Көкпекті ауданының 2011 жылдың Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы туралы ақпарат



жүктеу 84.32 Kb.
Дата07.07.2016
өлшемі84.32 Kb.
Көкпекті ауданының 2011 жылдың

Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы туралы ақпарат.
2011 жылдың Мемлекеттік санитарлық – эпидемсиологиялық қадағалау басқармасы жоспарлы түрде 244 нысанды тексерумен қамтыды/ 2010 жылы 309 нысан қамтылған/. Тексеру барысында 181 нысанда кемшіліктер анықталып, 330 адамға айыппұл салынды. Салынған айыппұл 1635984 тенгені құрады, оның 323-і / 98 пайызы/ 1590624 тенгенің айыппұлы өндірілді. 14 қаулы орындалмауына байланысты сотқа беріліп, 89208 тенгенің айыппұлы сот арқылы өндіріліп алынды. 33 адам дәрігерлік тексеруден өтуге жұмыстан уақытша босатылды, кемшіліктерді жоюға 69 санитарлық ұйғарым жеке кәсіпкерлерге берілді. Бір санитарлық ұйғарым уақытында орындалмағанына байланысты сотқа берілді.

Коммуналдық гигиена:
Көкпекті ауданында 34172 адам тұрады, олардың 15030-ы орталық су құбырынан ауыз су пайдаланады, ал 19142 адам өздерінің жеке меншік құдықтарынан суды пайдаланады. Ауданда Самар, Көкпекті, Ново-Тимофеевка, Палатцы ауылдарында ауыз су құбырлары жұмыс істейді. Самар мен Көкпекті ауылдарында ауыз суды залалсыздандыру бактерицидтік қондырғы арқылы өткізіледі.Ауыз судың 111 пробасы микробиологиялық және санитарлық-химиялық тексеруден өткізіліп, санитарлық ереженәң талаптарына сай келмеген проба анықталған жоқ.

Ауданда 9 - қоғамдық құдық МСЭҚ басқармасының назарында. Қоғамдық құдық сулары да зертханалық тексеруден өткізіліп отырады. Есеп беру кезеңіне 15 су пробасы микробиологиялық және санитарлық-химиялық тексеруден өткізіліп, санитарлық ереженәң талаптарына сай келмеген проба анықталған жоқ.

Көкпекті ауданында 42 мектеп жұмыс істейді, оларың 24-і орта мектеп, 13-і негізгі және 5- уі бастауыш мектептері. Барлық оқушылар 4574. 32 мектепте оқушыларды ыстық тамақпен тамақтандырады, ал 5 мектепте буфет жұмыс істейді. Оқушылардың 3845 / 84 пайызы / ыстық тамақпен қамтамасыз етілген, 729 – 16 пайызы буфеттік өніммен қамтамасыз етіледі.

30 мектепте медициналық жабдықталған кабинет жұмыс істейді. Оқу жылы басталғанда барлық оқушылар тереңдетілген дәрігерлік тексеруден өткізілді.Барлық мектептерде вирустық гепатиттің, қотырдың, тұмаудың алдын алу бойынша санитарлық ағарту іс-шаралары лекция оқу, сынып сағаттарын өткізу, диктанттар мен мазмұндамалар жазу, санитарлық бюллетендер шығару түрінде өткізіледі.


Жылдан жылға бруцеллезге оң нәтиже көрсеткен малдар анықталған ауылдық аймақтардың саны артып келеді. 2011 жылы сарп ауруына қарсы тексерілген малдар саны :

Ірі- қара мал 101945 бас, оң нәтиже көрсеткен 551 бас анықталған; ұсақ малдар 239000, оң нәтиже көрсеткен 1626 бас анықталған. Қолайсыз эпизоотикалық жағдай, ауырған және оң нәтиже берген малдарды ұзақ уақыт ұстауға, мал тұрақтарында уақытында залалсыздандыру іс – шаралары жүргізілмегендіктеріне байланысты проблемалар адамдар арасында аурушаңдықтың өсуіне әкелді. Әсіресе халық арасында ошақтық аурушаңдық алаңдатушылық тудырып отыр. Мәселен, Бастаушы ауылында 1-жанұядан ағасы мен інісі, 2-ші жанұяда әкесі мен шешесі 2- жасөспірім баласымен және 2-і 14 жасқа дейінгі баласының ауырғандығы анықталды.

Көкпекті ауданында 2011 жылы адамдар арасында 40 сарп ауруыі тіркелді . Интенсивтік көрсеткіш 100 мың адамға есептегенде 117,0 , 2010 жылы 24 сарп ауруы тіркелген, интенсивтік көрсеткіш 70,2. 2010 жылмен салыстырғанда 1,6 есеге немесе 16 жағдайға көбейген.


І

Ауылдық округтің аттары

2010.жыл

2011.жыл

Барлығы

14 ж

Жасөспі

рімдер

Барлығы

14 ж

Жасөспі

рімдер

1

Кокпекты

1







2







2

У-Бокен

2
















3

Бигач



















4

У-Малшм



















5

Тассай

3
















6

Кокжаик

3
















7

Карагандыкуль










2







8

Преображенка



















9

Чугульбай










1

1




10

Теректы



















11

Самарка

6







16

5

1

12

Бастауши

1







10

2

1

13

Мариногорка

5







6




1

14

Казнаковка



















15

Миролюбовка










2







16

Палатцы



















17

Белое

2
















18

Ново-Тимофеевка

1







1







19

Всего

24







40

8

3


Бұл көрсеткіш Самар, Бастаушы, Мариногорка, Миролюбовка ауылдары есебінен көбейіп отыр. Сонымен қатар 2010 жылдан бастап, санитарлық – эпидемиологиялық жағдай қолайсыз елді мекендерде, ол Мариногорка, Самар ауылдары, олардың аймақтары ресми түрде сауықтыруға алынбаған. Сауықтыру іс –шаралары өткізілген Көкжайық, Казнаковка ауылық округтерінде де адамдар арасында сарп ауруының тіркелуі жалғасуда.

Сарп ауырымен ауырғандардың 40-да да індет көзі анықталған, 30 - ошақта індеттің көзі ұсақ малдардан, 7- ошақта індеттің көзі ірі қарадан, 3 – ошақта алиментарлық жолмен / сүт және ет тағамдары арқылы / жұққандығы анықталды. Сарп ауруымен ауырған барлық адамдар лабораториялық жолмен тексеруден өтті. Ауырған адамдармен және оң нәтиже көрсеткен малдармен қарым-қатынаста болған адамдар серологиялық жолмен тексеруден өткізіліп, диспансерлік бақылауға алынды. Барлық тексерілгендер – 594.Профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және сарпқа қарсы іс шаралардың сақталуын, шаруа, фермерлік қожалықтарда меншік түріне қарамастан ,сарп ауруының алдын алуды бақылау, аудан халқының санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету мақсатында көптеген жұмыстар ауылдық округтердің ветеринарлық дәрігерлерімен ұйымдастырылып, жүргізіледі. Бастаушы ауылдық округінде жасөспірімдер мен балалар арасында сарп ауруының тіркелуіне байлансты ақпарат аудандық прокуратураға және балалар мен жасөспірімдер құқығын қорғау комитетіне берілді.

Медициналық қызметкерлермен семинар сабақтар жүргізілді, семинарға барлығы 21 дәрігер мен 63 мед. бикелер қатысты. Халық арасында санитарлық ағарту іс-шаралары өткізіледі: Сарп ауруының алдын алу іс-шаралары бойынша ауданда 3-айлық өткізілді. 52-санитарлық бюллетень, 41- денсаулық бұрышы ұйымдастырылды. Аудандық газетке 2-мақала жарияланды, халық арасында 141 түсніктеме жүмыстары жүргізілді, мектеп оқушыларының арасында диктант жазылып, ата-аналармен сынып сағаттары өткізілді.


ҚР ДСМ МСЭҚК ШҚО Департаменті

«Көкпекті ауданы бойынша МСЭҚ

Басқарма» бастығы: Г.К.Абдрасулова


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет