке толмағандар мен жастар арасында қадағалаусыз қалу және құқық бұзушылықтың алдын алу
Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтар мен қадағалаусыз қалудың алдын алу мәселесi ерекше көңiл бөлудi талап етедi, себебі аудандағы криминогендiк ахуалдың даму болашағы бүгінгi таңда жасөспiрiмдер және жастарға қатысты қолданылып жатқан тәрбиелiк-құқықтық шаралардың тиiмдiлігіне тiкелей байланысты.

      Жоғары және орта оқу орындарында құғық қорғау бағытындағы жастар құрылымдары желiсiн қалпына келтiру және дамыту жөнiндегi шаралар кешенiн жүзеге асыру оқушылар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мен оның жолын кесуде құқық қорғау органдарына жәрдем көрсетуге ықпал ететiн неғұрлым перспективтi бағыт болып табылады.

Кәмелетке толмағандар iстері жөнiндегi учаскелiк полиция инспекторларының, оның ішінде мектеп инспекторлары қызметi кадрлармен одан әрі нығайтуды қажет етедi.

      Оқу орындары оқушылары жасайтын қылмыстар санының артуы соңғы жылдарға тән ерекшелік болып отыр. Осы проблеманы шешу жолдарының бiрi-жалпы білiм беретiн оқу орындарында мектептерге бекiтілген кәмелетке толмағандар iстерi жөніндегі учаскелiк полиция инспекторларын енгiзу тәжiрибесiн одан әрі тарату болып табылады. Осы лауазымдарға тағайындау кезінде алдын алу жұмыстарының тиімділігін арттыру үшін тәжірибелі педагог-ер адамдарға басымдық беру қажет.

      Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау, осы жас тобындағы қылмысты ескертудi қамтамасыз ету, олардың әлеуметтік-пайдалы қызметке қатысуын қамтамасыз ету үшін тек қана құқық қорғау органдарының ғана емес, сонымен қатар, жалпы барлық қоғамдық институттардың күш-жігері қажет.

Жас азаматтардың көкейкесті проблемаларының бірі- жұмыссыздық болып қалуда. Осы мақсатта жастар арасында кәсіби бағдарлау жұмыстарын күшейту, бос орындар туралы ақпараттармен алмасу үшін жағдайлар жасайтын бос орындар жәрмеңкелерін өткізу, еңбек нарығындағы сұранысты анықтау, жұмыссыз жастар мен әлеуетті жұмыс берушілер арасында байланыс орнату үшін ықпал ету қажет.

Жасөспірімдер мен жастар қылмысының проблемаларын шешуде басымдықтарды, қолжетімді спорт нысандары желісін кеңейту жолымен спортпен айналысуға жасөспірімдер мен жастарды тартуға беру керек.

5.4. Маскүнемдіктің және қылмыстың қайталануының алдын алу
Алькагольді пайдаланудың өсуі, тұрмыстық маскүнемдіктің, әсіресе, жастар арсында кеңінен етек алуы, маңызды әлеуметтік проблемаға айналып отыр. Бұл проблеманы күшейтілген ішімдіктерді бөгетсіз және барлық жерлерде бөлшектеп және құйып сату ұшықтыруда.

Ағымдағы жылы ішкі істер органдарының алдын алу есептерінде: маскүнемдікпен сырқат деп танылған барлығы 379 адам, емдеуді қажет ететін және есірткіні медициналық емес жолмен пайдалануға жол берген 6 адам тұр.

Маскүнемдік, нашақорлық пен уытқұмарлықтың алдын алу бойынша мемлекеттік органдар тарапынан қолданылатын шаралар, осы санаттағы тұлғаларды мәжбүрлеп емдеуді жүзеге асыру бойынша қолда бар мекемелер саны жеткіліксіз.

Ішкі істер органдарының, әсіресе полицияның учаскелік инспекторларының алдын алу қызметінің басым бағыттары әкімшілік-құқықтық шаралармен әсер етуді қоса, жалпы және жеке алдын алу әдістерімен қылмысты ескерту, құқық бұзушылықтар мен қылмыс жасауы мүмкін адамдарды анықтау, олардың асоциалдық мінез-құлықтарын түзеу болып табылады.

Бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдарды кәсіби даярлау және жаңа кәсіпке оқытуды ұйымдастыру, сондай-ақ аталған адамдардың тікелей түзеу мекемелерінде өндірістік және өзге де еңбек түрлерімен айналысу мүмкіндігін қарастыру қажет.

Бүгінгі таңда салауатты өмір салтын насихаттауда жұртшылық пен мемлекеттік органдарының қатысу үлесі әлі де төмен.

Осыған байланысты:

- маскүнемдік, алкоголизм және нашақорлықтың алдын алу жөніндегі жұмыстың жағдайына атқарушы органдардың жауапкершілігін арттыру және аталған жұмыстың тиімділігін арттыру бойынша бірқатар ұйымдастырушылық-практикалық шаралар қабылдау;

- спирттік ішімдіктер мен есірткі құралдарын пайдаланушы тұлғаларды анықтау үшін жоғары және орта оқу орындарының оқушыларын жүйелі тексеруді қамтамасыз ету қажет.
5.5. Есірткі қылмыстары мен нашақорлықтың алдын алу
Шығыс Қазақстан облысының аумағы Оңтүстік-Батыс Азия мемлекеттерінен, бірінші кезекте Ауғаныстаннан Ресей және Еуропа елдеріне «ауыр» есірткі заттарының контарабандасы үшін транзиттік дәліз ретіндегі трансұлттық қылмыстар аумағы ретінде пайдалану жалғастырылуда.

2010 жыл ішінде Көкпекті ауданында есірткінің заңсыз айналымына байланысты 5 қылмыс тіркелген. Қабылданған шаралардың нәтижесінде заңсыз айналымнан 376,7 грамм марихуана есірткі заттары алынды.

Істің нақты мән-жайын ескере отырып, нашақорлық проблемаларын шешу кезінде ең бастысы кәмелетке толмағандар және жастармен алдын алу жұмыстарын жүргізу керек. «Жастар есірткіге қарсы» және тағы басқа акцияларын белсендіру, мүдделі мемлекеттік органдар өкілдерін шақыра отырып, барлық мектептерде «дөңгелек үстелдер» өткізуді ұйымдастыру қажет.

Аудандағы мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдардың қызметін талдау Көкпекті ауданында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2009-2011 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасында алға қойылған мақсаттар мен міндеттердің жалпы орындалғанын көрсетті, оның нәтижесінде белгілі оң нәтижелерге қол жеткізілді.


5.6. Қоғамдық орындарда және көшелерде қоғамдық тәртіп пен

азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету
Көшелерде және қоғамдық орындарда жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алуда құқық қорғау бағытындағы қоғамдық құрылымдар, әлеуетті мүмкіндіктерін тарту қажет.

Қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысатын азаматтар құқығы мен әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету, құқық тәртіпті қолдауға жұртшылықтың қатысуының, олардың белсенділігін арттыру үшін қосымша шаралар қабылдау қажет.


5.7. Жол қозғалысы саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу
Соңғы 3 жылдың ішінде жол-көлік оқиғаларының төмендеуіне қарамастан, олардың жалпы саны әлі көп болып отыр: аудан жолдарында жылына мөлшері 20 жол-көлік оқиғалары болады, мыңда адамдар жарақаттанады және қаза болған.

Жолдардағы қауіпсіздік деңгейі бірнеше факторларға байланысты, негізінен жолдардағы қауіпсіздіктің жағдайына жол қозғалысына қатысушылар тәртібінің төмендігі анықтаушы фактор болып табылады.

Тағы да бір маңызды факторларға көше-жол желісі мен жол инфрақұрылымдары дамуы қарқынының артта қалуы, ол көлік санының күннен күнге өсу қарқынынан айтарлықтай артта қалып отыр. Жол жабынының сапасы және олардың өлшемдері бұрынғы қалпынша қалуда.

Жолдардың апат-қауіпі бар учаскелерін бөлу жолақтарымен кезең-кезеңмен жарақтауды бастау қажет, өйткені тас жолдарда орын алған жол көлік оқиғасының 10-нан 8-і қарсы қозғалысқа шығу себептерінен болады.

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі бағыттарының бірі жол жағдайларын бақылау жүйесінің заманауи технологияларын және автоматтандырылған техникалық құралдарды пайдалану болып табылады.

Осыған байланысты республикалық тас жолдарда жылдамдықты өлшеу және жылдамдық режимін бұзушылықты анықтаудың құрылғыларын жабдықтау.


5.8. Заңсыз көші-қонның алдын алу мен жолын кесу
Елiмiзге қылмыскерлер мен экстремистердiң, сондай-ақ қару-жарақпен, есiрткiнiң енуiне ықпал ететiн заңсыз көшi-қон қылмыстық шиеленiстi күшейте түсуде. Сондықтан осы бағыттағы құқық қорғау органдарының негізгі күш-жігері, олардың басқа мемлекеттік құрылымдармен өзара іс-қимыл жасасуы заңсыз көшi-қон арналарын жабуға, заңсыз еңбек эмигранттарды анықтауға бағытталуы тиіс.

2010 жылдың 12 айында аудан аумағында 1764 шетел азаматтары тіркелген, олардың ішінде көші-қон заңдылығын бұзғаны үшін 248 шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімдері негізінде 11 шетелдік елден шығарылды. Шетелдік жұмыс күштерді заңсыз тартқаны үшін Қазақстан Республикасының азаматтары 4 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды. Көші-қон заңнамаларын бұзғаны үшін 3 қылмыстық іс қозғалды.


5.9. Табиғат қорғау заңнамасы саласында

құқық бұзушылықтардың алдын алу
Барлық жеке меншік нысандарындағы кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдардың және азаматтардың табиғат қорғау заңнамасының талаптарын сақтауына бақылауды қамтамасыз етуге бағытталған ұйымдастырушылық және практикалық шаралар қабылдануда.

2010 жылы рейдтік шаралар өткізу барысында, табиғат қорғау және ветеринарлық полиция бөлімінде ғана табиғат қорғау заңнамасын 139 түрлі бұзушылығы анықталды, оның ішінде заңсыз аң аулау қылмыстық жазаға тарту 1 дерек.


Қылмысқа қарсы іс-қимыл

5.10. Бөтеннің мүлкін ұрлау мен тонаулардың алдын алу
2010 жылдың 12 айында аудан аумағында тіркелген 148 жалпы іс қозғалатын қылмыстардың ішінен 79%-ы бөтеннің мүлкін ұрлау қылмыстары құрайды немесе 117 факті. Ұрлық саны 2009 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 4,9 %-ға (123-тен 1177-ге) төмендеді, қылмыстарды ашу 93,2% құрады (2009 жылы- 87,0%). Тонаулардың саны 14,3 %-ға төмендеген (7-ден 6-ға), қылмыстарды ашу 100% құрады.

Көшелерде тонауларға жол бермеу мақсатында көшелерді жарықтандыру жүйелерін дамытуға бағытталған жұмысты жалғастыру қажет.

«Қауіпсіз аула» бағдарламасының аясында қылмыстардың және құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін көп қабатты тұрғын үйлерде бейнебақылау жүйелері орнату қажет.

Мал ұрлықтарының алдын алу және ескерту мақсатында жергілікті атқарушы органдарының алдында малды ортақ жайылымға шығару, мал басын уақтылы ен салу және таңбалауды ұйымдастыру туралы мәселені көтеру қажет.




    1. Атыс қаруларының заңсыз айналымы

саласындағы қылмыстардың алдын алу
2010 жылдың ішінде ішкі істер бөлімімен заңсыз айналымнан барлығы 10 бірлік атыс қаруын және 2 бірлік ойынды атыс қару алынды. Осы уақыт ішінде атыс қаруын пайдаланумен 1 қылмыс жасалды (2009жылы- 2).

Атыс қаруларын анықтау және заңсыз айналымнан алу бойынша мақсатты жұмысты жалғастыру қажет.

Бұдан басқа, тұрақты негізде түсіндіру жұмыстары, оның ішінде заңсыз сақталған атыс қаруларын және оқ дәрілерді өз еріктерімен тапсыру мәселелері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында және жиындар мен халықпен кездесулерде түсіндіру жұмыстары өткізілуі тиіс.
5.12. Құқық қорғау органдарының жұртшылықпен және

азаматтармен ынтымақтастығы
Құқық қорғау органдарының және басқа мемлекеттік органдардың, сондай-ақ құқық қорғау бағытындағы қоғамдық құрылымдардың қызметінде құқық бұзушылықтың алдын алу басым бағыт болуы тиіс.

Құқық бұзушылықтың алдын алудың бұрын тиімді қолданылған жүйесін ақылға қонымды шектерде дамыту қажет, олар- өткенде өзін ақтаған ерікті халық жасақтары, кәсіпорындарда және оқу орындарында, тұрғылықты жері бойынша құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша кеңестер, полицияға жәрдемдесу жасақтары және т.б.

Қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысатын азаматтар құқығы мен әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету, құқық тәртіпті қолдауға жұртшылықтың қатысуының жаңа түрлерін қолдана отырып, олардың белсенділігін арттыру үшін қосымша шаралар қабылдау.


    1. Құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алуды ақпараттық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету

Құқық қорғау органдарының жұмысын дәстүрлі әкімшілік ету әдістері арқылы басқару іс жүзінде жойылған. Заманауи ақпараттық технологиялар мен арнайы техникаларды енгізуге негізделген басқарудың сапалы жаңа әдістерін қолдану қажет.

Құқық қорғау органдарының ақпараттық-телекоммуникациялық кешені даму мен жетілу сатысында.

Құқық қорғау органдарының ақпараттық кешенін жетілдіру бойынша жұмыстарды одан әрі жалғастыру, ақпараттық деректер банкін жетілдіру және криминалдық жағдайды талдау мен болжау құралдарын енгізу қажет. ІІМ деректерін аудандық деңгейге дейін жеткізудің ведомстволық жүйесін дамыту мобильді топтарды қоса, барлық қызметкерлердің ведомстволық ақпараттық массивтерге жедел қол жеткізуіне, ведомстволық құжатайналымын қамтамасыз етуге, электрондық поштаны ұйымдастыруға, телефон және факс хабарларын беруге арналған құқық қорғау органдарының мәліметтерін берудің дамыған мультисервистік желісін құруға мүмкіндік береді.

Іс-әрекеттегі кезекші бөлімшелерінің одан әрі техникалық дамыту және криминалдық ахуалдың өзгеруіне, жасалған ауыр қылмыстарға, жаппай тәртіпсіздікке, дүлей апаттар мен басқа да төтенше жағдайларға жедел ден қоюды тиімді қамтамасыз ету, азаматтардың жеке қауіпсіздігін, ішкі істер органдарына азаматтардың өтініштері мен хабарларын тіркеудің толықтығын арттыруға мүмкіндік береді.

Біріктірілген деректер банкін, бөлшектелген автоматтандырылған және ақпараттық іздестіру бағдарламаларын құқық қорғау органдарының бірыңғай ақпараттық-талдау жүйесіне біріктіру мен дамыту криминалдық және жедел ақпаратты жинау мен пайдалануда бірыңғай ведомствоаралық тұрғыдан келуге қол жеткізуге, есепке алу-тіркеу тәртібінің «ашықтығы» мен сақталуын қатаң бақылауды, құқық қорғау органдары қызметінің ақпараттық қамтамасыз етілуін сапалы жақсартуға мүмкіндік береді.

Қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қызметті жетілдіру мақсатында республика қалаларында «Қауіпсіз аула» әдісі бойынша бейнебақылау жүйелері орнатылуда. Бұл тәжірибені біздің ауданда енгізу қылмыс пен құқық бұзушылыққа және әкімшілік құқық бұзушылықтарға қарсы күрестің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді «Қауіпсіз ауыл» байқауын өткізу аясында шешілуі мүмкін.


  1. Қажетті ресурстар

Қаржыландыру көздері жергілікті бюджет қаржысы болып табылады. Жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын іс-шаралар бойынша шығындардың көлемі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес анықталатын болады.





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет